Студенттердің креативтік дамуының құралы ретінде шетел тілдері саласындағы сапалық технологиялар



жүктеу 40,9 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.05.2018
өлшемі40,9 Kb.
#15992


Студенттердің креативтік дамуының құралы ретінде шетел тілдері саласындағы 

сапалық технологиялар 

 

Камзинова Д.Г. 

Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева (Казахстан) 

 

В  данной  статье  анализируется  проектная  технология  в  области  изучения  иностранных  языков, 

основаная  на  создании  учащимся  личностного  образовательного  продукта  аутентичной  ситуации 

образовательной  и  социально-культурной  деятельности.  Автор  предлагает  несколько  оптимальных 

проектов в обучении иностранного языка с использованием различной технологии. 

This  article  shows  the  projected  technologies  and  social  cultural  spheres  in  students’  creative  formation  in 

teaching foreign languages. The author recommends some effective projects which are used in different spheres of  

teaching foreign languages.  

 

Өзіміз білетіндей мыңжылдықтар аралығындағы білім жаңарып,өзгереді. Бүгінгі және одан 

да  маңызды  ертеңгі  қоғамға  қандай  білім  қажет?  Қазіргі  таңда  “қоғамның  ең  басты  құндылығы 

адам  (тұлға)  болып  келсе,  білімнің  мақсаты  –  сол  тұлғаны  дамыту  болып  келеді”.  Үлкен  маңыз 

педогогтың  сабақтарды  жоғары  деңгейде  жоспарлап  өткізуіне,  барлық  оқушыларды  белсенді 

жұмыс жасауға қатыстыру қабілеттеріне беріледі.  

Жаңа  педагогикалық  технологиялардың  әртүрлі  бағыттарының  арасында  ерекше  орынды 

білім  беруді  бірлесіп  жұмыс  істеу  арқылы  жүзеге  асыратын  тұлғалық  –  бағыттылық  тәрізді 

жобалық технология алады. 

Жобалардың  әдісі  –  оқу  барысында  кішкентай  топта  әлеуметтік  қарым  –  қатынас  құруға 

негізделген  білім  беру  саласындағы  технологиялардың  бірі,  оқу  барысында  оқушылар  әртүрлі 

әлеуметтік  рөлдерді  (ұйымдастырушы,  жетекші,  атқарушы  және  т.б.)  қабылдайды,  орындайды 

және  оларды  шынайы  қарым  –  қатынас  кезінде  өзекті  мәселелерді  шешуде  орындауға  үйреніп, 

дайындалады. 

Үшінші  мыңжылдықтың  қоғамы  мен  білім  беру  жүйесі  қалыптасқан  субьект-обьектілі 

қарым-қатынасқа  қарама  қайшы  субьект-субьектілі  қарым-қатынасты  жүзеге  асырудың  шарты 

ретіндегі  диалогқа  негізделген  жаңа,  дискурсивті  тәжірибе  қалыптастырудың  қажеттілігін  керек 

етеді. Бұл білім беру процесіне қатысушылар арасында қарым-қатынас жүйесін құруды болжайды. 

Бір  жағынан,  тұлғаның  жеке  дамуы  мен  тұлғалық  “мен  концепциясын”  жүзеге  асыруға,  екінші 

жағынан  диалогтық  қарым-қатынасқа  негізделген  оқу  барысындағы  өзара  байланыс 

стратегияларының  қалыптасуына  мүмкіндік  туғызады.  Осылайша,  шетел  тілдерін  меңгеру 

саласындағы  жобалық  технологияда  білім  беру  немесе  әлеуметтік  мәдени  саланың  шынайы 

жағдайында  оқушылар  арқылы  тұлғалық  білім  беру  өкілін  құруға  негізделген  және  осыған 

бағытталған.  Жоба  жұмысының  ақырғы  сипатына  қарай  шетел  тілдерін  оқыту  саласындағы 

жобалардың келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады: 

1.  Құрастыру  тәжірибелік  жобалар  Construction  and  Practical  Projects,  мысалы  бақылау 

күнделігі, ойын ойлап табу және оны сипаттау. 

2.  Ойын  және  рөлдік  жобалар  Roles  and  Games  Projects,  мысалы,  ойын  көрсету,  драма 

қою,пьеса жазу. 

3. Мағлұматтық және ғылыми жобалар Information and Research Projects, мысалы, ағылшын 

тілі және оның халықаралық қарым қатынас тілі ретінде қолданылуы, аймақты немесе қандай да  

бір мемлекетті оқып білу. 

4. Нақты социологиялық зерттеу жобалары Survey Projects, мысалы, «Америка және Британ 

мәдениетінің менің мемлекетімнің тұрмыс қалпына әсері.» 

5. Баспа саласындағы жобалар Production Projects Менің тобымның суреті. 

6.  Қойылымдылық  және  ұйымдастырушылық  жобалар  Performance  and  Organizational 

Projects ағылшын тілі мен мәдениет кеші. 

Жобалық технологияны қолданудың басты ережелері: 



1. Жобаға қатысушылардың субьекті қарым-қатынас тұрғысынан: 

Шет  тілдері  бойынша  жобалық  жұмыс  оқу-ғылыми  жобалық  жұмыстың  субьектісі  ретінде 

толығымен  оқушыға  бағытталған.  Оқушы-бастаушы,  ұйымдастырушы,  атқарушы  және 

бақылаушы  субьект  және  жобаның  жүзеге  асуымен  оның  ақырғы  өміріне  жауапты  болып 

табылады. 

Шет  тілдер  саласындағы  жобалық  жұмыс  оқу-ғылыми  жобалық  жұмыс  барысындағы 




жарысқа емес, өзара байланыс, бірлесіп жұмыс істеу, өзара көмек көрсетуге негізделген. Оқытушы 

ғылыми-жобалық  ұжымның  бір  мүшесі  болып,  кішкентай  топтарда  пікір,  мағлұмат  беруші, 

кеңесші, төреші және т.б. әртүрлі әлеуметтік рөлдерді атқара алады. 

2. Оқу сипаты тұрғысынан: 

-Шет  тілдері  саласындағы  ғылыми  жобалық  жұмыстың  қозғаушы  күші  болып  белгілі  бір 

ақырғы  өнімге  қол  жеткізуге  бағытталған  проблемалық  ізденулік,  ғылыми  мақсатты  алға  қою 

табылады. 

-Шет тілдері саласындағы жобалық жұмыс оқушының оқу хабардарлығының қалыптасу мен 

тиімді оқу барысының дамуына бағытталған және негізделген. 

-Жобалық технологияның міндетті құрамы мен оны қолданудың шарты болып оқушылардың 

жеке жұмыстарына рефлективтік өзін-өзі бағалауды жүзеге асыруға көмектесетін оқу құралдарын, 

материалдарын,  тапсырма  түрлерін  және  мақсат,  соңғы  бағалау  тәрізді  оқушылардың  жеке 

мониторингі  табылады.(өзін өзі бағалаудың бақылау парақтары, аудио және видео жазбалары). 

3. Оқу жоба жұмысының мазмұны тұрғысынан

Шет  тілдері  саласындағы  жоба  жұмысының  мазмұны  оқушының  тұлғалық  маңызды, 

танырлық  мотивациясына  бағытталған  және  ол  талқылау  барысында  оқушының  өзімен,  нақты 

қажеттіліктермен  жоба  тобының  барлық  қатысушыларының  мүдделерін  ескере  отырып 

анықталады. 

Тұлғалық  маңызды  мағыналық  мотивацияға  бағытталу  тұлғаның  өзіндік  дамуына,  «мен 

концепциясының»  жүзеге  асуына,  тұлғаның  қоршаған  әлемде  өз  орнын  түсінуге,  өз 

мүмкіндіктерін дұрыс бағалауына, алға қойған мақсаттардың жүзеге асу мүмкіншілігін болжауға, 

оларға қол жеткізуде дұрыс жолдарды таңдауға жағдай туғызады. 

Нақты  материалды  соңғы  өнімді  құруға  бағытталу  үйреніп  жатқан  тілді  меңгеруде  оны 

қолданудың түпнұсқалық құрамына енгізілетін білім және оқу жағдайын қамтамасыз етеді. 

Шет тілдері саласындағы жобалық жұмыс көбінесе оқу аудиториясынан тыс шығатын нақты 

проблемалық    ізденулік,  ғылыми,  шығармашылық  тапсырмаларды  шешуге  бағытталған  пән 

аралық және интегративтік сипатқа ие. 

 4.Шет тілі мен мәдениеттің практикалық меңгеру мақсаты тұрғысынан: 

Шет  тілдер  саласындағы  жобалық  жұмыс  түрлі  мағлұматтық    танырлық,  оқу  кәсібилік, 

әлеуметтік  мәдени  мақсаттарда  мәдени  аралық  қарым-қатынасының  шынайы  жағдайларында 

меңгеріп жатқан тілді қолдануға, осылайша қарым  -қатынас жасау қабілеттіліктерінің қалыптасу 

деңгейін  жүзеге  асыруға,  қабылдауға  және  оқушының  нақты  қарым-қатынасқа  қатысты 

тапсырмаларды шешу дайындығын анықтауға мүмкіндік туғызады. 

Шет  тілдері  саласындағы  жобалық  жұмыс  ұлғаю    сипатына  ие  және  мағлұматтық,  нақты 

тәжірибелік, ғылыми немесе шығармашылық тапсырмаларды шешу мақсаттарында тілді білім мен 

қарым-қатынастың қабілеттіліктерiн қамтамасыз етеді. 

Шет тілдер саласындағы жобалық жұмыс үйреніп жатқан тіл мен мәдениетті меңгерудегі оқу 

бағдарламасының пәндік мазмұнына тікелей байланысты емес. Шет тілдері саласындағы жобалық 

жұмысты  жүзеге  асыру  барысында  оқушылардың  белгілі  бір  тілдік  құралдарын,  қарым-

қатынастық  қабілеттіліктерін,  ауызша  және  жазбаша  сөйлеу  қарым-қатынастарының 

стратегияларын жеке автономды түрде меңгеруге нақты жағдайлар жасалады. 

5.Ӛнімді оқу жұмысын дамыту тұрғысынан: 

Жобалық технология оқушының жеке жұмысында даму жағдайымен қамтамасыз етіп, тиімді 

оқу жұмысына төмендегілердің есебінен қолайлы жағдайлар жасайды: 

 -Тұлғалық білім беру өнім қалыптастыру бағыттылығы; 

 - Оқушының  шығармашылық жеке оқу жұмысының маңыздылығы

 -Жеке оқу жұмысының субьектісі ретінде оқушының шығармашылық мүмкіндігінің жүзеге 

асырылуы; 

 -Оқу жұмысының тұлғалық маңызды себептерінің маңыздылығы; 

 -Оқу барысындағы түрлі субьектілердің өзара қарым-қатынастарының маңыздылығы; 

Пәнаралық білімнің құрылуы; 

Үйреніп  жатқан  тіл  мен  мәдениеттің  меңгеру  процесін  шынайы  мағлұматтық  білім  беру, 

жобалық ғылыми және әлеуметтік мәдени жұмыстар қатарына енгізілуі. 

Ойлаудың  шығармашылық  сипаты  мен  тұлғаның  жасампаздығын  қамтамасыз  ететін 

когнитивті процестерге әдетте кең білім өрісі, икемділік пен бейімделудің жоғарғы деңгейі тәрізді 

ойлаудың ерекшеліктерін жатқызады.  

Келесі ұсынымдар шет тілін оқыту барысында жобалық жұмысты ұйымдатыру мен жүзеге 




асыруда педагогтарға көмектеседі. 

Жобалық  жұмыс  және  жалпы  жобалық  технология  шет  тілін  үйренуде  практикалық,  даму 

және  білім  беру  мақсаттарын  біріктіре  отырып,  барлық  салалардағы  тіл  мен  мідениетті  үйрену 

аясында тиімді оқу барысын дамыту мәселелерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Жобалық  жұмыстың  басты  мақсаты  үйреніп  жатқан  тілді  меңгеру  мен  қолдану  барысында 

тілдік және білім сапасындағы оқушының тәуелсіздігін, креативтігін және іскерлік белсенділікке 

деген қабілетін дамыту. 

Жобалық  технологияның  негізі  жобалық  жұмыстың  соңғы  өнімі  болып  табылатын  нақты, 

айқын  анықталған  білім  беру  өніміне  деген  бағыт.  Жобалық  технология  шетел  тілін  үйренудің 

барлық салаларын біріктіру, мүмкіндік беру және сөйлеу қарым-қатынасының шапшаңдығы мен 

дұрыстығы арасындағы нақты балансты орнатады. 

Шет тілін меңгерудің кез келген сатысында жобалық тапсырмалар үшін тақырып және нақты 

сұрақтар таңдауға мүлде шектеу қойылмаған. 

Жобалық технология кез келген оқулықпен және басқа оқу-құралдарымен бірге жүре алады 

және  сөйлеу  тәжірибесімен  шетел  тілінде  сөйлеу  қарым  қатынасының  коммуникативті  қабілет 

дамуының  сатысында  үйреніп  жатқан  тілдің  жалпы  жүйесінің  түрлі  формаларының  қатарына 

қосыла алады. 

Жоболық  тапсырма  шет  тілін  меңгеру  мен  қолдануда  нақты  өнім  ретінде  қарастырыла 

алады. 

Шет тілі мұғалімінің жұмысында ең басты қиыншылық даму жағдайын жасау және басқару 



қызметін, тең серіктестік қарым-қатынас қызметін және оқушыларға байланысты үйлестіру болып 

табылады.  Оқытушы  мотивация  тудыру  және  оны  қолдау,  жоба  жұмысына  қажеттілік  пен 

қызығушылық тудыру, оқу жағдайымен шет тілін нақты қолдану арасында “көпір орнату”  сияқты 

жобалық технологияның ең қиын мәселелерін шешеді.     



 

Әдебиет 

1.  Коряковцева Н.Ф. Современная методика организации самостоятельной работы изучающих 

иностранный язык. - М.: АРКТИ, 2002. - 176 с. 

2.  Красноперов Е. Ж. Технология личностно-ориентированного обучения  ИЯ. // ИЯ в современном мире. 

– Алматы, 1999 с. 35-40. 

3.  Нургалиева Г.К. Ценностные ориентации личности. – Алматы, 1993.  



4.  Полат Е. С. Новые педагогические технологии. - М., 1991. 

 

 

жүктеу 40,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау