Строительные нормы республики казахстан


 ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІН ДАЙЫНДАУ



жүктеу 2,52 Mb.
Pdf просмотр
бет13/81
Дата10.10.2023
өлшемі2,52 Mb.
#43732
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81
СН РК 1.03-00-2022

5 ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІН ДАЙЫНДАУ 
5.1 Объектінің құрылысы басталғанға дейін жалпы ұйымдық-техникалық дайындықты 
жүргізуді, сондай-ақ мердігердің (бас мердігердің) объектіні салуға дайындығын қоса 
алғанда, ҚҰЖ-да көзделген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз ететін көлемде құрылыс 


ҚР ҚН 1.03-00-2022 
11 
өндірісін дайындау жөніндегі барлық жұмыстар орындалады. 
Әрбір объектінің құрылысы әзірленген ҚҰЖ және ЖӨЖ, құрылысты ұйымдастыру 
және жұмыс өндірісінің технологиясы бойынша шешімдер негізінде жүзеге асырылады. 
Құрылыс өндірісінің жалпы ұйымдық-техникалық дайындығына мыналар енгізіледі: 
мердігерге жұмыстарды жүргізу үшін алаңды (трассаны) беру; 
белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын 
мердігерге беру. Сонымен бірге мердігер өз күшімен не мамандандырылған ұйымды тарта 
отырып, ЖӨЖ әзірлейді; 
қаржыландыруды уақытында ашу, авансты аудару және дайындық жұмыстарының 
шарттық бөлігін белгіленген мерзімде төлеу; 
заңнамада және мердігерлік шартта белгіленген мерзімде және тәртіппен нақты 
орындалған жұмыстарды қабылдауды және төлеуді қамтамасыз ету; 
құрылысқа мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар (келісімшарттар) жасасу; 
мүдделі тараптарда және жауапты ұйымдарда (күзет аймақтары немесе электр 
желілерін, байланыс желілерін, сумен жабдықтау және су бұру желілерін, магистральдық 
құбырларды, жолдардың жүру бөліктерін, жер асты коммуникациялары өтетін жерлерде, 
ағашты кесуге, ағаштар мен бұталардың екпелерін және тағы басқа) жұмыстарды жүргізуге 
тиісті келісулерді, рұқсаттарды және рұқсаттарды ресімдеу; 
тиісінше бұзылуға жататын ғимараттарда тұратын және орналастырылған адамдар 
мен ұйымдардың қоныс аударуы туралы мәселелерді шешу; 
құрылыс ауданында бар мемлекеттік немесе тірек геодезиялық желілердің кемінде екі 
пунктіне байланыстыра отырып құрылатын құрылысқа арналған геодезиялық негіз; 
тараптардың: Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) және мердігердің (бас 
мердігердің) қабылдау актісін ресімдей отырып, құрылыс үшін геодезиялық бөлу негізін 
құру); 
кірме жолдарды салуды, электрмен, сумен және жылумен жабдықтауды, байланыс 
жүйесімен және құрылысшыларға тұрмыстық қызмет көрсету үй-жайларымен қамтамасыз 
ету; 
құрылыс алаңына жабдықтарды, құрылымдарды, материалдар мен бұйымдарды 
жеткізуді ұйымдастыру; 
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында авторлық қадағалауды 
жүргізуге инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына аттестаты бар жобаны 
әзірлеушімен не сарапшымен шарт жасасу; 
құрылысқа техникалық қадағалау жүргізуге шарт жасау. 
5.2 Әрбір объектіні салуға дайындық инженерлік-техникалық персоналдың жобалау 
құжаттамасын зерделеуін (объектіні реконструкциялау (жаңғырту) және күрделі жөндеу 
кезінде ғимараттар мен құрылыстарды техникалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша 
құжаттаманы қоса алғанда), құрылыс жағдайларымен егжей-тегжейлі танысуды, алаңнан 
тыс және алаңішілік дайындық жұмыстарына ЖӨЖ әзірлеу, ғимараттарды, құрылыстар мен 
олардың бөліктерін салуды, сондай-ақ табиғат қорғау талаптары мен еңбекті қорғау және 
қауіпсіздік техникасы жөніндегі талаптарды ескере отырып, дайындық кезеңінің 
жұмыстарын орындау. 
5.3 Құрылыс өндірісінің жағдайлары қажет болған жағдайда алаңнан тыс дайындық 
жұмыстары кірме жолдар мен айлақтардың, трансформаторлық қосалқы станциялары бар 
электр беру желілерінің, су тарту құрылыстары бар сумен жабдықтау желілерінің, тазарту 
құрылыстары бар су бұру коллекторларының, вахталық әдіс кезінде құрылысшылар үшін 
тұрғын ғимараттардың, сондай-ақ құрылысты басқаруға арналған құрылыстар мен 
құрылғылардың құрылысын қамтиды. 
5.4 Алаңішілік дайындық жұмыстары: 


ҚР ҚН 1.03-00-2022 
12 
құрылысқа арналған геодезиялық бөлу негізін тапсыру-қабылдау және инженерлік 
желілерді, жолдарды төсеу және ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін геодезиялық 
бөлу жұмыстары; 
құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін құрылыс алаңын босату (аумақты 
тазалау, құрылыстарды бұзу және тағы басқа); 
аумақты жоспарлау; жер асты суларының деңгейін жасанды төмендету (қажет болған 
жағдайда); 
бар инженерлік желілерді қайта төсеу және жаңаларын төсеу; қажет болған жағдайда 
бақылау-өткізу режимін ұйымдастыра отырып, тұрақты және уақытша жолдарды, құрылыс 
алаңының инвентарлық уақытша қоршауларын орнату; 
өндірістік, қоймалық, қосалқы, тұрмыстық мақсаттағы ұтқыр (мүкәммалдық) 
ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру; 
материалдар, құрылымдар мен жабдықтарға арналған қойма алаңдары мен үй-
жайларды орналастыру; 
жұмыстарды жүргізуді жедел-диспетчерлік басқару үшін байланысты ұйымдастыру; 
құрылыс алаңын сумен және өртке қарсы құрал-жабдықтармен, жарықтандырумен 
және сигнализациямен қамтамасыз ету. 
5.5 Дайындық кезеңінде құрылыс мұқтаждары үшін пайдаланылатын тұрақты 
ғимараттар мен құрылыстар салынады немесе осы мақсаттар үшін қолданыстағылары 
бейімделген. 
Уақытша инвентарлық емес ғимараттар мен құрылыстарды салуға жобалау 
құжаттамасында тиісті негіздеме болған кезде ерекшелік түрінде ғана жол беріледі. 
Уақытша алаңнан тыс және алаңішілік жолдарды салуға құрылыс қажеттілігі үшін 
қолданыстағы және жобаланған тұрақты жолдарды пайдалану мүмкін болмаған кезде ғана 
жол беріледі. 
Уақытша ретінде пайдаланылатын барлық жолдардың конструкциясы құрылыс 
техникасының үздіксіз қозғалысын және құрылыс жүктерінің салмағы мен көлемі бойынша 
барынша көп тасымалдауды қамтамасыз етеді. 
Құрылысты сумен, жылумен, сығылған ауамен және электр энергиясымен қамтамасыз 
ету жобаланған тұрақты инженерлік желілер мен құрылыстарды салу үшін пайдалану 
арқылы қолданыстағы жүйелерден, желілерден және қондырғылардан жүзеге асырылады. 
5.6 Күрделі және эксперименттік объектілерді салуға дайындау кезінде арнайы 
бағдарламалар бойынша режимдік бақылауларды (сейсмометриялық, гидрогеологиялық, 
гидрологиялық, 
геохимиялық, 
геодезиялық, 
маркшейдерлік, 
метрологиялық, 
тензометриялық және тағы басқа) ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ өндірістік 
қажеттілік салдарынан сынақ полигондарын, метеорологиялық пункттер мен өлшеу 
станцияларын құру енгізіледі. Зерттеу жұмыстарының, Құрылыс құрылымдары мен 
элементтерін сынаудың және объектіні параллель жобалау мен салу кезінде режимдік 
бақылаулардың бағдарламалары Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) тапсырмасы 
бойынша ғылыми немесе мамандандырылған жобалау ұйымы ҚҰЖ және ЖӨЖ әзірлеумен 
бір мезгілде әзірленеді. 
5.7 Мердігерлік ұйым құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге дайындық кезінде 
мынадай ұйымдастыру іс-шараларын орындайды: 
тапсырыс берушіден алынған және белгіленген тәртіппен жобалық (жобалау-
сметалық), бастапқы және рұқсат беру құжаттамасының жиынтығына тексерілді; 
енгізілген инновациялық технологиялармен және қауіпсіз материалдар мен 
бұйымдарды пайдаланумен ЖӨЖ әзірленді; 
Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) берген және мердігерлік (бас мердігерлік) ұйым 
жергілікті жерде бекітілген құрылыс алаңының бөлу желісінің Жоспарлы-биіктік 


ҚР ҚН 1.03-00-2022 
13 
пункттерінің белгілері мен ғимараттар мен құрылыстардың басты немесе негізгі 
(габариттік) бөлу осьтерінің нақты шығарылған белгілері; 
еңбекті ұйымдастыру және құрылыс бригадаларын қазіргі заманғы технологиялық 
карталармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар әзірленді және жүзеге асырылды; 
бригадаларды қажетті шағын механикаландыру құралдарымен, құрал-саймандармен, 
өлшеу және бақылау құралдарымен, төсеме құрылғылары құралдарымен, қоршаулармен 
және нормаланған жиынтықтармен көзделген құрамда және мөлшерде монтаждау 
жабдықтарымен қамтамасыз ету үшін құрал-саймандық шаруашылық ұйымдастыру; 
құрылымдарды ірілендіріп жинау алаңдары мен стендтерін жабдықтау; 
құрылыс құрылымдарының, бұйымдар мен материалдардың қажетті резервтік қорын 
жасау; 
құрылыс машиналары мен жылжымалы (мобильді) механикаландырылған және 
энергетикалық қондырғылардыжеткізу немесе жұмыс орындарына қайта орналастыру; 
өндірістің энергия және материал сыйымдылығын төмендету, қалдықтарды, жұмыс 
жүргізу, материалдар мен құрылымдарды сақтау және тасымалдау кезінде шикізат пен 
материалдардың шығынын азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу. 
5.8 Шарт негізінде құрылысты жүзеге асыру кезінде құрылысқа қатысушылар (заңды 
тұлғалар) өздерінің өкімдік құжаттарымен (бұйрықтарымен) құрылысқа жауапты 
лауазымды тұлғаларды дербес тағайындайды: 
құрылыс салушы (тапсырыс беруші) – құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) 
техникалық қадағалауының жауапты өкілі; 
құрылысты жүзеге асыратын тұлға (мердігер, бас мердігер) – жұмыстарды жауапты 
өндіруші; 
авторлық қадағалау орындалған жағдайларда авторлық қадағалаудың жауапты 
өкілінің жобалау құжаттамасын дайындауды жүзеге асырған тұлға (жобалаушы). 
Көрсетілген лауазымды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 
саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес тиісті рұқсаты болуға міндетті. 
Бұл ретте, жауапты жұмыс жүргізушінің және техникалық қадағалаудың жауапты өкілінің 
функцияларын осы ұйымның бір бөлімшесінің немесе лауазымды адамының қоса 
атқаруына жол берілмейді. 

жүктеу 2,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау