Ректор Ибатов Марат Кеңесұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор
1983 жылы Мәскеудің автомобиль-жол институтын (МАДИ) үздік аяқтап, Қарағанды политехникалық инстиутына жіберілген, мұнда аға инженер, кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.
1987-1990 жылдары Мәскеудің автомобиль-жол институтында (МАДИ) аспирантурада оқыған.
1991 жылы Мәскеудің автомобиль-жол институтында (МАДИ) техникалық ғылымдары кандидаттығы ғылыми дәрежесіне іздену диссертациясын қорғаған.
1991 жылдан бастап ҚарПТИ-де (кейінгі ҚарМТУ) «Автомобиль транспорты» кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті, профессоры қызметтерін атқарған.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған (1993,1994 жылдары).
1995-1997 жылдары ҚарМТУ оқытушылары мен қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы міндетін атқарған.
1997-2007 жылдары автомобиль-жол факультетінің деканы болған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған (2000, 2003, 2009 жылдары).
2003 жылы докторлық диссертациясын қорғаған.
2005 жылы ҚР БҒМ-нің Білім және ғылым саласын аттестаттау мен бақылау жөніндегі Комитет шешімімен профессор ғылыми атағы берілді.
2007-2008 жылдары ҚарМТУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарған.
2008-2011 жылдары ҚарМТУ-да «Автомобиль транспорты» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет еткен.
2011 жылы 1 маусымнан бастап Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры болып жұмыс істеген.
2012 жылы 11 маусымнан бастап Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры болып жұмыс істеген.
«Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері» Төсбелгісімен, «10 жыл Астана» медалімен, Қазақстан Республикасының кәсіподағы ОК-нің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамотасымен, Нұр Отан» ХДП-ның «Белсенді еңбегі үшін» Төсбелгісімен, Ахмет Байтұрсынов атындағы Төсбелгісімен, «Ерен еңбегі үшін» мемлекттік марапатты медалімен, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Алғыс хатпен, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» Медалімен марапатталған.
2016 жылдың желтоқсан айынан Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры қызметін атқарады.
160-тан астам ғылыми-әдістемелік еңбек жариялаған.
Бірінші проректор Исағұлов Аристотель Зейноллаұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Лениндік комсомол сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының үздік өнертапқышы, Халықаралық ақпараттандыру академисының академигі, Халықаралық жоғары мектеп ғылымдар академиясының, ҚазЖҒҰА академигі.
1976 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірген. 1972-1976 ж.ж. – Ленин стипендиат. 1976 бастап 1977 жж. дейін – «Каргормаш» ө/б бас металлург бөлімінің ІІ санаттағы инженер-конструкторы. 1977-1980 жж. – Мәскеу автомобиль жасау институтының (МАЖИ) аспиранты. 1987-1988 жж. – Аахенск техникалық университетінің, құю институтының ғылыми машықтанушысы. 1980-1992 жж. – аға оқытушы, доцент, 1992 бастап 2000 жж. дейін – «Машиналар, құю өндірісі технологиясы және конструкциялық материалдар» кафедрасының профессоры, ал 2000 ж. маусымынан бастап кафедра меңгерушісі. 2004 ж. наурызынан бастап 2011 ж. маусымына дейін – бірінші проректор. 2011 ж., шілде айынан бастап Инновация және ОӘЖ жөніндегі проректор болып, ал 2013 ж., қаңтар айының 24-нен ҚарМТУ-дың бірінші проректор қызметін атқарады.
Стратегиялық даму бойынша проректор Жетесова Гульнара Сантаевна – техника ғылымдары докторы, профессор.
300-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік баспа жұмысының, соның ішінде 5 монография, 84 оқу құралының және электронды оқулықтарға арналған зияткерлік меншікті тіркеу туралы 8 куәліктің авторы. Ол «Машина жасау» және «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бакалавриат, магистратура мен докторантураның 4 буынының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және 30-дан аса түрлі оқу бағдарламасын әзірлеуші. ҚарМТУ СМЖ құжаттамасының ішкі аудиторы мен нормоконтролеры. 15 жоғары оқу орнының және өндірістік кәсіпорындардың сапа менеджменті жүйесін әзірлеушісі. ҚР БҒМ механика және машина жасау болйынша сарапшы кеңес мүшесі. «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері болды (2006, 2012 жж.). «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.
Ожигин Сергей Георгиевич ғылыми жұмыс бойынша проректор – техника ғылымдарының докторы, профессор.
1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын (КарПТИ) «Маркшейдерлік ісі» мамандығы бойынша тамамдап, оған «тау-кен инженер –маркшейдер» жоғары дәрежелі маман иегері болды. Институт бітірісімен КарПТИ «Маркшейдерлік ісі және геодезия» кафедрасындакғы ғылыми-зерттеу зертханасының (ҒЗЗ) «Тау-кен жыныстарының қозғалысы» аға инженер қызметін басқарып, кіші ғылыми қызметкері болды. 1988-1990 жылдары «Маркшейдерлік ісі» мамандығы бойынша аспирантурасын оқиды. 1990-1992 жылдары (ҒЗЗ) «Тау-кен жыныстарының қозғалысы» ғылыми қызметкері болды. 1992-1997 жылдары участоктық маркшейдер, 1997 жылдан АООТ «Шұбаркөлдік тілік» техникалық бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 1999-2001 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің (ҚарМТУ) докторанты. 2001-2006 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің (ҚарМТУ) «Маркшейдерлік ісі және геодезия» кафедрасының (МІжГ) доценті. 2006-2009 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің (ҚарМТУ) халықаралық қатынас және ғылыми басқару бөлімінің бастығы. 2009-2011 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің (ҚарМТУ) МІжГ кафедрасының доценті, 2011жылдан бастап аталған кафедраның профессоры.
Тау-кен геомеханикасы мен маркшейдерлік іс саласының маманы.
Тәрбие ісі жөніндегі проректор Алпысбаева Назым Амангазыевна – техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
1982 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді; 1984 жылға дейін АЖЖ зертханасында тағылымгер-зерттеуші, инженер болып қызмет етті; 1984-1988 жыл аралығында «Пайдалы қазбалар орнын барлау» кафедрасы жанындағы күндізгі аспирантурада білім алды. 1988 жылы техника ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
Диссертациялық жұмыстың ерекшелігін және қорғағаннан кейінгі жарияланған мақалаларды, «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасындағы (1991 ж.) жұмыс тәжірибесін ескере отырып 2000 жылдың желтоқсанында ЖАК «экономика мамандығы бойынша доцент» атағын берді. 2001 жылдың сәуір айынан ҚарМТУ-да қызмет етеді.
80 астам ғылыми мақалалар мен жұмыстар жариялады, соның ішінде «Қарағанды көмір бассейні» кітабы бөлімінің, мемлекеттік тілдегі «Шахталарды жобалау» оқулығының, төрт монографияның, бес кәсіпорын, ТКШ экономикасы, жылжымайтын мүлікті басқару негізінде оқулықтардың серіктес авторы.
2006 жылы «ТКШ тиімді ұйымдастыру» жобасы бойынша қолданбалы зерттеулер желісінің аясында экономикалық зерттеулер және білім беру консорциумының шәкіртақысын иеленді. 1997 жылы білім беру саласына сіңірген еңбегі және жетістіктері үшін ҚР БҒМ құрмет грамотасымен; 2003 жылы – «Білім беру саласының құрметті қызметкері» белгісімен; 2006 жылы – қала әкімінің Құрмет грамотасымен; 2009 жылы – «ҚР ғылым дамуындағы жетістіктері үшін» белгісімен; 2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. «Университеттің үздік оқытушысы 2013» атағының иегері. 2013 жылы ІІІ дәрежелі «Шахтерлік даңқ» құрмет белгісімен марапатталды.
Басшылықтың ПОҚ, қызметкерлер, студенттер, магистранттар мен докторанттардың жеке мәселелері бойынша қабылдау сағаттары:
№
|
Т.А.Ә.
|
Лауазымы
|
Қабылдау уақыты
|
1
|
Ибатов
Марат Кеңесұлы
|
Ректор
|
сәрсенбі 15:00-тен 17:00-ке дейін
|
2
|
Исағұлов
Аристотель Зейноллаұлы
|
Бірінші проректор
|
сәрсенбі, бейсенбі 15:00-тен 17:00-ке дейін
|
3
|
Жетесова
Гульнара Сантаевна
|
Стратегиялық даму жөніндегі проректор
|
бейсенбі 15:00-тен 17:00-ке дейін
|
4
|
Ожигин
Сергей Георгиевич
|
Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор
|
бейсенбі 15:00-тен 17:00-ке дейін
|
5
|
Алпысбаева
Назым Амангазиевна
|
Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор
|
бейсенбі 15:00-тен 17:00-ке дейін
|
6
|
Мусина
Гульназ Нургалиевна
|
Аппарат басшысы
|
бейсенбі 15:00-тен 17:00-ке дейін
|
1.3. Факультеттер
Сәулет-құрылыс факультеті
Байланыс деректері:
Мекенжайы: Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56
Бірінші корпус, 208-кабинет
Қызметтік телефон: 8(7212)56-78-44 (ішкі 2006)
Жеке сұрақтар бойынша қабылдау уақыты: бейсенбі 15:00-тен 17:00-ке дейін
Кафедралар:
«Құрылыс материалдары және технология»
«Дизайн және сәулет»
«Механика»
«Орыс тілі және мәдениеті»
Тау-кен факультеті
Байланыс деректері:
Мекенжайы: Қарағанды қ., Ленин көшесі 72
ҚарМТУ-дың екінші корпусы, 201- аудитория
Қызметтік телефон: 8 (7212) 56-75-88 (ішкі 2025)
Жеке сұрақтар бойынша қабылдау уақыты: бейсенбі 15:00-тен 17:00-ке дейін
Кафедралар:
«Пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу»
«Маркшейдерлік іс және геодезия»
«Кен аэрологиясы және еңбекті қорғау»
«Геология және пайда қазбалар орынын барлау»
Машинажасау факультеті
Байланыс деректері:
Мекенжайы: Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56
Бас корпус, 312-кабинет
Қызметтік телефон: 8(7212)56-54-13 (ішкі 2007)
Жеке сұрақтар бойынша қабылдау уақыты: дүйсенбі, сәрсенбі 15:00-тен 17:00-ке дейін
Кафедралар:
- «Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау»
- «Нанотехнологиялар және металлургия»;
- «Кәсіби оқыту және педагогика»;
- «Шет тілдер».
Байланыс деректері:
Мекенжайы: Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56
№1- корпус, 306-кабинет
Қызметтік телефон: 8(7212)56-59-32 (ішкі 2011)
Жеке сұрақтар бойынша қабылдау уақыты: бейсенбі 15:00-тен 17:00-ке дейін
Кафедралар:
«Көлік техникасы және логистикалық жүйелер»
«Профессор А.Н.Данияров атындағы өнеркәсіптік көлік»
«Қазақ тілі және мәдениет»
«Жоғары математика»
Инженерлік экономика және менеджмент факультеті
Байланыс деректері:
Мекенжайы: Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56
төртінші корпус, 210-кабинет
Қызметтік телефон: 8(7212)56-52-40 (ішкі 2026)
Жеке сұрақтар бойынша қабылдау уақыты: бейсенбі 15:00-тен 17:00-ке дейін
Кафедралар:
- «Кәсіпорын экономикасы және менеджмент»;
- «Инженерлік кәсіпкерлік және маркетинг»;
- «Физикалық тәрбие»;
- «Қазақстан халықтар ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер».
Инновациялық технологиялар факультеті
Байланыс деректері:
Мекенжайы: Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56, бас корпус,
407-кабинет
Қызметтік телефон: 8(7212)56-54-44 (ішкі 1023)
Жеке сұрақтар бойынша қабылдау уақыты: дүйсенбі, сәрсенбі 15:00-тен 17:00-ке дейін
Кафедралар:
- «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік»;
- «Ақпараттық есептеу жүйелері»;
- «Химия және химиялық технологиялар»;
- «Қазақстан тарихы».
Энергетика, автоматика және телекоммуникация факультеті
Байланыс деректері:
Мекенжайы: Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56, бас корпус,
127-кабинет
Қызметтік телефон: 8(7212)56-59-32 (ішкі 1022)
Жеке сұрақтар бойынша қабылдау уақыты: сенбі 10.00-ден 12.00-ге дейін
Кафедралар:
- «Өндірістік процесті автоматтандыру»;
- «Байланыс жүйесінің технологиялары»;
- «Энергетика»;
- «Өлшеуіш техника және аспап жасау»;
- «Физики».
Сырттай және қашықтықтан оқыту факультеті
Байланыс деректері:
Мекенжайы: Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56, 6-оқу корпусы,
415-кабинет
Қызметтік телефон: 8(7212)56-42-33
Жеке сұрақтар бойынша қабылдау уақыты: күн сайын 16.00-ден 18.00-ге дейін.
СҚОФ – бұл ХХІ ғасырдың талаптары деңгейіндегі жоғары сапалы білім беру қызметі. Факультетте «Техникалық ғылымдар және технология»; «Әлеуметтiк ғылымдар және кәсiпкерлiк»; «Бiлiм»; «Көркемөнер»; «Қызмет көрсету» бағыттарын қамтыған бакалавриаттың 35 мамандығы бойынша жылдамдатылған және қысқартылған бiлiм беретiн бағдарламаларымен білім беру қызметін жүзеге асырады.
Оқу мерзімі 3,5 жыл болатын жылдамдатылған бiлiм беру бағдарламасы бойынша оқуға колледждердiң (техникумдардың) бакалавриаттың таңдаулы мамандығына сәйкес келетін орташа кәсiби бiлiмі бар түлектері қабылданады.
Оқу мерзімі 2,5 жыл болатын қысқартылған бiлiм беру бағдарламасы жоғарғы кәсiби білім бар мамандар үшiн жүзеге асырылады.
Институттағы оқу және оқу-әдiстемелiк жұмыс ҚР БҒМ нормативтік құжаттарына толық сәйкестікпен іске асырылады және Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі бақылайды. Оқу процесі білім берудің кредиттік технологиясы бойынша ұйымдастырылған.
СҚОФ барлық мамандықтары бойынша оқу процесі кейстік қашықтықтан білім беру (ҚББ) технологиясын қолданумен қатар жүзеге асырылады, оның негізінде оқытудың белгіленген регламентін сақтай отырып, өзіне ыңғайлы орында және ыңғайлы уақытта оқи алатын студенттің мақсатты және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы болады.
«Колледж-ЖОО» мен екінші жоғары білім жүйесінде үздіксіз білім беруді одан әрі дамыту, Корпоротивті Университет мүшелерiмен кәсiпорындарымен өзара тығыз әрекеттестік қарастырылған.
Сабақтарды ұйымдастыру және өткiзу біліктілігі жоғары профессорлар, доценттер және оқытушылармен, Университеттің жалпы білім беретін кафедраларымен iске асырылады. Сырттай оқу бөлімінің студенттері аптаның кез келген күнiнде кеңес ала алады, дегенмен сенбi сырттай оқу бөлімі студенттерінің ресми күндi болып табылады.
Факультеттің студенттерi кiтапхана, Internet желiсінiң қорларына еркiн қол жеткізе алады, оқу залы, компьютер класстарының қызметтерiн пайдаланады.. 2009/10 оқу жылынан бастап студенттер электрондық түрдегі оқу материалдарымен қамтамасыз етiледi.
Дипломдық жұмысты сәтті қорғағаннан кейiн СҚОФ студенттеріне магистратурадағы білімдерін жалғастыруға мүмкiндiк беретiн бакалавр бiлiктiлiгi бар мемлекеттiк үлгiдегі диплом беріледі.
2. Студенттің құқықтары мен міндеттері
Студент:
білім гранты бойынша және шарт негізінде оқуға;
мамандықтардың жалпыға міндетті стандарттары аясында білім алуға;
белгіленген көлемде стипендия алуға (мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан тұлғалар үшін);
университет жатақханасына тұруға;
жеке траектория шеңберінде оқуға;
өзінің қабілеттілігі мен мүмкіндіктеріне сәйкес білім және қосымша көрсетілетін білім қызметтерін алуға;
оқу жоспарына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
кафедрада профессорлық-оқытушылық құрамның саны жеткілікті болған жағдайда оқытушыны таңдауға;
ҚР БҒМ Бұйрығымен белгіленген тәртіпте бір оқу орнынан басқа оқу орнына, бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысуға және қайта қабылдануға;
жеке пікірлері мен ойларын еркін жеткізуге;
баға жариялығына;
академиялық демалысқа (денсаулық жағдайына байланысты, соның ішінде жүктілік пен босану бойынша);
жоғары оқу орындары арасындағы шарттар негізінде басқа жоғары оқу орындарында жеке оқу пәндерін зерделеуге;
жазғы семестр мерзімінде немесе оқу жылы ішінде академиялық қарыздарын жою үшін пәндерді қосымша зерделеуге;
зертханалық жабдықтарды және компьютерлерді, факультет, кафедра, кітапханалардың ғылыми-анықтамалық материалдарын пайдалануға;
оқу процесі және студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты қамтитын «Анықтамалық-жол көрсеткішпен» қамтамасыз етуге;
қоғамдық ұйымдар арқылы университет қызметі мен студенттік өмірдің маңызды шешімдерін шешуге қатысуға;
университет Жарғысы және тиісті ережелермен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарына мен басқа қызмет түрлеріне қатысуға;
ұйымдастырушы болуға және ғылыми-техникалық шығармашылық орталықтар, кооперативтер, баспа қызметі, ғылыми-техникалық мәселелерді шешуге қатысатын басқа шаруашылық-есептегі ұйымдардың жұмысына қатысуға;
медициналық қызмет көрсету және студенттердің белгілі бір топтары үшін белгіленген басқа жеңілдіктерді алуға;
оқуда, ғылыми-өндірістік пен басқа қызметтердегі табыстары үшін марапаттау және сыйлық алуға, алғыс жариялау, грамотамен, ақшалай сыйлықпен, құнды сыйлықтармен марапаттау және профилакторияларға немесе спорттық-сауықтыру лагеріне тегін жолдама алуға құқылы.
Материалдық марапаттау түрлерін таңдау деканат және кафедра ұсыныстары бойынша жүзеге асырылады.
Бітіруші кафедралардың ұсыныстары бойынша жақсы оқитын студенттер оқытудың жеке кестесіне ауыстырылуы мүмкін.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттарының академиялық ұлтжандылық
КОДЕКСІ
1) Жалпы ережелер
ҚарМТУ студенттері, магистранттары мен докторанттарының академиялық ұлтжандылық кодексі (әрі қарай – КОДЕКС) Қазақстан Теспубликасы азаматтарының Конституциялық құқықтарына, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жариялаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Қазақстан Республикасы тілер туралы», «Ғылым туралы», «Жемқорлықпен күрес туралы» және ҚР басқа нормативтік актілері, ҚарМТУ ішкі нормативтік актілері, сапа саласындағы саясат пен мақсат талаптарына, техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша заңды талаптар мен нормаларға сәйкес әзірленген.
Кодекс Ғылыми кеңестің шешімімен қабылданған және ректордың бұйрығымен бекітілген. Кодекстің негізгі мақсаты – оқушылардың ҚарМТУ стратегиялық дамыту, ҚарМТУ корпоративті мәдениетті мен беделін бекіту мақсатында қабылданған стандарттар мен іскерлік әдеп нормалары процесін сақтауы.
Кодекс ҚарМТУ-дағы оқу, ғылыми және әкімшілік-басқару процесін жүргізудің және субъектілердің өзара әрекетінің әдеби негізгін реттеуге бағытталған.
Университетте білім алу студенттер, әкімшілік пен оқытушылардың арасындағы ынтымақтастық, серіктестік және өзара сыйласымдылық негізінде құрылады.
Мұндай ынтымақтастық студенттердің жалпы қабылданған академиялық әдептілік ережелерін сақтаған кезінде мүмкін болады, ол оқу процесінен ешбір кем емес.
Оқуға деген шынайы және жауапты қарым-қатынас жоғарыда айтылған талаптардың басым критерийі болып табылады. Студент орындайтын академиялық бағдарламаның сапа көрсеткіші ол курстар бойынша бағалары болып табылады, онда студенттердің тек өз бетімен орындалған жұмысы болған жағдайда ғана олардың білімін көрсетеді.
ҚарМТУ-дың академиялық және студенттік қоғамдастығының жауапты мүшесі ретінде қабылдайтын студенттер академиялық қызметтің келесі моральдық және әдеп ережелеріне сәйкес болуы керек:
Университет студенті олардың болашақ кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін терең білім алуға тырысуы керек;
студент адал оқиды, барлық академиялық сабақтарға қатысады, оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады;
студент құрылған академиялық жағдайларда кәсіби білімін, шеберлігін және дағдысын толықтыру, дамыту және қалыптастыру үшін;
студент бақылау сынақтарды, оған қоса бақылауға, курстық жұмыстар мен жобаларға, аралық бақылаулар мен емтихандарға дайындықты өз бетімен және адал тапсырады;
студент аттестациялық сынақтарда, дербес жұмыс орындаған кезде, білім, шеберлік және дағды бақылауынан өткенде үшінші тұлғаға көмек сұрап бармайды;
студент Университеттің оқытушылары мен әкімшілігін алдауға жол бермейді, жалған құжат ұстамайды;
студент басқа студенттермен салыстырғанда оқуда артықшылық алу үшін өзінің жеке таныстарын, туыстарын және қызметтік байланыстарын пайдаланбайды, оқытушылар мен әкімшілікке пара ұсынбайды;
студент оқу процесі уақытында пәнді бұзбайды, материалды қабылдау кезінде басқа студенттерге бөгет жасамайды;
студент практикалық сабақта және дәрісте, жалпы университеттің шараларында оқуға қатысы (байланыс құралы, ойын-сауық және т.б.) жоқ бөтен, бөгет жасайтын заттардан тартынады;
студент сабаққа уақытында келеді;
студент ішкі тәртіпті, Университеттің Жарғысын қатаң сақтайды;
ҚарМТУ студенті плагиатты – басқа адамдардың ойын, идеясын, дәйексөзін және т.б. қайнаркөзге сілтеме жасамай жібермейді, сонымен бірге басқа біреудің жұмысын өзінің жұмысы ретінде тапсырмайды.
2) Студент тәртібінің моральлдық-әдеп қағидалары
Әдеп кодексі Университет студенттер тәртібінің көпшілікке танылған әдеп, мораль, өнегелік нормаларын, оқытушыларға, қызметкерлерге, мемлекет пен қоғамды толығымен алған кездегі құрметке негізделген адамгершілік бағдарын анықтайды.
Кодекс білім алу үшін максимум жайлы жағдай, білім беру аясында жағымды психологиялық ахуал құруға, Университет құндылықтарына қатыстылығын қалыптастыруға бағытталған.
Осы Кодекстің барлық нормаларын жүзеге асырудың басты мақсаты – студенттің қауымдастықтың адамгершілік мәдениетін бекіту.
Университеттің әрбір студенті осы Кодекстің нормаларын орындай отырып Университеттің беделі мен іскерлік абыройын бекітуге өзінің үлесін қосады.
Университет студенті университет аумағында да, одан тыс жерде де Кодексті сақтауы керек.
Студент өзінің іс-әрекетінде тәртіптің келесі рухани әдептің негізгі принциптерін басшылыққа алады:
Адамдарға адамгершілікпен, ізгілікпен қарау. Студент басқа студенттермен, сонымен бірге оқытушылармен, Университет қызметкерлерімен және басшылықпен қарым-қатынасқа түскенде кішіпейіл және сыпайы болуы керек, биязы, өнегелі, шыдамды, орынды мінез танытып, қоршаған ортаға құрмет көрсетуі керек. Қажет болған жағдайда оларға рухани қолдау көрсету керек.
Оқу процесінде қиындықтар туғанда, Университет студенті осы сұрақтардан хабардар кез-келген студенттен көмек сұрай алады. Студент мейірімділік және әділдік заңына сәйкес іс жасауы керек, өйткені қылықтар әдетке айналады.
жеке бас ар-намыс және қадір-қасиетіне құрмет. Студент басқа студенттерді, оқытушыларды және Университет басшылығын, олардың пікірі мен көзқарасын сыйлауы керек. Ол жоғары іскерлік және жалпы мәдениетті сақтауға міндетті. Студенттер арасында қарым-қатынас өзара құрмет, сенім, ынтымақтастық, өзара түсіністік, өзара көмек, бір-біріне деген төзімділік, шыдамдылық принциптерін сақтау – басқа халықтардың салт-дәстүріне төзімділік пен құрмет таныту, әр түрлі этникалық, әлеуметтік топтар мен діни конфессиялардың мәдени және өзге де ерекшеліктерін ескеру негізінде құрылады. Студент ар-намыс пен қадір-қасиетті кемсітудің кез-келген түріне, жеке басқа физикалық және психологиялық қысым көрсетуге, Университет қабырғасында дөрекі, әдепсіз сөйлеуге жол бермеуі керек.
парасаттылық. Студенттердің әңгімелесуінде басқа студенттердің, оқытушылардың, Университет басшылығының кәсіби немесе жеке қасиеттерін көпшілік алдында сынауға, жала жабу мен қорлауға жол берілмейді. Студент басқа студенттермен қарым-қатынаста сабақта туындаған сұрақтар мен қиындықтар және басқа да мәселелер бойынша ақпарат беріп, кішіпейіл әрі әдепті болуы керек. Студенттер мен оқытушылар, Университет басшылығы арасында сенімді қарым-қатынас орнатылуы тиіс. Сенімге студенттің адалдығымен, әдептілігімен қол жеткізіледі.
адалдық. Өз міндеттерін орындау да адал болу; оларды ұқыпты және мәжбүрлеусіз орындау. Әрбір студент Университеттің өкілетті өкілі болып табылатынын естен шығармай, әрқашан кез-келген жерде өз оқу орнын лайықты көрсету, оның оң имиджінің қалыптасуына ықпал ету.
қабылданған міндеттемелерге жауапкершілік пен адалдық. Студент осы Кдекстің тәртіп ережесінің сақталуына жауапты, осыған орай, оның орындалуы үшін барлық қажетті шараларды жасауға міндетті. ҚарМТУ студенті Университет дәстүрлерін құрметтеуі, нығайтуы және көбейтуі керек. ҚарМТУ студенті және түлегі деген атты абыроймен алып жүру, өзінің қылықтарымен Alma mater абыройы мен беделіне нұқсат келтірмеу.
табандылық. Ойын ашық білдіру және оқу-тәрбие жұмыстары мен Университеттің ішкі өмірін ұйымдастыруды жақсартуға байланысты Университет администрациясына, Ғылыми кеңес пен ректоратқа ұсыныстар жасау. Қарым-қатынас барысында сыпайы және кішіпейіл болу.
стиль заңы. Студенттер іскерлік киім үлгісін ұстану, ерсі көрінетін заттар мен макияждан аулақ болуы және әрқашан ұқыпты көрінуі керек. Университеттің ішінде сырт киіммен жүруге тыйым салынады.
әдет заңы (салауатты өмір салты). Шылым шегу арнайы сол үшін бөлінген орында ғана рұқсат етіледі, Университеттің қалған аумағында шылым шегуге тыйым салынады. Спиртті ішімдіктерді ішігу және еліткіш дәрі-дәрмектерді қабылдауға жол берілмейді.
мүлікті сақтау заңы. Студенттер Университет меншігіне ұқыптылық танытады, барлық ғимараттың ішінде тазалық пен тәртіпті сақтайды және Университет аумағында вандализмге жол бермейді.
3) Студенттің кодексті бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік шаралары
Студент Кодексті білуге және сақтауға міндетті. Этикалық нормаларды білмеу және онымен келіспеу әдепсіз қылыққа сылтау бола алмайды.
Студент осы Кодексті сақтамай, қатаң бұзған жағдайда Университет басшылығының алдында, студенттік өзін-өзі басқару органдары алдында жауап береді. Олар тәртіп бұзғандарға тәртіптік және моральдік жазалар қолдануға құқылы.
Студент тәртіптік ықпал ету шараларына келесі түрде тартылуы мүмкін:
ескерту;
сөгіс;
жеке ісіне тіркелетін қатаң сөгіс;
оқудан шығару.
Тәртіптік ықпал ету шаралары ұстаздардың, деканат жетекшілерінің қатысуымен Университет этикасы кеңесінің отырысымен анықталады. Академиялық тәртіпке тән емес кез-келген қылық оқытушымен қарастырылады, ал шешім кафедра меңгерушісінің, деканның қатысуымен қабылданады.
3. Оқу процесін ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз ету
Кітапхана өмірбаяны Тау-кен факультетының ашылуымен бір уақытта 1953 жылы басталады. Жинақ негізін Мәскеу, Ленинград, Днепропетровск және басқа да тау-кен факультеты кітапханаларының айырбас қоры құрады. 1954 жылдың басында кітапхана қоры 12 мың басылымды құрады.
1958 жылы Тау-кен факультетын Политехникалық болып қайта ұйымдастырылуымен және 4 факультеттің пайда болуымен материалдық база айтарлықтай нығайып, оны жинақтау профилі кеңейді.
Кітап қоры арнайы ғылыми-техникалық әдебиетпен елеулі толықты және бұл жағдай оны тек Қарағандыда ғана емес, сонымен қатар Республикадағы ең ірі кітапханалар дәрежесіне жеткізді.
Жылдар мен онжылдықтар өткен сайын кітапхана қызметінің негізгі бағыттары дамыды:
50-60 жылдар – кітапхана қоры қалыптасты, анықтамалық-іздеу аппараттары (каталогтар және картотекалар) құрылды.
70-80 жылдар – анықтамалық-библиографиялық, ақпараттық және әдістемелік жұмыстар дамыды.
90 жылдар – кітапханалық-библиографиялық процестерді автоматтандыру негіздері салынды.
2000 жылдар – жаңа ақпараттық технологиялар енгізілуде, Электронды кітапхана құрылуда және дамуда және ақпараттық әлемдік кеңістікке кіру табалдырығында.
ҚарМТУ кітапханасы – 53 адамнан тұратын штаты бар ең ірі ЖОО кітапханасы. Кітапхананың жалпы көлемі 15 420 шаршы метр, Университеттің 3 корпусында орналасқан, оқу залдарында 700 отыратын орын бар.
Кітапхананың электронды оқу залы
Кітапхана қорында 2 млн. астам оқулық, мерзімдік және ақпараттық басылымдардың 400 жуық атауы бар деп есептеледі. Қор құрамында Университет профилі бойынша оқу, ғылыми, анықтамалық, ғылыми танымал басылымдар, оның ішінде электронды, аудиовизуалды құжаттар, Қазақстан ЖОО-ларының және Университеттің өзінің ғылыми басылымдары, диссертациялар, ҒЗЖ бойынша есептер, сонымен қатар көркем әдебиеттер де бар.
Қор қазынасы қолтаңбалары бар кітаптар, ХХ ғасыр басындағы басылымдар, сирек және шағын кітаптар топтамасы болып табылады.
Жыл сайынғы адамдар келуінің саны 300 мыңға жуық, бір жыл ішінде 500 мыңнан артық кітап және журналдар пайдалануға беріледі, оқырман саны 13 мыңнан артық.
Оқырмандар қызметіне 5 абонемент, 9 оқу залы, Интернетті пайдалануға болатын 2 электронды зал беріледі. Компьютерлер паркі 233-ды құрайды, оның 158-і пайдаланушыларға арналған. Компьютерлер оқу процесіне және студенттерге өзіндік жұмысқа көмек ретінде бағдарламалармен жабдықталған: Microsoft Office 2010, AutoCAD 2009, CorelDRAW Graphics Suite X4, 3ds max 7, Mathcad 14, КОМПАС-3D LT V12 және т.б. Кісі көп жиналатын және ұйымдық талап етілген жерлерде Интернетке қосылудың Wi-Fi аймақтары және Университеттің компьютерлік желісі ұйымдастырылған.
Кітапхана сайтында http://lib.kstu.kz/ кітапхананы, ресурстарды қолдану ережелері туралы, басылым жаңалықтары, кітапхана қорына түскен жаңа басылымдар туралы ақпараттар, виртуалды тақырыптық көрмелер, сонымен қатар мемлекеттік және орыс тілінде оқитын бірінші курс студентінің Электронды портфелі орналасқан.
Кітапхана бүгінде Университеттің Электронды кітапханасына, отандық және шетелдік ресурстарға еркін қосылуды қамтамасыз етеді.
Электронды кітапханаға қосылу ИРБИС Web-модулі арқылы жүзеге асады. Сервистік қызметтер қатарында сканерлеу, ксерокөшірме жасау, электронды әдебиеттерді беру бар.
АБИС ИРБИС 64 бағдарламалық қамтамасыздандыру базасында жұмыс істейтін Электронды каталог (ЭК) оқырмандарға деректердің 13 базасын ұсынады. Олардың арасында: КІТАПТАР (негізгі кітап қорының ЭК), ПЕРИОДИКА (мерзімді басылымның ЭК), Мақалалар, Силлабустар, Цитаталар, Авторефераттар, ҚАРМТУ еңбектері.
Кітапхана Университет басшылығының қолдауымен ғылыми-техникалық ақпарат саласында әлемдік алдыңғы қатарлы компаниялармен бірге қызмет жасайды: Thomson Reuters, Springerlink, Elsevier, ғылыми электронды кітапхана eLIBRARY.RU - ең ірі ресейлік ақпараттық портал, «ЛАНЬ» баспасының электрондық-кітапханалық жүйесі.
Ақпараттық-іздеу жүйелерін еркін пайдалану қамтамасыз етілген: «Технорматив», «Қазақстан Республикасының стандарттары», «Қазақстан патенттері».
Кітап қорын толықтыру үшін Университет профилі бойынша жетімсіз әдебиеттерді цифрлау жүргізіледі. Құжаттарды цифрлаудың меншікті аппараттық-бағдарламалық құрылғылары бар – 4 планшеттік және 1 кітап сканері. Басылымдарды цифрлау кітапхана қызметкерлерінің еңбегімен іске асады.
ҚарМТУ кітапханасы Республикалық ЖОО аралық электронды кітапханалар қатысушысы (РЖАЭК) болып табылады.
Кітапхана – Қазақстан Республикасы ЖОО кітапханалары Ассоциациясының және Қазақстан кітапханаларының ақпараттық консорциумының мүшесі.
Кітапханада кітапханашылар буынымен негізі салынған дәстүрлер берік сақталып келеді.
Құлшыныс пен іске деген шығармашылық тәсілдеме әр қызметкерді өзінше ерекшелейді. Кітапхана ұжымы ЖОО мамандарын даярлауға белсене қатыса отырып, өз күштерін негізгі мәселені шешуге – ақпарат пен білім орталығы болуға бағыттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |