Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет7/25
Дата25.05.2018
өлшемі0,63 Mb.
#17676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

ҚР ҚН 3.02-14-2014 

 

11 



- барлық  маусымдардың  және  тиісті  климаттық  аймақтардың  сыртқы  климат 

факторларына төзімділігі; 

- индустриялық,  сондай-ақ  көлік  құралдарынан  туындайтын  кедергілерден,  құстар 

мен жануарлар әсерінен қорғалуы. 

5.4.3.3 Жылыту  бөлмелерін,  тоңазыту  камераларын,  эмбриондарды  жұқтыруға, 

олардың зарарсыздандырылғанын зерттеуге арналған бокстарды терезесіз жобалау керек. 

5.4.3.4 Жұмыстарға арналған бөлмелерді зертханаларға орналастыру қажет.  

5.4.3.5 Қауіпсіздік  мақсатында  бокстардың  терезе  жақтауларын  нығыздауыш 

төсемдерді қолдану арқылы желкөздер мен фрамугаларсыз қарастыру қажет.  

5.4.3.6 Санитарлық-химиялық зертханада еденді қышқыл дарымайтын материалмен 

жабу керек. 

5.4.3.7 Бактериологиялық бөлімдер кіре берісіне санитарлық өткізу орнын қарастыру 

керек. 

5.4.3.8 Бактериологиялық  бөлімдерде  «таза»  және  «жұқпалы»  аймақтар  қарастыру 



керек.  

5.4.3.9  Полимеразалық  тізбекті  реакция  (ПТР)  әдісімен  зерттеу  жүргізуге  арналған 

үй-жайларды жобалау кезінде мыналарды қарастыру қажет: 

а) сынама  дайындау,  реакция  қоспасын  дайындау,  нәтижелерді  есептеу  (детекция) 

аймақтары үшін жекелеген үй-жайлар бөлуді; 

б) сынама  дайындауға  арналған  үй-жайды  материалдарды  қабылдау  бөлмесінің 

жанына орналастыру керек; 

в) детекция  бөлмесін  өзге  аймақтардан  алыс  немесе  оқшауландырылған  бөлікте 

орналастыру керек; 

г) әрбір  аймақта  тоңазытқыштарды/мұздатқыштарды,  зертхана  жабдығын, 

реагенттерді, автоматты тамызғыштарды (мөлшерлеуіштерді), ұштықтарды, пластикалық 

жә

не  шыны  ыдысты,  қорғаныс  киімін,  аяқ  киімді,  тальксіз  бір  рет  пайдаланатын 



қолғаптарды,  тазалау  құрал-сайманы  мен  осы  бөлмеде  ғана  қолданылатын  өзге  шығыс 

материалын орналастыруға арналған жеткілікті орын мөлшерін қарастыру керек

д) үй-жайларды ПТР зерттеу үшін жеке ғимаратқа орналастыру кезінде мынадай үй-

жайларды  қарастыру  керек:  материалдарды  қабылдау,  үлгілерді  тіркеу  және  бастапқы 

өңдеу,  дәрігерлерге  арналған  үй-жайлар,  гардероб,  дәретхана,  душ  бөлмесі,  қойма 

бөлмелері, автоклав, жуу. 

5.4.3.10 Қосалқы  бокстарда  бактериология  бөлімдерінің,  дәрігерлер  жұмыс 

бөлмелерінің, сонымен қатар вирусологиялық бөлімшелер лаборанттарының  санитарлық 

бактериология  мен  тамшылық  инфекциялар  жөніндегі  зерттеулеріне  арналған  кіре 

берістер қарастыру керек. 

5.4.3.11 Вирусологиялық  бөлімшелерде  «таза»  және  «жұқпалы»  аймақ  қарастыру 

қажет. 


5.4.3.12 Зертхана  кіреберісіне  тіркеу  орны  мен  сынамаларды  қабылдау  бөлмесін 

орналастыру керек.  

5.4.3.13 Зертханада  материал  алу  пункті  болған  жағдайда,  қызметкерлер  мен 

тексеретін тұлғаларға арналған бөлек дәретхана қарастырылады. 




ҚР ҚН 3.02-14-2014 

 

12 


5.4.3.14 Микробиологиялық 

зерттеулер 

жүргізілетін 

зертханаларда  

Қазақстан  Республикасының  аумағында  қолданылатын  басқа  да  нормативтік  құжаттарға 

сәйкес кіре берістер қарастыру керек. 

5.4.3.15 Микробиологиялық  зерттеулерге  арналған  үй-жайларды  жоспарлау  кезінде 

таза және жұқпалы ағындардың түйісу ықтималдығын болдырмау керек.  

5.4.3.16 Зертханалардағы  едендерді  қышқылдар  мен  сілтілердің  әсерін  ескере 

отырып орналастыру керек. 

5.4.3.17 Өрт пен жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеуге арналған үй-жайларды 

көмірқышқылды  өрт  сөндіргіштермен,  сондай-ақ  өзге  де  өрт  сөндіру  құралдарымен 

жабдықтау керек. 

5.4.3.18 Жеңіл  тұтанатын  әрі  жанғыш  сұйықтықтар  қатысатын  жұмыстардың 

барлығы  желдеткіш  жұмыс  істеп  тұрған  электр  құралдары,  сондай-ақ  электр  аспаптары 

мен газ жанарғылары өшірілген тартпа шкафында жүргізіледі.  

5.4.3.19  Тәжірибелік,  диагностикалық  және  өндірістік  жұмыстар  жүргізілетін, 

сонымен қатар І-ІІ топтағы патогенді БА сақталатын объектілерде өткізу режимін белгілеу 

керек. 

5.4.3.20  ПБА  қатысқан  жұмыстар  жүргізілетін  үй-жайларды  бактерицидтік 



сәулелендіргішпен жабдықтау керек.  

5.4.3.21 Патогендігі  І-ІІ  топпен  немесе  жұқтыру  ықтималдығы  бар  материалмен 

жұмыс  жүргізілетін  стационарлық  зертханаларға  арналған  қоршауды  жобалаған  кезде 

олар нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес негізгі болуы тиіс. 

5.4.3.22 Сыртқы қоршау  жағдайында бекітілмейтін есіктердің, қақпалардың,  шағын 

есіктердің, сонымен қатар ойықтар мен өзге зақымданулардың болуына жол берілмейді. 

5.4.3.23 Радиологиялық  зертхананы  жобалау  кезінде  «лас»  және  «таза»  аймақ 

қарастыру қажет. 

5.4.3.24 Радиологиялық зертхананың лас аймағында мыналар орналасуы керек: 

а) сынамаларды дайындауға, сақтауға және минералдандыруға арналған бөлме; 

б) радиохимиялық зерттеулерге арналған аймақ (лас аймақ); 

в) ыдысты, контейнерлерді, жабдықты, іш киім мен арнайы киімді қатерсіздендіруге 

арналған бөлме.  

5.4.3.25 Радиологиялық зертхананың таза аймағында мыналар орналасуы керек: 

а) сынамаларды дайындауға, сақтауға және минералдандыруға арналған бөлме; 

б) радиохимиялық зерттеулерге арналған аймақ (таза аймақ); 

в) сұйық  радиоактивті  қалдықтарға,  контейнерлер  мен  арнайы  цистерналарға 

арналған аймақ. 

5.4.3.26 Лас  және  таза  аймақтар  арасында  санитарлық  өткізу  орны  қарастырылуы 

тиіс. 


5.4.3.27 Радиологиялық  топтарға  арналған  үй-жайларды  радиациялық  қауіпсіздікті 

қамтамасыз  ету  бойынша  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  негізгі  санитарлық 

ережелерге сәйкес жобалау керек. 

5.4.3.28 Көрсетілген үй-жайларды бір-біріне тікелей байланыстыру арқылы жобалау 

керек. 



жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау