ҚарМТУ – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің білім ордасы
ҚарМТУ студенттеріне арналған
АНЫҚТАМАЛЫҚ-ЖОЛ КӨРСЕТКІШ
«...Мен саналы өмірімнің 20 жылын Қарағанды мен Теміртау қалаларында өткіздім. Қарағанды политехникалық институтында оқыдым...»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
1. ҚарМТУ-да оқуды ұйымдастыру
1.1. Жалпы мәліметтер
ҚарМТУ – Қазақстанда және шетелде кеңінен танымал, көп бейінді оқу-білім және ғылыми кешені даму үстіндегі еліміздің өткен ғасырда іргесі қаланған беделді жоғары оқу орындарының бірі.
Қарағандылық «Политехтің» тарихы мен қазіргі жетістіктері Елбасының қызметімен, оның ғаламдық бастамаларымен және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғырту мәселелері бойынша бағдарламалық мақсаттарымен, оның ішінде жоғары білім беру саласындағы халықаралық стандарттар деңгейіне жетумен тығыз байланысты.
2012 жылғы 1 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне Нұрсұлтан Әбішұлы AlmaMaterге келді, бұған жөнінде ҚарМТУ құрметті қонақтарының кітабындағы өз қолымен қалдырған жазбасы куә: «Мен осы оқу орнында – бүкіл Қазақстан үшін инженерлік кадрлар шеберханасында оқығанымды мақтан етемін».
Университет мұражайында Қарағанды политехникалық университетінің студенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған экспозиция ұқыпты сақталуда. 80 мыңнан астам біздің түлектеріміздің арасында – белгілі саяси қайраткерлер, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге Ресей, АҚШ, Израиль, Германия, Францияда және әлемнің басқа елдеріндегі ғылыми мекемелердің басшылары, мәдениет және білім беру саласының майталман үздіктері бар
Университет Қазақстан Республикасындағы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлар шығаруды жүзеге асырушы және Болон конвенция талаптарына, ҚР мен әлемдік қауымдастықта қабылданған үш деңгейлі білім беру: бакалавриат – магистратура – докторантура бағдарламасына толық шамада жауап бере алатын ірі техникалық жоғары оқу орындарының бірі.
Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасын орындау мақсатында ҚарМТУ базасында Қазақстандағы ең үздік Инженерлік бейіндегі зертханалардың бірі құрылды және инновациялық жүйенің ұлттық субъектілерінің негізгі интеграторы болуға қабілетті және зерттеулер жүргізуде халықаралық стандарттарды алға жылжытуға, халықаралық ғылыми қоғамдастықпен және индустриямен серіктестікті дамыту және нығайтуға мүмкіндік беретін Халықаралық материалтану орталығын ұйымдастыру жүргізілуде.
2010 жылы қазанда Қазақстан мен Франция Президенттерінің шешімімен француздық «ТОТАL» компаниясының қатысуымен ҚарМТУ-да халықаралық деңгейдегі мамандарды және мұнай-газ саласындағы және өнеркәсіптегі дәнекерлеудің қазіргі технологияларының трансфертін даярлауға арналған «Қазақстан дәнекерлеу институты» ҒЗИ ұйымдастырылды. Аталған факультеттің оқыту орталығы базасында «Халықаралық дәнеркерлеуші», «Дәнекерлеу бойынша халықаралық практик» және «IWE халықаралық инженер-дәнекерлеуші» бағдарламалары бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес мамандарды оқыту жүргізілуде.
2008 жылы Университет Қазақстанда алғашқы рет оқу сапасы менеджменті жүйесінің ICO 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне ресертификаттық аудиттен өтті және «Русский регистр» мен IQ NET сертификаттарын алды. ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығы жыл сайын жүргізетін жоғары оқу орындарының тәуелсіз рейтингінде ҚарМТУ республикадағы барлық техникалық жоғары оқу орындарының арасынан құрметті орынға жыл сайын ие болады. Университет - Қазақстандағы «Электрондық Университет» мәртебесі бар алты жоғары оқу орнының бірі.
Халықаралық стандарттарға білім беру процесінің бағдары «білім-ғылым-инновация» үштағаны шеңберінде мазмұнды біріктіруді қамтиды. Осы қазіргі заманғы парадигманы тиімді іске асыру үшін ҚарМТУ-да 50 ҒЗИ-дан, ғылыми зертханалардан және орталықтардан, шағын енгізбелік кәсіпорынды қамтитын ғылыми-техникалық кешен құрылған және табысты қызмет етуде.
2008 жылы республикада аналогы жоқ Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» атты тілдер орталығы құрылды, ол орталықта әрбір ниет білдіруші оқытудың қазіргі заманғы әдістемесі мен құралдары арқылы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгере алады.
2008 жылы 19 маусымда Университет дамуының Кешенді Бағдарламасына сәйкес Қазақстандағы алғашқы инновациялық білім беру концорциумы «Корпоративті университет» құру туралы Келісімге қол қойылды, оның мүшелері - Қазақстанның және Ресей Федерациясының ғылыми және өнеркәсіптік кәсіпорындары. ҚР Білім және ғылым министрлігінің пікірі бойынша Орталық Қазақстан өңірінде Корпоративті университеттің құрылуы, тұтастай алғанда, Қазақстандағы және Қарағанды өңіріндегі қазіргі заманғы әрі өзекті техникалық білім беру болып табылады.
Университет мамандар даярлаудың сапасын және олардың халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі Мемлекеттік Бағдарламаға сәйкес жетекші шетел жоғары оқу орындарымен шығармашылық ынтымақтастықта екі дипломды білім беру бағдарламасын іске асыруда.
ҚарМТУ – ірі ғылыми орталық. Университетте өткізілетін халықаралық, республикалық, өңірлік ғылыми-техникалық конференциялар академиялық таңдаулы топты, жас аспиранттарды, магистранттарды, студенттерді, өңірдегі, республикадағы, ТМД елдеріндегі және шетелдегі ірі кәсіпорындардың мамандарын топтастырады
Университет оқу стандарттарын әзірлеу және инновациялық кәсіпорындар құру бойынша ТЕМПУС халықаралық жобасына қатысады
Словакия мемлекеттік университетімен, Циттау – Гертлитц институтымен (Германия), Болтон университетімен (Ұлыбритания), Рочестерский технологиялық институтымен (АҚШ), Кошица қаласындағы Техникалық университетпен (Словакия), Қолданбалы ғылымдар техникалық университетімен (Вильдау қ., Германия), Томск политехникалық университетімен (Ресей), Урал мемлекеттік техникалық университетімен (УГТУ - УПИ), Киев ұлттық және Тернополь университеттерімен (Украина) және т.б. ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Біздің университет тек білім және ғылым саласындағы табыстарымен ғана емес, сонымен бірге әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру дәстүрімен де танымал, мысалы: «Студент қатарына қабылдау», «Политбой», «Брейн - ринг». Біздің «КТК» командамыз «Астана» КТК аймақтық Лигасының дипломанты болып табылады. Көптеген жылдар бойы көркемөнер үйірмелері, студенттік бірлестіктер жұмыс істейді: «Орфей» студенттер театры мен «Француз пьесасы» театры, «Жастар» театр студиясы; дебат клубы; Қазақстан студенттерінің Альянсы (ҚСА); студенттік өзін-өзі басқару; «Жасыл ел» СҚО; «Ақ ниет» қайырымдылық ассоциациясы; қайырымдылық ассоциациясының мақсаты балалар үйлеріне, мүгедектерге, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға моральдық және материалдық көмек көрсету болып табылады.
Біздің студенттеріміз спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысады: ҚР ЖОО Универсиадасы, «Президенттік миля», «Денсаулық сағаты», спорттың 15 түрінен факультеттер арасындағы спартакиада; спорттың 6 түрі бойынша Ректор Кубогы, «Сергектік және денсаулық» Спартакиадасы. Соңғы жылдары университетте халықаралық дәрежедегі 2 спорт шебері, 18 спорт шебері, 20 спорт шеберіне кандидат, 259 спортшы – разрядшылар жаттықтырылды.
ҚарМТУ-дың, Корпоративті Университеті кәсіпорындарының, Технологиялық колледждің, Жұмысшы мамандықтар орталықтарының қазіргі интеграцияланған білім беру және ғылыми-өндірістік базасы Елбасымен қойылған – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру арқылы елді әлеуметтік жаңарту жаһандық міндетін шешуде 20 қадамды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
ҚарМТУ бірінші проректоры, т.ғ.д, профессор, ҚазҰЖҒА, ҚЖМ ҰҒА, ХАҒА академигі Исағұлов А.З. және машина жасау факультетінің «Металлургия» мамандығының IV курс студенті Насенов Т.Е. «Жылдың педагог-ғалымы» және «Жылдың дипломдық жұмысы» номинацияларында «Алтын Гефест» Ұлттық салалық сыйлығының лауреаттары атанды. Біздің жеңімпаздарымыз 12 номинацияның ішіндегі 2 сыйлықтың лайықты иегерлері. Номинация жеңімпаздарына «Алтын Гефест» және ақшалай сыйлық тағайындалды.
«Алтын Гефест» сыйлығы – 2010 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен ERG компаниясының тұрақты қолдауымен тағайындалған жалғыз кәсіптік марапат. «Алтын Гефест» сыйлығын жауапкершіліктің жоғары сезімі, кәсібилік, жаңашыл рух біріктіретін саланың, компанияның кәсіби мамандары мен жобалар, журналистер, педагогтар иеленеді, бұл қазақстандық ГМК жетістігінің кепілі болып табылады.
ҚарМТУ институционалдық аккредитациядан сәтті өтіп, 5 жыл мерзімге сертификат алды. Іс жүзінде ЖОО барлық білім беру бағдарламалары АРТА мен БСҚА мамандандырылған аккредитациясынан сәтті өтті.
Білім беру бағдарламаларының халықаралық танылуы Еуропадағы Болон процесі аясында әлемдік білім беру жүйесімен ҚарМТУ инженерлік білім беруін біріктіру үшін ынталандыру болып табылады. Университетте әлемнің ірі ЖОО – Луизиана Техникалық университеті (АҚШ), Фрайберг тау-кен академиясы (Германия), Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университеті (Ресей), Ресей халықтар Достастығы университеті, Мәскеу энергетика институты (Ресей) және басқаларымен екі дипломды білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады.
Университет тек инженерлер даярлаудағы жоғары деңгеймен ғана ерекшеленбейді, сонымен бірге оқу процесімен және кәсіпорындардағы өндірістік қызметпен тығыз байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесімен де көзге көрінеді.
СТУДЕНТКЕ ҮНДЕУ
Жоғары оқу орнының түлегі қазіргі заманның сұранысына ие болуға және табысты мансап жасауға мүмкіндік беретін білімнің, практикалық дағдылардың, тұлғалық сипаттамалардың таратушысы болып табылады.
Сіз біздің Университетті таңдай отырып дұрыс таңдау жасадыңыз. Білім өте маңызды әлеуметтік және экономикалық ресурс болып табылады. ҚарМТУ-да білім сапасы біліктілігі жоғары профессорлық-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етіледі. Сабақтар ең үздік мамандарды тарта отырып қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Өзінің қажеттіліктерін табысты іске асыру үшін болашақ мамандықты дұрыс таңдай білу қажет, мамандық бойынша жұмысқа сапалы дайындалу қажет, білім беру процесіне белсенді қатысу керек. Кез келген мамандықтың ең үздік мамандары әрдайым сұранысқа ие болады
1.2. Ректорат
Достарыңызбен бөлісу: |