Студенттердің біліміне бақылау жүргізу мен оны
ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
6-нұсқа
2015
№1 Өзгеріс
Тексеру күні:
ҚҚЭУ-МИ-85-04.01-2015
29 беттің 4 беті
бағалаудың көпбалдық әріптік жүйесінің 100%-дық шкаласы бойынша
әріппен және
пайызбен көрсетіле отырып, жүзеге асырылады.
5.1.4
Бағалаудың дәстүрлі шкаласына ауыстыра отырып, білім
алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік
әріптік жүйесі:
Әріптік
жүйе
бойын
ша
бағалау
Балдардың
сандық
баламасы
Пайыздық
көрсеткіш
Дәстүрлі жүйе бойынша
бағалау
A
4,0
95-100
Өте
жақсы
A-
3,67
90-94
B+
3,33
85-89
Жақсы
B
3,0
80-84
B-
2,67
75-79
C+
2,33
70-74
Қанағаттанарлық
C
2,0
65-69
C-
1,67
60-64
D+
1,33
55-59
D
1,0
50-54
F
0
0-49
Қанағаттанарлықсыз
5.1.5
Оқып білім алушылардың білімдерін бағалау өлшемдері.
«А», «А-» («үздік») - егер оқып білім алушы бағдарламадағы материалды
терең және мықты меңгерсе, оны толық, сабақтастықпен, сауатты және қисынды
айтып берсе, тапсырманың түрін өзгерткен кезде жауап беруге қиналмаса, алдыға
қойған міндеттерді еркін жүзеге асыра алса, монографиялық білім деңгейін
көрсетсе, қабылданған шешімдерді дұрыс негіздесе, тәжірибелік жұмыстарды
орындаудың жан-жақты дағдылары мен тәсілдерін игерген болса, материалдарды
қате жіберместен, өздігінен айта алып, қорытынды жасай алса;
«В+», «В», «В-» («жақсы») - егер оқып білім алушы бағдарламалық
материалды нақты білсе, сауатты түрде оның негізгі мәнін айтып бере алса,
сұраққа жауап беру кезінде түбегейлі дәлсіздіктерге жол бермесе, теориялық
ережелерді дұрыс қолдана білсе және тәжірибелік тапсырмаларды орындау
кезінде қажетті дағдыларға ие болса;
Студенттердің біліміне бақылау жүргізу мен оны
ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
6-нұсқа
2015
№1 Өзгеріс
Тексеру күні:
ҚҚЭУ-МИ-85-04.01-2015
29 беттің 5 беті
«С+», «С», «С-», «D+», «D» («қанағаттанарлық») - егер оқып білім алушы
негізгі материалды ғана меңгерсе, бірақта жекелеген бөліктерін білмесе,
дәлсіздіктерге жол берсе, жеткілікті түрде дұрыстап қисынмен айта алмаса,
бағдарламалық материалды баяндау сабақтастығын бұзса және тәжірибелік
тапсырмаларды орындау кезінде қиналса;
«F» («қанағаттанарлықсыз») - егер оқып білім алушы бағдарламалық
материалдың маңызды бөлігін білмесе, түбегейлі қателіктерге жол берсе,
тәжірибелік жұмыстарды үлкен қиындықпен орындаса.
А-дан А- -ға дейінгі, В- -тен В+ –ке дейінгі, Д-дан С+ –ке дейінгі ауытқу
амплитудасындағы бағаларды таңдау оқып білім алушының білімі мен
біліктілігінің
жоғарыда берілген өлшемдеріне
сәйкестік
дәрежесімен анықталады.
5.1.6 Ағымдық, шептік және қорытынды бақылау (мысалы, В+(87))
бағаларының әріптік және пайыздық эквивалентін оқытушы оқу сабағы
журналының арнайы бағандарында белгілеуі тиіс.
5.2 Студенттердің біліміне ағымдағы бақылау жүргізу
5.2.1 Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізу оқу жұмыс
жоспарына, академиялық күнтізбеге сәйкес оқу сабақтарының кестесімен
жүргізіледі.
5.2.2 Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізу оқу пәнінің әр
тақырыбы бойынша және дәрісханалық пен дәрісханадан тыс алған білімді
бақылауымен қоса жүзеге асырылады. Ағымдық бақылау бағалары (өткізу
рейтингісінің бағалары) дәрісханалық сабақтарда алған ағымдық бақылау
бағалары мен аралық бақылау бағаларының (дәрісханадан тыс сабақтар)
қосындысынан тұрады.
5.2.3 Үлгерімді ағымдық бақылауда студенттердің оқудағы жетістіктері 100
балдық шкала және әр орындалған тапсырма бойынша (ағымдық сабақтардағы
жауаптары, үй тапсырмасын тапсыру, СӨЖ, ағымдық бақылау және т.б.)
бағаланады және үлгерімді ағымдық бақылаудың соңғы нәтижесі академиялық
кезең ішінде алған барлық бағалардың орташа арифметикалық сомасы есебінен
шығады.
5.2.4 Оқып білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылаудың
қолданылатын формалары (ауызша сұрау, жазбаша бақылау, таныстыру,
пікірталас, тренингтер, дөңгелек үстөлдер, кейс-сатылар, тестілер) силлабуста
және/немесе әрбір пәнді оқып үйрену жөніндегі әдістемелік нұсқауларда
сипатталады.
5.2.5. Білімді бағалаудың көпбалдық әріптік жүйесі бойынша ағымдық
бақылау бағалары жүйелі түрде оқу сабағының журналында қойылып отырады.
5.2.6 Сырттай оқыту түрінде оқитын студенттер үлгерімін ағымдық бақылау
академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізілетін оқу-емтихан сессиясы басталғанға
дейін, сонымен қатар дәл сол кезеңде жүзеге асырылады.