Ұстаздарға арналған басылым редакциясы білім жолы нұрлы жол



жүктеу 3,65 Mb.
Pdf просмотр
бет14/34
Дата26.11.2018
өлшемі3,65 Mb.
#24603
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34

Кері байланыс: смайліктер арқылы бағаланады.

Уәждеу

Суреттерді көрсету арқылы ой қозғау. 

 

    


  Тақырыпты ашу

Оқушылардан суреттерде бейнеленген жәдігерлер неден жасалған, 

оларда не бейнеленгені жайлы сұрау . Олар пікірлерін айтады, сонда М. 

Бұл осы сабақтың тақырыбы екенін ашады да, мақсатты анықтап, бірге 

оған жету жолын ойластырады.

Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жету үшін топқа бөлініп жұмыс 

жасаймыз.

     


Сабақтың 

ортасы

«Алтын адам»  бейнебаян үзіндісі көрсетіледі 



Т. ДЖИГСО әдісі 

1 топ тапсырмасы: «Алтын адам» жәдігерін өнер туындысы ретінде 

сипаттайды.



2 топ тапсырмасы: «Алтын адамның» бас киімі әлемге, космосқа 

көзқарастарын көрсетеді.



3 топ тапсырмасы: Сақтардың дүниетанымындағы «Алтын адамның» 

киімдегі аңдық стильдің мәнін сипаттау.

Топтар қосымша мәтіндерді оқиды, топта талқылайды, постер жасап, 

қорғайды.



Қосымша мәтіндер.

1 топ

«Алтын адам» — 1970 жылы Алматы 

облысы Есік қаласының солтүстігінде темір 

дәуірінен сақталған Есік қорғанында табылды. 

Оны  археолог К.А. Ақышев тапқан.

Антропологтардың анықтауынша жерленген 

адамның жасы 17-18 шамасында.

Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын 

әшекейлермен безендірілген. Ежелгі 

халықтардың ұғымы бойынша алтын мәңгі 

өмірді, қуаттылықты білдірген. Бір жағынан, 

алтын белгілі бір топтың өкілін білдірсе, 

екіншіден, бағалы металл ретінде күн Құдайы 

ұғымдарымен байланысты болды және осылайша

жерленген адамды мәңгілік өмірге жетеледі.

Алтын - сақтар түсінігінде ескірмейтін, 

шірімейтін мәңгіліктің символы ретінде болған. 

Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі

 құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында” жасалған. Бас сүйектің 

сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас 

киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы  

70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш 

көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, 

саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырмалы ауыр белбеумен 

буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң 

жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар 

жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да 

алтын тоғалармен әшекейленген.

Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген 

сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін 

айқын көрсетеді. 

https://youtu.be/YA

8jHY8oivc

https://kk.wikipedia

.org/wiki/

repository.enu.kz

33



2 топ

Сақтардың әлем құрылымы жөнінде өзіндік түсінігі 

болды. Әлемдегі тәртіптің, үйлесім мен 

гармонияның және ондағы бар нәрсенің 

ұйымдастырушылары Митра, Варуна, Индира 

секілді құдайлар болды. Әлемнің үлгісі оларға үш 

дүниенің – жерасты дүниесі – төменгінің, белорта 

дүниесі – жердің және

 

жоғарғы дүние – аспанның 



өзара сәйкестігі болып көрінген. Әлемнің сол, оң, 

алғы және артқы жақтары болған. Сақтардың космос

жөнінде символикалық түсінігін «Алтын адамның» 

бас киімінен көруге болады. Бас киім 150 - ге жуық 

әшекей заттармен безендірілген. Биік, шошақ төбелі,

ұзындығы 70 см.  Бас киімі әшекейлердің 

орналасуына байланысты үш бөліктен тұрады: көк 

әлемі, жер әлемі және жер асты әлемі. Бас киімнің алдыңғы жағына күн 

белгісі – күллі космостың тұтас бейнесі: төрт қанатты пырақ пен төрт 

алтын жебе салынған. Бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін 

барша үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін 

өктемдіктің өзгеше белгісі. Арқардың алтын статуэткасы бас киімнің ең 

ұшында орналасқан. Ол таудың мәңгілік қар - мұз басқан шың құздарын 

мекендеуші жануар тәңірге бір табан жақын, «кіршіксіз» деп есептелген. 

Әсемдікті көрсетіп тұрған жан - жағындағы төрт жебе, әлемнің төрт 

жағын бейнелейді. Бас киімдегі жебе тәрізді әшекейлер әлемнің төрт 

жағын бейнелейді. Ал құстың қанаттары жоғарғы билікті, жоғарғы 

әлемді білдіреді.Алдыңғы жақты сақтар жалғанның шығыс жағы, артқы 

жақты – батыс жағы деп есептеген. Осындай мұрақты тәжді кигізу 

көсемге күллі мифологиялық Космосты билеуді берді деген ұғымды 

білдірген. Көсем – дүниенің кіндігі, оның орталығының бейнесіндей 

болған, ал оның киіміндегі символдардың бәрі мифологиялық ұғымдар. 



3 топ Б.з.б. VІІ ғасырдан бастап далалы аймақтар өнерінде - аңдық 

стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы - аңдарды және 

аңыздардағы қиял-ғажайыптарды бейнелеу. «Аңдық стиль» өнері сәндік

сипатта қолданылды. Аңдық        әртүрлі бейнелермен қола қазандар, 

құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер 

әшекейленді. «Аңдық стиль» өнерімен сақтар Алдыңғы Азия мен 

Иранға жасаған жорықтарында танысты. Осы жерден сақтарға 

алғаш рет  «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады. 

Өнерде арыстанды бейнелеу Арал маңындағы сақтардың тұрақты 

тақырыбы болған. Бұл ұғым жергілікті Жылқы, қой, бұғы, ақбөкен, 

барыс, жолбарыс, бүркіт, қасқыр, қоян сияқты жануарлар мен аң-

құстардың бейнелеріне ауысты. Бұл өнердің негізі – ежелгі аңыздарда 

сақталған адамның әртүрлі жануарлардан шыққандығы туралы 

түсінік болып табылады. Адам өзінің тегін табиғатпен 

байланыстырып, өздерін соның бөлшегі деп ойлады. Әрбір ру 

немесе тайпаның шыққан тегі аңдар болып есептелген. Сондықтан 

аң бейнелері бар заттар қасиетті бойтұмар ретінде саналды. Б.з.б. 

ІІІ-ІІ ғасырларда «Аң стилі» дамудың шегіне жетіп, шынайылық 

негізін жоғалтып, ою-өрнектік кескінге айналды. Біздің 

заманымызға өтер алдында бұрын көрнекті өнер болған бұл стиль 

жоғалып кетті.

34



жүктеу 3,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау