Студенттердің біліміне бақылау жүргізу мен оны
ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
6-нұсқа
2015
№1 Өзгеріс
Тексеру күні:
ҚҚЭУ-МИ-85-04.01-2015
29 беттің 14 беті
шығарушы кафедраның оқу-көмекші өкілдері қатарынан алынған комиссия
құрамында бекітілген МАК хатшысы толтырады.
5.5.25 Хаттамаларға мемлекеттік емтихандар мен дипломдық жұмыстан
(жобадан) алған білім бағалары, қойылған, сұрақтар мен МАК мүшелерінің
пікірлері енеді. Егер бір МАК мүшесінің пікірі қалған мүшелердің пікірімен
сәйкес келмесе, оның хаттамада жеке пікірін жазуға және қол қоюға құқығы бар.
Хаттамада оқуды аяқтаған студентке бакалавр академиялық дәрежесі немесе
біліктілігін тағайындау, сонымен қатар диплом (үздік, үздік емес) тапсырылуы
көрсетіледі.
5.5.26 Мемлекеттік емтихандар мен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау
бағалары, студентке бакалавр академиялық дәрежесі немесе біліктілігін
тағайындау, сонымен қатар диплом (үздік, үздік емес) беру туралы шешімді
қабылдау МАК-тың жабық отырысында, отырысқа қатысушы МАК мүшелері
арасында көпшілікпен ашық дауыс беру арқылы жүзеге асады. Дауыс саны тең
түскенде МАК төрағасының сөзі шешуші болып табылады.
5.5.27 Хаттамаларға отырысқа қатысқан МАК төрағасы мен мүшелері қол
қояды. МАК мәжілісінің хаттамалары ЖОО-ның бас мұрағатында 1998 жылғы 22
желтоқсандағы №326-І “Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы» ҚР
Заңына сәйкес сақталады.
5.5.28 Белгілі себептермен бекітілген кестеге сәйкес қорытынды
аттестаттауға қатыспаған студент МАК төрағасының атына өтініш жазып, тиісті
құжаттарын тапсырып оның рұқсатымен МАК отырысының басқа күні емтихан
тапсырады немесе дипломдық жұмысын қорғай алады.
5.5.29 Қорытынды аттестаттау нәтижелерімен келіспеген студент
қорытынды аттестаттау болған күннің келесі күнінен кешіктірмей шағымдана
алады. Апелляция өткізу үшін ректор бұйрығымен мамандық профиліне сәйкес
келетін тәжірибелі оқытушылар қатарынан апелляциялық комиссия құрылады.
5.5.30 Шағымды қанағаттандырған жағдайда МАК хаттамасы қайта
рәсімделеді. Бұл жағдайда бірінші хаттаманың нәтижесі «№___хаттамасымен
бағасы қайта қаралды» деген беттегі» жазбасымен жойылып, МАК мүшелері қол
қояды.
5.5.31 Қанағаттанғысыз баға алғаннан кейін МАК-қа тапсырылған
денсаулығы туралы құжаттар қаралмайды.
5.5.32 Бағасын жақсарту мақсатында мемлекеттік емтихандарды қайта
тапсыру мен дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғау рұқсат етілмейді.
5.5.33 «Қанағаттанарлықсыз» баға алған студенттерге мемлекеттік
емтихандарды қайта тапсыру мен дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғауға
қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат етілмейді.
5.5.34 Егер дипломдық жұмысты қорғау қанағаттанарлықсыз деп танылған
жағдайда, МАК дәл сол тақырыпты толықтырып қайта қорғауына немесе жаңа
Студенттердің біліміне бақылау жүргізу мен оны
ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
6-нұсқа
2015
№1 Өзгеріс
Тексеру күні:
ҚҚЭУ-МИ-85-04.01-2015
29 беттің 15 беті
тақырыппен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. МАК- тың бұл шешімі отырыс
хаттамасына
енуі тиіс
5.5.35 Қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлға кем дегенде бір жылдан
кейін, келесі оқу жылының қорытынды аттестаттауы басталғанға дейін екі апта
бұрын ЖОО ректорының атына қорытынды аттестаттауды қайта өтуге рұқсат ету
туралы өтініш білдіреді. Қорытынды аттестаттауға жіберілу ректор бұйрығымен
рәсімделеді.
5.5.36 Қорытынды аттестаттаудан қайта өту алдыңғы аттестаттаудан
қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда ғана жүзеге асады.
5.5.37 Емтихан тапсырмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтиханға кіретін
пәндер тізімі білім алушының бітірген жылында қолданылған оқу жоспарымен
анықталады.
5.5.38 Қорытынды аттестаттау түрлерінен қанағаттанарлықсыз баға алған
студенттер ЖОО басшысының бұйрығымен, Анықтама берілу арқылы ЖООдан
шығарылады.
5.5.39 Қорытынды аттестаттаудан өткен және жоғары білімнің кәсіптік оқу
бағдарламаларына сәйкес білімді игерген студенттерге МАК шешімімен
«бакалавр» академиялық дәрежесі мен мамандығына сәйкес біліктілігі
тағайындалып, мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен беріледі. Диплом
қосымшасы студенттің ГОСО-да көрсетілген және оқу жұмыс бағдарламасымен
қарастырылған барлық пәндер бойынша алған бағалары, тапсырылған курстық
жұмыстары, тәжірибе түрлері мен қорытынды аттестаттаудың нәтижелері
бойынша жеке оқу жоспарын орындағаны туралы анықтама негізінде
толтырылады. Дипломға Қосымшада әр оқу пәні бойынша кредиттер саны мен
академиялық сағаттарын көрсете отыра білімді бағалаудың көпбалдық-әріптік
жүйедегі соңғы бағалары жазылады.
5.5.40 Емтихандар мен дифференциалды сынақтардан А, А-«өте жақсы», В-,
В, В+ «жақсы» және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA)
3,5-тен төмен емес болған, сонымен бірге барлық мемлекеттік емтихандарды
тапсырған және дипломдық жұмысын А, А-«өте жақсы» бағалармен қорғаған
студентке үздік диплом беріледі (әскери дайындық бағасы есепке алынбайды).
5.5.41 Оқу кезеңінде 5.5.43 п.талаптарының cәйкестігіне қарамастан,
емтихандарды қайта тапсырған студенттер үздік диплом ала алмайды.
5.5.42 МАК жұмысы аяқталысымен оның төрағасы есеп жазып, оны екі апта
ішінде ЖОО басшысына ұсынады. МАК төрағасының есебі ҚҚЭУ-дің Ғылыми
кеңесінде талқыланып бекітіледі. Қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін бір
ай ішінде білім беру саласының өкілетті органына бекітілген есеп ұсынылады.
5.5.43 МАК төрағасының есебі кестелер мен түсініктемелерден тұрады.
Кестелерде 9-қосымшада келтірілген көрсеткіштер болуы керек.
МАК төрағасы жасаған Есептің түсініктемелерінде келесілер болуы керек: