Сөзіммен халқым амал қылсын десең, Амал қыл өз сөзіңмен əуел өзің!


29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708) redakciyabayantau@mail.ru 4



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет7/12
Дата25.05.2018
өлшемі0,56 Mb.
#17370
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

4

29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)

redakciyabayantau@mail.ru

4

29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)

redakciyabayantau@mail.ru

Баянтау


лығы  тауарын  өндірушілерді  қолдау 

мақсатында  асыл  тұқымды  мал  ша-

руашылығын  дамытуға,  мал  шаруа-

шылығы өнімдерінің өндірісін көбей-

ту, сапасы мен бəсекеге қабілеттілігін 

арттыру үшін жыл сайын республика-

лық бюджеттен қомақты субсидиялар 

бөлінетіні белгілі. Ауданда бұл бағыт-

та  бір  жылда 269 бас  асыл  тұқымды 

мал сатып алғаны үшін 61 шаруа қо-

жалығы,  ал  бордақылау  алаңына 31 

бас еркек төл тапсырғаны үшін 1 ша-

руа қожалығы, ірі қара малға тұқым-

дық  асылдандыру жұмысын жүргізіп 

отырған 118 шаруа  қожалығы  субси-

дияға ие болған. 

Саланы  өркендетуді  көздеген  «Сы-

баға», «Құлан», «Алтын асық», «Жа-

йылымды  сумен  қамтамасызданды-

ру»  бағдарламалары  бойынша  да 

жүйелі  жұмыстар  жүргізілген.  Қа-

зақстан  Республикасының  үдемелі 

индустриалды-инновациялық  мемле-

кеттік  бағдарламасы  аясында  «МТС 

Жайма»  ЖШС-і  «Малшаруашылығы 

кешенін  құру»  инвестициялық  жо-

басын іске асыруда.  Сонымен қатар, 

«Артези» ЖШС-і 2015-2016 жылдар-

ға  арналған  «Минералды  су  өндіру 

жəне  құю»  жобасы  бойынша  жұмыс 

жүргізуде. 

Ауданда  білім  саласында  заманға 

сай білім беру жүйесі мықтап қалып-

тасып  келеді.Білім  беру  ошақтарын 

оңтайландыруға  байланысты  аудан 

орталығындағы  Ш.Айманов  атында-

ғы  қазақ  гимназия-мектебі  мен  Бая-

науыл жалпы орта білім беру мектеп-

интернаты  біріктіріліп,  Ш.Айманов 

атындағы жалпы орта білім беру мек-

теп-интернаты  (гимназия  сыныпта-

рымен)  деген  атаумен  іске  қосылған. 

12 жылдық білім беру моделіне көшу 

мақсатында  республика  көлемінде 

30  пилоттық  мектептердің  қатарына 

Баянауыл  ауданының  №1  Майқайың 

ЖОББ  мектебі  енген. 2014-2015 оқу 

жылында  Ұлттық  Бірыңғай  тестілеу-

дегі  көрсеткішті  жақсарту  үшін  қыс-

қы жəне көктемгі демалыс кезінде Ш. 

Айманов атындағы жалпы орта білім 

беру  мектеп-интернатының  базасын-

да  Павлодар  мемлекеттік  педагоги-

калық  институты  оқытушылардың 

дəріс  оқуы  ұйымдастырылған. 2016 

жылдың 4-9-шы қаңтары аралығында 

11-ші  сынып  түлектері  үшін  ҰБТ-ға 

дайындық бойынша бұл шара жалғас-

тырылды. Сонымен қатар, ҰБТ-ға да-

йындықта 10 бағыт  бойынша  жұмыс 

алға қойылған. 

Денсаулығын сақтау саласы бойын-

ша ауданда 57 орынды аудандық ауру-

хана, 30 орынды  туберкулезге  қарсы 

емдеу  ауруханасы, 13 орынды  Май-

қайың кентінің учаскелік ауруханасы, 

3 ФАП, 6 ауылдық округте дəрігерлік 

амбулаториялар,  аудан  орталығында 

1  емхана, 20 елді  мекенде  медици-

налық  пункттер  жұмыс  істейді. 2015 

жылы  Бірлік,  Құндыкөл  жəне  Жаңа-

жол  ауылдарына 3 жедел  жəрдем  ав-

токөліктері берілген. Сонымен қатар, 

заманауи  медициналық  қондырғылар 

ультра  дыбыс  диагностика  аппараты 

жəне биохимиялық  анализатор жаңа-

дан алынды.   

Мəдениетке  тоқталар  болсақ,  мə-

дени  шаралардың  дені    айтулы  да-

таларға  байланысты  өтті.  Сонымен 

бірге,  Баянауыл  ауылында  «Славян» 

орталығы  құрылды.  Аудан  орталы-

Бұқара мен билiк арасындағы ашық диалог

О.А.ЖЕЛЬВИС, аудандық мəслихат депутаты:

Кент ішілік сумен қамту тораптарына жөндеу жа-

сау жұмыстары 2010 жылдардан басталған еді. Өт-

кен жылы қаржылық қиыншылықтарға байланысты 

бұл жұмыстар тоқтап қалды. Ендігі кезекте бұл ша-

руалар алдағы уақытта жалғасын таба ма?

Кентте  тұрмыстық  қалдықтарды  төгуге  арналған 

қоқыс  төгу  алаңы  бар.  Бірақ,  осы  алаң  орналасқан 

жер  телімінің  мемлекеттік  актісі  жоқ.  Бюджет  қар-

жысы  арқылы  жер  учаскесінің  құжатын  реттеуге 

бола ма?

Н.КҮЛЖАН, Баянауыл ауданының əкімі: 

Кентішілік су қамту тораптарына жөндеу жұмыс-

тарына 110 млн.  теңге  қаражат  қажет.  Бүгінде  бұл 

мəселе бақылауда. 

Қоқыс төгетін алаңның құжатын реттеу үшін 320 

мың теңге қаржы қарастырып, осы жылдың 1 шіл-

десіне дейін реттеуге тырысамыз.

Н.МАРКС, № 1 ЖОББ мектебінің мұғалімі:

Кентіміздегі  жас  мамандарды  баспанамен  қамту 

қалай жүзеге асырылмақ. 

Н.КҮЛЖАН, Баянауыл ауданының əкімі: 

Жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету ба-

ғытында  жоспар  бойынша  арнайы  жер  белгіленіп, 

24 пəтерлі екі қабатты тұрғын үй салуды жоспарлап 

отырмыз.  Алайда,  қаржылық  тапшылыққа  байла-

нысты бұл құрылыс та кейінгіге қалдырылып отыр. 



Т.МАУЫТОВ, зейнеткер:

«Кенші»  мəдени-сауық  орталығы  жанындағы  ор-

талық  саябаққа  абаттандыру  жұмыстары  жүргізіле 

ме?


Н.КҮЛЖАН, Баянауыл ауданының əкімі: 

Абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жергілікті 

жерден  түскен  салықтардың  қаржысына  жергілікті 

əкімшілік жүргізеді. 

            

Ж.ИГУБАЕВА, «Шағала»  балабақшасының 

тəрбиешісі:

Көп қабатты үйлердің төменгі қабатындағы жылу 

жүйесін тұрғындар өз еркіндерімен қалай болса со-

лай өздеріне бұрып, жылу жүйесінің тəртібін бұзуда. 

Сондықтан осыны қадағалап бақылайтын инспектор 

маманын қоюға бола ма?



Н.КҮЛЖАН, Баянауыл ауданының əкімі: 

Мəселе  бойынша  арнайы  маманды  табатын  бо-

ламыз.  Тұрғын  үй,  коммуналдық  шаруашылы-

ғы,  жолаушылар  көлігі  жəне  автомобиль  жолдары 

бөлімінің басшысына ағымдағы жылдың 1 ақпаны-

на дейін конкурс жариялап инспектор маманын жұ-

мысқа алуға тапсырма беремін.  

 

 



Л.ВОЕВОДИНА, зейнеткер: 

Тұрмыстық қалдықтарды төгетін жалғыз көлік қо-

қыстарды  төгуге  үлгермей  жатыр.  Сол  себептен  де 

екінші арнайы көлік сатып алу мəселесі туындауда.



Н.КҮЛЖАН, Баянауыл ауданының əкімі: 

Қоқыс  төгуге  арналған  жəшіктер  мен  көлікті  са-

тып алу өңірдің кешенді даму жоспарына енгізілген. 

Бірақ, қаржылық тапшылыққа байланысты кейінгіге 

қалдырылып отыр. 

        


М.ƏБЕНОВ, зейнеткер:

Кентімізде  су  тартылып,  жылу  мəселесі  шешіліп 

жұмыстар жүргізілуде, ал жолдарға жөндеу жұмыс-

тары жүргізілмей жатыр. Не себептен?



Н.КҮЛЖАН, Баянауыл ауданының əкімі: 

Жолдарды жөндеу жұмыстары Майқайың кентінің 

тірек елді мекенін дамытудың 2014-2018 жылдарға 

арналған  кешенді  жоспары  бойынша 2017 жылы 

автомобиль  жолдарына  орташа  жөндеуге  жобалық-

сметалық  құжаттары    əзірленіп, 2018 жылы  жол 

белгілерін құрумен бірге  жолдарға орташа жөндеу 

жұмыстары жүргізуі жоспарлануда.

 

 

С.ШОЙЫНБАЕВА, жұмыскер:



Пионер көшесі 25, 27 үйлердегі жылу жүйесіндегі 

орнатылған сорғышты есептеуішке қойып беруіңізді 

сұраймын.

Н.КҮЛЖАН, Баянауыл ауданының əкімі: 

Сұрақ бақылауға алынып, жұмыс барысында жа-

салынады.

ғында атақты кинорежиссер, ұлы тұл-

ға  Ш.Аймановқа  арналып,  ескерткіш 

бой  көтерді.  Аудан    көркемөнерпаз-

дар  ұжымдары  халықаралық,  рес-

публикалық  жəне  өңірлік  байқаулар 

мен фестивальдарға белсене қатысып 

жүлделі орындарға ие болды. Көрші-

лес 

облыстардың 



аудандарымен 

тəжірибе  алмасу  аясында  Қарағанды 

облысының  Қарқаралы  ауданымен 

тығыз  қарым-қатынас  орнады.  Сон-

дай-ақ,  аудан  өнерпаздары  көршілес 

Ресей  мемлекетінің  Новосібір  облы-

сы, Краснозерск ауданында өнер  көр-

сетіп келді. 

Салауатты  өмір  салтын  ұстанып, 

спортпен  шұғылданатындар  саны 

жылдан  жылға  көбеюде. 2015 жылы 

спорт  шеберіне  үміткер  норматив-

терін 7 спортшы,  І-ІІ-ІІІ  разрядты 

спорттық  нормативтерін 36 спортшы 

орындаған.  Аудандық  деңгейде  бар-

лығы 70 спорттық іс-шаралар өткізіл-

ген. 

Баянауыл ауданы аумағындағы əсем 



табиғат  көріністері  талайды  тамсан-

дырмай  қоймасы  белгілі.  Сол  себеп-

тен де өңір туристік кластерді дамы-

туға өзінен өзі сұранып-ақ тұр. Десек 

те  қазіргі  заманда  ел  экономикасы-

ның  ең  перспективті  бағыты  болып 

саналатын  саланы  баянауылдықтар 

мықтап  қолға  алған  секілді.  Себебі, 

жылдан жылға киелі мекеннің туризм 

саласының  бойына  қан  жүгіріп,  ең-

сесі көтеріліп келе жатыр. 

Ауданда  мемлекеттік  ұлттық  таби-

ғи  паркі  туризмді  дамыту  саласында 

көптеген жұмыстар атқаруда. Демалу-

шыларды  өлке  тарихымен  танысты-

ру  мақсатында 11 туристік  маршрут 

қызмет  атқарды.  Алдағы 2016-2017 

жылдары    Баянауыл-Қалмақ  қырған, 

Баянауыл-Жаяу Мұса  мен  Баянауыл 

-Бұхар  жырау  кесенелеріне  баруды 

туристік  маршрутқа  қосу  жоспарла-

нуда. 


Павлодар  облысындағы  туристік 

кластерді  өркендетудің 2015-2020 

жылдарға  арналған  бас  жоспарының 

негізінде  «Баянауыл»  ұлттық  табиғи 

паркінің  аумағында  əлемдік  стандар-

тарға сəйкес келетін қос бірдей дема-

лыс  кешенінің  құрылысы  басталды. 

Жасыбай  аумағында  «Жаңа–Баян» 

ЖШС-і    жыл  бойы  бір  мезетте  200 

адамды  қабылдауға  арналған  қос  қа-

батты  20 қонақ үй құрылысын баста-

ды.  Сонымен  бірге,  демалушыларға 

аттар  мен  велосипедпен  серуендеу, 

сонымен  қатар  экскурсия-

лық  қызмет  ұсынылмақ. 

Оған 


қоса, «Жұлдыз» 

ЖШС-і  аталмыш  аумақ-

та  ағаштан 8 қос  қабатты 

коттедж    жəне 4 қабатты 

130  орындық    қонақ  үйін, 

3  монша  саунасымен    са-

луда,  бұдан  басқа  жазғы 

кафе, қыс мезгілінде конь-

ки  мен  шаңғы  тебу,  жазғы 

уақытта  адамдарға шомы-

луға арналған  құрал жаб-

дықтармен қамтамасыз ету 

қызметін  көрсетуді  жос-

парлауда. 

Ауданда құқықтық тəртіпті жетілді-

ру  жəне  қоғамдық  қауіпсіздік,  аза-

маттардың құқығы мен бостандығын 

қамтамасыз  ету  мақсатында  атқары-

лып жатқан жұмыстар жетерлік. 

Əлеумет сауалы-əкім 

жауабы

Есептік  кездесу 20-сы  күні  түстен 

кейін  Шөптікөл  ауылдық  округінде 

жалғасты. Елді мекен бойынша атқа-

рылған  жұмыстар  тізбегін  Шөптікөл 

ауылдық  округінің  əкімі  Бекболат 

Ізбастин  жіліктеп  берді.  Бұдан  соң 

аудан əкімі Н.Күлжан ауданда жасал-

ған жұмыстарды саралады. Баяндама 

жалғасы көпшілік қауымының сұрақ-

тарына ұласты. Зейнеткер Р.Кəрімова 

ауылдық  округтегі  мектеп  автобусы-

ның  тозығы  жеткендігін  айтып,  ескі 

автобусты  жаңасына  ауыстырып  бе-

руді  сұрады.  Аудан  əкімі  мəселенің 

оңтайлы  шешімін  табуға  тырыса-

тынын  жеткізді.  Тағы  бір  зейнеткер 

Н.Лунева  ауылдық  округ  əкімдігі 

ғимаратының  жөндеу  жұмыстарын 

қажетсініп  тұрғандығын  баяндады. 

Нұрлан  Мұқатайұлы  осы  сұрақ  бо-

йынша  да  шешудің  амалдарын  қа-

растыратындығын  айтты.  Зейнеткер 

К.Зиятдинов  Шөптікөл  ауылдық  ок-

ругінде өткен 2015 жылы көптеген игі 

істер  атқарылғанын  атап  өтіп,  аудан 

жəне ауылдық округ əкімінің жұмыс-

тарына оң бағасын берді. 



Əкім мен халық етене 

болса... 

Қызылтау  ауылында  есеп  берген 

аудан  жəне  ауыл  əкіміне  тұрғындар 

істелген  істерге  оң  бағаларын  беріп, 

көкейлерінде  жүрген  сауалдарын 

жолдады.  Атап  өт-

кенде, 

зейнеткер 



К.Боканов  бұқара 

мен  биліктің  ара-

сындағы  байланыс-

тың маңыздылығын 

айта  отырып,  тізгін 

ұстаған  басшылық-

тың жұртшылықпен 

санаса  жұмыла  жұ-

мыс  жасауы  үлкен 

нəтижелерге  жете-

лейтінін жеткізді. 

Мəдениет  үйінің 

күзетшісі,  көп  ба-

ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ  –



(Басы 1-ші бетте)


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау