Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет3/25
Дата25.05.2018
өлшемі0,63 Mb.
#17676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

ҚР ҚН 3.02-14-2014 

 



3.3 Уақытша  зертханалар  (эпидемиологиялық  отрядтар,  экспедициялар): 

Мерзімді  жұмыс  істейтін  зертханалар,  індеттің  жайылу  жағдайлары  туындаған  кезде 

ұйымдастырылады. 

3.4 Виварий: Тәжірибе  үшін  қолданылатын  зертханалық  жануарлардың  әр  алуан 

түрлері орналасқан ұйым бөлімшесі. 

3.5 Қатерсіздендіру: Қандай-да  бір  беттен  немесе  қандай-да  бір  ортадан 

радиоактивті ластануды жою немесе төмендету. 

3.6 Санитарлық-эпидемиологиялық 



қызмет 

объектілері: 

Мемлекеттік 

санитарлық-эпидемиологиялық  қадағалауды  жүзеге  асыратын,  сондай-ақ  тиісті  аумақта, 

көлікте санитарлық-профилактикалық және эпидемиологияға қарсы шараларды жүргізуді 

ұйымдастыратын органдар мен ұйымдар ғимараттары.  

3.7 Пандус: Жолдың көлденең бетін бір деңгейден екіншісіне, оның ішінде кресло-

арбамен  жылжытуға  арналған  қозғалыс  бағыты  бойынша  тегіс  көлбеуден  тұратын 

құрылыс. 

3.8 Патогенді  биологиялық  агент  (бұдан  әрі  –  ПБА):  Адам  үшін  патогенді 

микроағзалар  (бактериялар,  вирустар,  риккетсиялар,  хламидалар,  қарапайым 

саңырауқұлақтар,  микроплазмалар,  эндо  және  эктопаразиттер),  гендік-инженерлік-

түрлендірілген  микроағзалар,  биологиялық  және  өсімдік  тектес  улар  (токсиндер), 

гельминттер,  сондай-ақ  құрамында  жоғарыда  тізімделген  агенттер  болуы  

ықтимал  материалдар  (қанды,  өзге  биологиялық  сұйықтықтар  мен  ағза  нәжістерін  қоса 

алғанда). 

3.9 Халықтың  санитарлық-эпидемиологиялық  саулығы: Факторлардың  зиянды 

ә

сері  жоқ  және  оның  өмір  тіршілігінің  қолайлы  жағдайын  қамтамасыз  ететін  халық 



денсаулығының жағдайы мен адамның тіршілік ету ортасы. 

3.10 Санитарлық-індетке  қарсы  (профилактикалық)  шаралар:  Тіршілік  ету 

ортасы  факторларының  адамға  зиянды  әсерін  жоюға  немесе  кемітуге,  жұқпалы  аурулар 

мен  жаппай  уланудың  туындауы  мен  таралуын  болдырмауға  және  оларды  жоюға 

бағытталған  ұйымдастырушылық,  әкімшілік,  инженерлік-техникалық,  медициналық-

санитарлық, ветеринарлық және өзге де шаралар. 

3.11 Таза аймақ: БА қатысатын әрекеттер жүргізілмейтін зертхана үй-жайы немесе 

үй-жайлар тобы. 

 

4 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР 

 

4.1 Нормативтік талаптардың мақсаты 

 

Осы  құрылыс  нормаларының  нормативтік  талаптарының  мақсаты  пайдаланудың 



бүкіл  мерзімінің  бойында  қолданудың  барлық  кезеңінде  санитарлық-эпидемиологиялық 

қызмет  объектілерінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету,  адамдардың  денсаулығы  

мен  өмірін  және  мүлікті  қорғау,  жұмыс,  сондай-ақ  қоршаған  ортаны  қорғау, 

энергетикалық  тиімділік  пен  ресурс  үнемдеу  үшін  қолайлы  жағдай  жасау  болып 

табылады. 

 



ҚР ҚН 3.02-14-2014 

 



4.2 Функционалдық талаптар 

 

4.2.1 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілері  қызмет  етудің  барлық 



мерзімінің  бойында  конструктивтік  ұзақ  мерзімділігі  мен  жөндеуге  жарамдылығы, 

ә

серлерге,  оның  ішінде  сыртқы  және  климаттық  әсерлерге,  барлық  маусымдағы  және 



тиісті  аймақтардағы  факторларға  төзімділігін  сақтау  қамтамасыз  етілетіндей  жобалануы 

жә

не салынуы тиіс.  



4.2.2 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерінде  өрттің  туындауының 

алдын  алу,  оны  ерте  анықтауды  және  автоматты  сигнализация  жүйелері  арқылы 

хабарлауды,  түтіндеу  және  оттың  таралу  қаупін  шектеуді,  сондай-ақ  өрт  сөндіру 

күштерінің  мүмкіндігін,  адамдарды,  оның  ішінде  мүмкіндігі  шектеулі  адамдарды 

мүмкіндігінше  тез  әкету және қауіпсіз көшіру жағдайларын қамтамасыз ету қажет.   

4.2.3 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілеріне  адамдардың  келуі  үшін 

аумақты  көріктендіруді,  сәулет-жоспарлау  шешімдерін,  санитарлық-гигиеналық 

талаптарды  ескере  отырып,  ғимараттарды  пайдалану  кезінде  адамдардың  өмірі  мен 

денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін қажетті жайлы жағдай жасалуы тиіс.   

4.2.4 Пайдалану кезінде, сондай-ақ адамдарды, оның ішінде қозғалудың физикалық 

мүмкіндігі  шектеулі  адамдарды  қауіпсіз  аймаққа  эвакуациялау  кезінде  көтергіш  және 

жә

не қоршау конструкцияларының төзімділігін сақтау мақсатында отқа төзімді  құрылыс 



материалдары мен бұйымдарды пайдалану қажет. 

4.2.5 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерін  жобалау,  салу  және 

пайдалану  кезінде  қызметкерлер  үшін  жағдайлар  жасау,  қызмет  көрсетілетін  халықтың 

санитарлық-эпидемиологиялық  амандығын,  адамның  тіршілік  ету  ортасының 

денсаулыққа қауіпті әрі зиянды әсерін ескерту, анықтау немесе жою әрекеттерін, індетке 

қарсы  сауықтыру  шараларын,  денсаулық  сақтау  ұйымдарының  дайындығын  қамтамасыз 

ету қажет.   

4.2.6 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерін  пайдалану  барысында 

адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ функционалдық-ұйымдық 

ерекшеліктерді, олардың орналасу аумағын, бағдарын, жоспарламасын, қоршаған ортаның 

жағдайын (ауа, су, топырақ) және жайлардағы микроклиматты ескере отырып, келуі үшін 

жағдай (жарықтандыру, жай инсоляциясы, дыбыс оқшаулау) жасау қажет.  

4.2.7 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерінің  ішкі  инженерлік 

жүйелері  ауаның  ылғалдығы  мен  қозғалу  жылдамдығын  қоса  алғанда,  қолайлы 

микроклиматты,  сондай-ақ  қабырғалардың  ішкі  беттерінің  температурасын,  қоршау 

конструкцияларының жылуға төзімділігін және еден беттерінің жылу сіңіруін қамтамасыз 

етуі тиіс.    

4.2.8 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерінің  есептік  қызмет  ету 

мерзімін ескере отырып, құрылыс конструкцияларының, материалдар мен бұйымдардың 

жұмыс қабілеттілігін сақтау арқылы табиғи ресурстардың тиімді қолданылуын қарастыру 

керек. 

4.2.9 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерінде  энергия  тұтынуды 



үнемдеу  мен  қысқартуды  қамтамасыз  ететін  жылыту,  салқындату,  жарықтандыру  және 

желдету құрылғыларын қолдануды ескеру қажет. 




жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау