Справка по проведению воспитательной работы кураторов и ипг



жүктеу 367 Kb.
бет2/4
Дата15.01.2020
өлшемі367 Kb.
#26691
1   2   3   4

Ұран – өзегі алынып, қаққа бөлінген іші қуыс екі ағашты қайта біріктіріп, сырты қайыспен орап жасалады. Дауысы күшті, жуан, алайда 1-2 дыбыстан артық дыбыс бермейді. Ертеде жаугершілікте ұран шақырып, құс салып, аң қамауға қолданылған. Түрік тілдес халықтар арасында ол ұлттық мереке, діни-салт жораларда, мешіт-мазар төбесіне шығып белгі беруге қолданылады. 
Дабыл – ұрып ойнайтын аспап. Оның екі жағы да терімен қапталады. Құлақшалары бар. Ол теріні керіп тұру үшін жасалады. Дабылды саусақпен немесе арнайы жасалатын басы жұмыр шағын таяқшамен ұрып ойнайды. Даусы – терінің жұқа немесе қалыңдығына, терінің қатты немесе орташа керілуіне және арнайы жасалған қорапта сақталуына байланысты болып келеді. Дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді иілуге көнетін ағаштардан жасалады. 
Шыңдауылды ертеде аң-құстарды үркітіп, көптеп үйіріп, қаумалап аулау үшін немесе қуып тосынға түсіру үшін қолданылған. Шыңдауылдың шанағы тұтасымен металдан жасалып, бір жақ беті мал терісімен қапталады. Тері қапталмас бұрын шанақтың ішіне шулы үн беретін сылдырмақ-қоңыраулар немесе темір шығыршақтар тағылады. 
Дауылпаз – халықтық нұсқада жасалатын көне аспап. Ертеде аңшылық, саятшылық, құсбегілік салт-дәстүрлерде қолданылған. Шанағы өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан жасалып, сыртына ғаныштау әдісімен ою-өрнектер салынады. Аспапты таяқпен ұрып ойнайды. Көбінесе халықтық мерекелерде және үлкен оркестр құрамында ойналады.

Басқа ұлттардың музыкалық аспаптар туралы: Кавказ, Орта Азия, Үнді, Еуропа, Америка аспаптары.


4-апта
Тақырыбы 4.

Фортепиано аспабының шығу тарихы. Құрылысы



Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

  1. Фортепиано аспабының тарихы;

  2. Аспаптың құрылысы

Фортепиано аспабының тарихы Батыста ХVIII ғасырдан басталады. Фортепиано дыбыс байлығымен ерекшелінеді. Фортепиано соло, сүйемелдеу, ансамбль, құрамындағы аспап ретінде қолданылады.

Клавиатура мен октавалармен танысу: Фортепиано клавиатурасы ақ және қара клавиштерден тұрады. Ең төменгі (бас) дыбыстар клавиатураның сол жақ бөлігінде орналасқан. Дыбыстар біркелкі жоғарылайды. Әр кейінгі дыбыс алдынғы дыбыстан жоғарылау.

Бір октавада 7 ақ, 5 қара клавиштен тұрады. Әр ақ клавиш өзінің аты бар. Оң жақ до дыбысынан бастап ре, ми, фа, соль, ля, си дыбысымен аяқталады әрі қарай тағы осы дыбыстар қайталанады. До1, До2-арасы октава деп аталады. Фортепиано дыбыс қатары 7,5 октавадан тұрады. Әр октаваның өз аты бар. Ең бірінші октаваның орнын анық жатқа білуі керек.



Сұрақтар мен тапсырмалар

Жаттығу 1:

Дыбыстарды до, ре, ми, фа, соль, ля, си клавиатурада табу және олардың клавишадағы орналасуын есте сақтау.

Б) клавиштер белгіленген тізім бойынша клавиатураға басу: соль, до, ля, ми, си, фа, ре.

Жаттығу 2.

А) клавиатурада октаваларды табу: бірінші, төртінші, үлкен, үшінші, субконтроктава, кіші екінші, контроктава.

Б) клавиатурада келесі дыбыстарды әр түрлі октаваларды табу:

Соль-біріншіде, үлкенде, төртіншіде,

Ми-кішіде, үшіншіде, контроктавада

Фа-үшіншіде, біріншіде, контроктавада

Ля-біріншіде, кішіде, контроктавада

Си-контр октавада, кішіде, үшіншіде

Фа-екіншіде, кішіде, төртіншіде

До-үлкенде, үшіншіде, кішіде.



Жаттығу 3.

Клавиатурада келесі дыбыстарды табу:

до#, фа#, ляь, миь, соль#, ля#, реь,. Белгіленген қара клавиштардың басқа аттарын атаңыз.

5-апта
Тақырыбы 5

Орындаушының отырысы, клавиатурамен танысу



Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Студенттің отырысы;

  2. Қойылым

Студенттің орнықты, әрі ыңғайлы отыруы, қолдарын еркін қимылдатып, саусақтарды дұрыс қоюға үйрету. Қойылым дегеніміз – музыка аспапбында ойнау кезіндегі орындаушының бүкіл денесінің, қолдары мен саусақтарының дұрыс қалыптасып орналасуы. Фортепианолық педагогика ғылымдағы аппаратты қою (постановка аппарата) деп аталатын үрдіс – психомоторлық есте сақтау үстінде музыкалық дыбыстарды біртіндеп анықтау және дыбыс шығарудың негізгі тәсілдерін бекіту болып табылады.

Қол қойылымы – клавиатурада жатады, бірақ қатты басуға болмайды; иықтарды түсіру керек; саусақтар бүгілген және де олардың ұштарымен ойнау қажет. Бұл - дыбысты алудың ең ыңғайлы шарттарымен қамтамасыз етеді. Саусақтар бірінен кейін бірі басқыштарды басып, қимылдар тек ең қажетті (үнемді) болу керек; басқышты соғуға болмайды, оны белсенді қимылмен алу керек. Саусақтар үнемі төмен қарау керек.

Оқытушы оқу кезінде студентің дұрыс отыруына және қолдың аспапта орналасуына бақылауға міндетті. Орындық пен клавиатураның арасы екі қолдың ұзындығына сәйкес болуы керек. Студент өзін тік және еркін ұстау керек. Ойнаған кезде ғана педаль басылады. Иықтар көтерілмеу керек.

Фортепиано аспабымен танысу (жалғасы)

Педализация.

Оң жақ педалінен пайдалану. (Реd немесе P)

А) тіке педаль (дыбыспен бір уақытта басылады)

Б) кешіренген педаль (дыбыстан кейін басылады)

Сол жақ педалі пайдалану una Corda (басу),the corda (жіберу)

Саусақтардың ойын кезінде қойылуы:

І. Саусақтар дөңгеленіп күмбез сияқты тұрады.

ІІ. Басқыштарды саусақтың жұмсақ жағымен басу керек.

ІІІ. Бір де бір саусақ ішке түсіп кетпеуі керек.

ІV. Ойын кезінде саусақтар қара басқышқа жақын қойылады.

Саусақтардың ретімен орналасуы:



  1. Басбармақ-бірінші

  2. Балан үйрек-екінші

  3. Ортан терек-үшінші

  4. Шылдыр шүмек-төртінші

  5. Кішкентай бөбек-бесінші

Сұрақтар мен тапсырмалар

Қолдың қойылуына қажет жаттығулар:

  1. Бірінші топ жаттығулар жеке дыбыстардың аспапты басуынан тұрады. Дыбыстарды, жұмсақ қолдардың нәзік қимылымен 2,3,4 саусақтармен әр қолмен жеке ойнау керек.

  2. Екінші топ жаттығулар олар әр дыбысты әр түрлі октавада жеке қолмен ойнаудан тұрады.

  3. Үшінші топ қос ноталар мен жаттығуы.



6-апта

Тақырыбы 6.

Музыкалық дыбыс қасиеттері және онымен жұмыс



Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

  1. Дыбыстың үндестігінің дұрыс орындалуы;

  2. Музыкалық дыбыс қасиеттері

Дыбыстарды екі түрге бөлуге болады:

1) музыкалық дыбыстар;

2) шулы дыбыстар.

Музыкалық дыбыстардың шулы дыбыстардан айырмашылығы – оның белгілі бір дыбыс тонының, биіктік шегінің болуында, ұзақтығы, күші және тембрі (үн бояуы) бар дыбыстар.

Музыкалық дыбыстарды жазу үшін «нота» шарты қолданылады. Нота (лат., итал., «nota» - «таңба» - деген мағынаны) білдіреді. Музыкалық дыбыстардың биіктігін жазу үшін, ноталық бес сызық қолданылады. Бес сызықтың реттік саны төменнен жоғарыға қарай санала отыра, музыкада қосымша сызықшаларда қолданылады. Нота таңбалары жазылатын бес сызыққа кілт белгісі қойылады, кілттің үш түрі пайдалынады:

1) скрипка (соль) кілті;

2) бас (фа) кілті;

3) альт (до) кілті.

Скрипка (соль) кілті музыкада қолданылатын жоғарғы регистр дыбыстарын жазуға арналған, бас (фа) кілті төменгі регистрдегі дыбыстарды жазуға, ал алть (до) кілті ортаңғы регистрдегі дыбыстарды белгілеуге қолайлы.

Дыбыс шығарушы серіппелі дене тербелісінің жиілігі мен жылдамдығы музыкалық дыбыстың биіктігі деп аталады. Дыбыс күші тербеліс қозғалысына, яғни серіппелі дененің тербеліс ауқымына қарай өлшенеді. Мысалы, дыбыстар боянуына байланысты жұмсақ, қатты, жуан, жіңішке дыбыстар болып анықталады. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін студентті дыбыстың үндестігінің дұрыс орындалуына үйрету керек.

Студенттердің музыкалық – көркемдік қабілеттерін дамыту үшін оларды көркемдік эстетикалық мазмұны жағынан сан-алуан жаңа пьесалармен үнемі таныстырып отыру қажет. Әр түрлі жанрдағы шығармалармен таныстыру, жұмыс жасау.

Сұрақтар мен тапсырмалар
а) дыбыстан немесе тональносте энгармонизм дыбыстарын құра білу;

б) ноталардың әріптік атауларын білу;

в) кез келген дыбыстан альтерация белгілерін ойнау;

г) әр түрлі тональністерде тізімді құрып ойнау: T – S – S6 – D – D6/5 – T.



7-апта
Тақырыбы 7

Лад жүйесі және тональдік



Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

  1. Лад

  2. Мажор. Минор

  3. Гамма

«Лад» сөзінің түбі славян халықтарынан шыққан, «ладить» келісімін тауып, жатық айту, үйлесім табу, жарасу деген мағыналарды білдіреді. Лад жүйесіне енген музыкалық дыбыстар лад басқыштары деп аталған. Музыкада көп – алуан лад кездеседі, соның ішінде өте кең қолданылатындары мажор және минор ладтары.

«Мажор» деген сөз – үлкен, қатты деген ұғымды білдіреді.

Мажорлық ладтың тұрақты дыбыстары үлкен мажорлық үшдыбыстылықты құрады.

«Минор» деген сөз - кіші, жұмсақ деген ұғымды білдіреді.

Минорлық ладтың тұрақты дыбыстары кіші минорлық үшдыбыстықтылықты құрады.

Гамма – жеті дыбыстың тәртіп бойынша тоникадан келесі тоникаға дейін қайталануы. Гаммаға кіретін дыбыстар сатылар деп, рим санымен белгіленеді. Лад басқыштарына гаммадағы жоғарылық орнына қарай атаулар беріліп, басты басқыштардың функциялары (I, III, V) әріптермен белгіленген:

I басқыш – тоника, өйткені ол тоникалық үшдыбыста прима (негізгі тон) болып табылады және тональдіктің өзіндік атауын айқындайды. Мажорда ол бас әріп – Т, ал минорда – кіші «t» әріпімен белгіленеді.

II басқыш – төмен түсетін кіріспе тон.

III басқыш – медианта (ортаңғы) саты.

IV басқыш – субмедианта, мажорда «S» – бас әріппен, ал минорда «s» әрпімен белгіленеді.

V басқыш – доминанта, барлық тұрақты дыбыстардың ішіндегі ең жоғарғысы болып табылады. Мажорда – «Д» бас әріпімен, ал минорда – кіші «d» әрпімен белгіленеді.

VI басқыш – субмедианта (төменгі медианта), өйткені субдоминанта мен тоника аралығында орналасқан.

VII басқыш – жоғары көтерілуші кіріспе саты.

Тоника дыбысымен айқындалатын ладтың орналасуындағы биіктік дәрежесі тональдік деп аталған.

Тональдіктің толық атауы іштей екі компонентті сақтайды:

1) тониканың атауы;

2) ладтың атауы.

8-апта
Тақырыбы 8.

Аппликатура. Этюд. Гамма. Арпеджио. Аккорд



Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

  1. Орындаушылық шеберлік үшін дұрыс қойылған аппликатураның маңызы;

  2. Этюд, гамма, аккорд пен арпеджиолар арқылы студенттің техникасының арттыруы

Аппликатура музыка аспабында айнаған кезде басатын саусақтардың орналасу, алмасу тәртібі және олардың нотадағы белгісі. Орындаушылық шеберлік үшін дұрыс қойылған аппликатураның маңызы өте зор. Кез-келген шығармаларды талдаған кезде студент міндетті түрде аппликатураға көңіл аударуын үйрету. Оқу барысында этюд, гамма, аккорд пен арпеджиоларды студенттің техникасын арттыруы үшін беру керек.

Этюд. Этюдты талдау кезде әр қолдармен жеке арнайы жазылған саусақтар мен жұмыс істейміз. Талдау кезінде студент барлық ұзындықтарды дұрыс санау керек, соң екі қолмен қосылып ойналады, бірден динамикалық белгілер мен жұмыс жасалады. Жұмыс кезінде этюдтың тексті жатқа жатталады. Этюд және гамма до мажор, ля минор техникалық тыңдауда тапсырылады.

Гаммалар. Аспаппен танысып болған соң гамма, аккорд, арпежиолармен танысуға кірісеміз. Жоспар бойынша бірінші семестрде до мажор, ля минор, өтіледі. Гамманы жаттаған кезде жеке-жеке қолдармен арнайы саусақтармен жұмыс жасаймыз. Жеке қолдармен дұрыс аппликатура қойылған соң екі қолмен екі октаваға ойнаймыз.

Арпеджио. Арпеджио жатталар кезде гамма аккорд сияқты жай темп те арнайы саусақтармен жеке-жеке қолдармен жатталады.

Аккордтар. Аккордтарды жаттаған кезде гамманың әдісімен жұмыс жасаймыз. Аккорд терең сенімді алынуы керек. Барлық дыбыстар бірге алынады.
9-апта
Тақырыбы 9

Динамикалық белгілер



  1. Шығармаларда кездесетін динамикалық белгілері;

  2. Шығармаларда кездесетін динамикалық белгілерімен жұмыс жасау

Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы, орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту дәрежесі динамика белгілері (f- форте, Р-пиано, mf-меццофорте, mp-меццопиано, <-crеschendo, >-Diminuendo және т.б.) арқылы көрсетіледі. Шығармаларда кездесетін динамика белгілері мен жұмыс жасау.


10-апта
Тақырып 10

Штрихтар


  1. Штрихтардың (legato, non legato, staccato т.б.) түрлері;

  2. Штрихтардың Қазақстан және шетел композиторларының шығармаларында орындалуы

Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

Штрихтардың (legato, non legato, staccato т.б.) түрлері және олардың Қазақстан, шетел композиторларының шығармаларында орындалуы.


11-апта
Тақырыбы 11.

Полифониялық және күрделі формадағы шығармалар



Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

  1. Музыкалық шығарманы байыбына жетіп талдау;

  2. Оның композициялық құрылымын анықтау;

  3. Музыкалық материалдың мағыналық тұтастығына көз жеткізу;

  4. Жекелеген бөлімдерінің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтау

Мақсаты: Музыкалық шығарманы байыбына жетіп талдау; оның композициялық құрылымын анықтау; музыкалық материалдың мағыналық тұтастығына көз жеткізу; жекелеген бөлімдерінің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтау. Полифониялық шығармаларды өтуі алдына осындай мақсаттарды қояды: бірнеше декламациялық сызықтарды бір уақытта өткізе алу тәрбиесі, полифониялық фортепианолық техниканы, дыбыстық техниканы тәрбиелеу.

Бұл курстың репертуарының маңызды бөлігі -



  • қосымша дауыстық құрылысты халықтық-әндік полифония;

  • әсіресе би жанрдағы ескі пьесалар.

Бұл шығармаларда жоғарғы дауыс басты әуенді , ал төменгісі – бастың дербес сызығын орындайды. Осы шығармалар контрастты полифония тобына жатқызылады. Жұмыс әдістері: бір дауысты студент, басқа дауысты оқытушы орындайды; бір дауысты әндете айтып, басқасын фортепианода орындау; бір дауысты f, екіншісін p орындау және т.б. Басты мақсаты: барлық дауыстардың үнделуі, оларды есту, жүргізу.

Күрделі формалы шығармалардың ішіне сонатина, вариация, соната, рондо жатады. Студент шығарманың әрбір бөлігін, элементін айыра білу қажет: неше бөлімді, қай формада.

Студенттердің музыкалық – көркемдік қабілеттерін дамыту үшін оларды көркемдік эстетикалық мазмұны жағынан сан-алуан жаңа пьесалармен үнемі таныстырып отыру қажет. Әр түрлі жанрдағы шығармалармен таныстыру, жұмыс жасау.

Музыкалық шығарманы байыбына жетіп талдау; оның композициялық құрылымын анықтау; музыкалық материалдың мағыналық тұтастығына көз жеткізу; жекелеген бөлімдерінің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтау. Шығармашылықпен жұмыс уақытында жоғарыда аталған тақырыптарды кеңінен қолдану.



12, 13-апта
Тақырыбы 12, 13

Қазақстан және шетел композиторларының әр түрлі жанрдағы шығармалары



  1. Студенттердің музыкалық-көркемдік қабілеттерін дамыту;

  2. Әр түрлі жанрдағы шығармалармен таныстыру, жұмыс жасау

Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

Студенттердің музыкалық-көркемдік қабілеттерін дамыту үшін оларды көркемдік-эстетикалық мазмұны жағынан сан алуан жаңа пьесалармен үнемі таныстырып отыру қажет. Оның әсері ерекше жоғары әрі ұтымды болады. әр түрлі жанрдағы шығармалармен таныстыру, жұмыс жасау.



Сұрақтар мен тапсырмалар

Классик және қазақ композиторларынан қысқаша мәлімет. Композитордың өмірбаяны, шығармашылық мәліметі. Берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі. Шығармамен танысу.

а) мазмұны, шығарманың характері.

ә) тональдігі, формасы мен жазылу фактурасы.



14-апта
Тақырыбы 14

Нотаны бірден оқу. Ансамбльдік орындау



  1. Музыкалық білімде нотаны бірден оқу маңызды аспектілердің бірі;

  2. Ансамбль

Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

Музыкалық білімде нотаны бірден оқу маңызды аспектілердің бірі. Музыкалық тексті бірден оқу басты әдістемелікті қалыптастыру (музыкалық тексті талдау, көру арқылы алға озу т.б.). Ансамбль. Музыкалық шығарманы орындау үстінде студент басты назарын орындалатын партияның нота материалын оқып игеруге бағыттайды, оқытушы орындайтын партияның орындалуына назар аударып, шығарманың бірдей, үндес шығуын қадағалайды. Мұндай жұмыс процесінде оқытушы мен студент арасындағы өзара байланыстың арнасы кеңейіп, «біртұтас» дүниеге айналады, оқытушы мен студент музыкалық шығарманы игеру жолында бірге қадам жасайды.


15-апта
Тақырыбы 15

Транспозиция. Әуен



  1. Транспозиция тәсілдері

  2. Әуен ұғымы

Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

Транспозиция (латынша transposition – көшіру, орын ауыстыру) деп – музыкалық шығарманы қандай да болмасын бір интервалға жоғары немесе төмен, болмаса бір тональдіктен екінші тональдікке көшіруды айтады. Транспозиция яғни көшіру белгілі бір дауыстың не аспаптың характері мүмкіндігінде музыкалық швғарманың тесситурасы сай келмеген жағдайларда пайдаланылады.

Транспозицияның негізгі үш тәсілі бар:

1) берілген интервал бойынша транспозициялау – барынша кең жайылған әдіс;

2) хроматикалық жарты тонға транспозициялау;

3) кілттерді өзгерту арқылы жасалатын транспозиция қазір сирек қолданылады.

Әуен, гректің melodia - ән айту, өлең, ән, әуез сөзі.

Әуен – музыкалық шығарманың негізі болып табылады, ол жеке өзі көркем бейнені терең де жан-жақты көрсете алады. Әуен шығара білу – композитордың дархан дарыны.

Әуен және тақырып (тема) ұғымдарын ажырата білу қажет. Тақырып шығарманың бейнелік (образдық) мағынасының неғұрлым жарқын да көрнекі жақтарын топтастырады.

Әуендік қозғалыс бағытының әртүрлі құрылымдары ішінен барынша кең таралғандары:

1) интервалдық секірістерден тұратын әуендер;

2) әуендік толқынмен айқын көрінген әуендер;

3) бір ғана дыбысқа қайтып оралатын әуендер.

Әуен дамуының ең жоғары сатысы – оның шиеленісуі шыңы, кульминация – шың деген мағынаны білдіреді.




  1. СОӨЖ және СӨЖ тақырыптары мен мазмұны


СОӨЖ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША
Тақырыбы 1. Музыкалық – теориялық білімнің негіздерін игеру.

Мақсаты: музыкалық – теориялық білімнің негіздерін білу.

Қарастырылытын сұрақтар:

  1. Өлшемдер.

  2. Такт. Затакт.

Бақылау түрі: Ауызша

Әдістемелік нұсқау:

Жай, күрделі және аралас өлшемдерде ұзақтықтарды тәртіпке келтіріп топтастыру. Такт. Такті сызығы. Затакт (толық емес такт). Ұғымдарды білу.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Әбдікәрімұлы Ә. «Музыка теориясының негіздері». – Алматы, 1993.

  2. Вахрамеев В. «Музыка теориясының негіздері» – М., 1983.


Тақырыбы 2 . Тональдіктер. Музыкалық терминдер.

Мақсаты: музыкалық – теориялық білімнің негіздерін білу

Қарастырылытын сұрақтар:

  1. Тональдіктер.

  2. Музыкалық терминдер.

Бақылау түрі: ауызша

Әдістемелік нұсқау:

Музыкалық терминдер тапсырылады. Шығармадағы тоналдікті анықтау.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Әбдікәрімұлы Ә. «Музыка теориясының негіздері». – Алматы, 1993.

  2. Вахрамеев В. «Музыка теориясының негіздері» – М., 1983.


Тақырыбы 3. Музыкалық аспаптар

Мақсаты: Басқа халықтардың және қазақтың халық музыкалық аспаптарымен танысу.

Қарастырылытын сұрақтар:

  1. Басқа халықтардың музыкалық аспаптары

  2. Қазақтың халық музыкалық аспаптары

Бақылау түрі: презентация арқылы жұмыс

Әдістемелік нұсқау:

Музыкалық аспаптармен танысу. Оқу-әдістемелік әдебиеттерден музыкалық аспаптар туралы түсінктер алу.



Қолданылған әдебиеттер:

1.Қазақ энциклопедиясы

2.Закс К., Современные оркестровые музыкальные инструменты, пер. с нем., М., 1932


  1. Вертков К., Благодатов Г., Язовицкая Э., Атлас музыкальных инструментов народов СССР, Л., 1964

  2. Сарыбаев Б., Қазақтың музыкалық аспаптары, А., 1978


Тақырыбы 4. Фортепиано аспабының шығу тарихы. Құрылысы

Мақсаты: Музыкалық тәрбие дегеніміз- музыкалық өнердің ықпалы арқылы баланың жеке басын қалыптастыру – музыкалық ынтасын, қажеттерін, қабылетін, музыкаға эстетикалық көзқарасын қалыптастыру деген сөз.

Қарастырылытын сұрақтар:

  1. Фортепиано аспабының шығу тегі;

  2. Аспап құрылысы

Бақылау түрі: ауызша

Әдістемелік нұсқау:

Фортепиано клавиатурасы ақ және қара клавиштерден тұрады. Ең төменгі (бас) дыбыстар клавиатураның сол жақ бөлігінде орналасқан. Дыбыстар біркелкі жоғарылайды. Әр кейінгі дыбыс алдынғы дыбыстан жоғарылау. Бір октавада 7 ақ, 5 қара клавиштен тұрады. Әр ақ клавиш өзінің аты бар. Қолданылған әдебиеттер:



  1. Әбдікәрімұлы Ә. «Музыка теориясының негіздері». – Алматы, 1993.

  2. Вахрамеев В. «Музыка теориясының негіздері» – М., 1983.

Тақырыбы 5 Орындаушының отырысы, клавиатурамен танысу

Мақсаты: Студенттің орнықты, әрі ыңғайлы отыруы, қолдарын еркін қимылдатып, саусақтарды дұрыс қоюға үйрету. Педальді қолдана алу.

Қарастырылытын сұрақтар:

  1. Студенттің отырысы;

  2. Қойылым

  3. Педализация

Бақылау түрі: көрнекілікпен жұмыс

Әдістемелік нұсқау:

  1. Бірінші топ жаттығулар жеке дыбыстардың аспапты басуынан тұрады. Дыбыстарды, жұмсақ қолдардың нәзік қимылымен 2,3,4 саусақтармен әр қолмен жеке ойнау керек.

  2. Екінші топ жаттығулар олар әр дыбысты әр түрлі октавада жеке қолмен ойнаудан тұрады.

  3. Үшінші топ қос ноталар мен жаттығуы.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Коган Г.М. Работа пианиста. –М.; 1964

  2. Нейгауз Г.Г. Об искусстве фортепианной игры. –М.; 1987

  3. Об исполнении фортепианной музыки Баха, Бетховена, Дебюсси, Рахманинова, Прокофьева, Шостаковича: Сб. Статей/ Под редакцией Л.А.Баренбойма. – М., Л., 1965


Тақырыбы 6. Музыкалық дыбыс қасиеттері және онымен жұмыс
Мақсаты: Хорда жұмсақ дыбыстық атакамен, интонациялық тұрығыда нақты, яғни «подъездсіз» партитура нюансын сақтай отырып айту. Көршінің айтқан әнін тыңдап, жалпы хор дыбысталуына қосылу, симфониялық мүзыканың ерекшеліктері

Қарастырылытын сұрақтар:

  1. Дыбыстың үндестігінің дұрыс орындалуы;

  2. Музыкалық дыбыс қасиеттері

Бақылау түрі: ауызша

Әдістемелік нұсқау:

Музыкалық – көркемдік қабілеттерін дамыту үшін оларды көркемдік эстетикалық мазмұны жағынан сан-алуан жаңа пьесалармен үнемі таныстырып отыру қажет. Әр түрлі жанрдағы шығармалармен таныстыру, жұмыс жасау.



жүктеу 367 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау