Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет8/25
Дата25.05.2018
өлшемі0,63 Mb.
#17676
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25

ҚР ҚН 3.02-14-2014 

 

13 



5.4.3.29 Жұқпалы  аймаққа  арналған  үй-жайда  есіктері  автоматты  түрде 

құрсауланатын өтпелі автоклав қарастыру керек.  

5.4.3.30 Шлюздерге  кіретін  есіктерге  өздігінен  жабылатын  және  жабдықталған 

құлыптарды қарастыру керек.  

5.4.3.31 Барлық  бокстарда  қол  жууға  арналған  раковиналар  (қолжуғыштар),  айна 

жә

не  дезинфекциялайтын  ерітінді  бар  сыйымдылықтар  орнатылатын  қосалқы  бокстар 



болуы тиіс.  

 

5.4.4 Әкімшілік және тұрмыстық үй-жайлар  

 

5.4.4.1 Әкімшілік  үй-жайларды  ҚР  ҚН  3.02-08  және  Қазақстан  Республикасының 



аумағындағы басқа да  қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жобалау 

қажет. 


5.4.4.2 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерінің  үй-жайларында 

жұмыс  орнын  ұйымдастыру  кезінде  жұмыс  орнының  ауданын,  желдету  және 

жарықтандыру  жағдайларын,  оның  ішінде  мүгедектер  мен  өзге  де  мүмкіндігі  шектеулі 

қызметкерлер топтарының ерекшеліктерін ескеру керек. 

5.4.4.3 Ірі  өлшемді  жабдықты  жұмыс  орындарында  орналастыру  және  ұжымдық 

қолдану  кезінде  үй-жайлардың  аудандарын  ҚР  ҚН  3.02-08  талаптарына  және 

қондырғыларды қолдану жөніндегі техникалық құжаттарға сәйкес ұлғайту керек. 

5.4.4.4 Ұйымдастырушылық  және  әкімшілік  бөлімдерді  қызметтік және  тұрмыстық 

үй-жайлар топтарының жанына орналастыру қажет.  

5.4.4.5 Медициналық  мұрағаттарды,  вестибюльдерді,  іш  киімдерді  жууға  арналған 

үй-жайларды,  халыққа  арналған  санитарлық  өткізу  орындарын,  дезинфекциялық 

камералар  бөлімдерін,  қызметкерлерге  арналған  буфеттерді,  жөндеу  шеберханаларын 

астыңғы қабатта орналастыруға жол беріледі. 

5.4.4.6 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінде буфеттер қарастыруға 

жол беріледі.  

 

5.4.5 Қойма үй-жайлары 

 

5.4.5.1 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерін  жобалау  кезінде  



ҚР  ҚН  3.02-29  және  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  басқа  да  қолданыстағы 

нормативтік  құжаттар  талаптарына  сәйкес  шаруашылық-қойма  үй-жайларын  қарастыру 

қажет. 

5.4.5.2 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өртке қарсы бөліктер әрқашан бос 



болуы  тиіс,  оларды  материалдарды,  қондырғыларды,  буып-түю  ыдыстары  мен  көлік 

тұрағы үшін пайдалануға жол берілмейді.  

5.4.5.3 Қоймада  шағын  ыдысты  дезинфекциялық  құралдарды  сақтауға  арналған 

металл  стеллаждар  мен  дезинфекциялау  құралдары  салынған  шыны  бөтелкелерге 

арналған ағаш сөрелер орналастыру керек. 



ҚР ҚН 3.02-14-2014 

 

14 


5.4.5.4 Биологиялық,  емдік-профилактикалық  және  диагностикалық  препараттарға 

арналған реттемелі температура режимі бар камералар орналасқан үй-жайларда бөліктерді 

ортақ тамбур арқылы бөлу керек. 

5.4.5.5 Еден  жабыны,  қабырғалар,  төбелер,  қойманың  ішкі  конструкциясы  үшін  

химиялық әсерлерден қорғауды қамтамасыз ететін және бетіне ылғал жинамайтын  және 

зиянды  немесе  агрессивті  заттардың  сіңуін  болдырмайтын  және  ылғалды  тазалау  мен 

жууға жол беретін материалдарды (керамикалық плита, майлы бояу) қолдану керек. 

5.4.5.6 Үй-жай 

температурасы 

Қазақстан 

Республикасының 

аумағында 

қолданылатын  нормативтік  құжаттарға  сәйкес  жол  берілетін  деңгейден  төмен  болмауы 

тиіс. 


5.4.5.7 Қойма үй-жайы жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттар құрамының шекті 

жол  берілген  шоғырдан  аспауын  қамтамасыз  ететін  желдеткішпен  (табиғи  немесе 

механикалық) жабдықталады. 

5.4.5.8 Қоймаларды тек орталықтан (бу, су) ғана жылытуға жол беріледі. 

5.4.5.9 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерін  жүк  көтергіштермен 

жабдықтау керек.  

5.4.5.10 Көтергіштер  саны  Қазақстан  Республикасының  аумағында  қолданылатын 

нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес анықталады. Бұл ретте бактериологиялық және 

вирусологиялық зертханаларда бөлек көтергіштер қарастырылуы тиіс. 

5.4.5.11 Таза  (қосалқы)  құрал-сайман  қоймасын  қарастыру,  оны  дезинфекциялық-

жуу бөлімінің жанына орналастыру қажет. 

5.4.5.12 Дезинфекциялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай құрғақ болуы керек.  

5.4.5.13 Дезинфекциялық  құралдарды  тікелей  күн  сәулелерінің  әсерінен  жасырын 

орындарда сақтау керек. 

 

5.4.6 Виварий үй-жайлары 

 

5.4.6.1 Виварий  үй-жайлары  бір-бірінен  оқшауланған  мынадай  үй-жайлар  тобынан 



тұруы тиіс:  

- жануарларды ұстауға арналған; 

- карантиннен; 

- изолятордан; 

- манипуляциялық; 

- жануарларды жұқтыруға арналған; 

- асханалар мен өзге үй-жайлардан. 

5.4.6.2 Тәжірибеде қолданылатын қос мекенді жануарлар мен балықтар механикалық 

түрде  жұмыс  істейтін  тарту-сору  желдеткішімен  жабдықталған  астыңғы  немесе 

жертөлелік үй-жайларда орналасуы тиіс. 

5.4.6.3 Изолятор,  карантин,  жануарларды  жұқтыруға  арналған  үй-жайларды,  ас 

үйлер,  сонымен  қатар  ұсақ  жануарлар  мен  қалдықтарды  өртеуге  арналған  үй-жайларды 

жекелеген сыртқы кіре беріс жолмен жобалау керек. 

5.4.6.4 Әрбір  виварийде  түсетін  жануарларды  қабылдауға  арналған  үй-жай  болуы 

тиіс.  



ҚР ҚН 3.02-14-2014 

 

15 



5.4.6.5 Ұсақ  кеміргіштер  бар  виварийлерде,  қабылдау  бөлімінің  алдында  түскен 

жануарларды машина тиейтін және түсіретін жылытылған тамбур орнатылады. 

5.4.6.6 Зертханалық  корпустар  виварийлерін  орналастыру  кезінде  қабылдау  бөлімі 

мен жылытылған тамбур тек зертханалық жануарларды көтеру үшін қолданылатын лифт 

арқылы вивариймен байланыстырылады. 

5.4.6.7 Карантин бөлмелеріне ауру және ауру деп күдіктенген жануарларға арналған 

оқшаулау бөлмесімен шектеседі. 

5.4.6.8 Зертханалық  жануарларды  орналастыруға  арналған  үй-жайлар  желдету 

жүйесіне қосылған торларға арналған шкафтармен жабдықталуы тиіс. 

5.4.6.9 Бастапқы  өңдеу  камерасының  бөлмесін  өзгелерден  бөлу  және  тарту-сору 

желдеткішімен және камералардағы арнайы құралдармен бөлу керек. 

5.4.6.10 Қазандық бөлмесінде ұсақ жануарлардың өліктері мен қалдықтарды өртеуге 

арналған үй-жай қарастыру керек. 

5.4.6.11 Патологиялық-анатомиялық  мақсатта  союға  дейін  жануарлардың  өліктерін 

сақтау үшін виварий бөлімінің диагностикалық бөлмесіне арнайы тоңазытқыш қарастыру 

керек.  


5.4.6.12 Жемдер  мен  жартылай  фабрикаттарды  осы  мақсат  үшін  арнайы  бөлінген 

жер – қоймада сақтау керек.  

5.4.6.13 Виварийдің  «таза»  үй-жайларына,  жеке  тұрған  ғимараттарға  кіру  гардероб 

арқылы орындалады. 

5.4.6.14 Жануарларды,  изоляторларды  қабылдау,  карантиндеу,  тәжірибелік  және 

жұқтырылған  жануарларды  орналастыру  бөлмелерінің,  зарарсыздандыру  бөлмесінің,  ас 

үйдің,  дезинфекциялық-жуу  бөлімінің,  құрал-саймандар  қоймасының,  қызмет  көрсететін 

қызметкерлердің  тұрмыстық  үй-жайларының,  дәліздердің  едендері  су  өткізбейтін 

материалдан,  ернеуліктерсіз  болуы  тиіс,  канализацияға  жалғанған  ағызу  жолдарына, 

науаларға көлбеу болуы қажет. 

5.4.6.15 Шырағдандар мен жабық типті жарықтандыру арматурасы ылғалды тазалау 

үшін қолжетімді болуы тиіс. 

 

5.4.7 Санитарлық қондырғыларды орналастыру 

 

5.4.7.1 Қызметкерлерге  арналған  тазалау  кабиналары  мен  душ  бөлмелерінің 



өлшемдерін Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттар 

талаптарына сәйкес қарастыру керек. 

5.4.7.2 Жедел  бөлімше  мен  зертхана  қызметкерлеріне  арналған  санитарлық 

тораптарды бөлек қарастыру керек.  

5.4.7.3 Зертханалар  қызметкерлердің  қолдарын  жууға  арналған  раковиналармен 

жабдықталады.  Сонымен  қатар  ыдыстарды,  араластырғыштар  арқылы  суық  және  ыстық 

су  жеткізілетін  құрал-саймандарды  жууға  арналған  раковиналар  немесе  ванналар 

орнатылады. 

5.4.7.4 Инфекциялық  бөлімдер  зертханаларына,  бактериологиялық  зертханаларға, 

сонымен қатар қызметкерлерге арналған санитарлық өткізу орындарына, шлюз-бокстарға, 

жартылай  бокстарға  және  санузелдерге  кіре  беріс  алдындағы  үй-жайларды  шынтақпен 



жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау