ҚР ҚН 3.02-14-2014
IV
КІРІСПЕ
Осы құжат нормалаудың параметрлік әдісіне сәйкес Қазақстан Республикасының
құрылыс саласындағы нормативтік базасын реформалау шегінде әзірленді.
Осы құрылыс нормасында:
- нормативтік талаптардың мақсаты;
- функционалдық талаптар;
- жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар бар.
Осы ережелер жинағы «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдарының
жә
не бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің
дә
лелдемелік базасына кіретін нормативтік құжаттардың бірі болып табылады және
құрылыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықтағы техникалық кедергілерді жоюға
бағытталған.
Осы құрылыс нормалары Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын
құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкес әзірленген және
жобаланатын және салынатын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін
ә
зірлеу кезінде қолдануға арналған.
Осы құрылыс нормаларының талаптарын орындаудың қолайлы шешімдері мен
параметрлері ҚР ЕЖ «Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің объектілерін
жобалау» келтірілген.
ҚР ҚН 3.02-14-2014
СН РК 3.02-14-2014
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІН
ЖОБАЛАУ
ПРОЕКТИРОВАНИЕ ОБЪЕКТОВ САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКИХ
СЛУЖБ
Енгізілген күні
-
2015-07-01
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1.1 Осы құрылыс нормалары Қазақстан Республикасы аумағында салынатын
санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің жер телімін орналастыруға,
көлемдік-жоспарлық шешіміне, инженерлік қамтамасыз етілуіне талаптар белгілейді.
1.2 Құрылыс нормалары санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің
ерекшеліктерінің
функционалдық-ұйымдық
ерекшеліктерін
ескере
отырып,
зертханаларды, қоймалық жайларды, виварийлерді, бөлімшелерді жоспарлау кезеңдерінде
сақталуы тиіс.
1.3 Осы құжат қайта салынатын және реконструкцияланатын санитарлық-
эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалауға, олардың құрылысына таратылады.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар
қажет:
2007 жылдың 9 қаңтарындағы № 212-III «Қазақстан Республикасының экологиялық
кодексі» Қазақстан Республикасының кодексі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 29 тамызындағы № 796
Қаулысымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты түрде
өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды
эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық
регламенті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 16 қаңтарындағы № 14
Қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық
регламенті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 17 қарашасындағы № 1202
Қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен
бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.
Ресми басылым
ҚР ҚН 3.02-14-2014
2
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 10 қаңтарындағы № 13
Қаулысымен бекітілген «Зертханаларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар» санитарлық ережелері.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 17 қаңтарындағы № 87
Қаулысымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 24 қазанындағы № 1355
Қаулысымен бекітілген электр қондырғыларын орнату ережелері.
ҚР ҚН 2.02-02-2012 Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы.
ҚР ҚН 2.04-01-2011 Табиғи және жасанды жарықтандыру.
ҚР ҚН 2.04-02-2011 Шудан қорғау.
ҚР ҚН 3.02-08-2013 Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар.
ҚР ҚН 3.02-29-2012 Қоймалық ғимараттар.
ҚР ҚН 3.06-01-2011 Ғимараттар мен имараттардың қимылы шектеулі топтар үшін
қолжетімділігі.
ҚР ҚН 4.01-01-2011 Ғимараттар мен имараттардың ішкі су құбыры және кәрізі.
ҚР ҚН 4.01-03-2013 Сумен жақбытау мен кәріздің сыртқы желілері және
имараттары.
ҚР ҚН 4.02-01-2011 Ауаны жылыту, желдету және кондиционерлеу.
ҚР ҚН 4.03-01-2013 Газ тарату жүйелері.
ҚР ҚН 5.01-02-2013 Ғимараттар мен имараттардың іргелері.
ҚР ҚБҚ 1.01-01-2014 Сәулет, қала қүрылысы жэне кұрылыс саласындағы
мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер.
Ескертпе - Осы мемлекеттік нормативті пайдаланған кезде сілтеме құжаттардың әрекетін ағымдағы
жылғы жағдай бойынша жыл сайын құрастырылатын «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құқықтық және нормативтік-
техникалық актілер тізбесі» ақпараттық тізімдемесі және ай сайын шығатын тиісті ақпараттық бюллетень-
журнал бойынша тексерген жөн. Егер сілтеме құжат ауыстырылса (өзгерсе), онда осы нормативті
пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтеме құжат
ауыстырусыз күшін жойса, онда оған сілтеме жасалған ереже осы сілтемеге қатысы жоқ бөлігіне
қолданылады.
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы құрылыс нормаларында ҚР ҚБҚ 1.01-01 бойынша терминдер, сондай-ақ тиісті
анықтамалар бар мынадай терминдер қолданылады:
3.1 Биологиялық қауіпсіздік: Жұмыс істейтін қызметкерлерді, халық пен қоршаған
ортаны биологиялық агенттердің (бұдан әрі - БА) әсерінен қорғауға бағытталған
медициналық-биологиялық, ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық шаралар
жүйесі.
3.2 Вирусологиялық зертхана: Биологиялық материалдан және қоршаған орта
объектілерінен вирустардың бөлінуі, антигендер мен антиденелерді анықтау бойынша
зерттеулер жүргізілетін зертхана.