Бейімдеуші практикада (2-курс): студент білім беру мекемесінің ерекшелігіне сай оқу-тәрбие жұмыстарының өзгешелігін ажыратады, педагогтың қызметтерін, пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарын жасауды үйренеді, өз бетінше тәрбие сағатын ұйымдастырып, өткізеді, сабаққа қатысып, бақылау парағын толтырады.
Қалыптастырушы практикада (3-курс): студент сынып жетекшісі және пән мұғалімімен оқу-әдістемелік жоспарларды құрады, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады, өткізеді, талдау жұмыстарын атқарады, оқушылармен қарым-қатынас технологиясын меңгере отырып, жүзеге асырады, ғылыми-зерттеу, кәсіби бағдарға байланысты іс-шараларды атқарады, мәліметтерді сараптайды.
Достарыңызбен бөлісу: |