Сөзіммен халқым амал қылсын десең, Амал қыл өз сөзіңмен əуел өзің!


29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708) redakciyabayantau@mail.ru 7



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет3/12
Дата25.05.2018
өлшемі0,56 Mb.
#17370
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

7

29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)

redakciyabayantau@mail.ru

7

29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)

redakciyabayantau@mail.ru

Баянтау


2009 жылдың наурыз айының орта шенінде Мек-

сика халқының арасында етек алған адамнан адам-

ға  жұғатын  жедел  респираторлық  аурулар  А  типті 

(Н1N1) «доңыз  тұмауы»  вирустарымен  берілетін 

жұқпаның басқа елге тарауының бастамасы болды. 

2009 жылдың 29 сəуірінде зертханалық жолмен рас-

талған  «доңыз тұмауының» 148 жайын   жаhанның 9 

елі (АҚШ,Мексика, Австралия, Жаңа Зеландия, Из-

раиль, Испания, Германия ж.т.б.) жария етсе, соны-

мен қатар Мексика мен АҚШ-та осы науқастан өлім 

жағдайлары тіркелген.

АҚШ-тың  Атлантадағы  Аурулардың  алдын  алу 

жəне  қадағалау  орталығының  бұдан  əрі  (СДС/Ат-

ланта; АҚШ) зертханасында Техас пен Калифорния 

штаттарындағы  аурулардан  алынған  зерттемелік 

материалдардан генетикалық өзгеріске ұшыраған А 

типті (Н1N1) доңыз вирусы бөлініп, адамнан адам-

ға берілетіні анықтала отырып, А/Саlifornia/04/2009 

(Н1N1)  деп  белгіленді  жəне  бұрын  белгісіз  вирус 

ретінде  топтастыру  ұсынылды. 52-ге  жуық  мем-

лекеттер 15000-ға  таяу  доңыз  тұмауы  тіркелгенін, 

оның 98 жағдайда өлім жағдайына əкелгенін мəлім-

деді. Эпидемияның халықаралық етек алуын ескере 

отырып, Бүкілəлемдік денсаулық сақтау ұйымының 

бас директоры  төтенше жағдай ретінде  елдегі тұмау 

пандемиясының қауіптілік сатысының 5-ші деңгейін 

жəне халықаралық үйлестіруді жариялады.

Доңыз тұмауы вирустарының басқа да типтері бар, 

мысалы: HıN2,  Н3Nı, H3N2. Шошқалар  сонымен 

қатар құс тұмауы, кезеңдік адам тұмауы мен доңыз 

тұмауы вирустарын жұққыза алады, бір уақытта  ви-

рустың бірнеше типінің жұғуы вирус генінің арала-

сып,  мутацияға  ұшырауына  əкеліп  соқтырады.  Бұл 

тұмау вирусының əртүрлі вирустық  геннен  тұратын 

типтік түрінен туындайды, жəне оны «реассортант» 

деп  атайды.  Доңыз  тұмауының  вирустары  тек  бір 

түрге  тəн,  шошқаға    ғана 

жұқпалы    бола  тұра,  кей-

де тосқауылдан өтуі жəне 

адамға да жұғуы ықтимал.  

Адамдар  əлбетте  доңыз 

тұмауын  шошқа  малынан 

жұқтырады,  бірақ  кейбір 

жағдайда  адамның  шош-

қа  немесе  шошқалар  мекеніне  байланыссыз  тари-

хи  жəйттер  белгілі  болды.  Соңғы  уақытта  А  типті 

(Н1N1) «доңыз тұмауы» вирустары  адамнан адамға  

ауа тамшылары арқылы ара қатынаста болғанда жұ-

ғатыны расталды.

«Доңыз тұмауының»  жалпы клиникалық белгілері 

кезеңдік  адам  тұмауына  ұқсас  болады,  бірақ  ешбір 

клиникалық белгісіз басталып  пневмонияның ауыр 

түрінен  қайтыс  болуға  əкелетін  түрлері  жайлы  де-

ректер алынды. Мексикада аурудың белгілері жедел 

респираторлық жұқпаларға ұқсас болу себепті диаг-

ноз  қою  кешеуілдеп,  жұқпаның  кең  тарауына  əкеп 

соқтырды. Көптеген аурулардың өкпе қабынуы үдей 

түсіп,  тыныс  алуы  қиындағандықтан,  өкпені  аппа-

ратпен  тыныстандыру  қажет  болды;  Көпшілігінде 

жедел респираторлық аурудың синдромдары өршіді. 

Аурудың вирус таратушылық мерзімі белгісіз, сон-

дықтан  ауру  жұқтырған  тұлға  аурудың  басталған 

күнінен  санағанда 7 күн  бойы  айналасына  қауіпті 

деп  ұйғарылды,  вирус  таратушылық  ұзаққа  созы-

лып, қоршаған ортада жұқпаның тарау көзіне айна-

лу мүмкіндігі бар.

Жедел  респираторлық  ауруда:  мұрыннан  су  ағу, 

мұрын бітуі; тамақ ауыруы; жөтел мен дене қызуы 

көтерілуі;  ал  жедел  респираторлық  вирус  жұқпа-

сында  əрқашан  дене  қызуы 37,8 ºС  жоғары,  жөтел 

мен тамақ ауруы; оған қоса жүрек айну, құсу, іш өту 

симптомдары «доңыз тұмауын» сипаттайды.

Егер  адамда  жедел  қызбалы  респираторлық  ау-

рудың белгілері, зертханалық расталған жұқпа қоз-

дырғышы  болса,  мұны  анықталған  доңыз  тұмауы 

жұқпасы ретінде есептейміз, яғни доңыз тұмауының 

вирусы бір немесе бірнеше зерттемеде:

1. Байырғы уақыттағы ОТ-ПЦР; 

2.Ауру  адамның  жоғарғы  тыныс  жолдарынан 

алынған  мұрын-тамақ  қуысының  шайынды  аспи-

раттарынан вирус өсіндісін анықтау. Ауруларға эпи-

демиологиялық  сыртартқы  негізінде  клиникалық  

белгілері  нышандарымен  болжалды  жəне  мүмкін 

жағдайлары қойылады: шошқа  тұмауымен ауырған 

адаммен 7 жəне  одан  да  көп  күн  байланыста  болу, 

жұқпалы ауру бойынша сəтсіз елдерден жəне аумақ-

тардан келу, А типті (Н1N1) шошқа тұмауы вирусын 

тудыратын жағдайлар.

Қазіргі  уақытта  доңыз  тұмауына  қарсы  қолдана-

тын вакцина жоқ. Вирусқа қарсы емдеу антивирус-

тық препараттар: осельтамивир немесе занамавирді 

басқа антивирустық препаратармен қоса пайдалану 

арқылы  жасалады.  Препараттың  дозасы  мен  емдеу  

жолын  емші дəрігер белгілейді. Балалар мен 18 жас-

қа дейінгі тұлғаларға дене қызуын түсіру мақсатын-

да аспирин немесе құрамына аспирин кіретін дəрі-

лерді қолдануға болмайды.  Кəдімгі адам тұмауында 

қолданылатын симптоматикалық препаратарды қол-

дану жəне сұйықтық заттарды жиі ішу қажет. Залал-

сыздандыру  заттарынан 70 пайыз  этанол, 5 пайыз 

лизол, 10 пайыз хлорлы əк қолданылады.

Алдын  алу  шарасы  үшін    ауру  адамды  арнаулы 

бокс бөлмесіне оқшаулау керек, ондай жай жоқ бол-

са, ауа қысымы төмен жайға, үйде – бөлме конден-

ционерін тек «сыртқа тарту»  ал даладан ауаны жай 

кіргізу  тəртібіне  бейімдеп,  орналастыру  керек.  Ау-

рулармен  тығыз  араласатын  тұлғаларға  нұсқаулық 

өткізіледі, бірреттік аэрозольді ауа тұтқыш, N 95 ауа 

тұтқышын, арнайы сүлгілі бетперделер қолдану қа-

жет.  Қолды  жиі  жуып,  спирт  пен  залалсыздандыру 

ерітінділерін қолдану қажет. Жеке қорғаныш құрал-

дарымен  қамтамасыз  етілмеген  тұлғалар  аурумен 

сирек  ұштасуға  тырысып,  қатерсіз  байланыс  түр-

лерін - телефонды қолданғаны абзал.

Халықты жұқпадан қорғау үшін ұжымдық қорғану 

шаралары, карантиндік шектеу іс-шаралары, мемле-

кеттік шекарадан өткізу пункттерінде ел ішіне жұқ-

паны таратпау қадағаланады.



Гүлзия ОМАРБЕКОВА,

Салауатты өмір салтының үйлестірушісі. 



Д

оңыз тұмауы өте жұқпалы жіті респираторлық инфек-

циялық жұқпалы ауру, оны аса қауіпті А типті (Н1N1)  

тұмау вирусы қоздырып, таратады.

Шипагер


Жыл сайын тұмау мен жөтелдің маусымы келетіні 

ешкімге де құпия емес. Вакцинациядан бөлек, өз ағ-

заңызды қорғау үшін сізге денсаулығыңызды күтіп, 

дұрыс тамақтанғаныңыз да көмектеседі.  

Футболдағы  секілді,  денсаулық  мəселесіне  кел-

генде де ең жақсы қорғаныс - шабуыл. Деннің сау-

лығына аса жауапкершілікпен қарауға тиіссіз. Өзіңіз 

үшін жақсы диета таңдаңыз, шылым шегіп, спирттік 

өнімдер  ішу  секілді  жаман  əдеттерден  аулақ  болы-

ңыз. Бұл сізге иммунитетіңізді нығайтуға сеп бола-

ды.

Ең бастысы сіз дұрыс диета таңдауға тиіссіз. Дие-



тада  иммунитетті  əлсірететін  тағамдар  аз  болуы 

тиіс.  Сонымен  қатар,  майдың  шамадан  тыс  болуы 

иммунды  жүйенің  белсенділігін  төмендетеді.  Қант 

лейкоциттердің  вирус  пен  бактерияға  қарсы  тұру 

қабілетін азайтады.

Ағзаны тұмаудан қорғауға арналған он түрлі ұсы-

нысқа назар аударып, аталған тағамдарды өз рацио-

ныңызға қосып көріңіз.



Йогурт

Йогуртта  ағзаны  қауіпті  бактериялардан  қорғай-

тын  белсенді  бактериялар  бар.  Австриядағы  Вена 

университеті жүргізген зерттеу күніне 200 грамдай 

йогурт қолдану иммунитет үшін пробиотигі бар та-

ғам қоспаларынан əлдеқайда пайдалы.

Ал  Швециядағы  тағы  бір  зерттеу  лактобактерия-

лары бар тағамдарды қолданған пациенттердің пла-

цебо ішкен адамдарға қарағанда 33 пайыз сирек ауы-

ратыны  байқалған.  Өндірушісіне  қарамай,  əр  күні 

сайын  белсенді  бактерияларға  толы  йогуртты  күн 

сайын қолданып тұру қажет.

Егер  тұмауға  шалдықсаңыз,  йогурт  асқазан  ішек 

жолдарына салмақ түсірмейді. Балаларыңыз йогурт-

ты  жақсы  көрсін  десеңіз,  йогуртты  парфеге  сұлы 

жармасын қосып беріңіз.



Сұлы, арпа жəне өзге де дəнді дақылдар

Жасұнық тек қана жүрек пен ас қорыту органда-

рына көмек қана емес, бактерия жəне вируспен кү-

ресте де өте үлкен рөлге ие. Бета-глюкан макрофаги 

мен  нейтрофилдегі  ақ  қан  түйіршіктерін  белсенді 

қимылдатып, иммунитеттің зиянды бактериялардан 

сақтануына əкелетін компонент. Нутриенттер де жа-

раның  тез  жазылып,  антибиотиктердің  мейілінше 

жақсы жұмыс істеуіне серпін береді.

Жасұнықтың бір күнгі мөлшері 25 грамға жету ке-

рек. Алайда, адамдардың көп бөлігі 11 грамға жетер 

жетпесін  қабылдайды.  Бұл  əсіресе,  ұн  тағамдарын 

көп пайдаланып, жеміс-жидекті аз жегендіктен.

Су

Мейілінше  суды  көбірек  ішіңіз.  Біздің  ағзамызға 

су өте қажет. Су терінің шырышты қабығын ылғал 

етіп  сақтауға  көмектеседі.  Егер  ылғалдылық  бол 

маса,  кішігірім  жарықтар  пайда  болуы  мүмкін.  Ал 

бұл жарық арқылы патогенді микроағза енуі мүмкін.



Шай

Адамдардың  көп  бөлігі  жай  су  ішкенді  жақсы 

көрмейді. Мұндай жағдайда ағзадағы ылғалды шай 

қамтамасыз етеді. Бір зерттеудің нəтижесінде 2 апта 

бойы 5 кесе қара шай ішкен адамның қанындағы ви-

русқа  қарсы  интерфондардың  индиферентті  ыстық 

сусын ішкен адамнан 10 есе артық екені байқалған. 

Иммунитеттің  белсенді  болуына  əсер  ететін  амин 

қышқылы (L-Тианин) қара шайда да, көк шайда да 

бар. Ал шайдың құрамында кездесетін тағы бір зат 

алкиламин иммун жүйесін бактерия жəне аллерген-

дермен қорғауда жақсы қызмет етеді.

Тұмау мен жөтел кезінде ыстық сусындар ішу мін-

дет.  Өйткені,  олар  бітеліп  қалған  мұрынды  ашуға 

көмектеседі.

Тауық сорпасы

Тауық сорпасы асқынудың алдын алады. Бұл өте 

қажет,  себебі,  тұмаудың  негізгі  белгісі  кеңірдек  та-

рамында  жасушалардың  жиналуынан  басталады. 

Тауық  сорпасын  дайындау  кезінде  бөлінетін  цис-

теин аминқышқылы кеңірдек тарамынан қақырықты 

алып шығатын ацетилцистеин дəрісін еске салады.

Сорпаға тұз қосыңыз. Тұз тұмау кезінде қақырық-

ты түсіруге көмектеседі. Сорпаға қоспалар мен кө-

геністерді қоссаңыз, иммунитетті арттыратын кере-

мет тағам шығады.

Сарымсақ

Сарымсақ белсенді алицинге бай. Алицин инфек-

ция жəне бактериялармен күреседі. Кезекті зерттеу 

кезінде пациенттерге 12 апта бойы сарымсақ сығын-

дысын берген. Нəтижесінде, тұмауден ауырушылар 

2/3 азайған. Сондықтан, тауық сорпасына да аздаған 

сарымсақ қосуды ұмытпаңыз.

Асқабақ пен тəтті картоп

Қызғылт  көгеністер  антиоксиданттарға  бай.  Со-

нымен қатар, асқабақ пен тəтті картоп зиянды бакте-

риялармен күресетін бета-каротинге бай. Бета-каро-

тин теріні сау етіп сақтап, ауру тудыратын бактерия 

мен вирустардың алдын алатын А дəруменінен тара-

латын зат. Бета-каротинге сəбіз, асқабақ жəне жұпар 

иісті қауын бай келеді.

Егер сіз асқабақтың жұмсағын алып отыруға ерін-

сеңіз,  əдеттегідей  асқабақ  пюресін  алыңыз.  Бір  ас 

қасық пюреге грек йогуртын қоссаңыз, иммунеттеті 

екі есе қорғайды.

Сиыр еті (құрамында цинк кездесетін өзге де та-

ғамдар)


Қызыл етте цинк өте көп. Цинк бактериялар мен 

вирустарды тез анықтайтын лейкоциттерді дамытуға 

көмектеседі. Цинктің жетіспеуі ауруды тез жұқтыру 

қаупін көбейтеді. Егер қызыл етке үнем жасағыңыз 

келсе, цинктің теңіз тағамдарында, сондай-ақ, сұлы 

жармасы  мен  йогурт  жəне  жаңғақтарда  болатынын 

ескеріңіз.

ТҰМАУ МЕН ЖӨТЕЛ КЕЗІНДЕ ИММУНИТЕТТІ КӨТЕРУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?



Керек кеңес

ДЕНІМ 


САУ БОЛСЫН 

ДЕСЕҢ...


С.Торайғыров    атындағы    жалпы  орта  білім 

беру мектебінде қаңтар айында  «Тұмаудан сақ-

танайық!», «Тыныс алу жолдары арқылы тарала-

тын аурулардың алдын алу» айлығы  өтуде.

Салауатты  өмір    салтын  қалыптасуды,  денсау-

лықтың зор байлық екенін түсіндіруді мақсат еткен 

шарада тыныс алу жолдары арқылы таралатын ау-

рулар, тұмаудан сақтанудың жолдары, имунитетті 

қалай нығайту керек екені жайлы слайдттар мен  

суреттер көрсетілді. Сондай-ақ, аталмыш айлық-

тың  шеңберінде  оқушылар  өз  ойларын  ортаға 

салып,  пікір  алмасты.  Мектептің  медбикесі 

осы тақырыптарға байланысты оқушылар-

ға кітапшалар ұсынды.



Г.ДҮЙСЕНБАЕВА,                                                                     

С.Торайғыров атындағы 

ЖОББМ-нің медбикесі.

Денсаулық бетi

Доңыз тұмауы - қауіпті кесел



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау