2
29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)
redakciyabayantau@mail.ru
2
29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)
redakciyabayantau@mail.ru
Баянтау
Мен Парламент Мəжілісі депутаттарының өкі-
леттігін мерзімінен бұрын тоқтату жəне жаңа сайлау
тағайындау туралы ұсынысын талдап қарадым.
Бұл күндері менің атыма бастамаға қолдау көр-
сеткен көптеген хаттар мен жеделхаттар келіп
түсті. Кезектен тыс сайлау өткізу қажеттігі туралы
пікірді саяси партиялар мен кəсіподақтар, үкіметтік
емес ұйымдар, кəсіпорындардың, мекемелер мен
оқу орындарының еңбек ұжымдары құптады. Сон-
дай-ақ оған ардагерлер мен жастардың ұйымдары,
бизнестің, ғылыми жəне шығармашылық зиялы
қауымның өкілдері, көптеген жеке азаматтар қол-
дау білдірді. Менің атыма келіп түскен бұл үндеу-
лерде келтірілген барлық дəлел-дəйектемелер маған
түсінікті. Оларда елге деген қамқорлық, саяси нау-
қанды тездетіп аяқтауға жəне қойылған міндеттерді
іс жүзіне асыруға кірісуге деген қажетсіну бар.
Бүгінде біздің ел күрделі жаһандық саяси жəне
экономикалық үдерістерге тартылып отыр. Энер-
гия қуатын беретін өнімдер бағасының құлдырауы
нəтижесінде көптеген елдерді жайлаған экономика-
лық дағдарыс бүкіл əлемдік экономикаға жəне оның
ажырамас бөлігі ретінде біздің елімізге де елеулі ық-
пал етуде. Осы бір қиын уақыт ел алдына өте күрделі
міндеттер мен сын-қатерлерді тосып отыр.
Халықаралық ахуал да күрделене түсті. Жетекші
мемлекеттер арасындағы қайшылықтар ұлғайып,
олардың санкциялық текетіресі күшейе түсуде. Са-
рапшылардың көпшілігі əлемдік державалар ара-
сындағы келіспеушілік «қырғиқабақ соғыс» аяқ-
талғаннан бері дəл қазіргідей ушығуға жетпеген еді
деген пікірде. Осындай жағдайда өңірлік жанжал-
дардың жаңа ошақтары пайда болуда. Террорлық
қатер де ұлғайып келеді. Босқындардың жаһандық
толқыны планетаның жаңа өңірлерін бірінен соң
бірін басып қалуда. Əлемдік сауда көлемі төмендеп,
қор нарықтары құлдырауда. Іс жүзінде əлемнің бар-
лық валюталары девальвацияға ұшырады. Осының
бəрі өңірлік жəне ұлттық экономикаларға теріс ық-
палын тигізеді.
Əлемнің жаңа бет-бейнесі қалыптасып келеді, ол
жөнінде мен халыққа таяудағы Жолдауымда айт-
тым. Бұл дегеніміз индустрияландыруды, шағын
жəне орта бизнесті дамытуды белсенді жалғастыра
отырып, шикізат бағасы төмен жағдайда өмір сүруге
бейімделуді білдіреді. Осы бір күрделі ахуалда біздің
бəріміз үшін ең маңыздысы – ысырапсыз өмір сүру,
ресурстарды үнемдеу, жұмыс орындарын сақтау
екенін түсіну. Үкімет пен Парламентке бұл жағдайда
бірлесіп, жинақы жұмыс істеп, жедел шешім қабыл-
дау қажет. Біздің халқымызға бұрынғыша бірігіп,
осы күрделі уақытта кез келген ықтимал арандату-
ларға, қажет болса, заңнамалық тұрғыдан тойтарыс
беру керек. Ол жағдайдың нашарлауына кінəлілерді
іздеп, саясиландырғысы келетіндерге де қатысты.
Бұл – жаһандық үдеріс, оған бірде-бір ел, соның
ішінде Қазақстан да ықпал ете алған жоқ. Сондық-
тан бəріміз топтасып, бір-бірімізге көмектесуіміз
керек. Қазір елдің əрбір азаматының патриоттығы
сынға түсуде. Бізде тағдырға мойынсұнып, əйтеуір
бір уақыттары бəрі орнына келетініне, мұнай баға-
сы көтеріліп, жағдайдың жақсаратынына үміттеніп
отыруға уақыт жоқ.
Бүгінде кез келген жаһандық сын-қатерге үнемі
жүйелі əрі алдын ала жауап беру жəне тиісті ша-
ралар қабылдау маңызды. Бізге «Қазақстан-2050»
Стратегиясының бағытын жалғастырып, дағдарыс-
қа қарсы бағдарламаны іске асыру, Ұлт Жоспарын
орындау керек. Мыңдаған азаматтарымызға жұмыс
бере отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасын белсенді
жүзеге асыру қажет. Үкімет, министрлер мен барлық
деңгейдегі əкімдер бұрынғы дағдарыс тəжірибесі
мен инфрақұрылымдық құрылыс мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, жұмыс орындарын ұсыну арқы-
лы шығындарды қысқарту, аппаратты оңтайландыру
үшін резервтер іздестіруі тиіс.
Халыққа Жолдауда мемлекетті, экономика мен қо-
ғамды терең жаңғырту, бюджет саясатын үнемдеу,
ұсынықтылық жəне қайтарымдылық қағидаттары
негізінде оңтайландыру жөнінде ауқымды міндеттер
қойылды. Парламенттің қазіргі құрамы Ұлт Жос-
парына сəйкес, өнімді жəне ауқымды заң шығару
жұмысын атқарды. Ендігі жұмыс Үкімет пен елдің
барлық атқарушы органдарына, сондай-ақ бизнес-
қоғамдастыққа тиесілі. Дағдарысқа қарсы шаралар
мен Ұлт Жоспарын дер кезінде жəне сауатты жүзеге
асыру солардың тиімді жұмысына байланысты бола-
ды. Бұл біздің елімізді əлемдік қоғамдастық алдын-
да тағы да биіктетіп, инвестиция тартады, елімізге
деген сенімді нығайтады. Біз мұны жасауға тиіспіз.
Қазір біздің қоғамымыз 1991 жылы мүлдем бейта-
ныс ахуалға тап болған кездегідей абдыраған адам-
дар тобы емес. Біз Тəуелсіздіктің ширек ғасырға
жуық абыройлы жолын жүріп өттік. Біз жасампаз
еңбекте шыңдалып, табысты, қалыптасқан жəне
əлемге сыйлы мемлекет құрған біртұтас халыққа ай-
налдық. Мен депутаттардың бастамасын Қазақстан
мен қазақстандықтардың тағдырына отаншылдық
тұрғыдан қамқорлық танытудың көрінісі деп қабыл-
даймын. Мəжілістің кезектен тыс сайлауы (оның
ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының да депу-
таттары бар) жəне өңірлік мəслихаттардың кезекті
сайлауы бірге өтуі уақытты да, қаржыны да үнем-
дейді. Барша депутаттарға мемлекетшіл ұстанымы
мен аса жоғары тарихи жауапкершілік танытқаны
үшін алғысымды айтамын.
Ел Конституциясының талаптарына сəйкес, мен
Парламент Палаталары төрағаларымен, Премьер-
Министрмен жəне Конституциялық Кеңес төраға-
сымен кеңестім. Ақылдаса келіп депутаттардың бас-
тамасын қолдау туралы шешім қабылданды. Билік
саласы өкілдері құрамының жаңартылуы еліміз бен
халқымыздың мүддесіне сай келетіндігіне сенімім
кəміл. Саяси партиялар күн тəртібіндегі міндеттерді
түсіне білетін сауатты, іскер жəне ел мүддесіне адал
кандидаттарды ұсынуға тиіс. Бүгін мен Бесінші ша-
қырылымдағы Парламент Мəжілісінің өкілеттігін
мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол
қойдым. Мəжілістің кезектен тыс сайлауы 2016
жылғы 20 наурызға белгіленді.
Бүкіл қазақстандықтарды, қоғамның барлық
əлеуметтік топтарын уақыт талап еткен шешімді
қолдауға үндеймін. Баршаңызды сайлауға белсене
қатысуға, еліміздің болашағы жолындағы тұтасты-
ғымыз бен бірлігімізді тағы да танытуға шақыра-
мын. Конституцияның кепілі ретінде Орталық сай-
лау комиссиясына жəне барлық өкілетті мемлекеттік
органдарға алдағы сайлауда заңдылықты, ашықтық-
ты жəне əділеттілікті қамтамасыз етуді тапсырамын.
Дауыс беру науқаны жəне сайлау күрделі кезеңде
ұлтты ұйыстырып, біздің Қазақстанымызды жаңа
белестерге алып шығуға көмектеседі деп сенемін.
Баршамыздың бір ғана мақсатымыз бар, ол мақ-
сат – халық пен елдің игілігі! Бəріміз Қазақстанның
өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп, бар күш-жі-
герімізді жұмсаймыз. Біз бірлесе отырып, бүгінгі
заман алдымызға тосып отырған барша қиындықтар
мен сын-қатерлерді міндетті түрде еңсеретін бола-
мыз. Мен барша қазақстандықтарды, барлық саяси
партияларды біздің ортақ шаңырағымыздың тағды-
рына жауапты қарауға жəне Отаншылдығымызды
нығайта түсуге шақырамын. Тəуелсіздіктің ширек
ғасырлық мерейлі белесін мызғымас бірлікпен қар-
сы алайық!
Астана, Ақорда,
2016 жылғы 20 қаңтар.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 5-ші шақырылымдағы Парламент
Мәжілісін тарату туралы Жарлыққа қол қоюына, сондай-ақ ҚР Парламенті
Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындауға байланысты
ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІ
Баянауыл аудандық «Баянтау»
газетінің редакциясы 2016 жылғы
сайлау кезеңіне жарияланатын мате-
риалдар көлемі мен түрлерін қабыл-
даудағы редакция қызметіне төленетін
төлемақы шарттары туралы
ХАБАРЛАМА
Үміткерлердің фото суреті, сайлауалды
бағдарламасының ережесі, өмірбаяндық
ақпаратын газет бетінде жариялау құны
- 1 шаршы сантиметріне 130 теңгені құ-
райды.
Төлем үлгісі: қолма қол немесе есеп-
шотқа аудару арқылы, алдын ала 100 па-
йыз төленуі керек.
Материалдарды ұсыну жəне орналас-
тыру тəртібінің шарты: биографиялық
ақпараты бар материалдар, сайлауалды
бағдарламаның ережесі мен графикалық
суреттер, ақпараттық қызмет көрсету-
ге келісімшарт жəне төлем жасалғаннан
кейін, сейсенбіден кеш емес кезекті газет
нөмірін шығару үшін жарияланымға да-
йындалады.
Ұсыну тəсілі: қағазға басылған түрінде
кандидаттың немесе сенімді өкілдің қолы
қойылып, электрондық нұсқасымен қоса
тапсырылуы қажет.
Үміткерлердің материалдарын жария-
лау кезегі материалдардың редакцияға
түсу тəртібі бойынша жүргізіледі.
Депутаттыққа кандидаттар материал-
дары 1-ші, 12-ші беттерден басқа барлық
беттерде жариялана береді.
Сайлауалды үгіт жəне ақпараттық
материалдарын
жариялау
сұрақтары
бойынша төмендегі мекен-жайға ха-
барласуға болады: 140300, Павлодар
облысы, Баянауыл ауылы, Сəтбаев
көшесі, 49 - үй, электрондық пошта:
redakciyabayantau@mail.ru.
Телефон (факс): 8 (71840) 9-20-24,
9-15-50.
«Баянтау» газетінің редакциясы.
Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында V сайланған Баян-
ауыл аудандық мəслихатының кезектен тыс 54-ші сессия-
сы өтті. Оған аудан əкімінің орынбасары А.Белгібаев, ме-
кеме жəне ұйым басшылары қатысты.
Сессияның күн тəртіне 4 мəселе шығарылды. Алды-
мен аудандық мəслихаттың хатшысы Т.Қасен «Баянауыл
ауданының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы»
баяндама жасады. Бұдан соң, аудандық жер қатынастары
бөлімінің басшысы М.Абылайханов «Ауданның елді ме-
кендерінің жер учаскелеріне бағалау аймақтарының шека-
раларын жəне жер учаскелері үшін төлемақының базалық
ставкаларына түзету коэфиценттерін бекіту туралы» мə-
селе бойынша ақпаратын ұсынды. Сондай-ақ, депутаттар
аудандық экономика жəне бюджеттік жоспарлау бөлімінің
басшысы Т.Асқарованың «Баянауыл ауданы аумағын да-
мытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасына
өзгертулер енгізу туралы», жəне «аудан аумағын дамыту-
дың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы туралы»
мəліметіне құлақ түріп, екі бірдей өзекті əрі ауқымды жо-
баны бір ауыздан мақұлдады.
Сессия соңында қаралған мəселелер бойынша аудандық
мəслихат депутаттары тиісті шешім шығарылды.
Өз тілшімізден.
СЕССИЯ ӨТТІ
Жақында Күркелі ауылдық Мəде-
ниет үйінде ауылдық округтің əкімі
Дүйсенбек Байронұлы Төлеутаев
ауылдың қоғамдастық мүшелері-
мен жиналыс өткізді. Жиынның күн
тəртібінде 2015 жылы жиналған əр
түрлі салықтардан түскен қаражат-
ты бөлу мəселесі, ауыз су мəселесі,
басқадай шаруашылық мəселелері
талқыланды.
Ауыл əкімі жиналыста Қазақстан
Республикасының «Жергілікті бас-
қару жəне өзін-өзі басқару» Заңына
сүйене отырып жергілікті бюджетті
қалыптастыру, басқару жəне белгілі
мерзімде қаражатты бөлу, үлестіру
туралы айтты. Тоқсан сайын округ
əкімі, жергілікті қоғамдастық мүше-
лерімен жиналыс өткізіп отыратын-
дығын, жылдық салықтан түсетін
түсімдердің Күркелі ауылдық ок-
ругінің қажеттіліктеріне, тиісті іс-
шараларға жұмсалып отыратынды-
ғын баяндады.
Жиынға Баянауыл ауданының
«Серпіліс » ШЖҚМКК мекемесінің
маманы Жанахметов Нұрбол Задаұ-
лы қатысып, «ауыз су» мəселесі бо-
йынша ең алдымен ауыз суды өнді-
рудегі шығындарды өтеу үшін ауыл
тұрғындарына уақытылы төлемдерін
төлеп тұруын ескертті. Суды үнемді
пайдалану үшін суды пайдалану
көлемін тұтынушылардың отба-
сындағы жан басы мен мал басына
есептелетіндігін жəне бекітілген
тариф соммасын түсіндіріп айтып
берді. Алдағы уақытта суды дұрыс
пайдалануды қадағалау үшін суды
пайдаланушы тұтынушылармен құ-
жат жүзінде келісім-шартқа отыру
керектігіне ұсыныс жасады жəне бұл
ұсынысты ауыл халқы бірауыздан
қолдап келісетіндіктерін айтты.
Серік ИМАНБЕКОВ,
Күркелі ауылы.
КӨПКЕ ОРТАҚ МӘСЕЛЕ
Жиын
Мəслихатта