Олай болса, қазақ ұлтын аспандататын ұрпақ тәрбиелеу- баршамыздың еншімізде дей келе бүгінгі «Ана
мен бала» атты ток шоуымызды аяқтаймыз. Келесі көріскенше қош сау болыңыздар!
Тәрбиешілердің орындауында: «Папури»
Қорытынды сөз: бөбекжай директоры Сағынғалиева Шакиза Амановнаға беріледі.
* * * * *
Атырау қаласы №43 «Арман» балабақшасы
психолог маманы Кош магамбетова К.
Тренинг «Достық»
Мақсаты: Достық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін аша отырып, адал дос болуға, қоршаған
ортамен дос болуға үйрету, қарым-қатынас өрісін дамыту.
Міндеті: Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік бере лтырып, өзара жағымды қарым-
қатынастарын дамыту, бірін-бірі сыйлауға , құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру:
Амансыңдар ма балалар!
-Балалар, бүгін мен сендермен осындай әсем, жарық кең бөлмеде кездескеніме өте қуаныштымын!
-Қане, балалар, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрып тұра қалайық!
(Балалар амандасады, хормен)
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Танысу тренингі: «Жүректен жүрекке».
Тренинг ережелерімен таныстыру.
1.
Көңілді болу.
2.
Бір-бірімізді тыңдай білу.
3.
Уақыт пайдалану.
4.
Тапқыр, шапшаң болу.
5.
Ұқыптылық сақтау.
Балаларды шеңбер бойында тұрған орындыққа шақырылады.
Кел, ойланайық пікірлесейік!
-Енді балалар мына бір өлең жолын тыңдап көрелік.
Ф.Оңғарсынова, «Тату доспыз бәріміз»
Күннің нұрын сүйеміз,
Дос болғанды сүйеміз.
Әрқашанда біргеміз,
Достарменен күлеміз.
-Балалар, мына бір өлең не туралы айтылған? (Достық)
Сұрақ: -Достарымыз көп болу үшін біздер қандай болуымыз керек?
Тыныштық сәті:
Балалар, орындарыңызда емін-еркін жайғаса отырыңыздар.Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы туралы,
досының қандай болғанын қалайтыны жөнінде айтады?
Досымызды ойлап болсақ, ойымызды ортаға салып, ой бөлісейік.
«Бірлік, Достық» үйін салу. Ұжымдық жұмыс.
-Балалар, біздің адал достарымыз әлі де көп болу үшін, бәріміз бірігіп үлкен үй салуымыз керек.
Сол үлкен үйді «Достық, Бірлік» үйі болып аталсын!
Ойын: «Даусынан таны»
Мақал-мәтел.
Достық туралы мақал -мәтел.
Ойын: «Мен бәрімен доспын»
Балалар шеңберде тұрады.
Күн нұрын шашқан жақсы ма?
Ауада жүрген жақсы ма?
Достармен бірге жүрген жақсы ма?
Мамаларыңа жүгірген жақсы ма?
Үйлеріңде демалған жақсы ма?
Билеген жақсы ма?
12
Ойнаған жақсы ма?
Қазақстанда тұрған жақсы ма?
Қорытынды, рефлекция.
Топтастыру сратегиясы- Достар.
Өмірімнің ережесі «Мен» Біз кімбіз балалар?
Жігер деген –Мен
Күш деген- Мен
Кешірім деген- Мен
Денсаулық деген –Мен
Мейірімділік деген- Мен
Шыншылдық деген –Мен
Достық деген –Мен
Хормен бәріміз: Бәрі маған байланысты
Бәрі менің қолымда.
* * * * *
Ақтөбе қаласы Үш тілде оқытатын
№21 орта мектеп-гимназиясының
бастауыш класс мұғалімі Наванова Замзагүл Тортайқызы
Пәні: әдебиеттік оқу
Тақырыбы:
М.Төрежанов. Қолғабыс.
Мақсаты
Әңгіме мазмұны жайында түсінік беріледі,оқушылар талдау,талқылау,салыстыру арқылы
мазмұнын ашуға дағдыланады;
Адамгершілік қағидаларын бойына сіңіру және өзгелерді тыңдай білуге,қайырымды
болуға тәрбиеленеді.
Күтілетін
нәтиже
Әңгімені талдау арқылы өз ойларын ортаға салады.Әңгіме мазмұны жайында өз
түсініктерін еркін айтады,топтайды.Сауатты оқу,мәнерлеп оқу дағдысы артады.Топта
белсенділік көрсетеді.Топтық тапсырмаларды орындауға қатысады.
Түйінді идеялар
Өнерді үйрен де жирен. Мақал.
Сабақ
кезеңдері:
Сабақ барысы
Бағалау
Кіріспе
1.Оқушы назарын сабаққа аудару.
2.Оқушыларға сабақтың мақсатын хабарлау. Шығармада жіберліген
қателіктер туралы айту.
Тұсаукесер
Кіріспе әңгіме М.Төрежанов туралы айтып өту.
(1921–1996)
30 сәуірде Ақмола (бұрынғы Целиноград) облысы, Алексеевский ауданы,
«Трудовой» ұжымшарында дүниеге келген.1941 жылы Семей педагогикалық
институтының филология факультетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы мектепте
мұғалім, Ақмола қаласында мұғалімдер білімін жетілдіру институтында
кабинет меңгерушісі болып жұмыс істеген.«Бітпеген ойын», «Тең ойын»,
«Шегіртке мен ара», «Қанатбек пен Жанатбек», «Кім ақылды», «Түйе
қалай өз көлеңкесін жоғалтты» секілді прозалық кітаптардың авторы.
«Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Бұрын қандай әңгімесімен танысып едік?
«Бұлбұлдың даусы»
Негізгі бөлім
Бір парақ қағаз топтағы оқушыларды айналып шығады.
Балалар өздерінің алғашқы көмегі туралы 1 сөйлемнен жазып шығады
Қолғабыс сөзін естігенде сендердің ойларыңа не келді?
Үй шаруасы көмектесті
жұмыс
түрлері
Ата-анасы
бала
Өзінен кішіге
мұғалім Өзінен үлкенге
Оқушыларға мәтінді түсіндіру.
Мәтінді абзац бойынша оқушыларға оқыту. Түсініксіз сөздерді белгілеп
отыру ескертіледі.
Сөздік жұмыс. Шалғы, торсық,бидайық суреті тақтада көрсетіледі.
13