Студент-практикант күнделігі 1 – апта


Сынып жетекшісінің функционалдық міндеттері



жүктеу 0,54 Mb.
бет46/81
Дата21.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#34496
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   81
3-course-diary

Сынып жетекшісінің функционалдық міндеттері:

  • сынып оқушыларын жеке зерттеу;

  • сынып оқушыларының қарым-қатынасын талдау, үйлестіру, түзету;

  • сыныптық іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру, жүзеге асыру және қорытынды жасау;

  • сынып оқушыларын әлеуметтік қорғау;

  • оқушылардың ата-аналарымен жұмыстар атқару;

  • оқушылардың өзін-өзі басқару қызметін қамтамасыз ету;

  • оқушылар күнделігі мен журналын уақытылы толтырылуы мен жүргізілуін қадағалау, ұйымдастыру;

  • сыныптағы оқу жылының басында, күнделікті, әр аптада, ай сайын, тоқсан аралығында, тоқсан соңында, каникул кезінде, жартыжылдық аяғында, оқу жылының аяғында төмендегідей қызметтерді атқаруға тиісті.

а) оқу жылының басында:

• сынып тізімін жасайды және сынып журналы мен тәртіп дәптерін толтырады;

• мектеп кітапханасынан оқулықты алуды ұйымдастырады;

• оқушылардың отбасындағы тәрбиесімен танысады;

• сыныптың әлеуметтік паспортын жасайды;

• сынып оқушыларының қосымша білім мекемелеріне қатысуы туралы толық ақпарат жасайды;

• оқушылардың бейімділігін дамыту мақсатында оларды әртүрлі қызметке, шараларға тарту жұмысын жүргізеді;

• сынып өмірінің қызметін ұжымдық жоспарлауын ұйымдастырады;

• сынып жетекшілерінің ӘБ жетекшісімен келісе отырып, сынып жұмысының тәрбие жоспарын жасап, тәрбие жөніндегі мектеп директорының орынбасарына бекітуге тапсырады.

ә) күнделікті:

• оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуын бақылауды жүзеге асырады;

• сыныптағы оқушылардың өзін-өзі басқару органына педагогикалық көмек көрсетуді жүзеге асырады;

• оқушылардың сырт пішінін бақылауды жүзеге асырады;

• іс-шаралар өткізу кезіндегі сынып оқушыларының тәртіп мәдениетін бақылауды жүзеге асырады;

• асханада оқушылардың ыстық тамақпен тамақтануын бақылауды жүзеге асырады;

• оқушылардың үзіліс кезіндегі тәртібін қадағалайды;

• оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау дәптерін толтырады.



б) әр аптада:

• оқушылар күнделігін тексереді;

• пән мұғалімдерінің сынып журналын толтыруын қадағалайды;

• сынып сағатын және жарты сағаттық ақпарат және пікірлесуді жүргізеді;

• сыныптарға бөлінген жер үлескілерінің тазалығын бақылауды жүзеге асырады.

г) ай сайын:

• мектеп жұмыстарына сынып ұжымының қатысуын ұйымдастырады;

• жол жүру ережелері, құқықтық жалпыға міндетті оқу туралы сабақтар, өмір мен техника қауіпсіздігі бойынша жоспарланған нұсқаулықтар өткізеді;

• мектеп жоспарына сәйкес жалпы мектептік кештерде және басқа да іс-шараларда кезекшілік атқарады;

• ерекше педагогикалық қадағалауды қажет ететін өз сынып оқушыларының үйірме, секция, клуб т.б. бірлестіктерге қатысуын бақылайды.

Тоқсан аралығында:

• оқушылардың денсаулығын қорғау бойынша медицина қызметкерлерінің ұсынысын орындауды ұйымдастырады;

• сынып жетекшілердің ӘБ-не, семинарларға, тәрбие жұмысы жөніндегі жиналыстарға қатысады;

• ата-ана жиналысын өткізеді;

• педагогикалық консилиум өткізеді.

Тоқсан соңында:

• оқу-тәрбие жөніндегі мектеп орынбасарына сыныптың үлгірімі туралы есепті және сынып журналын тапсырады;

• оқушылардың каникул кезіндегі бос уақытын ұйымдастырады және ұйымдастыру есебін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тапсырады.
Каникул кезінде:

• сынып жетекшілердің ӘБ-ң демалыстағы жұмысына қатысады;

• оқушылардың бос уақытындағы іс-әрекеттерін тексереді;

• әлеуметтік педагогпен рейдке шығады.



Жарты жылдық аяғында:

• сыныптың тәрбие жұмысына есеп береді (мәтіндік есеппен қоса фото коллаж тапсырады).



Оқу жылының аяғында:

• оқу жылындағы сынып жұмысының қорытындысын шығаруды ұйымдастырады;

• сыныптың оқу-тәрбие үрдісіне педагогикалық сараптама жасап, оны ТЖЖ мектеп орынбасарына өткізеді;

• сынып кабинетін жөндеуді ұйымдастырады;

• мектеп кітапханасына оқулықтарды өткізуді ұйымдастырады;

• баласының жазғы демалысы туралы ата-анасынан мағлұмат алады.




жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау