Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 2,52 Mb.
Pdf просмотр
бет26/81
Дата10.10.2023
өлшемі2,52 Mb.
#43732
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81
СН РК 1.03-00-2022

 
 
11 ҚҰРЫЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ 
ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАМА 
 
11.1 Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) 


ҚР ҚН 1.03-00-2022 
34 
11.1.1 ҚҰЖ жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының 
құрамында әзірленеді. 
ҚҰЖ - ЖӨЖ әзірлеу үшін негіз болып табылады. 
11.1.2 Бекітілген ҚҰЖ және ЖӨЖ жобасынсыз құрылыс-монтаж жұмыстарын 
жүргізуге жол берілмейді. Оларды әзірлеген және бекіткен ұйымдардың келісімінсіз ҚҰЖ 
және ЖӨЖ шешімдерінен ауытқуға жол берілмейді. 
11.1.3 Техникалық және технологиялық күрделі объектілер мен жұмыс түрлеріне 
арналған ҚҰЖ нұсқалар көрсеткіштерінің салыстырмалы тиімділігін есептей отырып, 
негізгі шешімдерді нұсқалық пысықтау негізінде әзірленеді. 
11.1.4 ҚҰЖ құрамында қажет болған жағдайда техникалық бақылау және өлшеу 
жұмыстары әдістерін қоса алғанда, арнайы зерттеулер, сынақтар және маркетингтік 
бақылаулар бағдарламалары әзірленеді. 
11.1.5 Объектілерді техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілерге 
жатқызу Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) күрделі объектілерге 
жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 
Техникалық және технологиялық күрделі объектілер үшін ҚЖҰ құрамын әзірлеу және 
анықтау үшін: 
ғимараттар мен құрылыстар кешенінің құрамы және олардың көлемдік-жоспарлау 
параметрлері, ғимараттардың конфигурациясын; 
конструктивтік шешімдердің күрделілігі, қада іргетастарды жобалау қажеттілігін; 
құрылыс жағдайы (гидрогеологиялық, климаттық, сейсмикалық, қысылған және тағы 
басқа) және қолданылатын ұйымдастырушылық, технологиялық процестерді ескеру қажет. 
11.1.6 Күрделі геологиялық жағдайларда, сондай-ақ күрделі ғимараттар мен 
құрылыстарды салу кезінде объектілерді салу үшін ҚҰЖ, сондай-ақ ЖӨЖ бөлімдерін 
жобалау кезінде салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған ғимараттардың, құрылыстар мен 
құрылымдардың беріктігін, орнықтылығын және төзімділігін қамтамасыз ету бойынша 
арнайы шаралар әзірлеу қажет. 
11.1.7 ҚҰЖ әзірлеу үшін бастапқы деректерге:
- объектіні кезектерге және (немесе) қолданысқа берілетін кешендерге бөлу бойынша 
шешімдер, ғимараттар мен құрылыстарды қайта қалпына келтіру немесе жөндеуден өткізу 
(жұмыстарды өндіру кезеңіне ғимарат немесе қҧрылыстың пайдалану-пайдаланбауы) 
кезінде ерекше шарттар кӛрсетілген, құрылысты ұйымдастыру бойынша бастапқы деректер 
қосымшасы бар жобалау тапсырмасы;
- инженерлік ізденістер материалдары (объектілерді қайта қалпына келтіруде – 
объектіні техникалық тексеру);
- қажетті жобалық құжаттамалар;
- ғимараттардың, құрылыстардың және инженерлік коммуникациялардың көлемдік-
жоспарлық және конструктивтік шешімдері, техникалық көрсеткіштері бар (құрылыстың 
көлемі, пәтерлердің жалпы көлемі, қабаттылығы және т.б.) объектілерді кезектерге және 
(немесе) қолданысқа берілетін кешендерге бөлу (жобалауға берілген тапсырмаға сәйкес) 
бойынша шешімдер;
- жобалық ұйыммен әзірленген және белгіленген тәртіпте келісілген, инженерлік 
коммуникациялардың жиынтық жоспары;
- қазылатын жер массасы картограммасымен қҧрылыс алаңының вертикалды 
жоспарлануы;
- ландшафтық жоспар (көгалдандыру жоспары);
- құрылыс алаңын қолайсыз табиғи құбылыстарынан сақтау және геологиялық 
процестер бойынша шаралар және оларды орындау кезеңдері (алаңды инженерлік 
дайындау және т.б.);
- сметалық қҧжаттамалар;


ҚР ҚН 1.03-00-2022 
35 
- құрылысты тапсырысшы ұсынатын, электрэнергиямен және сумен уақытша 
қамтамасыз ету үшін техникалық жағдайлар;
- артық топырақты шығару және жетпеген топырақты жеткізу, топырақты уақытша 
үйю, құрылыс қоқыстарын шығару, соның ішінде қалдықтар мен қоқыстарды қайта өндіру 
немесе пайдаға асыру ҥшін қабылдайтын ұйымдармен келісілген, тасымалдау ұзақтылығын 
көрсетумен қоқысты одан әрі қайта өндіру орындары туралы мәліметтер;
- құрылыс конструкцияларын жабдықтаушы-ұйымнан құрылыс конструкциялары
бұйымдар, материалдар мен қондырғыларды жеткізу және тасымалдау шарттары туралы 
мәліметтер;
- құрылыстың директивтік мерзімдерін белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;
- күрделі және сынақтық объектілердің құрылысына қойылатын арнайы талаптар;
- жобада қолданылған отандық энергия мен ресурстарды үнемдейтін конструктивтік 
элементтер, материалдар және энергоҥнемдегіш инженерлік жүйелер туралы мәліметтер;
- қайта қалпына келтірілетін объектілерде құрылыстық-монтаждық жұмыстарды 
өндіру шарттары туралы мәліметтер жатады. 
11.1.8 Күрделі құрылымдары мен жұмыс жүргізу әдістері бар ғимараттар мен 
құрылыстарды салу кезінде Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) немесе жобалау ұйымы 
(бас жобалаушы) қажет болған жағдайда тиісті лицензиясы бар мамандандырылған 
жобалау және ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және жобалау-технологиялық 
ұйымдарды тартады. 
ҚҰЖ құрамы мен мазмұны тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша ҚҰЖ 
құрастыру жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес объектінің техникалық 
және (немесе) технологиялық күрделілігін ескере отырып орындалады. 
11.1.9 Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді салу 
кезінде Тапсырыс берушіні жобалауға арналған тапсырма бойынша ҚҰЖ құрамында 
арнайы бөлімдер әзірленеді: 
- арнайы қосалқы құрылыстарға, құрылғыларға, құрылғылар мен қондырғыларға 
арналған жұмыс сызбалары: 
- бірегей жабдықты, габаритті емес және ауыр салмақты технологиялық, құрылыс 
және құрылыс-технологиялық блоктарды тасымалдауға, монтаждауға, бөлшектеуге 
(көтеруге, жылжытуға, құрастыруға, бөлшектеуге) арналған жабдықтар мен айлабұйымдар, 
құрылғылар мен қондырғылар; 
- жинақтар-қабықшалардың арнайы қалыптары, алынбайтын және жылжымалы 
қалыптар, сондай-ақ типтік емес монолитті құрылымдардың жеке қалыптары; 
- жер асты суларының деңгейін жасанды төмендету, топырақты жасанды мұздату 
және оларды бекіту, оның ішінде цементтеу, глинизациялау, силикатизациялау, шайырлау 
және термиялық бекіту тәсілдерімен, анкерлік құралдармен, таратқыштармен жұмыстарды 
қамтамасыз етуге арналған құрылғылар; 
- қазаншұңқырлар мен траншеялардың шпунтты қоршаулары; 
- құрылымдарды ірілендіріп құрастыруға және жабдықтарды ірілендіріп құрастыруға 
арналған құрылғылар; 
- топырақта қабырға тәсілімен жер асты құрылыстарын салуға, құбырларды жабық 
әдіспен төсеуге арналған жабдық және арнайы құрылғылар (траншеясыз төсеу, тесу, басу, 
көлденең бағытталған бұрғылау, микротоннелирлеу), қада-қабықшаларда және түсіру 
құдықтарын қолдана отырып терең салынған құрылыстарды, сондай-ақ отырғызу 
топырақтары болған жағдайда қада іргетастарды салу; 
- жұмыс істеп тұрған ғимараттар мен құрылыстардың жанында бұрғылау-жару 
жұмыстарын орындау кезіндегі қорғаныс-сақтандыру құрылғылары; 
- жабдықтарды жылжыту (демонтаждау) және қысылған жағдайларда жұмыс істейтін 
ғимараттарды салу кезінде, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, ғимараттарды, 
құрылыстарды қайта жаңарту жағдайында қажетті қосалқы құрылғылар; 


ҚР ҚН 1.03-00-2022 
36 
- құрылыс объектісінде жұмыстарды орындау, сондай-ақ мәдени-тарихи құндылығы 
бар ғибадат ету және басқа да ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіру кезінде 
типтік емес қосалқы құрылғылар, құрылғылар, суландыру құралдары. 
11.1.10 Бұдан басқа, күрделі құрылымдық шешімдері және арнайы қосалқы 
құрылғыларды қолдана отырып орындалатын жұмыстарды жүргізу шарттары бар 
ғимараттарды қайта жаңарту кезінде жобалық, жобалау-конструкторлық және жобалау-
технологиялық ұйымдар мынадай жұмыс сызбаларын әзірлейді: 
- күмбездер, құбырлар және тағы басқа; 
- зарядтау компенсациясы әдісімен қабырғаларды кептіруге арналған құрылғылар; 
- сыртқы қабырғаларды ауыстырып салу және монтаждық ойықтарды орындау кезінде 
құрылымдарды ілуге арналған құрылғылар – жанасатын ғимараттарды қорғауға арналған; 
- еркін тұрған қабырғалардың орнықтылығын қамтамасыз ететін айлабұйымдар; 
- ауа саңылауы бар аспалы қасбет жүйелері; 
- күрделі типтік емес уақытша құрылыстар мен желілер (сумен жабдықтау, жылумен 
жабдықтау, су бұру, энергиямен жабдықтау, байланыс немесе жарық беру желілерінің 
уақытша тіректері және тағы басқа). 
11.1.11 ҚБЖ-да жұмыстарды орындаудың әдістері мен реттілігін әзірлеу кезінде 
қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына жауап беретін технологиялық және 
техникалық-нормалаушы карталарға сілтемелер келтіріледі. 
Үлгілік технологиялық шешімдер болмаған кезде (жаңа конструктивтік шешімдерді, 
материалдарды, оның ішінде импорттық материалдарды қолдану, ғибадат үйлері мен 
ғимараттарын салу және тағы басқа) жұмыстарды жүргізудің егжей-тегжейлі әзірленген 
әдістерімен жоба әзірленеді. Мұндай жобаны әзірлеу туралы шешімді тапсырыс беруші 
жобалау ұйымының ұсынысы негізінде инвестициялық процестің жобалау алдындағы 
және/немесе жобалау сатыларында қабылдайды және жобалауға арналған тапсырмаға 
енгізіледі. 
11.1.12 Объектілер құрылысының және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің 
ұзақтығын күнтізбелік жоспарлар мен ҚҰЖ және ЖӨЖ кестелерінде анықтау кезінде 
құрылыс тетіктерін қолдана отырып, құрылыс бөлімшелерінің объектісінде кемінде екі 
ауысымдық жұмысқа сүйену қажет. 
11.1.13 ҚҰЖ құрылыстың жалпы ұзақтығын (айларда), оның ішінде дайындық кезеңін 
және жабдықты монтаждау кезеңін және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға еңбек 
шығындарын көрсете отырып, жобада көзделген құрылыстың толық көлеміне (объектісіне) 
әзірленеді. 
11.1.14 Ұтымды сызбаны, әдістерді, геодезиялық бөлу негізін салудың дәлдігін таңдау 
үшін ҚҰЖ жобасында объект құрылысының геологиялық және табиғи жағдайларының 
ерекшеліктерін, жұмыстардың жаңа технологиясының, жаңа құрылыс құрылымдарының 
ерекшеліктерін көрсету қажет. 
Объектіні ҚҰЖ кезектері бойынша салу кезінде құрылыстың толық дамуына арналған 
жүзеге асырылуын ескере отырып, құрылыстың әрбір кезегіне әзірленеді. 
Іске қосу кешендерін бөле отырып, объектіні салу кезінде ҚҰЖ іске қосу кешендерін 
бөлуді ескере отырып, құрылыстың толық көлеміне әзірленеді. 
11.1.15 ҚҰЖ мен ЖӨЖ құрамы Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін 
ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларымен регламенттеледі. 
ҚҰЖ бөлімінде әзірленетін негізгі құжаттардың құрамы: 
құрылыстың нормативтік ұзақтығын есептеу; 
негізгі және қосалқы ғимараттар мен құрылыстарды, технологиялық тораптарды және 
жұмыс кезеңдерін, іске қосу немесе қала құрылысы кешендерін салудың мерзімі мен 
кезектілігі, күрделі салымдар мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемін кезеңдер 
(жылдар, тоқсандар және басқалар) бойынша құрылыстың нормативтік ұзақтығына сәйкес 


ҚР ҚН 1.03-00-2022 
37 
бөлу айқындалатын құрылыстың күнтізбелік (объектілік) жоспары (жұмыстарды жүргізу 
кестесі); 
тұрақты және уақытша ғимараттар мен құрылыстардың, жолдардың, инженерлік 
желілердің, электр энергиясы, су, жылу, бу көздерін көрсете отырып, қолданыстағы 
желілерге уақытша инженерлік коммуникацияларды қосу орындарының орналасуы, 
сондай-ақ қойма алаңдарын, негізгі монтаж крандары мен басқа да механикаландырылған 
қондырғыларды, бөлу желілерін, ғимараттар мен құрылыстарды бекіту белгілерін 
орналастыру көрсетілетін құрылыстың бас жоспары ҚБЖ (құрылыс жобасы); 
ахуалдық 
жоспар 
(құрылыс 
жоспарынан 
басқа) 
ұйымдастыру-техникалық 
шешімдермен материалдық-техникалық базаның кәсіпорындары, карьерлері, тұрғын 
кенттері, сыртқы жолдар мен автомобиль жолдары (олардың санатын, ұзақтығын, өткізу 
қабілетін көрсете отырып), темір жолдар, жанасу станциялары, теңіз, өзен айлақтары, 
байланыс желілері, электр желілері, ағаш кесу және басқа да қолда бар объектілер 
көрсетілетін құрылыс алаңына іргелес аумақ қамтылған жағдайда. 
ғимараттар мен құрылыстарды салудың оңтайлы дәйектілігін айқындайтын ұйымдық-
технологиялық сызбалар; 
негізгі ғимараттар мен құрылыстар, іске қосу немесе қала құрылысы кешендері 
бойынша және құрылыс кезеңдері бойынша жұмыстарды бөле отырып, жобалау (жобалау-
сметалық) құжаттамада ескерілген құрылыс құрауыштарының қажеттілігінің ведомостары 
жұмыс жүргізу кестесіне (жылдар, тоқсандар және тағы басқа) сәйкес: 
негізгі құрылыс-монтаж және арнайы жұмыстар көлемі, 
негізгі құрылыс ресурстарында, 
негізгі құрылыс машиналарында, механизмдерде және көлік құралдарында, 
нормативтік базада жоқ қажетті құрылыс техникасы, тетіктер бойынша есеп айырысуды 
қоса алғанда. 
еңбек ресурстарында (адам / күн). 
құрылыс құнының сметалық есебіне қосу үшін ҚҰЖ бөлімін әзірлеуші ұсынатын 
жұмыстар мен шығындар бойынша: 
топырақ топтары бойынша дымқыл және құрғақ топырақ көлемін көрсете отырып, 
траншеялар мен қазаншұңқырларды қазу кезіндегі жер жұмыстарының ведомосы; 
траншеялар мен қазаншұңқырлардың қабырғаларын бекітуге арналған материалдарға 
қажеттілік ведомосы: бекітпе тақтайлары, қалқандар, шпунттар және тағы басқа; 
құрылыс аяқталғаннан кейін қалпына келтіре отырып, уақытша пайдаланылатын 
тұрақты және салынып жатқан автомобиль жолдарының тиісті учаскелеріне ақау актілері 
бойынша жасалған жұмыс көлемдерінің ведомосы; 
құрылыс, трасса бойындағы жолдар айналасындағы құрылыс алаңынан тыс уақытша 
кірме жолдарды салу және күтіп ұстау жұмыстарының көлемдерінің ведомосі сол кезде сол 
сияқты.; 
құрылыс процесінде объект құрылысының табиғи жағдайларына байланысты 
туындайтын шығындарды есептеу (өңдеу жұмыстарын және басқа да арнайы жұмыстарды 
жүргізу кезінде құрылымдардың немесе өңделетін беттердің жоғары ылғалдылығына 
байланысты белгіленген жылыту кезеңі шегінен тыс уақытша жылыту (кептіру); 
қысқы кезеңде басталатын құрылыс объектісінің құрылыс алаңын қардан бастапқы 
тазарту бойынша; дүлей құбылыстардан (боран, қар) туындаған қар үйінділерін жою 
бойынша жұмыстар көлемінің ведомосы немесе шығындардың есептеулері); 
сметалық нормативтерде ескерілмеген, бірақ күрделі объектілерді салу процесінде, 
қатты климаттық жағдайларда (шөл, жартылай шөлейт, тау, жер асты сулары және тағы 
басқа) пайда болатын шығындардың жекелеген есептері; 
құрылыс жағдайларының сипаттамасымен қатар жұмыстарды, оның ішінде вахталық 
әдіспен маусымдық сипаттағы жұмыстар кезінде қысқы жағдайларда орындалатын 


ҚР ҚН 1.03-00-2022 
38 
жұмыстарды өндіру және қоса атқару әдістері, еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралар тізбесі 
негізделетін түсіндірме жазба. 
11.1.16 Түсіндірме жазбада мынадай техникалық-экономикалық көрсеткіштер 
келтіріледі: 
құрылыстың жалпы ұзақтығы (айларда), оның ішінде дайындық кезеңі мен жабдықты 
монтаждау кезеңінің ұзақтығы; 
жұмыс істейтіндердің ең көп саны; 
ірілендірілген нормалар бойынша еңбек шығындарының ведомосына енгізілген 
құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға арналған еңбек шығындары (адам/күн), олардың 
негізінде объектілік күнтізбелік жоспардың есептік бөлігі жасалады.

жүктеу 2,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау