|
Суды тазарту әдістері: химиялық, биологиялық және физикалық Жетістік критерийі Білу және түсіну; Судың ластанудың түрлерін біледі Бағалау; «Эвтрофикация»
|
бет | 2/4 | Дата | 09.12.2023 | өлшемі | 0,85 Mb. | | #44609 | түрі | Сабақ |
| Эвтрофикация дегеніміз — суда табиғи, не антропогендік факторлар әсерінен биогенді элементтердің жинақталуы нәтижесінде су объектілерінің биологиялық өнімділігінің артуы.
Атмосфераның ластануына қарағанда сулардың ластануы көбірек қауіп туғызатын себептерін төмендегіше деуге болады:
1) сулы ортада өздігінен тазару, ауаға қарағанда әлдеқайда жәй жүреді;
2) судың ластану көздері өте көп;
3) сулы ортада жүретін табиғи процестер ластаушылар әсеріне сезімтал және олар атмосферада жүретін процестерге қарағанда жер бетіндегі тіршілік үшін аса маңызды болып табылады.
1. Қандай жағдайда эвтрофикация процесі жүреді?
2. Қандай климаттық жағдайда эвтрофикация процесі жылдам жүреді?
3. Эвтрофикация шаруашылықтың қай салаларына кері әсер етеді?
Сұрақтарға жауап беріңіз
Табиғаттағы су ауыл шаруашылығына қолданылған түрлі тыңайтқыштармен түрлі жағдайда (жер үсті, жер асты) ластануға ұшырайды.
Тыңайтқыштардың түрлері:
- биологиялық;
- химиялық;
- минералды;
Тапсырма №1: Судың тыңайтқыштармен ластану түрлері бойынша мысалдар келтіріңіз?
Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
- тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
- өнеркәсіп орындары;
- ауыл шаруашылығын химияландыру:
- халық шаруашылығының басқа да салалары.
Павлодар облысында өнеркәсіптерден шыққан қалдық сынапты қалдық алаңына төккен. Тығыздығы жоғары (13,5 кг/дм3), сұйық металл топырақ құрамына сіңіп, грунт қабатының астындағы су өткізбейтін қабат бетімен жылына 50 метр шамасында жылжып Ертіс өзеніне жоғары деңгейде қауіп төндірген. Егер сыныптың Ертіске қосылу жағдайы орын алған кезде еліміздегі Павлодар облысы мен Ресей территориясының Солтүстік Мұзды мұхитқа дейінгі жері және Об өзені ауыр металмен ластанған болар еді. Мұндай құбылыс ХХ ғасыр 80 ж.ж. Жапонияда өнеркәсіптен теңізге төгілген сыныптың әсерінен балықтар уланған. Сол балықтарды пайдаланған адамдардың өміріне қауіп төнген. Ол ауру медицинада «минамата» деген атпен белгілі. Сұрақ: Қауіптің алдын-алудың 3 жолын немесе әдісін ұсыныңыз?
- топырақ пен тау жынысының ластануы;
- жер асты суларының ластануы;
- өзен суларының ластануы;
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|