Кәсіби педагогикалық практикада студент меңгеруі тиіс:
- педагог қызметтерінің ерекшеліктерін;
- педагог іс-әрекетін жоспарлау білігін;
- ұжымдық және оқушымен жеке қарым-қатынас әдістерін.
Кәсіби педагогикалық практикада студент құқылы: кәсіби практика барысында студент-практикантқа бекітілген сынып пен оқушылар тобында ғылыми-шығармашылық зерттеу жұмыстарын атқаруға; практика базасындағы оқу-тәрбие процесіне қажетті құрал-жабдықтар мен әдістемелік нұқаулық, кітаптар қорын пайдалануға; практика барысында ұйымдастыру мен жетілдіру мақсатында тиісті тұлғалар мен органдарға өз ұсыныс-тілектерін білдіруге; мамандық бойынша айлық ақысы бар, бос орынға жұмысқа тұруға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |