ҚР ҚН 3.02-16-2014
11
б) нұсқау-әдістемелік және ұйымдастыру-бұқаралық жұмыстар үй-жайларының
блогы;
в) аумақтағы павильондар жүйесі (жылыжайлар, мал шаруашылығы павильоны,
шаруашылық блогы, профильдік лагерь).
5.5.2.5 Ғимараттар
құрылысының
жоспарлау
шешімдері
үй-жайлардың
функционалдық-жоспарлау топтарын дербес, сондай-ақ бірлесе пайдалану мүмкіндігін
қамтамасыз етуге тиіс.
5.5.2.6 Ғимараттардың жоспарлау және конструктивтік шешімдері көрермен
залдары, бұқаралық шаралар залы, ойын залдары мен бұқаралық жұмыстың басқа да үй-
жайлары үшін қажетті дыбыс өткізбеуді, сондай-ақ осы үй-жайларды біріктіру мен
оларды бірлесе пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.
5.5.3 Клуб-үйірмелік үй-жайлар
5.5.3.1 Үйірмелік үй-жайларға да жалпы білім беретін мектептердің оқу үй-
жайларына қойылатын гигиеналық талаптар қойылуға тиіс.
5.5.3.2 Үй-жайлардың әр тобы клуб-үйірмелік жұмыстардың бағыты (профилі) мен
түрлері бойынша ғимаратта көлденеңінен немесе тігінен (іс-әрекеттің әр түрінің
функционалдық-технологиялық ерекшелігіне байланысты) мүмкін болатын тығыз
байланыстағы функционалдық-жоспарлау бірлігін құруға тиіс.
5.5.3.3 Үй-жайлардың бір функционалдық-жоспарлау тобының немесе соған тектес
үйірмелік үй-жайларын (жұмыс сипаты бойынша) холл-көрмелердің ортақ үй-
жайларының маңында топтастырған жөн.
5.5.3.4 Зертханаларды (қосалқы бөлмелер) тиісті зертханалармен біріктірген және
олармен есік арқылы жапсарлас орналастыру керек.
5.5.3.5 Ауыр станокты жабдықтауы бар шеберханаларда (зертханаларда) жоғары
үстемені көтере алатын арнайы едендер болуға тиіс.
5.5.4 Көпшілік жұмыстарға арналған үй-жайлар
5.5.4.1 Көпшілік-әдістемелік жұмыстарға арналған үй-жайлар құрамында бұқаралық
шаралар залы,
ойын залы (үстел үсті ойындары залы), қоғамдық-саяси және тарихи-
өлкетану мұражайлары мен көрмелері, көркемөнер мен ғылыми-техникалық
шығармашылық көрмелері, қызмет көрсету үй-жайлары қосылған, көрермен залының үй-
жай топтары мен кино-дәрісханалық зал бар.
5.5.4.2 Көрермендер залы, сахна және сахна мен залға техникалық қызмет көрсету
үй-жайларын нормативтік құжаттар талаптарын есепке ала отырып жобалау керек.
5.5.4.3 Көрермендер залының көлемдік-кеңістіктік шешімдері барлық шаралардың
көрінетіндей нормативтік шарттарды қамтамасыз етуге және залдың акустикасы үшін
қолайлы болуға тиіс.
5.5.4.4 Сахна планшетіне шығу жолдарын қарастыру қажет.
ҚР ҚН 3.02-16-2014
12
5.5.4.5 Сахнаға қызмет көрсететін үй-жайлар әртіс үй-жайы ретінде пайдаланылатын
сахналық шығармашылыққа арналған үйірмелік үй-жайлармен қолайлы байланыста
болуға тиіс.
5.5.4.6 Көрмелер мен мұражайлар үй-жайлары бұқаралық жұмыстар тобының
құрамына кіретін функционалдық-жоспарлау топтарының үй-жайларын құрауға тиіс.
5.5.4.7 Кинодәрісханалық залды өткізілетін шаралар тақырыбы бойынша мерзімдік
көрмелерді өткізуге болатын шығармашылық көрмелер үй-жайларымен топтастыру керек.
Кинодәрісханалық залдың бұқаралық-әдістемелік жұмыстардың ғана емес, сонымен
қатар клуб-үйірмелік үй-жайлармен байланысын қарастыру қажет.
5.5.4.8 Мәжіліс залының үй-жайын мектеп ғимаратының мәжіліс залының үй-
жайына ұқсас етіп жобалау керек.
5.5.4.9 Оқушылар сарайының көрермендер залында қосымша балалар санын
отырғызуға мүмкіндік беретін қондырғылар қарастырылуға тиіс.
5.5.4.10 Оқушылар
сарайларының
көрермендер
залын
жобалау
кезінде
қабырғалардың периметрі бойынша және төбе астында декоративтік және мерекелік
безендірулерді бекітуге арналған құрылғылар мен ойын қондырғыларын және
аттракциондарды қосуға арналған электр розеткалар қарастырылуға тиіс.
5.5.5 Дене шынықтыру-спорт жаттығуларына арналған үй-жайлар
5.5.5.1 Оқушылар сарайларындағы спорт залдары мен бассейндерді жобалауға
қойылатын талаптар ҚР ҚН 3.02-18 және спорттық құрылыстарды жобалау жөніндегі
тиісті нормативтік құжаттарға сай қабылданады.
5.5.5.2 Спорт залдарының көтергіш және қоршау конструкцияларын оларға
кіріктірме және тасымалдық қондырғыларды (баскетбол қалқандарына арналған
конструкциялар, гимнастика шығыршықтарына арналған консольдар, гимнастика
турниктері мен волейболға арналған тіреулер және т. б.) бекіту мүмкіндігін қамтамасыз
етуі тиіс.
5.5.5.3 Ішкі әрлеуді қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына
сәйкес жүргізу керек.
5.5.5.4 Спорттық зал тобы үй-жайларының орналасуы мен олардың өзара байланысы
мынадай реттілікпен жаттығатындар қозғалысын қамтамасыз етуге тиіс: сырт киімге
арналған гардероб бөлмесі орналасқан вестибюль – ұлдар мен қыздарға арналған киім
ауыстыру бөлмелері (душ және санитарлық тораптармен) - спорт залы.
5.5.5.5 Бассейн құрылысы мен үй-жайларының өзара орналасуы мынадай реттілікпен
жаттығатындар қозғалысын қамтамасыз етуге тиіс: сырт киімдерге арналған киім
сақтайтын бөлме мен тіркеу бөлімі орналасқан вестибюль - киім ауыстыруға арналған
бөлме – душ - өтпелі аяқ душы – ванна, ваннадан шыққандағы қарама-қарсы жақта: душ -
киім ауыстыруға арналған бөлме.