Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 139 бұйрығына
8-қосымша
«Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру көрсетілген қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті беруші тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн;
2) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіне тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу туралы хабардар ету (бұдан әрі – төлеу туралы хабардар ету) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.
Құжаттар топтамасын қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) спорттық жарақат алған немесе мертіккен адамның жеке куәлігінің не паспортының көшірмесі;
3) тиісті халықаралық спорттық жарыстарға қатысқанын растайтын құжат;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны берген халықаралық спорт жарыстарында жарақат алу және мертігу бойынша диагнозды көрсете отырып, медициналық қорытынды;
5) спорттық жарақат алған және мертіккен адамды емдеуге және оңалтуға шығын құнын растайтын құжат;
6) есеп шотының бар болуы туралы анықтама.
Қабылдаудың растау көрсетілетін қызмет берушінің кеңседе құжаттар топтамасының қабылдау мерзімі және күні көрсетіп қағаз нысанында өтініште белгі және тіркеу болып табылады.
9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
«11. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрліктің басшысына беріледі, байланыс телефондары: 8 (7172) 740429, 740454.»;
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні).
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Жеке тұлғаның шағымында, оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 741100, 741394 телефондары арқылы не Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы анықтамалық қызметтен алуға болады.
«Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
Нысан
Кiмге ___________________
Кiмнен _________________
Өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін
өтiнiш
Сiзден _______________________________________________________
_____________________________________________________________
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:
1) ___________________________________________________________
2) ___________________________________________________________
3) ___________________________________________________________
4) ___________________________________________________________
5) ___________________________________________________________
___________ _____________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы «___» ____________
Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы «___» _____________
______________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Достарыңызбен бөлісу: |