Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 1,51 Mb.
Pdf просмотр
бет6/20
Дата20.11.2018
өлшемі1,51 Mb.
#22000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ҚР ҚН 3.02-16-2014 

 



қорғаныс  аумағынан  тыс  орналастырылуға  тиіс.  Өндірістік,  коммуналдық  және 

шаруашылық ұйымдар мен сауықтыру мекемелерінің арасындағы арақашықтық қалалық, 

кенттік және ауылдық елді мекендерді жобалау мен оларды салуға қойылатын талаптарға 

сәйкес  қабылданады.  Аумақ  арқылы  қалалық  (ауылдық)  мақсаттағы  магистралдық 

инженерлік  коммуникациялар  –  сумен  қамтамасыз  ету,  канализация  жүйесі,  жылумен 

қамтамасыз ету және электр энергиясымен қамтамасыз ету өтпелі болмауы тиіс.  

5.4.1.3.4 Лагерьдің балалардың демалуы мен сауығуына қолайлы жағдай туғызатын, 

дербес жер телімі болуға тиіс.  

5.4.1.3.5 Лагерьді  жел  бағытын  есепке  ала  отырып,  шу  көздері  мен  атмосфералық 

ауаның  ластануынан  жел  жақ  бетке,  ластану  көздеріне  қарағанда,  су  қоймасының 

ағынынан жоғары орналастыру қажет.  

5.4.1.3.6  Лагерь  құрылысына  арналған  жер  телімін  таңдау  кезінде  мыналарға  жол 

берілмейді: 

а) лагерьді  бұдан  бұрын  қоқыс  тастайтын  жер,  мал  қорымы,  қоқыстан  тазарту 

алқаптары  және  бейіттер  үшін  пайдаланылған,  сондай-ақ  топырағы  химиялық, 

бактериялық және т. б. ластанған аумақтарда орналастыруға; 

б) лагерь  аумағында  қалалық  (ауылдық)  мақсаттағы  магистралдық  инженерлік 

коммуникациялар – сумен қамтамасыз ету, канализация жүйесі, жылумен қамтамасыз ету 

және электр энергиясымен қамтамасыз ету жүйелерін жүргізуге; 

в) лагерь  аумағында  лагерді  ұстауға  және  оны  пайдалануға  қатысы  жоқ  тұрғын  үй 

құрылыстарын,  оның  ішінде  қызметкерлер  мен  ұйымдар  үшін  құрылыстар  мен 

құрылымдар орналастыруға; 

г) лагерь аумағында үй жануарлары мен үй құстарының болуы мен жайылуына. 

 

5.5 Оқушылар  сарайының,  жас  техниктер  мен  жас  табиғат  зерттеушілер 



станцияларының сәулет-жоспарлау шешімдері  

 

5.5.1 Оқушылар  сарайы,  жас  техниктер  мен  жас  табиғат  зерттеушілер 

станцияларының ғимараттарын жобалауға қойылатын жалпы параметрлер 

 

5.5.1.1 Оқушылар сарайы, жас техниктер мен жас табиғат зерттеушілер станциялары 



ғимараттарының  көлемдік-жоспарлық  шешімдерін  келесі  жағдайларды  есепке  ала 

отырып, қабылдаған жөн: 

а) мекеме  түрі  мен  ғимарат  типінің  функционалдық-типологиялық  құрылымына 

қойылатын талаптарды (құрылыстың кезектілігін ескере отырып); 

б) конструктивтік шешімдерді; 

в) ауданның табиғи-климаттық және құрылыстық жағдайларын; 

г) нақты аумақ жағдайларын (жеке немесе эксперименттік құрылыс кезінде); 

д)  объектінің  маңыздылығы  мен  оның  қала  құрылысындағы  рөлін  ескере  отырып, 

сәулеттік-көркемдік айқындығын. 

5.5.1.2 Балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектептерінің  ғимараттарында  мына 

аймақтар қарастырылады: 

а) ойын; 




ҚР ҚН 3.02-16-2014 

 

10 



б) жалпы дене тәрбиесі дайындығы; 

в) қызмет  көрсетуші  үй-жайлар  топтарымен  қоса,  спорт  түрлері  бойынша 

техникалық және тактикалық дайындық үшін мамандандырылған; 

г) мектеп профиліне қарай әкімшілік-шаруашылық және басқа да үй-жайлар. 

5.5.1.3 Әрбір  мектептен  тыс  мекеме  жеке  ғимаратта  немесе  бірнеше  жекелеген 

ғимараттарда орналастырылуға тиіс.  

Көп  пәтерлі  тұрғын  үйлерде  орналастырылған  объектілердің  тұрғын  үйдің  кіре 

берісінен бөлек, дербес кіреберіс есігі болуы тиіс. 

5.5.1.4 Қызмет  көрсетуші  үй-жайлардан  басқа  (жүзетін  үлгілерді  сынауға  арналған 

бассейндер,  моторларды  сынауға  арналған  үй-жайлар,  қоймалар,  шаруашылық 

шеберханалар  мен  жүзу  бассейніне  қызмет  көрсетуші  үй-жайлар  және  т.  б.)  ғимараттың 

жер бетіндегі бөлігінде орналастырылуға тиіс.  

5.5.1.5 

Үйірме  үй-жайларының  бағыты  қоғамдық  ғимараттарға  арналған 

нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес қабылданады.  

5.5.1.6 Зал  үй-жайларының  терезе  жақтауларын  оңтүстікке  және  оңтүстік-батысқа 

бағыттау  кезінде  реттемелі  күннен  қорғанысты  қарастыру  қажет  (ғимараттар  мен  үй-

жайлардың инсоляциясы бойынша қолданыстағы нормаларға сәйкес). 

5.5.1.7 Балалармен жұмыс істеуге арналған барлық үйірме үй-жайларында, сондай-ақ 

әдістемелік  және  әкімшілік  үй-жайларда  ҚР  ҚН  2.04-01  сәйкес  табиғи  жарықтандыру 

қарастырылуға тиіс.  

5.5.1.8 Астыңғы  қабатта  балаларға  арналған  үй-жайлар  мен  оқу  және  ұйықтау 

бөлмелерін орналастыруға жол берілмейді.  

 

5.5.2 Ғимараттар 



құрылымы,  үй-жайлардың  функционалдық-жоспарлау 

топтары мен олардың аумақпен өзара байланысы  

 

5.5.2.1 Мекеменің  функционалдық-типологиялық  құрылымы  ғимараттағы  үй-



жайлардың  функционалдық-жоспарлау  топтарына  мекеменің  осы  түрі  мен  ғимарат  

түрінің жұмысын ұйымдастыру принципіне сәйкес топталуын қамтамасыз етуге тиіс. 

5.5.2.2 Жас 

техниктер 

станциясының 

ғимараты 

үй-жайлардың 

келесідей 

функционалдық-жоспарлау топтарына  бөлінуге тиіс: 

а) үйірме үй-жайларының тобы төменгі сынып оқушыларына арналған конструктор- 

өнертапқыштарға, оқушылардың ғылыми қоғамдары мен спорттың техникалық түрлеріне 

арналған үй-жайлар тобын біріктіреді; 

б) ұйымдастыру-бұқаралық бөлім; 

в) үй-жайлардың әкімшілік-шаруашылық тобы; 

г) гараждар блогы. 

5.5.2.3 Спорттың  техникалық  түріне  арналған  үй-жайлар  тобын  гараждар  блогымен 

бірлестіріп,    жеке  тұрған  немесе  негізгі  ғимаратпен  жылы  өту  жолы  арқылы  жалғанған 

ғимарат түрінде жобалаған жөн.  

5.5.2.4 Жас  техниктер  станциясы  ғимаратының  кешені  үй-жайлардың  келесі 

функционалдық-жоспарлау топтарына  бөлінуге тиіс:  

а) оқу зертханалық блок; 



жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау