24
AUTONOMOUS EDUCATIONAL ORGANIZATION NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS” 2020 DEVELOPMENT STRATEGY
Біліктілікті арттыру жүйесі өз әріптестерін үздік халықаралық практикаларға
сәйкес оқытуды ұйымдастыруға қабілетті халықаралық деңгейдегі жаттықтырушыларды
дайындауға бағытталған.
Жаттықтырушылардың алдыңғы қатарлы тобы өз қызметін жаңадан ашылатын
Зияткерлік мектептердің педагогтарынЗияткерлік мектептердіңең төменгі талаптарына
сәйкес келу үшін қажетті деңгейге дейін «жеткізуге» бағыттайды, бұл басып озатын
жалдауды және мұғалімдерді арнайы оқытуды жүргізуге негіздейді.
БАЖ жұмыс істеген кезеңде біліктілікті арттыру курстарында және «Сыни ойлау»
(Кембридж Университетінің сертификаттары), «Балалардың дарындылығын дамыту»
(Джонс Хопкинс Университеті Талантты жастар орталығының сертификаттары) (АҚШ)
бағдарламасы бойынша халықаралық бағдарламалар бойынша оқудан, пәнді ағылшын
тілінде оқыту (ТКТ) дағдылары бойынша ағылшын тілінде оқудан өткен Зияткерлік
мектептердің педагогтары қатарынан басты ішкі даму ресурсы – сертификатталған
жаттықтырушылар кластері, КембриджУниверситетімен бірлесіп, Педагогикалық
шеберлік орталығы дайындаған Жалпы білім беретін мектептер мұғалімдерінің
біліктілікті арттыру бағдарламасының үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша
бағалау жөніндегі жаттықтырушылар мен сарапшылар қалыптасты.
БАЖ бағыттарының бірі Зияткерлік мектептердің мұғалімі лауазымына кіргенге
дейін мұғалімдердің біліктілігін алдын ала арттыру жөніндегі жұмыс болып табылады.
Осылайша, Университет Колледж Лондон, Ұлыбритания (UCL) бірлесіп әзірленген
бағдарламалар бойынша Назарбаев Университетінің базасында 100 педагогты дайындау
жөніндегі жоба іске асырылды. Қазақстанның білім беру жүйесін инновациялық дамыту
жағдайында мектепті басқару тәжірибесін зерделеу, тиімді басқару технологияларын
игеру мақсатында ашылатын Зияткерлік мектептердің болашақ директорларын алдын
ала даярлау (тағылымдамадан өткізу) жүзеге асырылады.
Сабақ берудің халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатында шетелдік пән
мұғалімдерін Зияткерлік мектептерге шақыру жөніндегі жоба іске асырылады.
Стратегиялық әріптестермен бірлескен жұмыс Ұлыбританиядан, АҚШ-тан, Жаңа
Зеландиядан, ОАР-дан және басқа да елдерден шетелдік оқытушылар – халықаралық
деңгейдегі жоғары білікті мамандар тартуға мүмкіндік берді.
Бұл жоба ұдайы дамиды, ол Зияткерлік мектептерге сteamleader басшылығымен
педагогтар командасын жіберуді, сыныпта бір мезгілде екі – қазақстандық және
шетелдік педагог жұмыс істейтін «teamteacher» жүйесін енгізуді көздейді.
Педагогтарды кәсіби дамыту жөніндегі жүйелі шаралар Зияткерлік мектептер
мұғалімдерінің «Болашақ» бағдарламасына қатысу мүмкіндігін, оның ішінде Зияткерлік
мектептер педагогтарын нысаналы даярлауды ашу арқылы кеңейтеді.
Назарбаев Университетімен бірлескен педагогтарды сыни ойлау жөніндегі
курстарда оқыту, біліктілікті жыл сайын арттыру жөніндегі жобалар Білім беру
Факультетінің ұйымында өз жалғасын табады, мұндай мұғалімдер магистр дәрежесін ала
алады.
Тұтастай алғанда, педагогтар сабақ берудегі технологияларды интерактивті
пайдалануға, сабақ беру мен оқытудың, зерттеу жұмысының тұжырымды (рәсімдік емес)
әдістерін енгізуге қабілеттілікті игереді, ол сынамалар мен қателер әдісінің, практикалық
жұмыстардың көмегімен терең түсінуді дамытады.
Тағылымдамадан өтуші мұғалімнен шебер мұғалімге дейін мұғалімдердің
біліктілігінің 6 деңгейлік жүйесін көздейтін қалыптасатын педагогтарды аттестаттау
жүйесі осы маңызды процеске ықпал етуге танылған. Жаңа аттестаттау жүйесі
педагогикалық еңбекке қатынасты өзгертуді, педагогтардың қызметін бағалаудың
оңтайлы өлшемдерін пысықтауды болжайды, мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін арттыруға
ықпал ететін болады.
Мұғалімнің кәсіби өсуіне сол сияқты «Назарбаев Зияткерлік мектебінің үздік
мұғалімі» конкурсы ықпал ететін болады.
25
AUTONOMOUS EDUCATIONAL ORGANIZATION NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS” 2020 DEVELOPMENT STRATEGY
БАЖ дамытудың жаңа кезеңі басты назарды инновациядан сапалы іске асыруға,
мұғалімдердің біліктілігін арттыру тақырыбы мен нысандарын кеңейту арқылы
инновацияларды қолдауға ауыстыру қажеттілігіне байланысты кәсіби дамытудың
интеграцияланған жүйесін құру болады.
Зияткерлік мектептердің БАЖ қисынды дамуы Педагогикалық шеберлік
орталығын (бұдан әрі – ПШО) құру болды.
3.3.2. Педагогикалық шеберлік орталығы
ПШО жалпы білім беретін мектептер мұғалімдерінің біліктілігін арттыруды
ұйымдастыру жолымен республиканың мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін
дамытады. ПШО-да деңгейлік бағдарламаларды әзірлеу, жаттықтырушыларды, бағалау
жөніндегі сарапшыларды дайындау ұйымдастырылған, осылайша елдің педагогтарын
жаңа деңгейде кәсіби дамыту үшін жүйелі шаралар қабылданды.
Зияткерлік мектептерде енгізілетін және іске асырылатын халықаралық деңгейдегі
педагогикалық практикадан үздік мысалдар курстардың негізі болды. Деңгейлік
бағдарламалардың мазмұны мынадай мәселелерді кешенді қарауға негізделеді:
• сабақ беру мен оқытудағы жаңа көзқарас;
• сыни ойлауды оқыту;
• оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау;
• сабақ беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
• талантты және дарынды балаларды оқыту;
• оқушыларға жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақ беру және оқыту;
• оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Деңгейлік бағдарламаларды іске асыруда қазақстандық әріптестер арасында
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы мен елдің
педагогикалық жоғары оқу орындарының біліктілігін арттыру бөлімшелері әрекет етеді.
Кембридж Университетінің Білім беру факультеті халықаралық әріптес ретінде әрекет
етеді.
Барлық оқу материалдары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып
шығадыжәне ПШО сайтындаwww.cpm.kz орналастырылады.
Тұтастай алғанда, ПШО және оның филиалдарының базасында жыл сайын
деңгейлік курстардың бағдарламалары бойынша 5000-ға жуық мұғалімді оқыту
жоспарланып отыр.
3.3.3. Орталық аппараттың және Орталықтардың қызметкерлері
ДББҰ Орталық аппараты мен Орталықтарының қызметкерлеріне кәсіби даму
мүмкіндігі берілген, бұл білім беру ұйымдарының тез өзгеретін жұмыс істеу, Зияткерлік
мектептерде инновацияларды енгізудің өсу қарқыны жағдайында айрықша маңызды.
Елде, сол сияқты шет елдерде семинарларға, конференцияларға, тренингтер мен
біліктілікті арттыру курстарына қатысу көзделген.
ДББҰ орта білім беруді дамыту, шетелдік модельдердің отандық тәжірибемен
бейімделуі мен интеграциялануын қамамасыз ету бөлігінде меншікті қызметті ғылыми
сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Зерттеу мақсаты
Зерттеулердің негізгі мақсаты ДББҰ миссиясы мен пайымдауына қол жеткізуге
ықпал ететін практикалар мен іс-қимылдарды айқындау және жетілдіру болып табылады.
Бұл үш тілді оқыту, нәтижеге бағдарланған оқыту, функционалдық сауаттылық,
оқушылардың дағдыларға қол жеткізуін сыни бағалау сияқты инновацияларды енгізу
жағдайында аса маңызды. Зерттеулердің нәтижелері инновацияларды одан әрі жетілдіру
және білім беру процесінің табыстылығы үшін пайдаланылады.