ҚР ҚН 3.02-14-2014
5
5 ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5.1 Негізгі ережелер
5.1.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау, салу мен
реконструкциялау «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен
бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің,
«Зертханаларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» және «Денсаулық
сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық
ережелерінің, сондай-ақ осы құрылыс нормалары мен Қазақстан Республикасы аумағында
жобалау және құрылыс жүргізу ережелерін белгілейтін қолданыстағы басқа да
нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
5.1.2 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жеке жер телімдеріне
орналастыру қажет.
5.1.3 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін құрылыс жүргізу үшін
жобалау кезінде жер телімін топырағы органикалық, химиялық, радиациялық сипатта
зақымданған бұрын қоқыс тастайтын жер, қоқыстан тазалау алаңдары, мал қорымдары,
зираттар түрінде қолданылған аумақтардан бөлуге жол берілмейді.
5.1.4 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің аумағы арқылы қалалық
(ауылдық) мақсаттағы магистральдық инженерлік байланыстар (сумен қамту,
канализация, жылумен қамту, электрмен қамту) өтпеуі тиіс.
5.1.5 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің құрылымы мен құрамын
мекемелердің функционалдық мақсатын, зертханалық және дезинфекциялық шараларды
орталықтандыруды, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халық санын ескере отырып жобалау
қажет.
5.1.6 Виварий үй-жайларының құрамы мен ауданы жүргізілетін зерттеулер
көлемімен және сипатымен, сондай-ақ зертханалық жануарлар (тышқандар,
көртышқандар, теңіз шошқасы, қояндар, мысықтар, иттер, тауықтар, көгершіндер және
т. б.) түрімен және санымен анықталуы тиіс.
5.1.7 Адамға әсер ететін физикалық факторлар көзі (шу, діріл, ультрадыбыс,
инфрадыбыстық әсер, жылу, иондаушы, иондамайтын және өзге сәулелер) болып
табылатын қондырғылармен, құрылғылармен, аппараттармен жұмыс жағдайы адамға
зиянды әсер етпеуі тиіс. Адамға әсер ететін физикалық факторлар көздері бар жұмыс
жағдайының зиянсыздық өлшемі, сондай-ақ әсер етудің шекті жол берілген деңгейі
санитарлық нормаларға және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын
басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес белгіленеді.
5.1.8 Лифтілердің қауіпсіз жұмысына қол жеткізу мақсатында оларға ұсынылатын
талаптарды орындау қажет.
5.2 Сенімділік пен орнықтылықты қамтамасыз ету бойынша талаптар
5.2.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер объектісін қауіпсіз пайдалану
мақсатында құрылыс конструкцияларының, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету
ҚР ҚН 3.02-14-2014
6
желілерінің бұзылушылық қаупін болдырмайтын талаптарды орындауды, адамдардың
өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, сондай-ақ қоршаған
ортаға залал келтіру қаупін алып келуі ықтимал бүлінулерді мейлінше азайтуды
қамтамасыз ету қажет.
5.2.2 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін сейсмикалық аудандарда
жобалаған және салған кезде Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын
нормативтік құжаттар талаптарын сақтау керек.
5.2.3 Құрылыс конструкциялары мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет
объектілерінің негізін құрылыс жүргізу, пайдалану кезінде мыналардың нәтижесінде
адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарларға, қоршаған ортаға, сондай-ақ
өсімдіктерге залал келу қаупі туындамайтындай етіп жобалау керек:
а) жекелеген көтергіш конструкциялардың немесе олардың бөліктерінің бүлінуі;
б) бүкіл ғимараттың бүлінуі;
в) құрылыс конструкцияларының, ғимарат негізінің және іргелес аумақтың
геологиялық сілемдерінің жол берілмейтін мөлшерінің деформациялануы;
г) көтергіш құрылыс конструкцияларының деформациялануы, жылжуы немесе
орнықтылығын жоғалтуы, оның ішінде тік қалыптан ауытқу нәтижесінде ғимарат
бөлігінің, желілердің немесе инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелерінің
зақымданулары.
5.2.4 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің негізін ҚР ҚН 5.01-02,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік
құжаттар талаптарына сәйкес жобалау қажет.
5.2.5 Темірбетон, болат және ағаш конструкцияларды жобалау кезінде
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес
олардың ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ететін шараларды қарастыру қажет.
5.2.6 Қоршау конструкцияларында қажетті беріктікке, қаттылыққа, орнықтылыққа,
ұзақ мерзімділікке ие болуы, Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік
құжаттарға сәйкес жалпы сәулет, пайдалану, санитарлық-гигиеналық талаптарды
қанағаттандыруы тиіс.
5.2.7 Бақылау-өткізу бекеті (БӨБ) ғимараттарының (құрылыстарының) сыртқы
қоршау конструкциялары (қабырғалар мен қоршаулар) құқыққа қарсы сипаттағы
ә
рекеттерді қоса алғанда, сыртқы әсерлерге төзімді болуы және жақсы шолуға мүмкіндік
беруі, сондай-ақ күзет қызметкерінің шабуылдан қорғанысын қамтамасыз етуі тиіс.
Қоршау конструкцияларының жекелеген қабаттарының өзара орналасуы кебуге
жағдай жасауы және пайдалану кезінде қоршауларға ылғалдың жиналу мүмкіндігін
болдырмауы тиіс.
5.2.8 Қоршау конструкцияларының талап етілетін ұзақ мерзімділігін төзімділігі
(аязға, ылғалға, биотөзімділігі, тоттануға қарсы, жоғары температураға, циклдік
температуралық ауытқуларға және қоршаған ортаның өзге бүліну әсерлеріне төзімділігі)
сәйкес келетін материалдарды қолдану арқылы қамтамасыз ету керек.
5.2.9 Қоршау конструкциялары бұйымдардың типтік өлшемдерінің ең аз санымен
жә
не қолданылатын элементтерді өзара ауыстыру мүмкіндігімен жасалуы тиіс.