Справочник путеводитель



жүктеу 2,67 Mb.
бет1/3
Дата25.05.2018
өлшемі2,67 Mb.
#17104
түріАнықтамалық
  1   2   3

ҚарМТУ – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің білім ордасы
ҚарМТУ студенттеріне арналған

АНЫҚТАМАЛЫҚ-ЖОЛ КӨРСЕТКІШ

«...Мен саналы өмірімнің 20 жылын Қарағанды мен Теміртау қалаларында өткіздім. Қарағанды политехникалық институтында оқыдым...»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
1. ҚарМТУ-да оқуды ұйымдастыру
1.1. Жалпы мәліметтер
ҚарМТУ – Қазақстанда және шетелде кеңінен танымал, көп бейінді оқу-білім және ғылыми кешені даму үстіндегі еліміздің өткен ғасырда іргесі қаланған беделді жоғары оқу орындарының бірі.

Қарағандылық «Политехтің» тарихы мен қазіргі жетістіктері Елбасының қызметімен, оның ғаламдық бастамаларымен және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғырту мәселелері бойынша бағдарламалық мақсаттарымен, оның ішінде жоғары білім беру саласындағы халықаралық стандарттар деңгейіне жетумен тығыз байланысты.



1 декабря 2012 года, в День Первого Президента Республики Казахстан, Нурсултан Абишевич посетил Alma Mater, о чем свидетельствует сделанная им собственноручно запись в книге почетных гостей КарГТУ: «Я горжусь, что учился в этом учебном заведении – кузнице инженерных кадров для всего Казахстана».

Университет мұражайында Қарағанды политехникалық университетінің студенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған экспозиция ұқыпты сақталуда. 75 мыңнан астам біздің түлектеріміздің арасында – белгілі саяси қайраткерлер, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге Ресей, АҚШ, Израиль, Германия, Францияда және әлемнің басқа елдеріндегі ғылыми мекемелердің басшылары, мәдениет және білім беру саласының майталман үздіктері бар.

Университет Қазақстан Республикасындағы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлар шығаруды жүзеге асырушы және Болон конвенция талаптарына, ҚР мен әлемдік қауымдастықта қабылданған үш деңгейлі білім беру: бакалавриат – магистратура – докторантура бағдарламасына толық шамада жауап бере алатын ірі техникалық жоғары оқу орындарының бірі.

Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасын орындау мақсатында ҚарМТУ базасында Қазақстандағы ең үздік Инженерлік бейіндегі зертханалардың бірі құрылды және инновациялық жүйенің ұлттық субъектілерінің негізгі интеграторы болуға қабілетті және зерттеулер жүргізуде халықаралық стандарттарды алға жылжытуға, халықаралық ғылыми қоғамдастықпен және индустриямен серіктестікті дамыту және нығайтуға мүмкіндік беретін Халықаралық материалтану орталығын ұйымдастыру жүргізілуде.

2010 жылы қазанда Қазақстан мен Франция Президенттерінің шешімімен француздық «ТОТАL» компаниясының қатысуымен ҚарМТУ-да халықаралық деңгейдегі мамандарды және мұнай-газ саласындағы және өнеркәсіптегі дәнекерлеудің қазіргі технологияларының трансфертін даярлауға арналған «Қазақстан дәнекерлеу факультеты» ҒЗИ ұйымдастырылды. Аталған факультеттың оқыту орталығы базасында «Халықаралық дәнеркерлеуші», «Дәнекерлеу бойынша халықаралық практик» және «IWE халықаралық инженер-дәнекерлеуші» бағдарламалары бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес мамандарды оқыту жүргізілуде.

2008 жылы Университет Қазақстанда алғашқы рет оқу сапасы менеджменті жүйесінің ICO 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне ресертификаттық аудиттен өтті және «Русский регистр» мен IQ NET сертификаттарын алды. ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығы жыл сайын жүргізетін жоғары оқу орындарының тәуелсіз рейтингінде ҚарМТУ республикадағы барлық техникалық жоғары оқу орындарының арасынан құрметті орынға жыл сайын ие болады. Университет - Қазақстандағы «Электрондық Университет» мәртебесі бар алты жоғары оқу орнының бірі.

Халықаралық стандарттарға білім беру процесінің бағдары «білім-ғылым-инновация» үштағаны шеңберінде мазмұнды біріктіруді қамтиды. Осы қазіргі заманғы парадигманы тиімді іске асыру үшін ҚарМТУ-да 50 ҒЗИ-дан, ғылыми зертханалардан және орталықтардан, шағын енгізбелік кәсіпорынды қамтитын ғылыми-техникалық кешен құрылған және табысты қызмет етуде.

2008 жылы ақпанда ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР ҰҒА академигі Арыстан М2уленұлы Ғазалиевтің бастамасы бойынша оқу процесінде қазіргі заманғы білім беру технологияларын енгізу үшін ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Электрондық оқыту технологиялары орталығы (ЭОТО) құрылды.

Осы жылы республикада аналогы жоқ Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үш тұғырлығы» атты тілдер орталығы құрылды, ол орталықта әрбір ниет білдіруші оқытудың қазіргі заманғы әдістемесі мен құралдары арқылы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгере алады.

2008 жылы 19 маусымда Университет дамуының Кешенді Бағдарламасына сәйкес Қазақстандағы алғашқы инновациялық білім беру концорциумы «Корпоративті университет» құру туралы Келісімге қол қойылды, оның мүшелері - Қазақстанның және Ресей Федерациясының ғылыми және өнеркәсіптік кәсіпорындары. ҚР Білім және ғылым министрлігінің пікірі бойынша Орталық Қазақстан өңірінде Корпоративті университеттің құрылуы, тұтастай алғанда, Қазақстандағы және Қарағанды өңіріндегі қазіргі заманғы әрі өзекті техникалық білім беру болып табылады.

Университет мамандар даярлаудың сапасын және олардың халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі Мемлекеттік Бағдарламаға сәйкес жетекші шетел жоғары оқу орындарымен шығармашылық ынтымақтастықта екі дипломды білім беру бағдарламасын іске асыруда.

ҚарМТУ – ірі ғылыми орталық. Университетте өткізілетін халықаралық, республикалық, өңірлік ғылыми-техникалық конференциялар академиялық таңдаулы топты, жас аспиранттарды, магистранттарды, студенттерді, өңірдегі, республикадағы, ТМД елдеріндегі және шетелдегі ірі кәсіпорындардың мамандарын топтастырады.

Университет оқу стандарттарын әзірлеу және инновациялық кәсіпорындар құру бойынша ТЕМПУС халықаралық жобасына қатысады.

Словакия мемлекеттік университетімен, Циттау – Гертлитц институтымен (Германия), Болтон университетімен (Ұлыбритания), Рочестерский технологиялық институтымен (АҚШ), Кошица қаласындағы Техникалық университетпен (Словакия), Қолданбалы ғылымдар техникалық университетімен (Вильдау қ., Германия), Томск политехникалық университетімен (Ресей), Урал мемлекеттік техникалық университетімен (УГТУ - УПИ), Киев ұлттық және Тернополь университеттерімен (Украина) және т.б. ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Біздің университет тек білім және ғылым саласындағы табыстарымен ғана емес, сонымен бірге әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру дәстүрімен де танымал, мысалы: «Студент қатарына қабылдау», «Политбой», «Брейн - ринг». Біздің «КТК» командамыз «Астана» КТК аймақтық Лигасының дипломанты болып табылады. Көптеген жылдар бойы көркемөнер үйірмелері, студенттік бірлестіктер жұмыс істейді: «Орфей» студенттер театры мен «Француз пьесасы» театры, «Жастар» театр студиясы; дебат клубы; Қазақстан студенттерінің Альянсы (ҚСА); студенттік өзін-өзі басқару; «Жасыл ел» СҚО; «Ақ ниет» қайырымдылық ассоциациясы; қайырымдылық ассоциациясының мақсаты балалар үйлеріне, мүгедектерге, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға моральдық және материалдық көмек көрсету болып табылады.

Біздің студенттеріміз спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысады: ҚР ЖОО Универсиадасы, «Президенттік миля», «Денсаулық сағаты», спорттың 15 түрінен факультеттер арасындағы спартакиада; спорттың 6 түрі бойынша Ректор Кубогы, «Сергектік және денсаулық» Спартакиадасы. Соңғы жылдары университетте халықаралық дәрежедегі 2 спорт шебері, 18 спорт шебері, 20 спорт шеберіне кандидат, 259 спортшы – разрядшылар жаттықтырылды.

Ректор А.М. Ғазалиевтің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаев өнегесінде қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың инновациялық моделі әзірленді және табысты енгізілуде.
СТУДЕНТКЕ ҮНДЕУ
Жоғары оқу орнының түлегі қазіргі заманның сұранысына ие болуға және табысты мансап жасауға мүмкіндік беретін білімнің, практикалық дағдылардың, тұлғалық сипаттамалардың таратушысы болып табылады.

Сіз біздің Университетті таңдай отырып дұрыс таңдау жасадыңыз. Білім өте маңызды әлеуметтік және экономикалық ресурс болып табылады. ҚарМТУ-да білім сапасы біліктілігі жоғары профессорлық-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етіледі. Сабақтар ең үздік мамандарды тарта отырып қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.



Өзінің қажеттіліктерін табысты іске асыру үшін болашақ мамандықты дұрыс таңдай білу қажет, мамандық бойынша жұмысқа сапалы дайындалу қажет, білім беру процесіне белсенді қатысу керек. Кез келген мамандықтың ең үздік мамандары әрдайым сұранысқа ие болады.

1.2. Ректорат

Ректор Ғазалиев Арыстан Мәуленұлы — химия ғылымдарының докторы (1991), профессор (1992), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (1994), Нью-Йорк ғылым академиясының толық мүшесі (1995), ҚР «Экология» Халық академиясының академигі, білім, ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мелекеттік сыйлығының лауреаты (2003), ақпараттандыру, ақпараттық процестер мен технологиялар Халықаралық ғылым академиясының академигі (2006), Қазақ Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академисыеың академигі (2009), РФ тау-кен ғылымдары академиясының академигі (2011), ҚР Ұлттық иеженерлік академиясы Қарағанды филиалының төрағасы (2012), Қарағанды қалалық сайлау комиссиясының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы Республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қарағанды облысы прокуратурасы жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қоғамдық Кеңестің мүшесі.


Бірінші проректор Исағұлов Аристотель Зейноллаұлы -  техника ғылымдарының докторы (1999), профессор (2000), Қазақстан Лениндік комсомол сыйлығының лауреаты (1987), Қазақстан Республикасының үздік өнертапқышы (2005), Халықаралық ақпараттандыру академисының академигі (2000), Халықаралық жоғары мектеп ғылымдар академиясының академигі (2003), ҚазЖҒҰА академигі (2009).


Оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Егоров Виктор Владимирович — техника ғылымдарының кандидаты (1975), педагогика ғылымдарының докторы (1995), профессор (1997). 2000 жылы Халықаралық ақпараттандыру академиясының, 2001 жылы Ресей кәсіби білім беру академиясының, 2005 жылы Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының, 2008 жылы Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі ретінде сайланды.

Тәрбие ісі жөніндегі проректор Байжабагинова Гүлжахан Әбжанқызы техника ғылымдарының кандидаты (2006), доцент (2010), Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшесі (2011).
Басшылықтың ПОҚ, қызметкерлер, студенттер, магитсранттар мен докторанттардың жеке мәселелері бойынша қабылдау сағаттары:



Т.А.Ә.

Лауазымы

Қабылдау сағаттары

1

Ғазалиев Арыстан Мәуленұлы

Ректор

сәрсенбі 15:00 - 17:00

2

Исағұлов Аристотель Зейноллаұлы

Бірінші проректор

сәрсенбі, бейсенбі 15:00 -17:00

3

Егоров Виктор Владимирович

Оқу ісі жөніндегі проректор

бейсенбі 15:00 -17:00

4

Байжабагинова Гүлжахан Әбжанқызы

Тәрбие ісі жөніндегі проректор

бейсенбі 15:00 -17:00

1.3. Факультеттер
Тау-кен факультеті


Декан Ожигин Сергей Георгиевич

Техника ғылымдарының докторы. МІжәнеГ кафедрасының түлегі (1984ж.).



Байланыс мәліметтері

Мекен-жайы: Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56, екінші корпус, 201-кабинет

Жұмыс телефоны: 8(7212) 56-54-44, ішкі байланыс 2015

E-mail: gi_kstu@mail.ru

Жеке мәселелер бойынша қабылдау уақыты: дүйсенбі, сәрсенбі 15:00 - 17:00

Кафедралар:



  • «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» (ГжәнеПҚКБ)

  • «Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері» (ПҚІБГӘ)

  • «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» (КАжәнеЕҚ)

  • «Өнеркәсіптік экология және химия» (ӨЭжәнеХ)

  • «Маркшейдерлік іс және геодезии» (МІжәнеГ)

  • «Пайдалы қазбалар кен орындарын қазу» (ПҚКҚ)

  • «Тау-кен машиналары және жабдықтары» (ТМжәнеЖ)


Машина жасау факультеті


Декан: п.ғ.к. Ерахтина Ирина Ивановна

Байланыс мәліметтері

Мекен-жайы: Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56, бас корпус, 312-кабинет

Жұмыс телефоны: 8(7212) 56-54-13

E-mail: i.erakhtina@kstu.kz

Жеке мәселелер бойынша қабылдау уақыты: дүйсенбі, сәрсенбі 15:00 - 17:00

Кафедралар:



  • «Машина жасау технологиясы» (ТМ)

  • «Металлургия, материалтану және нанотехнологиялар» (ММжәнеН)

  • «Шет тілдер» (ШТ)

  • «Дәнекерлеу және құю өндірісі» (ДжәнеҚӨ)

Ақпараттық технологиялар факультеті



жүктеу 2,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау