Сөзіммен халқым амал қылсын десең, Амал қыл өз сөзіңмен əуел өзің!


29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708) redakciyabayantau@mail.ru 6



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет2/12
Дата25.05.2018
өлшемі0,56 Mb.
#17370
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

6

29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)

redakciyabayantau@mail.ru

6

29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)

redakciyabayantau@mail.ru

Баянтау


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На-

зарбаевтың еңбек адамын насихаттау 

туралы бастамасы елдің өркендеуі ең 

алдымен  ондағы  азаматтардың  адал 

еңбегіне, жанашырлығына деген ілти-

пат.  Бұл  жерде  өз  ісіне  берілген  қан-

шама  адамның  еңбекке  деген  сүйіс-

пеншілігі  жатыр  десеңізші!  Кейінгі 

жастарға  үлгі  болсын  деген  ниетпен 

еңбекқор  жандардың  өнегесі  туралы  

газетке мақала жазып, олардың еңбек-

сүйгіштік,  адамгершілік  қасиеттерін 

насихаттау басты мақсатымыз.

Қазақта небір жігіттер 

                                   бар-ау марқасқа,

Қиындықтың қынабын тілер 

                                               алдаспан.

Жақсы істерін жария етіп 

                                                 солардың

Жұртына айтса болмас па?

-дегендей,  ел  назарында  жүрген, 

мақтаулы жастардың бірі - Берік Кү-

йеубаев.  Жастайынан  мал  бағып, 

көзін еңбекпен ашқан Берік отбасын-

да  алты  қыздың  ортасында  ержеткен 

жалғыз  ұл.Бірақ  жалғыз  ұлымыз  деп 

ата-анасы  Дүйсен  мен  Дина  Берікті 

еркелетпей,  керісінше  еңбекке  бау-

лып  тəрбиеледі.  Біздің  данагөй  ба-

баларымыздың  пайымдауынша,  дү-

ниеде адамзат баласы айрықша қадір 

тұтатын  төрт  нəрсе  бар.  Олар:  адам-

ның  ерікті,  азат  болуы,  еңбекпен  тер 

төгіп тапқан мал-мүлкінің, еңбегінің, 

бала-шағасының  қызығынкөру,  əр 

адамның  туып-өскен,  ата-бабалары-

нан  мұра  болып  қалған  Отанының 

ғасырлар  бойы  аманат  болып  келе 

жатқан  дінін,  тілін  сақтай  білу.  Ұлы 

ақын  Абайдың  «Адамшылықтың  қа-

рызы  үшін  еңбек  қылсаң,  Алланың 

сүйген құлы боласың» деген ұлағатты 

сөзі осының дəлелі іспеттес. Осы төрт 

нəрсені  берік  ұстаған  Берік  ешкімге 

алақан  жаймай,  өз  күшімен,  маңдай 

терімен 2010 жылы «Берік» шаруа қо-

жалығын құрып, мал шаруашылығын 

дамытуға ден қояды. Жылдар өте келе 

ірі қара мал, қой, жылқы түлігінің қа-

расы  көбейе  түседі. «Биік  Шақшан»-

деп  аталатын  құт  дарыған  мекенге 

тұрғын  үй,  қора-жай  құрылыстарын 

тұрғызып, шөп шабатын техника, жүк 

машинасын алды. Ұзақ жылдар бойы 

иесіз  қалған  жерді  меншігіне  алып, 

дархан дала төсін дүбірлі төрт түлік-

ке  толтыра  бастаған  Берік  Дүйсенұ-

лы ауылдастарына да қарасып, көмек 

қолын созудан қалыс қалмайды. Жыл 

сайын  басқа  шаруа  қожалықтармен 

бірлесе  отырып,  ардагерлерге  арнап 

Ұлы  Жеңіс  жəне  Қарттар  күндерінде 

қайырымдылық  жасап,  моральдік-

материалдық,  қаржылай  көмектесуді 

азаматтық  парызы  деп  санайды.  Өт-

кен жылдың күз айында ауыл тұрғы-

ны  Бүркіт  Бердеңғоровтың  қора-жа-

йы бүкіл шөбімен отқа оранып жанып 

кетті. Шарасыз халге түскен Бүркітке 

бірінші  болып  көмек  қолын  созған 

осы Берік еді. Ол он тонна шөп беріп, 

ауылдастарына  үлгі-өнеге  таныта 

білді. Берік аз сөйлеп, көп іс тынды-

рып жүрген жаны жайсаң азамат. Біз-

бен  кездесіп,  сұхбаттасуға  келісімін 

берсе де сөзге сараңдық танытып, өзі 

жайлы  айтуға  құлық  танытпай,  жал-

пы  отбасы,  мал  шаруашылығын  да-

мыту турасында əңгіме өрбітті. 

-«Еңбек - ырыстың  қазығы» - де-

мекші,  біз  отбасымызбен  адал  еңбек 

етуді  мақсат  етеміз.  Ата-анам  қара-

пайым  еңбектің  адамдары,  ауыл-ай-

мағына  сыйлы  қариялар.  Зайыбым 

Ботакөз екеуміздің Құдай берген  бес 

баласын  өсіріп  отырған  жайымыз 

бар.  Балаларымның  екеуі  бүгінде  су-

дент,  қалған  үшеуі  мектепте  оқиды. 

Өзім жалғыз ұл болғандықтан ба, оқу 

оқып басқа қалаға кетуге онша құлық-

ты  болмадым.  Мүмкін  ата-анамды 

ойлағандықтан  болар.  Апа-қарын-

дастарымның  бəрі  жоғары  білімді 

мамандар.  Мен  үшін  өмірдің  мəні - 

адал  еңбек.  Кейбір  жастарға  қарасам 

қарным  ашады,  бойларын  енжарлық 

пен бойкүйездік жайлап алған, жеңіл 

жұмыс  іздейді. «Адамның  өмірі  ең-

бекпен өлшенеді», десек жастарымыз 

егемен  еліміздің  бұдан  əрі  өркендеп, 

көркеюі  үшін  тер  төгіп,  еңбектеніп 

болашаққа  деген  сенімнің  нығая  тү-

суіне өз үлестерін қоса бергенін қалар 

едім, - дейді Берік бізбен əңгіме бары-

сында.


Берік  Дүйсенұлын  жақсы  білетін 

азаматтар,  жора-жолдастары  оның 

бауырмалдығын, адамдарға деген ыс-

тық ілтипаты мен ізгі пейілін ерекше 

атап  айтуы  бекер  емес.  Сірə,  бұл  қа-

сиет те өнегелі отбасынан алған тəлім 

мен тəрбиенің ықпалы болар. Əңгіме 

барысында Берік алдағы уақытта ли-

зинг  арқылы  жаңа  трактор  алғысы 

келетіндігін  білдірді.  Қазіргі  таңда 

малдары  күйлі,  жем-шөбі  жеткілікті.

Екі-үш  адамды  жұмыспен  қамтып 

отырған  Берік  Елбасымыз  Н.Назар-

баевтың  «Қазақстан  жаңа  жаһандық 

нақты  ахуалда:  өсім,  реформалар, 

даму»  атты  Жолдауын  теледидардан 

көріп, естігенін айта отырып:

-  Елбасымыздың  кезекті  Жол-

дауында  біздің  еліміздің  жалпы  ең-

бек қоғамы екенін ұғатын ұрпақ тəр-

биелеу  басты  назарда  екені  айтылуы 

тегін  емес.  Еңбекке  тəрбиелеу  тек 

қана  ата-ананың  міндеті  емес,  со-

нымен  қатар  мектептің  де  міндеті, 

қала  берді  қоғамдық  міндет.  Халық 

«Бірлік  бар  жерде  тірлік  бар»  дейді. 

Елбасымыздың  елімізді  ынтымаққа, 

ішкі  мүмкіндіктерімізді  тиімді  пай-

даланып,  еселі  еңбек  етуге  шақыруы 

жаңа биіктерге жетелейді. Елбасымыз 

дағдарыс  жағдайында  да  дамуға  қол 

жеткізуге  болатынын  Жолдауда  тара-

тып айтып берді емес пе? Олай болса 

сол  нақты  бағытта  бойынша  жұмыс 

жасасақ  кез  келген  дағдарысты  ше-

шеміз деуге əбден болады, - дейді. 

Атаның күшімен, ананың ақ сүтімен 

бойына дарыған тектілік Берікті өмір 

күресіндегі жеңістерге жетелейді, ба-

қытқа  бастайды.  Өзің  жүрген  ортада 

өзің  жайлы  жақсы  пікір  қалыптас-

тыру  үшін  тектілік,  адалдық,  еңбек-

қорлық,  төзімділік,  қарапайымдылық 

секілді  толып  жатқан  ізгі  қасиеттер 

бір  бойыңнан  табылып  жатуы  керек-

ақ,  жəне  бұл  қасиеттердің  боямасыз 

болмысқа  негізделуі  шарт.  Міне, 

Берік Дүйсенұлы сондай азамат.



Бағзад НҰРТАЙҚЫЗЫ,

Бірлік ауылы.



Еңбек түбі - береке

ЖАЛЫНДЫ ЖАС - ЕЛ ҮМІТІ

"ЖАЛЫН" 

ЖАСТАР БЕТІ



Махаббат болмаған соң ұлтына шын,

Шапағатсыз жандардың құлқы 

                                                        басым.

Пенде жүрек жерге тек тəуелді ғой,

Онда неге Ай жаққа ұмтыласың?!

Баймын дейсің, кербеңдеп 

                                                   тасынасың,

Бай болсаң да ерлігің басыңа сын.

Өзінен артылғандар болса жүгі,

Кем-кетікті қол жетсе асырасын.

Болыс болсаң билігің үстем бүгін,

Садақа бер, сауапты істен, күнім.

Ел-жұртыңа адал бол, батасын ал,

Халал болсын жеген мен ішкендігің.

Шаңырақ құр, сауапқа кенелесің,

Ата-анаң сүйсін əркез немересін.

Ұлтын сүйер ұлтшыл қыл, 

                                              айыпты емес,

Естілікпен бекісе егер есін.

Туысыңа қамқор бол, тату-тəтті,

Нəпсі азғырар келсе егер ашу қатты.

Қолда барда алтындай қадірлей біл,

Алтыннан да артықтау асыл затты.

Ата-анаңды ардақта Құдайыңдай

Бақ бұйырмас оларсыз сірə мұндай.

Ер жеттім деп зекіме ей, адамзат,

Ана сүті - жұмақтың бұлағындай.

Қонақ келсе қарсы ал сен, 

                                              жайып құрақ,

Көңіліңнен төр ұсын лайықтырақ.

Сараңдар бар су бермес жолаушыға,

Көргенім жоқ кеткенін байып бірақ.

Досыңа да, адал бол, дұшпаныңа,

Көңіл бөлгін сөзінің ұстамына.

Өмір деген өткінші, алдамшы сəт,

Құс көшеді келерде қыс тағына.

Бақыт деген- нұрлы иман жүректегі,

Тірлігіңнің досы сол түнектегі.

Тоқтатайын өлеңді өмір жайлы

Сезіледі жанымның дір еткені.

Айбат ЫДЫРЫСОВ.

Бақыт деген...

Тамылжыған  көктемнің  бір  уағы 

еді... Орман жаршысы – құстар қи-

қулап,  туған  жеріне  қайтып  ұшып 

келе  жатыр.  Күннің  маужыраған 

бейнесі  қара  бұлт  арасынан  бірен 

– саран көрінеді. Кішкентай ауыл – 

аймақтың тіршілігі жанданып, қызу 

жүріп  жатыр.  Сай – саламен  аққан 

сел  бірде  тоқтап,  бірде  жылғалар-

мен  жалғасып,  бұлаққа  құяды.  Нө-

серлеп жауған жаңбыр əлі толастай 

қойған жоқ. Аспан қара түнекке ай-

налып,  халықтың  құты – берекесін 

қашырды. 

Біз осы көктемде ата – анамызбен 

өзіміздің  кіндік  қанымыз  тамған 

–  Баянауыл  өлкесіне  көшіп  келген 

едік.Үй  таңдау  бізге  қиынға  соқты. 

Өте  келе  ата-анамызбен  құпияға 

толы – Жасыбай  көлінің  маңын-

дағы  қарапайым  үйге  назарымыз-

ды  тоқтаттық.  Ең  алғаш  сол  үйге 

келгенімізде  қарапайым  үй  болып 

көрінген  еді.  Аз  уақыт  ішінде  осы 

үйге үйренісіп те кеттік. 

Бірде  үйдің  еденің  жуып  жүрген-

де,  төменде  бір  құпиялы  жертөле 

бар  екенін  көрдім.  Ол  құлыптау-

лы  еді. «Ата – анамның  айтпағаны 

несі?» деп, терең ойға шомдым. Бі-

рақ  та,  осы  құпияны  қайткенде  де 

айтпауға бел будым. Келесі күні əке 

–  шешем  қонаққа  кетті.  Мен  құпия 

есіктің  құлпың  ашу  үшін  кілтің  із-

деп,  оны  бақшадан  таптым.  Кілтті 

оңға  бұрап  қалып  едім,  кенеттен 

жертөленің есігі сықыр етіп ашыла 

қалды.  Бойымды  үрей  билеп,  қор-

қып  кеттім.  Жертөле  іші  қап – қа-

раңғы.  Не  түсерімді,  не  істерімді 

білмей аңтұрап қалып, біраз ойлан-

дым. «Қалайда да кіруге керек!» деп 

шештім.  Қолыма  май  шам  алып, 

ішіне  кіріп  жым  болдым.  Қарасам, 

іші  толған  өрмекшінің  өрмегі  екен.

Бір-екі  қадам  басып  түкпірге  кел-

генде, бір ескі кітапты көрдім. Оның 

сырты  қалың,  арабша  əріптермен 

жазылған  екен.  Оның  бетін  ашып 

қалып  едім,  бүкіл  дүние  астан-кес-

тен  болып  төңкерілгендей  болды. 

Кітаптың бет парақтары мені құдды 

бір құдыққа тартып əкеткендей күй 

кештім. Көзіме қазақтың кең байтақ 

даласы,  орманды  жазықты  алқабы, 

асқар – асқар  таулары,  сылдырлап 

аққан бұлағы - жер жəннаты болып 

елестей бастады. 

Жақында бір зəулім сарай көрінді. 

Ішіне  еніп  едім,  іші  толған  халық 

у – шу  екен. «Не  болды  екен?»  де-

ген  сауал  көкейімді  мазалады.  Ха-

лық арасынан зытып шығып, қалың 

көпшілікке  қарай  беттей  бердім. 

Аңғарсам, қалың көпшілік - Абылай 

ханды хан сайламақ екен. Ақ киізге 

көтеріп, халық оны хан сайлап, ескі 

киімдерін  тарам – тарам  етіп  жыр-

тып  алып  жатыр.  Асқақ  үнді,  ұзын 

бойлы,  қыр  мұрынды,  қара  көзді 

қазақ  баласы  маған  назарын  аудар-

ды. Ол маған күлімсіреп, иек артқан 

болып: 


-  Уа,  қазақтың  қара  домалақ  ба-

ласы!  Сен  еркіндіктің  туын  көтер-

ген азат елде өстің. Елің үшін еңбек 

етіп,  халқыңның  ардақты  азаматы 

бола біл. Елдің қадірін,қасиетің те-

рең ұғына біл. Өз еліннің болашағы 

– өздеріннің қолдарында! - деді, ол 

жылы лебізбен. 

Кенет  мен  өз-өзіме  келгендей 

болдым.  Осы  оқиғадан  кейін,  қиын 

шақта  əрқашан  Абылай  данамыз-

дың сөздерін еске түсіремін. Осы ті-

лектің  астында  қаншама  үгіт-наси-

хат жатыр десеңізші! «Отан» деген 

жалғыз  сөз  адамды  толғандырып, 

терең  ойға  шомдырады. «Мен  де 

елімнің патриотымын! Мен өз елімді 

мақтан етемін!» дегім келіп, бойым-

да  атамекеніме  деген  махаббатым 

билеп,  сөзбен  жеткізе  алмаймын!!! 

Қаншама  батырларымыз,  ақын-жа-

зушыларымыз ерліктің жарқын жо-

лын көрсетіп, қаншама үлгі - өнеге 

қалдырды.  Олардың  есімдері  мəңгі 

халықтың жадында.

Зейіннұр ЗЕКЕБАЙ,

Егіндібұлақ ауылы.

МЕН ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН!

Оймақтай ой



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау