Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мониторингі бойынша әдістемелік нұсқаулыққа 4-қосымша


Энергетика және коммуналдық шаруашылық



жүктеу 2,12 Mb.
бет9/12
Дата14.05.2018
өлшемі2,12 Mb.
#13329
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Энергетика және коммуналдық шаруашылық

1

Сайрам ауданы Манкент ауыл округі Манкент ауылын сумен қамтамасыз ету құрылысы

Іске қосу актісі

Аудандық құрылыс бөлімі

2011-2013 жылдары

Манкент ауыл округіне қарасты, Манкент елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің сметалық құны 939,237 млн. теңге. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша «ГХ Шымкентгаз» ЖШС-і 912000,0 мың теңгеге жеңімпаз атанған. 2011 жылы Республикалық бюджет есебінен 29858,0 мың теңге игерілген. Ал 2012 жылға республикалық бюджет есебінен 250000,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 25 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, 275 000,0 мың теңгесі жыл соңына толығымен игерілді. Нысан құрылысы 2013 жылға өтпелі.

2

Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауыл округі қарасты Ақбұлақ ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету, су өткізгіш жүйелерінің құрылысы

Іске қосу актісі

Аудандық құрылыс бөлімі

2011 ж

Құрылыстың сметалық құны 282300,0 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша «Star-Stroi» ЖШС-гі 262750,0 мың теңгеге жеңімпаз атанған. 2012 жылға облыстық бюджет есебінен 251070,0 мың теңге бөлінген, ал аудандық бюджеттен 13 543,0 мың теңге қарастырылған, жалпы 264 613,0 мың теңге аударылып толығымен игерілді. Нысан 2012 жылдың желтоқсан айында пайдалануға тапсырылды

3

Сайрам ауданы, Қаратөбе ауыл округі қарасты Бадам-1 ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету, су өткізгіш жүйелерінің құрылысы

Іске қосу актісі

Аудандық құрылыс бөлімі

2011 ж

Қаратөбе ауыл округіне қарасты, Бадам-1 елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің сметалық құны 285940,0 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша «Строй-Сервис-7» ЖШС-гі берілген 266319,0 мың теңгеге жеңімпаз атанған. 2012 жылға облыстық бюджет есебінен 261311,0 мың теңге бөлінген, ал аудандық бюджеттен 13753,0 мың теңге қарастырылған, жалпы 268 208,0 мың теңге аударылв, толығымен игерілді. Нысан 2012 жылдың желтоқсан айында пайдалануға тапсырылды.

4

Сайрам ауданы Жұлдыз ауыл округі "Оңтүстік" елді мекеніндегі су өткізгішінің құрылысы

Іске қосу актісі

Аудандық құрылыс бөлімі

2011ж

Жұлдыз округіне қарасты «Оңтүстік» елді мекенін ауыз сумен қамтамсыз ету құрылысының сметалық құны 126034,0 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша ЖК «Амиров» жеңімпаз атанған. 2012 жылы құрылыс нысанына облыстық бюджеттен қарастырылған 77281,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді. Нысан 2012 жылдың желтоқсан айында пайдалануға тапсырылды.

5

Ақсукент ауылы орталық саябақ аумағында «Неке сарайы» ғимаратының құрылысы.

Іске қосу актісі

Аудандық құрылыс бөлімі

2012ж

Ақсукент ауылы орталық саябақ аумағында «Неке сарайы» ғимараты құрылысының сметалық құны 156 569,0 мың теңге. Нысан құрылысына ағымдағы жылдың маусым айында ашық конкурс өткізіліп, оның қорытындысына сәйкес «РСУ-1» ЖШС-гі (Директоры Н.Сулайманов) жеңімпаз атанған. 2012 жылы аудандық бюджет есебінен нысан құрылысына 145 371,0 мың теңге қарастырылып, оның 145 371,0 мың теңгесі игерілген. 2012 жылдың 15 қарашасында нысанның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

5

Аудан аумағында елді мекендердегі су жүйелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету, сумен жабдықтау техникаларын сатып алу

Атқарылған жұмыстардың форма №2 актісі

ТҮКШЖК және АЖ бөлім

2011-2015 ж.ж

2011 жылы облыстық бюджет есебінен 44,0 млн. теңге қаржы қарастырылып су беруші мекемеге 13 –дана сумен жабдықтау техникалары сатып алынды.

2012 жылы республикалық бюджет есебінен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 1 елді мекенде, ал аудандық бюджет есебінен 6 елді мекенде ауыз су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды.



6

Елді мекендерді аббаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру

Атқарылған жұмыстардың форма №2 актісі

ТҮКШЖК және АЖ, Құрылыс бөлімдері

2011-2015 ж.ж аудандық бюджет есебінен

2012 жылы аудан бюджеті есебінен 18117 мың теңге бөлініп, Ақсукент ауылындағы «Құрметті азаматтар» гулзары қайта құрылып, ол «Ынтымақ» гулзары ретінде келушілерін қабылдайтын болды. Сонымен қатар, аудан бюджетінен 18769 мың теңге қаралып, Қарабұлақ ауылы орталығында «Тәуелсіздік гулзары» ашылды. Ақсукент ауылы көп қабатты тұрғын үйлер аумағын қоқыс жинауга 10 дана орындарын реттеуге 6169,620 мың теңге 5 дана балалар алаңшасын орнатуға 9950,5 теңге қаралып, пайдалануға берілді.

7

Ауылдық маңызы бар жолдарды орта жөндеу

Атқарылған жұмыстардың форма №2 актісі

ТҮКШЖК және АЖ бөлімі

2011-2015 ж.ж

2012 жылы облыстық бюджет есебінен аудандық маңызы бар жолдарды орта жөндеуден өткізуге 271,8 млн. теңге қарастырылып, жоспарланған барлық көшелер орта жөндеуден өткізілді.

8

Автомобиль жолының қызметін қамтамасыз ету

Атқарылған жұмыстардың форма №2 актісі

ТҮКШЖК және АЖ бөлімі

2011-2015 ж.ж

2012 жылы аудандық бюджет есебінен аудандық маңызы бар жолдарды орта жөндеуден өткізуге 88,6 млн. теңге қарастырылып, жоспарланған барлық көшелер орта жөндеуден өткізілді


3. Ведомствоаралық өзара іс-әрекетті талдау



Атауы

Өзара іс-әрекетті талдау

1

2

Өнеркәсіп

Нысаналы индикатор, нәтиженің көрсеткіші

Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі,

Жоспар -11910, млн.теңге

Нақты- 12682,3 млн.теңге

Нақты көлем индексі 61,4 %



2012 жылы аудан бойынша негізгі капиталға бағытталған инвестициялар , жасырылған және формальды емес қызметтерді қоас есептегенде 12682,3 мың теңге болды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 61,4 % құрады. Қаржыландыру көздері бойынша республикалық бюджет есебінен 2185,8 млн.теңге , жергілікті бюджет есебінен 3099,0 млн.теңге, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаржысы есебінен 6834,2 млн.теңге және қарыз қаражаттар есебінен 563,2 млн.теңге бағытталып отыр.  

Өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі аудан бойынша 2026,9 млн.теңгені құрады, оның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаржысы есебінен 1472,0 млн.теңге, қарыз қаражаты – 554,9 млн.теңге. Ауыл шаруашылығы саласында негізгі капиталға 437,5 млн.теңге инвестиция тартылды, оның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаржысы есебінен 429,1 млн.теңге, қарыз қаражаты – 8,3 млн.теңге бағытталған. Нақты көлем индексінің кему себебі 2011 жылы өңдеу өнеркәсібіне 3781,2 млн.теңге инвестиция тартылды , оның ішінде 49,0 млн.теңге шетел инвестициясы құрап отыр. Ал 2012 жылы шетел инвестициясы тартылмады.



Бірлесіп орындаушы орган

Ауыл округтері, аудандық статистика бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі, құрылыс бөлімі, экономика және қаржы бөлімі

Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі жоспар 111,2 % ., нақты 103,7 %

2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп өнім көлемі 33068,0 млн.теңгені құрады, 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 29094,4 млн.теңгені құраған немесе өсу қарқыны 13,7% жетіп отыр. Ал нақты көлем индексі 103,7 пайызды құрады. 

Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен құсқа арналған жылыту құбырларын шығаратын өндіріс "Қаз құс батареясы" ЖШС іске қосылып, 30 жұмыс орнын ашты.

Өнеркәсіп саласының дамуына ауданда жүргізіліп жатқан үдемелі индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы едәуір өз әсерін тигізуде. Келісім бойынша Индустриаландыру картасына 2012 жылы 7 жоба енгізу жоспары болса, нақты 10 жоба еніп, 2012 жылы оның 5 жобасы іске асып, барлығы 159 жаңа жұмыс орындары ашылды, олар:

1) «Алтын дән» ЖШС - 500 мал басын бордақылайтын цехты модернизациялап, жаңадан сүт өңдеу жүйесін іске қосты, 22 жұмыс орны ашылды. Жоба іске қосылғаннан бері 30 тонна ірі қара мал еті, 665,6 тонна сүт немесе барлығы 31,2 млн.теңгеге өнім өндірілді.

2) Медицинаға қажетті бір рет қолданатын бұйымдар шығаратын «Эко фарм Интернейшнл» ЖШС кәсіпорны іске қосылып, бүгінгі таңда 65 адам жұмыспен қамтылған.

3) «СММК Жаңа-Талап» ЖШС- сүт фермасы мен сүт өңдейтін цехты іске қосып, қосымша 19 жаңа жұмыс орнын ашты. Жобаның қуаттылығы жылына 280 тонна сүт өнімдерін өндіру.

4) «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ашылған «АГФ групп» ЖШС тоқыма фабрикасы, бірінші кезекте ашылған жұмыс орны 20 адам. Жобаның қуаттылығы 2500 дана тігін бұйымдарын шығару.

5) «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ашылған "Kagaz Shahary SEZ" ЖШС қағаз шығаратын кәсіпорын, ашылған жұмыс орны 33 адам. Кәсіпорын күніне 20 тонна «Бәйтерек» маркалы қораптық қағаздарын шығаруда. Шикізат беруші Финляндия мемлекеті.

2012 жылдың қыркүйек айында жалпы құны 2490,0 млн.теңгелік тағы 7 жоба индустриаландыру картасы аясында үйлестіру кеңесіне ұсынылды, оның ішінде 5 жобасы нақты мақұлданып отыр. Осы жобалардың 3-ін 2013 жылы, 2-ін 2014 жылы іске қосу жоспарлануда. Осы жобалар іске қосылған жағдайда қосымша 238 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Осы сияқты ірі инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы экономикадағы инвестициялық белсенділікті қамтамасыз етуге қол жеткізетін боламыз.


Бірлесіп орындаушы орган

Ауыл округтері, аудандық статистика бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі

Ауыл шаруашылығы

Тамшылатып суару жүйесін қолдану

Биылғы жылға облыс тарапынан 900 га жерге тамшылатып суару жүйесін ендіруге тапсырма беріліп, барлығы 25,0 га іске қосылып, жоспар 2,8 пайызға ғана орындалып отыр. Тамшылатып суғару әдісін ендіру бойынша аудан көлемінде берілген тапсырманы орындау мүмкіндігі жоқ. Өйткені, ауданда агроқұрылымдардың жерлері қанағаттанарлық көлемде суармалы сумен қамтамасыз етілген және бұл әдіс қомақты қаржыны қажет ететіндіктен агроқұрылымдар тарапынан қызығушылық жоқ.. Агроқұрылымдар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру үлесі, 90 %

2012 жылдың тапсырмасы бойынша 196 агроқұрылымды ірілендіру жоспарланған болса, нақты 178 шаруа қожалықтар ірілендірілді, бұл 90 пайызды құрады.

Мал шаруашылығы өнімін (қызметін) жаппай шығарудың нақты көлем индексі:

жоспар 107,9 % , нақты – 104,4 %



Мал шаруашылығы саласында 17510,9 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 104,4  % құрады. ауданда 18662,1 тонна ет, 120419,5 тонна сүт, 154,7 млн.жұмыртқа өндірілді. 2011 жылмен салыстырғанда ет 105,5 %, сүт-102,2 %, жұмыртқа-106,8% орындалды. Елбасы тапсырмасында мал шаруашылығы саласында етті бағыттағы мал басын көбейту міндеті қойылған. Осы бағытта аудан көлемінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 645 бас аналық мүйізді ірі қара алынып, тапсырма 2,7 есеге артығымен орындалды. Қолдан ұрықтандыру бойынша аудан көлемінде 15500 бас МІҚ ұрықтандыру көзделсе, оның ішінде 6000 басы етті бағытта.. Аудан бойынша 2012 жылы жаңадан 7 мал бордақылау орындары іске қосылып, қосымша 2000 бас бордақылауда. Ауданда жалпы мал бордақылау орындарының саны 107 –ге жетті.

Бірлесіп орындаушы орган

Ауыл округтері, аудандық статистика бөлімі, ауыл шаруашылық бөлімі

Әлеуметтік сала

1.Еңбек ресурстарын және адам капиталын дамыту;

2.Аймақтық еңбек рыногын дамыту;

3.Жұмыс сапасын және еңбек нарығында азаматтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;


Еңбек рыногындағы жағдайды жақсарту. Халықты еңбек рыногындағы жағдайлар жөнінде ақпараттандыру. Нысаналы топтағы азаматтарды еңбек рыногының сұранысына және олардың бәсекеге қабілеттілігіне сәйкес дайындау, қайта дайындау, кәсіби оқыту жүйелерін дамытуға ықпал ету. Жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелерін үйлестіру. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға ықпал ету.Әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға ықпал ету. Бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін арттыру үшін меморандум түзуді ұйымдастыру.

1.Кедейлік масштабын қысқарту;

2.Аудан тұрғындаырының өмір деңгейі мен сапасын арттыру;




Кедейлік шегін түсіруге ықпал ету. Әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлерін көрсету арқылы аз қамтылған азаматтардың өзін -өзі жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге жағдай жасау. Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік жәрдемақыны уақтылы төлеу.


1.Аудандағы қарт және мүгедек азаматтардың өмірінің сапасын жақсарту;

2.Ардагерлер мен мүгедектерді оңалту;



Инвалидтер мен қарт азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсартуға ықпал ету. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетулердің құқықтық негізін құру. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің және инвалидтердің күнкөріс деңгейін жақсарту. Инвалидердің күнкөріс деңгейін жақсарту және әлеуметтік қорғау. Әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымды мүгедектердің қол жетімділігіне арнап бейімдеу қоғамдық және өндірістік ғимараттарға әлеуметтік, мәдени тұрмыстық нысандарға мүгедектердің қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Бірлесіп орындаушы орган

Ауыл округтері, аудандық статистика бөлімі, жұмыспен қамту орталығы

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі :

Жоспар 100,9 %

Нақты -94,6 %


2012 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 9600,3 млн.теңгені құрады. 2011 жылмен салыстырғанда 94,6 пайызды құрады. . Республикалық бюджет есебінен 2012 жылы 5 мектеп пен 1 бала- бақша құрылысына 1 млрд. 840,6 млн.теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Облыстық бюджет есебінен 2012 жылы 2 мектеп құрылысына 834,0 млн.теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды. Аудандық бюджет есебінен 738,6 млн.теңгеге 3 мектеп құрылысы жүргізіліп, 1 мектеп пайдалануға тапсырылды. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 94,6% құрады. 2013 жылы білім беру саласында республикалық бюджет есебінен 3 мектеп, облыстық бюджет есебінен 2 мектеп және аудандық бюджеттен 3 мектеп құрылыстарын жүргізу жоспарлануда.

Бірлесіп орындаушы орган

Аудандық құрылыс бөлімі, білім беру бөлімі , ауыл округтері, аудандық статистика бөлімі


4. Сыртқы әсерді талдау


Сыртқы әсер факторлары және олардың көрсеткіштерге жетудегі әсері

Қабылданған шаралар

1

2

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 33,0 млрд.теңгені құрап, нақты көлемі индексі 3,7 пайызға өсті. 2012 жылғы бағдарламалық жоспар бойынша 29,3 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланса, нақты жоспардын орындалуы 3,7 млрд.теңгені немесе жоспар 13,7 пайызды құрады. Бұл жағымды жағдай ретінде бағаланып отыр. Оған әсер еткен сыртқы факторлар:

  • Кедендік Одаққа енуі;

  • Өнеркәсіп саласындағы сыртқы және ішкі сұраныстың ұлғаюы.

Жалпы өнеркәсіп өнім көлемі өскенімен жекелген салалар бойынша яғни целлюлоза, жиһаз, резіңке және пластмасса өндіру көлемдері төмендеді. Бұл жағымсыз әсер ретінде бағаланып отыр. Оған әсер еткен сыртқы және ішкі факторлар:

  • Ішкі нарықта импорт өнімдерінің бәсекелістігі жоғары;

  • шикізатының тапшылығы;

  • тауар өтімділігінің төмен болуы




Келісім бойынша Индустриаландыру картасына 2012 жылы 7 жоба енгізу жоспары болса, нақты 10 жоба еніп, 2012 жылы оның 5 жобасы іске асып, барлығы 159 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2012 жылдың қыркүйек айында жалпы құны 2490,0 млн.теңгелік тағы 7 жоба индустриаландыру картасы аясында үйлестіру кеңесіне ұсынылды, оның ішінде 5 жобасы нақты мақұлданып отыр. Осы жобалардың 3-ін 2013 жылы, 2-ін 2014 жылы іске қосу жоспарлануда. Осы жобалар іске қосылған жағдайда қосымша 238 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

«Аймақтық инвестициялық орталық «Максимум»» ЖШС арқылы 829,3 млн.теңгеге 152 жоба мақұлданып, оның 151 жобасы 953,1 млн.теңгеге нақты қаржыландырылды. Осы қаржыланған жобалар есебінен 2011 жылы 263 жұмыс орны ашылса, 2012 жылы 287 жұмыс орны ашылып отыр. Ал «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 1089 жоба 24,6 млн.теңге көлемінде қаржыланды.

«Бизнестің жол картасы 2020 » бағдарламасы аясында аудан бойынша 2012 жылы нақты 26 жоба ұсынылып, бүгінгі таңда құны 5158,2 млн.теңгелік 20 жоба аталған бағдарлама аясында қаржыланды. Бұдан басқа кәсіпкерлерді қаржылай қолдау бойынша 2012 жылы ауданда 2063 кәсіпкер шағын несие беру ұйымдары арқылы 1450,0 млн.теңге көлемінде несиеленді. Сонымен қатар, жақында ауданымызда алғашқылардың бірі болып, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету» орталығы ашылып, аудан кәсіпкерлеріне тиімді қызмет көрсетуде.




Ауыл шаруашылығы

Бұл салада 2012 жылы 31025,5 млн. теңгенің жалпы өнімі өндіріліп, 2011 жылмен салыстырғанда 106,0 пайызға артқан және ауданда өндірілетін жалпы өнімнің 26,0 пайызы осы саланың үлесіне тиесілі. 2012 жылы 70486 гектар жерге егістік жоспарланған болса, егілгені 64 300 га, жоспар 92,6%-ға орындалды. Егістік жерлердің толық пайдаланылмауына күз және көктем айларындағы ауа-райының қолайсыздығы әсер етті.

Ауданымыздың дихандарының қажырлы еңбегінің арқасында 2012 жылы 20 000 тонна дәнді дақыл өндіріліп, орташа есеппен әр гектардан 12,0 центнерден өнім алынды.

Оған әсер еткен сыртқы факторлар:


  • Егін шаруашылығының бітік болуына ауа-райының қолайлы болуы ықпал жасады.

  • Ет өнімдері сұраныстың жоғары болуы;

  • Кәсіпкерлердің арасында мал бордақылауға қызығушылықтың өсуі;

  • Даму институттарынан пайыздық мөлшері төмен несиелерге қол жетімділігі;

  • Ауылшаруашылық құрылымдарына мемлекеттік бюджеттен субсидиялар бөлінуі.

Жағымсыз әсер еткен факторлар:

  • Аудан аумағының дамуымен байланысты ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің жетіспеі;

- Жекелген ауылшаруашылық құрылымдарының жерлерді тиімсіз пайдалануы.

Ауданда барлық ауыл шаруашылығы жер көлемі 128 068 гектарды құрайды, оның ішінде айдалмалы жер 85400 гектар, оның 25290 гектары суармалы, көпжылдық екпелер 4850 гектарды құрайды.

2012 жылға облыс тарапынан 900 га жерге тамшылатып суару жүйесін ендіруге тапсырма берілсе, барлығы 25,0 га ғана тамшылатып суару әдісі енгізілді.

Аудан бойынша бүгінде агроқұрылымдарда 50,13 га жылыжай жұмыс жасауда. 2012 жылы жоспар 15 га деп белгіленген, 2012 жылы 17,77 га жылыжай іске қосылып, жоспар 118,5 пайызға артығымен орындалды.

Аудан бойынша қолданыста сиымдылығы 11,0 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы бар. Осыған қосымша 2012 жылы сиымдылығы 6,5 мың тонна көкөніс сақтау қоймасын ашу тапсырылып, қосымша сиымдылығы 6,6 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды.

Елбасы тапсырмасында мал шаруашылығы саласында етті бағыттағы мал басын көбейту міндеті қойылған. Осы бағытта аудан көлемінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 645 бас аналық мүйізді ірі қара алынып, тапсырма 2,7 есеге артығымен орындалды.

Қолдан ұрықтандыру бойынша аудан көлемінде 15500 бас МІҚ ұрықтандыру көзделсе, оның ішінде 6000 басы етті бағытта. Тапсырма 100 пайызға орындалды.

Аудан бойынша 2012 жылы жаңадан 7 мал бордақылау орындары іске қосылып, қосымша 2000 бас бордақылауда. Ауданда жалпы мал бордақылау орындарының саны 107 –ге жетті. Ауданда бүгінгі таңда 3230 дана ауыл шаруашылығы техни калары бар.2012 жылы аудан аумағында орналасқан агроқұрылымдар 35 жаңа ауыл шаруашылық техникасын алды,тапсырма 125,0 пайызға орындалды.

Ауыл шаруашылық жерлерін түгендеу жұмыстарының нәтижесінде ауданның арнайы жер қорына 1194 га жер көлемі қайтарылды. Сонымен қатар, ескерту берілмей түсіндіру жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде 872 га жер телімінің иелері пайдаланбай жатқан жер телімдерін ауданның арнайы жер қорына қайтарып, аталған жер телімдері заңға сәйкес иесіз мүлік ретінде тіркеуге алынды



Әлеуметтік сала

1.Экономиканың құлдырауы.

2.Жұмыссыздар санының көбеюі



Есепті мерзімде жұмыспен қамту бөліміне және жұмыспен қамту орталығына 4279 адам жұмыс іздеп келсе, олар толығымен тұрақты жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамту бөлімі арқылы нысаналы топқа жататын 36 адам әлеуметтік жұмыс орындарына тартылса, 993 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды. Кәсіптік, орта арнайы және жоғары оқу орындарын бітірген жастарды, жұмыссыздарды жұмыспен қамту мақсатында есепті мерзімде 5-рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Қортындысында 64-мекемеден 428 жұмыс орындары ұсынылып 433 азаматқа жұмысқа жолдама берілді. 1194 адам еңбек заңдарымен нормативтік актілер бойынша кеңестер алды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына қаралған 1722,0 мың тенге, ақылы қоғамдық жұмыстарға қаралған 30052,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді. Жергілікті бюджет есебінен еңбек рыногының сұранысына қажет мамандықтарға 110 адам оқытылып, осы мақсатқа қаралған 10317,0 мың теңге толығымен игерілді және кәсіби мамандық алған азаматтар жұмыспен қамтылды. 2012 жылы ауданымызда 2674 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, жыл ағымында 2753 жаңа жұмыс орындары ашылып, жоспар 102,9 пайызға орындалды.




1.Халықтың босағалық минимумның ең төменгі табысының үлесінің өзгеруі.

2. Инфляцияның көтерілуі



Бекітілген босағалық минимумның ең төменгі табыс қаупін басқару


жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау