Сөзіммен халқым амал қылсын десең, Амал қыл өз сөзіңмен əуел өзің!


29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708) redakciyabayantau@mail.ru 10



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет11/12
Дата25.05.2018
өлшемі0,56 Mb.
#17370
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

10

29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)

redakciyabayantau@mail.ru

10

29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)

redakciyabayantau@mail.ru

Баянтау


Қазіргі  таңда  жеке  кəсіппен  айна-

лысамын  деген  егемен  еліміздің  аза-

маттарына  қажетті  жағдайдың  бар-

лығы  жасалған.  Яғни,  бұл  дегеніміз 

-  дамыған  елдердің  əлеуметтік-эко-

номикалық  жаңғырту  жолында  сəтті 

жүзеге  асырылған  бағыттарын  қолға 

алғандығымыздың  белгісі.  Осылай-

ша,  мемлекеттің  қолдауымен  немесе 

өз  қаражатымен  бизнеспен  айналы-

сып  жүрген  жандардың  қатарында 

Əлия  Балғашқызы  Қамашева  да  бар. 

Еңбекқорлығымен  елге  танылып,  өз-

гелерге  өнеге  танытып  жүрген  Əлия 

Балғашқызы  нарық  заманына  қарай 

бейімделіп жеке сауда-саттық дүкенін 

ашып,  ауылдастарына  қызмет  көр-

сетіп  отыр.  Кеңестер  Одағы  кезінде 

мектеп-интернатының  жатақханасы 

болған екі қабатты иесіз қалған ғима-

ратты  жекешелендіріп,  құжаттарын 

рəсімдеген  Əлия  күрделі  жөндеу  жұ-

мыстарын жүргізді. Жартылай тонал-

ған  ғимаратқа  жан  бітіп,  іші-сырты 

əктеліп, сырланып əп-əдемі түрге ен-

генін  ауыл  тұрғындары  көріп,  Əлия-

ның  еңбекқорлығына  ризашылықта-

рын  білдірді.  Əлия  осы  ғимараттың 

бірінші қабатын тұрғын үйі мен сауда 

дүкеніне арнады.

-  Сауда  дүкенін  ашу  оңай  болған 

жоқ.  Алайда,  кездескен  қиындық-

тарды  жеңе  отырып,  қолымда  бар 

қаражатты  іске  жаратып,  алға  қой-

ған  мақсатыма  жеттім.  Өз  кəсібім-өз 

нəсібім.  Жан  жүрегің  қалайтын  жұ-

мыспен  айналысы - тəтті  лəззат  пен 

қуаныш  сыйлайды,  екіншіден,  тұты-

нушылардың  сұраныстарын  өтеуге 

тырысамыз.  Қаражат  көзі  ұлғайса, 

алдағы  уақытта  ғимараттың  екінші 

қабатында  шаштараз,  тігін  шеберха-

насын  ашу  ойымда  жүрген  үлкен  іс. 

Еліміз тəуелсіздікке ие болып, нарық-

тық  экономикаға  көшкеннен  кейін, 

мемлекет адамдардың кəсіпкерлікпен 

шұғылдануына мүмкіндік берді ғой, - 

дейді жас кəсіпкер Əлия Балғашқызы 

бізбен сұхбат барысында.

Жалпы ЦЭС ауылында өз кəсібімен 

айналысып,  сауда  дүкендерін  ашып, 

мал 


шаруашылығын 

өркендетіп 

отырған  жандар  баршылық.  Олар  өз 

еңбектері  арқылы  мемлекетіміздің 

гүлденуіне  үлестерін  қоса  отырып, 

жастарға үлгі-өнеге бола білуде. Атап 

айтқанда  сол  сияқты  ақ  адал  жандар 

кəсіптен нəсібін тауып, ауылдастары-

на  қызмет  көрсетіп  отыр.  Мемлекет 

басшысының  «Əркім  өзінің  игілігі-

не еңбек етсін, сонда мемлекеттің де 

игілігі  артады»  деген  қанатты  сөзі 

кəсіпкер  болам  деген  іскер  жандарға 

айтылғандай.  Адам-өз  тағдырының 

иесі.  Əлия  Балғашқызының  басты 

мақсаты-қалтасын  қалыңдату  емес, 

халықтың  да  қамын  ойлау.  Азық-

түлік  дүкенінде  тұтынушыларға  са-

палы  өнім  ұсына  отырып,  олардың 

сұраныстары мен талап-тілектерін де 

орындауға  тырысады.  Азық-түліктің 

жарамдылық  мерзімінің  сақталуын 

қатаң  бақылап,  сатушы  мен  тұтыну-

шы  арасындағы  қарым-қатынастың 

дұрыс  болғанын  Əлия  өз  жұмысын-

да  қадағалап  отырады.  Сол  үшін 

ауылдастары  оған  дəн  риза.  Осылай-

ша,  тұтынушылардың  жағдайына 

да  жауапкершілікпен  қараған  Əлия 

ауылда  өткізіліп  отыратын  түрлі  ме-

рекелік іс-шараларға, қайырымдылық 

акцияларына  белсене  ат  салысып, 

мейірімділік  танытуда. «Кəсіпкерлік-

азаматтық  қоғамның  тірегі,  тұрақты-

лықтың кепілі» деп Елбасымыз Н.На-

зарбаев атап айтқандай, айналысқысы 

келген өмірлік ісін таңдай білген жəне 

өз кəсібін дамыта отырып, сауапты іс-

терден шет қалмайтын Əлия Балғаш-

қызының  кəсіпкерлік  тірлігі  одан  əрі 

дамып, берекесі арта беретініне сенім 

мол.


Бағзад ƏБДЕНОВА,

ЦЭС ауылы.



Кəсіп түбі – нəсіп

ӘЛИЯНЫҢ  ҚЫЗМЕТІНЕ  ЕЛ  РИЗА



Қуатты ел болу – бəсекеге қабілетті болу деген сөз. «Қазақстанда жасалған» əрбір бұйымда төрт қасиет – 

сапалы, ыңғайлы, əдемі жəне арзан болуы керек. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады Өзімізді өзіміз 

қамшылауымыз керек, бізді сыртан келіп ешкім жарылқамайды.

Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

2015  жылдың  желтоқсанындағы 

мəліметтер  бойынша, «OTAU TV»  

ұлттық жерсеріктік телевизиясы або-

ненттерінің саны 1 000 000 үйшаруа-

шылығынан  асты  деп  хабарлайды 

Қазақстан  Республикасының  телера-

диохабарларын  тарату  саласындағы 

ұлттық  операторы  «Қазтелерадио» 

АҚ-ның өкілдері. Бұл – 4 миллионнан 

астам  қазақстандық  цифрлық  сапа-

да  отандық  жəне  шетелдік  телеарна-

ларды  тамашалауда  деген  сөз.  Оның 

ішінде 15 пайызы (37 799 абонент)  

Павлодар облысының үлесінде. 

Жерсеріктік  телевизияны  енгізген 

алғашқы  жылдары «OTAU TV», əсі-

ресе,  ауыл  тұрғындарының  арасында 

ерекше сұранысқа ие болды, абонент-

тердің  жалпы  санындағы  олардың 

үлесі 2011-2012 жылдары  шамамен 

90  пайызды  құрады.  Өйткені,  қала-

ларда кəбілдік жəне эфирлік аналогты 

телехабар  тарату  желілері  жақсы  да-

мыған,  ал  ауыл  тұрғындары  ол  кезде 

ары кетсе қазақстандық 4 арнаны ғана 

тамашалай алатын. Осыған байланыс-

ты жобаның мақсаты – қала мен ауыл 

тұрғындарының  арасындағы  ақпа-

раттық  теңсіздікті  төмендету  болды. 

Ал  енді  бұл  мақсат  орындалған  соң, 

«OTAU TV» қала  тұрғындарының 

арасында  да  танымалдыққа  ие  бола 

бастады.  Мəселен, 2011 жылмен  са-

лыстырғанда,  қалалық  абоненттер 

үлесі 10 пайыздан 36 пайызға  дейін 

өскен. Ұлттық жерсеріктік телевизия-

ның  өзге  операторлармен  салыстыр-

ғандағы басты артықшылықтары – те-

лебағдарламалардың тегін топтамасы 

мен  желіге  республикамыздың  кез 

келген нүктесінен қосылу мүмкіндігі.     

Қазақстанда  жерсеріктік  телеви-

зия 2002 жылы  «Кателко+»  сауда 

белгісімен  қосылған  болатын.  Ал 

2011 жылдың қаңтар айында Қазақс-

танның  жерсеріктік  желісі  хабар  та-

ратудың DVB-S2, MPEG-4 цифрлық 

стандартына  көшіп, «OTAU TV» де-

ген  сауда  белгісімен  іске  қосылды. 

Желінің  ашылу  салтанатына  Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан бола-

тын.  Жаңа  стандартқа  көшкен  кезде 

абоненттер  саны 6300 болса,  содан 

бері  бұл  көрсеткіш  қарқынды  түрде 

өсіп, 5 жылға  жетпейтін  уақыт  ішін-

де 1 млн.  үйшаруашылығынан  асты. 

Жоба халыққа алғаш рет отандық те-

лерадиоарналарды кескін мен дыбыс-

тың  заманауи  цифрлық  сапасымен 

тамашалауға  мүмкіндік  берді.  Айта 

кетерлік  жəйт,  желі  іске  қосылғалы 

бері тегін топтамадағы арналар саны 

38 теле жəне 7 радиоарнадан 40 теле 

жəне 14 радиоарнаға  дейін,  ақылы 

топтамадағы  телерадиоарналар  саны 

100-ден асты!

Осындай  қысқа  мерзім  ішінде 

«Қазтелерадио»  АҚ  бұдан  басқа  да 

бірқатар  міндеттерді  атқарып  тас-

тады. 2012 жылдың  шілдесінде  де 

Мемлекет  басшысының  қатысуымен 

Цифрлық эфирлік телевизияны енгізу 

жөніндегі жоба іске қосылды. Бүгінгі 

таңда республика халқының 72 пайы-

зы цифрлық эфирлік телевизияға қол-

жетімділікке ие, ал бұл – 12 миллион 

қазақстандық.  Айта  кетерлік  жəйт, 

Алматы,  Жамбыл,  Маңғыстау  жəне 

Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында 

цифрлық эфирлік телевизиямен қамту 

халықтың 95 пайызына  жетті.  Соған 

байланысты 2016 жылдың  І  тоқса-

нында  аталған  аймақтарда  ескірген 

аналогты  телехабар  тарату  желісін 

өшіру жоспарланған.  

2014  жылдың  шілде  айында  Ин-

дустрияландыру  күні  аясында  Елба-

сының  қатысуымен  «Қазтелерадио» 

АҚ «GALAM TV» ұлттық  интернет-

хабар тарату» жəне «Телегазет» атты 

екі  инновациялық  жобаның  тұсауын 

кесті. 

Ұлттық 


жерсеріктік 

телевизия 

клиенттеріне  ыңғайлы  болу  үшін, 

сондай-ақ,  бəсекелестік  орта  құру 

мақсатында  қабылдау  жабдықтары 

жиынтықтарын  жеткізу,  құрастыру 

жəне  қызмет  көрсетуді  шағын  жəне 

орта  бизнес  субъектілерінен  тұратын 

дилерлік  ұйымдар  қамтамасыз  ету-

де, олардың саны қазір 350-ден асты. 

Халықпен  жəне  дилерлермен  тиімді 

жұмыс істеу мақсатында Ақпараттық 

қолдау  көрсету  қызметі (Call-centre) 

193 телефоны арқылы үзіліссіз, мере-

ке жəне демалыс  күндерінсіз жұмыс 

істейді.  Сонымен  қатар,  барлық  об-

лыс  орталықтары  мен  Астана,  Алма-

ты  қалаларында  Дилерлермен  жəне 

халықпен  жұмыс  орталықтарының 

жұмысы жолға қойылған. 

«Қазтелерадио» АҚ өз абоненттерін 

түрлі акция, ұтыс ойындарымен үнемі 

қуантып  тұрады.  Нəтижесінде  тұр-

ғындар «OTAU TV»-ден түрлі бағалы 

жүлделер  мен  сыйлықтарға  ие  бо-

лып  жатады.  Мəселен, 2015 жылдың 

1  қазанынан  жаңа  акция  басталды: 

«Толық»  ақылы  арналар  топтамасы-

на 6 айдан 12 айға  дейінгі  мерзімге 

қосылған  барлық  абоненттер  бағалы 

жүлделер  ұтыс  ойынына  қатысады! 

Бас жүлде – автокөлік! Акция шарты 

бойынша, 2015 жылдың 1 қазаны мен 

2016 жылдың 30 маусымы аралығын-

да барлығы жүлделердің 3 жиынтығы 

ұтысқа түседі. Əрбір үш ай сайын қо-

рытынды  шығарылып,  жеңімпаздар 

анықталады.  Автокөліктен  өзге,  Гоа 

аралына  жолдама, SmartTV, iPhone 6 

секілді  жəне  тағы  басқа  бағалы  сый-

лықтар бəйгеге тігілген.

«OTAU TV» ҰЛТТЫҚ ЖЕРСЕРІКТІК ТЕЛЕВИЗИЯСЫ 

АБОНЕНТТЕРІНІҢ САНЫ 1 000 000-НАН АСТЫ

Мектептің  оқу-тəрбие  үрдісінде 

бастауыш сынып сатысының сапалы 

білім алуы – болашақ ұрпақтың сана-

лы азамат болып өсуіне  зор септігін 

тигізері сөзсіз.  Өскелең ұрпаққа са-

палы  білім  мен  саналы  тəрбие  беру  

- ол əр мұғалімнің басты міндеті. Ол 

үшін əр мұғалім оқушы қиялын жете-

леп, шығармашылық дарындылығын 

дамытып,  оның  қызығушылығын 

арттыруы  шарт.  Осындай  мақсатта 

Жайма  жалпы  орта  білім  беру  мек-

тебінде 18-25 қаңтар  аралығында 

«Бастауышым-балбұлағым» 

атты 


бастауыш  сынып  апталығы  жоспар 

бойынша өз мəнінде өткізілді.

Бір  аптаға  жалғасқан  апталық  ба-

рысында  бірінші  күні  ашылу  салта-

наты  өтіп,  əдебиеттік  оқу  пəнінен 

бастауыш  сынып  мұғалімі  С.Қ.Ес-

мағамбетова  1-4-ші  сынып  оқушы-

ларын  «Тапқырлар», «Білімділер», 

«Ойшылдар» топтарына бөліп, «Сөз-

мерген»  сайысын  өткізді.  Сайыс  өз 

мəніндеөтіп,  оқушылардың  ойлау 

қабілетін,  шешендігін,  тапқырлы-

ғын шыңдады. Екінші күні бастауыш 

сынып  мұғалімі  Ш.К.Ахмадиева 

математика  пəнінен  «Ойлы  болсаң, 

озып  көр»  сайысындаоқушылар-

ды  «Бірліктер», «Ондықтар»  тобы-

на  бөліп,  оқушыларды  математика 

пəнінен зеректілік қасиеттерге, шап-

шандыққа  баулыды.  Үшінші  күні 

қазақ  тілі  пəнінен  «Тапқыр  достар» 

сайысын  бастауыш  сынып  мұғалімі 

Б.Б.Беремжанова  екі  топты  сайысқа 

түсіріп,  оқушылардың  тілге  деген 

құрметтерін 

байқатып,тапқырлық-

тарын  шыңдап,  терең  ойға  баулы-

ды.  Нəтижесінде  «Алғырлар»  тобы 

жеңіске жетті. Төртінші күнді дүние-

тану  пəнінен  бастауыш  сынып  мұ-

ғалімі  Г.С.Сүлейменова  «Табиғатты 

аялайық»  атты    «Жер  ана», «Жасыл 

желек» топтарымен тартымды сайыс 

өткізіп,  оқушыларды  табиғат  ананы 

құрметтеуге,  сыйлауға  баулып,  оқу-

шылардың шапшаңдығы, көрегендігі 

байқалды. Əрі дене тəрбиесі пəнінен 

салауатты  өмір  салтын  насихаттауда 

ата-аналарымен бірге «Көңілді старт» 

ойынын  дене  шынықтыру  пəнінің 

мұғалімі  Б.Б.Бимағамбетов  қызықты 

өткізді.  Кішкентай  бүлдіршіндер  де 

апталықтан қалыс қалмай, мектепал-

ды  даярлық    сыныбы  мен  «Мөлдір» 

шағын  орталығының  бүлдіршіндері 

де өз өнерлері мен білімдерін ортаға 

салды.  МАД  сыныбының  жетекшісі 

Қ.М.Хамзина «Ойнайық та ойлайық» 

логикалық ойын сабағын өткізсе, ша-

ғын  орталық  бүлдіршіндері  «Шал-

қан»  ертегісінен  сахналық  қойылым 

көрсетті.

Апталықтың  соңғы  күні  «Өнерлі 

бүлдіршіндер»  концертік  бағдарла-

масыен 

қорытындыланды.Барлық 



қатысқан  оқушыларға  сыйлықтар 

үлестіріліп  берілді.  Апталыққа  өте 

белсенді қатысқан төмендегі оқушы-

лар:1-ші  сынып  оқушылары – Рах-

метолла  Гүлдария,  Лауов  Алдияр, 

Мұқанов  Нұрхан,  Амангелді  Жан-

туар, Қалтай Қанат, Ербаева Жансая; 

2-ші  сынып  оқушылары – Асылхан 

Асылжан, Сембай Саяжан, Жанбыр-

бай Айша, Карабаева Дильназ; 3-ші-

сыныптан – Хален  Жансая,  Хален 

Бақжұлдыз,  Риза  Аружан,  Оразов 

Ислам,  Олжабек  Мадина; 4-ші  сы-

нып оқушылары - Оразова Альбина, 

Хасенова Жадыра, Закиров Нұрасыл 

сынды  оқушыларымыз  апталыққа 

өте  белсенді  қатысып,  өз  білімдері 

мен  зеректіліктерін  көрсете  білді. 

Жас  өрендерге  биік  белестерді  ба-

ғындыра  беріңдер  демекпіз.  Апта-

лыққа атсалысқан барша мұғалімдер-

ге алғыс білдіреміз.

   А.БОРАНБАЕВА,

Жайма ЖОББ мектебі.

МАҢЫЗДЫ  

АПТАЛЫҚ



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау