Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет5/25
Дата25.05.2018
өлшемі0,63 Mb.
#17676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

ҚР ҚН 3.02-14-2014 

 



5.2.10  Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерін  жобалау  кезінде 

ғимараттар  мен  құрылыстардың  көп  қабатты  конструкцияларының  үздік  пайдалану 

сипаттарын  қамтамасыз  ету  мақсатында  оның  жылы  жағының  сыртқы  қабаттарына 

қарағанда,  жылу  өткізгіштігі  мен  бу  өткізгіштігі  жоғары  қабаттарда  орналастырылуы 

керек. 

 

5.3 Өрт қауіпсіздігі бойынша қойылатын талаптар  



 

5.3.1 Ғимараттың  өрт  қауіпсіздігі  «Өрт  қауіпсіздігіне  қойылатын  жалпы  талаптар», 

«Ғимараттарды,  үй-жайлар  мен  құрылыстарды  автоматты  түрде  өрт  сөндіру  және 

автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды 

басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенттерінің және 

 

Қазақстан  Республикасының  аумағында  қолданылатын  басқа  да  нормативтік  құжаттар 



талаптарына сәйкес келуі тиіс. 

5.3.2  Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерін  жобалау  кезінде  өрт 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоймалық үй-жайлардың дұрыс жоспарлануын 

қарастыру қажет. 

5.3.3 Отқа төзімділікті арттыру мен қабырғалардың ішкі және сыртқы беттерінің өрт 

қауіптілігін  төмендету  мақсатында  жанбайтын  материалдан  немесе  сылақтан  қаптау 

құрылғысын қарастыру керек.  

5.3.4  Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерін  жоспарлау,  салу  мен 

пайдалану кезінде мыналар қамтамасыз етілуі қажет:

 

а) өрттің туындау ықтималдығын болдырмау; 



б) өрт кезінде үй-жайлардың түтіндену қаупінің алдын алу немесе шектеу; 

в) адамдарға, мүлікке және ғимаратқа өрттің қауіпті факторлары әсерінің салдарын 

шектеу; 

г) адамдарды эвакуациялауға және өрттен келетін зиянды азайтуға бағытталған өзге 

де  әрекеттерді  орындауға  қажетті  уақыт  ішінде  санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет 

объектілерінің  орнықтылығын,  сондай-ақ  көтергіш  құрылыс  конструкцияларының 

беріктігін сақтау; 

д) іргелес ғимараттар мен құрылыстарға өртті таратпау; 

е) адамдарды  өрттің  қауіпті  факторларының  әсері  салдарынан  олардың  өмірі  мен 

денсаулығына  қауіп  төнгізбей  қауіпсіз  аймаққа  көшіру  (мүгедектер  мен  қозғалу 

мүмкіндігі шектеулі қызметкерлер топтарының ерекшеліктерін ескере отырып); 

ж) өрт сөндіру күштері құрамының ғимараттың кез келген үй-жайына қатынасу және 

өрт сөндіру құралдарын жеткізу мүмкіндігі; 

и) өрт ошағына өрт сөндіру заттарын беру мүмкіндігі; 

к) адамдарды құтқару және өрттен мемлекеттік мүлікке, сондай-ақ жеке және заңды 

тұлғалар мүлігіне, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен 

өсімдіктерге келтірілген залалды азайту шараларын жүргізу мүмкіндігі. 

5.3.5  Өрт  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мақсатында  эвакуациялық  шығатын  есіктер 

қарастыру қажет, олардың саны эвакуацияның есептік уақытымен анықталуы тиіс. 

 



ҚР ҚН 3.02-14-2014 

 

5.3.6  Өртке  қарсы  қабырғалар  іргетасқа  немесе  іргетас  арқалықтарға  сүйенуі  және 



ғимараттың бүкіл биіктігіне салынуы тиіс, олар жабыннан жоғары болуы тиіс.  

5.3.7  Өртке  қарсы  қабырғалар,  егер  жабынды  қоса  алғанда,  төсем  мен  шатырдың 

барлық  элементтері  жанбайтын  материалдардан  орындалғанда,  жабыннан  жоғары 

болмауы  да  мүмкін.  Сонымен  қатар  жанбайтын  немесе  қиын  жанатын  материалдардан 

орындалған  сыртқы  қабырғалары  бар  ғимаратта  өртке  қарсы  қабырғалар  карниз  бен 

шатыр асылмасынан, сыртқы қабырғалар тегістігінен шығып тұруы тиіс.     

5.3.8  Қаңқаның  оны  толтырғышпен  және  бекіту  жіктерімен  бірге  отқа  төзімділік 

шегі өртке қарсы қабырғаның типіне сәйкес келетін талап етілетін отқа төзімділік шегінен 

кем болмауы тиіс.  

5.3.9  Ғимаратты  бөлу  кезінде  өрт  бөліктеріне  биік  және  кең  бөлік  қабырғасын 

қолдану керек.  

5.3.10  Баспалдақтар  санын  және  олардың  санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет 

объектісі жоспарында орналасуын сәулет-құрылыс шешіміне, ғимараттың отқа төзімділік 

шегіне,  қабат  санына  және  адам  ағындарының  қарқындылығына  байланысты  белгілеу 

қажет.  

5.3.11  Барлық  баспалдақтарда  аралықтар  санын  бірдей,  алаңдарды  марш  еніне  тең 

немесе одан үлкен етіп қабылдау қажет. 

5.3.12  Жүк  көтергіш  лифтілік  шахталардың  есіктері  аспалы  құлыптармен, 

кергіштермен, қарапайым хабарлағыштармен және т. б. құрсаулануы тиіс. 

5.3.13  Кіреберіс  тамбурлардың  жоспарын  шешкен  кезде  адам  ағындарының  еркін 

қозғалысын ескеру қажет.  

5.3.14  Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерін  өртке  қарсы  қорғаныс 

жүйесімен жабдықтау керек, ол үшін мынадай міндетті элементтерді қарастыру қажет: 

- түтінге қарсы қорғаныс; 

- ішкі өртке қарсы су құбыры және автоматты түрде өрт сөндіру құралы; 

- өрт бөлімшелеріне арналған лифтілер; 

- автоматты өрт сигнализациясы; 

- өрт туралы хабарлау және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйесі.  

5.3.15 Барлық жүйелерді басқаруды бір орталық пульттен жүзеге асыру керек.  

5.3.16  Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерінде  ішкі  өртке  қарсы  су 

құбыры мен автоматты түрде өрт сөндіру жүйелерін бөлек қарастыру қажет. 

5.3.17  Оқшауланған  баспалдақ  құдықтарындағы,  лифтілік  шахталар  немесе  соған 

ұқсас өзге орындардағы өрт хабарлағыштарын жекелеген аймақ түрінде қарастыру қажет. 

5.3.18 Отқа қарсы қорғаныс жүйелерінің электр жабдығы өрт жағдайында адамдарды 

қауіпсіз  орынға  толық  эвакуациялауға  қажетті  уақыт  ішінде  жұмысқа  қабілеттілігін 

сақтауы тиіс. 

5.3.19  Электр  техникалық  қондырғылар  қауіп  көзін  болдырмауы  және  жанудың 

ғимараттан тыс таралуын болдырмауы тиіс. 

5.3.20  Электр  техникалық  қондырғыларға  қойылатын  өрт  қауіпсіздігі  талаптары 

оның  конструктивтік  ерекшеліктері  мен  қолданылу  саласын  негізге  ала  отырып 

белгіленеді,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  аумағында  қолданылатын 

нормативтік құжаттарға сәйкес қолданылуы тиіс. 




жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау