Статистикалыќ мјлімметтерді кґрнекті кґрсету



жүктеу 9,59 Mb.
бет3/83
Дата22.05.2018
өлшемі9,59 Mb.
#16264
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83

Маманданған интервалдар - әр түрлі жағдайдағы құбылыстағы жиынтықтан бір нышанды бөліп көрсету үшін қолданылатын интервалдар.

Әлеуметтік экономикалық құбылыстарды макродеңгейде зерттегенде еркін интервалдар қолданылады.

Статистикалық топтаудың түрлерін қолдануы келесі мысалдың негізінде қарастырайық.

Мысал: топтау әдісін қолдана отырып аймақтың кіші және орта коммерциялық банктерінің ішіндегі ең сенімді банкке талдау жасайық.

Топтау қасиеті ретінде жарғылық қорды аламыз. Бірдей интервалмен банктердің төрт тобын құрамыз. Интервалдың мөлшерін келесі формуламен анықтаймыз:

h =(X max – X min ) / n

h = (21300 - 2100) / 4 = 5250 мың теңге

Топтардың шекарасымен белгілейік:



  1. 2100 – 7350 –1 топ;

  2. 7350 – 12600 –2 топ;

  3. 12600 – 17850 –3 топ;

  4. 17850 – 23100 – 4 топ;

Жарғылық қор – топтау нышаны, топтар саны - 4 болып анықталған соң, топтың сипаттайтын көрсеткіштерді таңдап және олардың мөлшерін әрбір топ бойынша анықтау қажет. Банктерді сипаттайтын көрсеткіштерді көрсетілген топтар бойынша бөлу қажет. Топтаудың нәтижесі келесі кестеге (7 – кестеге) жазылады.
7 – кесте Аймақтың кіші және коммерциялық банктерін жарғылық қордың мөлшері бойынша топтау

Топтың №

Банктердің жарғылық қордың мөлшері бойынша топтары. мың теңге

Банктердің саны

Активтері мың теңге

Капиталы мың теңге

Жарғылық қор мың теңге

1

2100 – 7350

18

504898

342889

71272

2

7350 – 12600

8

343932

204694

58227

3

12600 –17850

3

174059

130680

48281

4

17850 – 23100

3

217842

128573

62238

Барлығы

32

1240731

806836

240018

7 – кестенің негізінде коммерциялық банктерді құрылымдық топтау 8- кестеде көрсетілген.

8 – кесте Аймақтың кіші және орта коммерциялық банктерін жарғылық қордың мөлшері бойынша топтау


Топтың



Банктердің жарғылық қордың мөлшері бойынша топтары, мың теңге

Банктердің саны, %

Жарылық қор, барлығына %

Капиталы, барлығына %

Активтер барлығына %

1

2100 –7350

60

40,7

42,5

29,7

2

7350-12600

20

27,7

25,4

24,3

3

12600-17850

10

14,0

16,2

20,1

4

17850-23100

10

17,6

15,9

25,9

Барлығы

100

100

100

100

8 – кесте бойынша кіші банктердің 60% құрайтынын, олардың үлесіне капиталдың 42,5% келетінін білдік. Көрсеткіштердің өзара байланысына талдауды аналитикалық талдаудың негізінде жасауға болады. (9 - кесте).
9 –кесте Аймақтың кіші және орта коммерциялық банктерін жарғылық қордың мөлшері бойынша топтау

Топтың

Банктердің жарғылық қордың мөлшері бойынша топтары, мың теңге

Банктердің саны

Капитал, мың теңге


Активтер, мың теңге


Барлығы

орташа бір банкке

Барлығы

орташа бір банкке

1

2100-7350

18

342889

19040

504898

28050

2

7350-12600

6

204694

34116

34932

57322

3

12600-17850

3

130680

43560

174059

58020

4

17850-23100

3

128573

42858

217842

72614







30

806836



1240731












-

26895



41358

Біз бір қасиет бойынша топтау мысалдарын қарастырдық, бірақ кейде бірнеше қасиеттері бойынша топтау (күрделі топтау) қолданылады. Коммерциялық банктерді екі нышаны: капиталдың және активтердің мөлшері бойынша топтау жүргіземіз (10 –кесте).


10 –кесте Коммерциялық банктерді капиталдың мөлшері және активтері бойынша топтау

Топтың



Капиталдың мөлшері бойынша банктердің топтары, мың теңге

Соның ішінде активтердің мөлшері бойынша кіші топтары, мың теңге

Банктердің саны

Капитал, мың теңге

Активтер, мың теңге

1

6753-29527

2556-25144

65144-127732



20

1


313649

22969


420196

70229





Топ бойынша барлығы

21

336618

490425

2

29257-53301

2556-65144

65144-127732



1

3


35662

127523


30005

305994





Топ бойынша барлығы

4

163185

335999

3




2556-65144

65144-127732



2

3


115104

191929


98022

316285





Топ бойынша барлығы

5

307033

314307

4




2556-65144

65144-127732



23

7


464415

342421


548223

692508





Барлығы

30

800836

1240731

Біз бір нышан бойынша топтаудың мысалын қарастырдық. Бірақ кейбір жағдайда қойылған міндетті шешу үшін мұндай топтау жеткіліксіз болады. Мұндай жағдайда зерттелетін жиынтықты екі немесе бірнеше нышандар бойынша, яғни комбинациялық топтауға көшеді.
3.4 Бөлу қатарларын жасауы және түрлері
Статистикалық байқаудың алғашқы мәліметерін өңдеу мен жүйелеудің нәтижесінде алынған топтауды бөлу қатарлары деп атайды.

Бөлу қатарлары - белгілі бір нышанмен вариацияланатын реттелген жиынтықтың бірліктерінің біртекті тобы.

Бөлу қатарын жасаудың негізіне салынған нышанға байланысты атрибутикалық және вариациялық бөлу қатарлары болып бөлінеді.



Атрибутикалық бөлу қатарлары – зерттелетін әлеуметтік экономикалық құбылыстың қасиетін, сапасын сипаттайтын және сандық сипаты жоқ сапалық нышан бойынша жасалынған бөлу қатары. Атрибутикалық бөлу қатары жиынтықтың құрамын маңызды нышандар сипаттайды. Бірнеше кезеңнен алынған, осы мәліметтер құрылымының өзгеруін зерттейді. (11- кесте)

11 - кесте 1 – курс студенттерін үлгерімі бойынша бөлу



Үлгерім

Студенттердің саны, адамдар

Студенттердің жалпы санындағы үлестік салмағы, %

Үлгереді

46

92

Үлгермейді

4

8

Барлығы

50

100

Бұл бөлу қатарының элементтері «Үлгерім» атрибутикалық нышаны және әрбір топтағы абсолютті және салыстырмалы түріндегі саны болып табылады. Емтихан тапсырған студенттердің саны 46 адам, олардың үлестік 92% .

Варияциялық бөлу қатары - сандық нышан бойынша жасалынады. Кез келген осындай қатар сандық нышанның сандық мәндерінің варианттарынан тұрады, яғни жеке варианттардың немесе вариациялық қатардың жиілігінен тұрады. Бұл сан бөлу қатарында варианттардың қаншалықты жиі кездесетінін көрсетеді. Барлық жиіліктің сомасы барлық жиынтықтың санын анықтайды.

Топтардың саны абсолютті шамалармен сондай – ақ салыстырмалы шамалармен көрсетіледі.

Жиілік шамасы - салыстырмалы бірліктер немесе қорытынды пайыз түрінде келтірілген топтың санының жалпы санға қатынасы.

Нышанның вариациясының сипатына қарай дискреттік және интервалдық вариациялық бөлу қатарлары болып бөлінеді.



Дискретті вариациялық бөлу қатарлары – топтар дискретті өзгеретін нышандардан тұратын және тек бүтін мәндерді қабылдайтын қатар. Дискретті вариациялық бөлу қатарлардың мысалы ретінде емтихандық балдар бойынша студенттерді бөлу қарастырылған (12 - кесте).

12 – кестенің 1 – бағанасында дискретті вариациялық бөлу қатарларының варианттары,2 – бағанада жиіліктері, 3 – бағанада жиелік шамасы көрсетілген.


12 – кесте Емтихандық балдар бойынша студенттерді бөлу

Емтихандық балдар

Студенттер саны, адамдар

Студенттердің үлестік салмағы

5

16

32

4

23

46

3

7

14

2

4

8

Барлығы

50

10


Интервалдық вариациялық бөлу қатары – топтаудың негізін құрайтын топтау нышаны белгілі бір интервалда кез келген мәнді қабылдайтын қатар. Интервалдық вариациялық бөлу қатарын нышанның үздіксіз вариациясында жасаған дұрыс, яғни нышанның үздіксіз вариациясының саны жеткілікті үлкен болуы қажет. Интервалдық вариациялық бөлу қатарының мысалы ретінде (13 – кесте) қарастырылған.
13 – кесте Құрылыс фирмаларын жұмысшылардың саны бойынша бөлу

Жұмысшылардың саны, адамдар

Құрылыс фирмаларының саны

Үлестік салмағы

100 – 200

12

15,00

200 -300

18

22,50

300 -400

25

31,25

400 – 500

14

17,50

500 -600

11

13,75

(Сандар шартты) Барлығы

80

100,00

Келтірілген бөлу қатары интервалдық болып табылады, себебі топты құрудың негізінде үздіксіз нышаны жатыр.
3.5 Бөлу қатарын графикалық түрде бейнелеу
Бөлу қатарын талдау үшін графикалық бейнелеу қолданылады. Осы мақсатқа байланысты бөлудің полигоны, гистограммасы, огива және кумулятасы қолданылады.

Полигон дискретті вариациялық қатарды бейнелеу үшін қолданылады. Оны салу үшін координаттардың тікбұрышты жүйесінің абсцисс өсінде вариацияланатын нышанның ранжирленген мәні белгіленеді, ал ординат осі бойынша әрбір варианттың санын көрсететін шкаласы белгіленеді. Абсцисс пен ординаттың қиылысындағы нүкте тік сызықтармен қосылады, соның нәтижесінде жиіліктің полигоны деп аталатын қисық болып шығады. Студенттердің емтихандық балдар бойынша графикалық бөлінуі (1 – суретте) көрсетілген.

1 – сурет - Студенттердің емтихандық балдар бойынша графикалық бөлінуі


Гистограмма интервалдық вариациялық бөлу қатарына бейнелеу үшін қолданылады. Гистограмманы салу үшін координаттардың тікбұрышты жүйесінің абцисса өсінде интервалдардың шамасы салынады, ал жиіліктер сәйкес интервалдарға салынған тікбұрыш түрінде көрсетіледі. Бағананың биіктігі жиілікке пропорционалды болуы қажет. Нәтижесінде бөлу қатары бағаналық диаграмма түрінде көрсетілген графикті аламыз (2 – сурет).

2 – сурет - Құрылыс фирмаларын жұмысшылардың саны бойынша бөлу


Вариациялық қатарларды графикалық бейнелеу үшін кумулятивті сызық қолданылады. Кумулятаның көмегімен жинақталған жиілігінің бөлу қатары көрсетілген (3 – сурет). Жинақталған жиіліктер топтар бойынша жиіліктерді біртіндеп жинақтау арқылы анықталады. Кумулятаны салу үшін координаттардың тікбұрышты жүйесінің абсцисса өсінде бөлудің варианттары белгіленеді. Осы перпендикуляр тік сызықтармен қосылып қисық сызық шығады, яғни кумулята шығады 12 - кесетедегі ақпараттарға сәйкес салынған кумулятаның мысалы (3 – суретте) көрсетілген.

3 – сурет – Куммулята студенттердің емтихандық балдар бойынша


Вариациялық қатарды графикалық бейнелегенде кумулята түрінде остерді ауыстырғанда огива болады. кестедегі ақпараттарға сәйкес салынған олигваның мысалы суретте көрсетілген.

4 – сурет – Огива студенттердің емтихандық балдар бойынша


Бөлу қатарын графикалық бейнелеу статистикалық байқаудың ақпараттарын бөлуді жан жақты көрсетуге мүмкіншілік береді.
жүктеу 9,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау