Сорос-Қазақстан Қорының 20 жылдық қызметі АшыҚ ҚоғАмғА ҚАрАй


СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі



жүктеу 3,54 Mb.
Pdf просмотр
бет9/9
Дата14.11.2018
өлшемі3,54 Mb.
#19804
1   2   3   4   5   6   7   8   9

СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

25

Бұқаралық ақпарат  

құралдарын реттеу

Қор азаматтық қоғамға заң шығару қызметі 

аясындағы пікірталастарға қатысуға көмек-

теседі. СҚҚ 2009 жылы азаматтық қоғам-

ның Интернетті реттеуге бағытталған заңды 

талқылау, ал 2013-2014 жылдары «әділ сөз» 

Қорының және «20-шы бап» коалициясының 

Қазақстанда баспасөз еркіндігін күшейту 

мақсатында Қылмыстық және Азамат-

тық кодекстерге өзгерту енгізу бойынша 

талпыныстарына қолдау көрсетті. осы 

бастамалардың маңызды нәтижелерінің бірі 

- журналистің заңды кәсіби қыз- 

метіне кедергі жасағаны үшін қылмыстық 

жауапкершілікті енгізу болды. Қор 2013 

жылы «Ашық Қоғам» Қорларының жаһанды 

бастамасының аясында «Қазақстанның 

Сандық Медиа Картасын» жасауға көмек-

тесіп, елде сандық жүйеге өту үрдісі қалай 

өтіп жатқандығын, оның БАҚ плюрализміне 

қалай әсер ететіндігін, БАҚ тұтастығын, 

журналистік әлеуетті талдау талпынысы 

жасалды. Бұл – қордың Қазақстанның 

сандық технологияларға көшу барысын-

дағы өрлеуі туралы пікірталасты орнатуға 

бағытталған 4 жылдық қызметінің өзіндік 

қорытындысы болды. Қор «теледидар және 

радио арқылы хабар тарату» заңнамасының 

өзгеруі жайындағы парламенттік пікірта-

ласқа азаматтық қоғам белсенділерінің 

қатысуын қолдады. нәтижесінде, аймақтық 

телеарналарға сандық хабар таратуға 

көшу барысында Үкімет тарапынан қолдау 

көрсетілетін болды. Сонымен қатар, ұлттық 

операторға тәуелді болмау үшін, жергілікті 

арналарға жеке мультиплекс ашуға рұқсат 

етіліп, бастама заңды түрде бекітілді.  

әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық Университетінің 

«Журналистика» факультеті магистрантының 

сұхбат алу кезеңі, Алматы, 2012 ж.  

Фото: Ден Кокс

Медиқұрылтай. Ақпараттық қауіпсіздік 

бойынша панельдік талқылау, Алматы, 2014 ж. 

Фото: Қазақстан баспасөз клубы




26

Аурухана қызметкерлері, Алматы.  

Фото: Владимир третьяков 

Ашық қоғАмғА қАрАй:



СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

27

СҚҚ алғашқылардың бірі болып жазылмас 

дертке шалдыққан жандардың өмір сапасын 

жақсартатын Қазақстандағы денсаулық 

сақтаудың паллиативтік жүйесін және «есірт-

кінің зияндығын төмендету» бағдарламала-

рын іске қосты.

Қоғамдық денсаулық сақтау 

мектебі

Сорос-Қазақстан Қоры 1997 жылы қаланған 

күнінен бастап Денсаулық сақтау және 

әлеуметтік даму министрлігінің қол астын-

дағы Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары 

мектебіне ұйымдастырушылық қолдау 

көрсетіп келді. Қолдау, сондай-ақ, мектепті 

қазіргі заман жабдықтарымен қамтамасыз 

ету үшін бөлінген техникалық гранттар және 

қызметкерлеріне шетелдің жетекші меди-

циналық оқу орындарында қысқа және ұзақ 

мерзімді білім алуына мүмкіндік беретін білім 

беру гранттары түрінде көрсетілді. 

Сонымен қатар, қолдау Батыс елдерінің 

жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесе 

отырып, алдын алу медицинасы, медицина-

лық құқық, басқару және денсаулық сақтау 

экономикасы сынды бағыттар бойынша оқу 

бағдарламаларын жетілдіру арқылы жүзеге 

асты. «Білім беру бағдарламаларының 

жақсаруы және мектеп оқытушыларының 

кәсіпқойлығының артуы қор жобаларының 

нәтижесі болды», - дейді дәрігер, профессор, 

Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мек-

тебінің құрылтайшысы Мақсұт Құлжанов.

Қор мектептің денсаулық сақтау сала-

сында қашықтықтан оқыту бойынша жасаған 

жұмысына қолдау көрсетіп, соның нәтиже-

сінде, мектептің оқыту бағдарламаларының 

әлдеқайда көп адамды қамтуына және 

денсаулық сақтау қызметкерлерінің барын-

ша көп санының біліктіліктерін арттыруына 

мүмкіндік тудырды. СҚҚ қашықтықтан оқыту 

жүйесінің инфрақұрылымын құруға гранттар 

бөліп, соның ішінде электрондық оқу мате-

риалдарын әзірлеу және мұғалімдер мен 

басшыларды дайындауды қаржыландырды.

Мектеп қызметкерлері алған білімдерін 

денсаулық сақтау аясында заңнамалар мен 

бағдарламаларды жасап шығару барысында 

негізгі лауазымды тұлғалар, жергілікті билік 

органдарымен ынтымақтастық орнатып, 

денсаулық сақтау бағдарламалары мен ден-

саулық басқаруды жүзеге асыруда ұлттық 

дәрежеде өз үлесін қосып келеді.

СҚҚ қолдауы Қазақстанның денсаулық 

сақтау жүйесін жетілдіруге ықпал етті. «Бұл 

бастамалар қазақстандықтардың өміріне ті-

келей болмаса да, жанама әсерін тигізді. Бұл 

саладағы бастамалар, денсаулық сақтаудың 

басқару жүйесін жетілдіру, денсаулық сақтау 

ұйымдарында медициналық көмек көрсетуді 

ұйымдастыру, медициналық көмектің қол-

жетімділігін жақсарту, оның жаңа қағидала-

рын енгізу арқылы жүзеге асырылды», - дейді 

Құлжанов мырза.



Зальцбургтік семинарлар

Қордың гранттық бағдарламалары дәрі-

герлерге және басқа да денсаулық сақтау 

қызметкерлеріне Австрияның клиникала-

рында машықтанудан өтуге, дағдыларын 

жетілдіріп, халықаралық тәжірибе жинақтауға 



қоғАмДық ДЕНСАУЛық

Қордың денсаулық сақтау аясындағы жұмысы 

Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау мектебін қолдау 

және медицина қызметкерлеріне шетелде білім алуға 

гранттар беру арқылы оларды кәсіби дайындау саласының 

жақсаруына алып келді.



СҚҚ қолдауы Қазақстанда 

денсаулық сақтау жүйесін 

жақсартуға көмектесті.


28

мүмкіндік берді. Бұл бастама Қазақстанның 

денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге едәуір 

ықпал тигізді.

Қор 1998 жылдан 2003 жылға дейін 

педиатрия, кардиология, неонатология, 

гинекология, отоларингология, анестези-

ология, урология және жұқпалы аурулар 

саласындағы мамандарға 66 грант бөлді. 

Кейіннен бағдарлама қаржыландыру мен 

қолдауды қажет етпейтін халге дейін өсті. 

Бағдарлама аясында медицина қызметкер-

лерінің әлі күнге дейін австриялық клиника-

ларға баруына мүмкіндігі бар. Зальцбургтік 

семинарлар Қазақстан денсаулық сақтау 

жүйесінің дамуына тұрақты әсер етті. Дәрі-

герлер отанына жаңа білім, жаңа дағды-

лармен қаруланып келіп, емделушілеріне 

сапалы ем көрсете білді.

Залалды төмендету

Сорос-Қазақстан Қорымен қаржыланды-

рылған залалды төмендету бағдарламасы 

есірткіні пайдалануға байланысты туын-

даған теріс салдарды төмендетуге көмек-

теседі. Бұл ретте Қор аталмыш бастамалар 

денсаулыққа тигізетін қауіптерін әсте жой-

ып тастай алмағанымен, қолданушыларға 

және жалпы қоғамға тәуекелдерді азайту 

бойынша практикалық құралдар ұсынады 

деген қағиданы ұстанды.

Қазақстан республикасының Денсау-

лық сақтау және әлеуметтік даму министр-

лігі, ЖИтС республикалық орталығымен 

бірлесіп, АИВ / ЖИтС, С гепатиты сияқты 

аурулардың таратылуын тоқтату үшін Қор 

қаржыландыратын бағдарламалар инъ-

екциялық есірткі қабылдаушыларды (ИеҚ) 

қамтыды.

«Бұл салада Сорос-Қазақстан Қоры 

пионерлердің бірі», - дейді «АИВ / ЖИтС 

саласында және нашақорлармен жұмыс 

жасаушы Қазақстандық ұйымдар қауымдас- 

тығы» ЗтБ басшысы татьяна родина. Қор 

2003 жылы қоғамдық денсаулық сақтау 

ұйымының күн тәртібіне залалды төмендету 

сұрақтарын енгізуі мақсатында инелер-

мен алмасу бойынша пилоттық жобаны 

қаржыландырды. нәтижесінде бүгінде 

Қазақстанның барлық облыстарында ине 

мен шприцтерді айырбастау орны бар. Бұл 

жайт қоғамның денсаулығына төнуі мүмкін 

қауіптерді барынша азайтуға көмектесті. 

«Біз есірткі пайдаланудан туындайтын 

зияндардың, әсіресе, АИВ індеттерінің 

таралуын төмендетуге тырысудамыз», - деп 

жалғастырды родина ханым. ол басқарып 

отырған ұйым 2004 жылы СҚҚ қолдауымен 

құрылып, енді өзін-өзі қаржыландыруға 

көшіп отыр. «Қазіргі таңдағы басты мәселе 

қауіпті төмендету болып отыр. Бағдар-

ламаның арқасында көптеген адамдар 

Қазақстан ауруханасындағы балалы аналар. 

Фото: Ulrich Baumgarten/ Getty Images 



ҚоғАмДыҚ ДеНСАУЛыҚ

Зальцбургтік семинарлар 

Қазақстан денсаулық сақтау 

жүйесінің дамуына тұрақты 

әсер етті. Дәрігерлер 

отанына жаңа білім, жаңа 

дағдылармен қаруланып 

келіп, емделушілеріне 

сапалы ем көрсете білді.


СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

29

ауруларды жұқтырмады. Бұның әлеуметтік 

мәні өте жоғары».

паллиативтік көмек

Өміріне қауіп тудыратын ауруларға шалдыққан 

адамдар үшін жасалған паллиативтік көмек 

көрсетудің мамандандырылған жүйесін ендіру 

СҚҚ қоғамдық денсаулық сақтау саласын-

дағы жұмысының ұзақмерзімді мұрасы болып 

табылады. Паллиативтік көмек емделушілердің 

және олардың туыстарының өмір сапасын 

жақсартып, олардың құқықтарының, абы-

ройларының және теңдіктерінің сақталуына 

ерекше көңіл бөледі. Жүйе симптомдарды 

бақылауды және емделушілердің ауруларын 

жеңілдетуді қамтамасыз ете отыра, олардың 

туыстарына психологиялық қолдау көрсетеді. 

2008 жылы Қор Қазақстанның паллиативтік 

көмек көрсету саласына ахуалдық талдау 

жүргізуін қаржыландырып, нәтижесінде, 

адвокация, оқыту, біліктілікті арттыру арқылы 

заманауи стандарттарды енгізу қажеттілігін 

анықтады. 2009 жылы паллиативтік көмек 

түсінігі Қазақстан республикасының «Халықтың 

денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі 

туралы» Кодексіне енгізілді, ал 2010 жылы 

қағаз бетіне жазылған ұлттық стандарттарды 

жасап шығару мақсатында СҚҚ, Денсаулық 

сақтау министрлігі, Қазақстанның қоғамдық 

денсаулық сақтау жоғарғы мектебі және 

қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы 

сарапшылардан тұратын жұмыс тобы құрылды. 

Паллиативтік көмектің ұлттық стандарттары 

өз күшіне енген 2013 жыл денсаулық сақтау 

жүйесіндегі нәтижелі жылдардың бірі болды.

Мемлекет бойынша денсаулық сақтау 

тәжірибесіне паллиативтік көмек көрсету 

жүйесін толықтай ендіру үшін көп уақыттың 

қажеттілігіне қарамастан, жазылмайтын 

ауруға шалдыққан адамдарға, олардың 

қажеттіліктеріне сай - хоспистен бастап емха-

налық көмекке дейін әртүрлі қызметпен қамту 

бойынша үкімет міндеттемесі пайда болды.

Сонымен бірге, әлі күнге дейін СҚҚ 

қолдауын талап ететін науқастардың үйіне 

баратын, көпсалалы жедел бригадалар бар. 

«Паллиативтік көмек көрсету жүйесін және 

оңалтуды енгізу мыңдаған жазылмайтын 

науқастарға қажетті медициналық көмекке 

қол жеткізуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде 

олардың өмір сүру сапасы айтарлықтай жақ-

сара түсті», - деді Құлжанов мырза. 

«СҚҚ халыққа көмек көрсетудің ме-

дициналық және әлеуметтік салаларының 

дамуына айтарлықтай қарқын енгізді», - дейді 

Гүлнар Күнірова, 2013 жылы СҚҚ қолдау- 

ымен құрылған паллиативтік көмек көрсету 

қауымдастығының президенті. «Қордың 

өзінен бастау алған немесе оның көмегімен 

жүзеге асырылған жобаларының арқасында, 

паллиативтік көмек көрсетудің философиясы 

үкіметтік емес сектордан Үкімет пен Парла-

мент деңгейіне дейін ене бастады».

Паллиативтік көмек көрсетудің қағи-

дасы – емделушілер мүмкіндігінше ұзақ 

әрі жақсы өмір сүруі тиіс дегенді білдіреді. 

Бұл – емделушілердің және олардың 

отбасыларының өмір сүру сапасына 

жағымды әсер етеді. «топтың көрсеткен мей-

ірімділігіне, қамқорлығына үлкен алғысымды 

білдіргім келеді», - дейді аталмыш көмекті 

алған равия Күрепанова. «осы адамдардың 

арқасында мен өзімді әлдеқайда жақсы 

сезініп отырмын. енді мен жалғыз емеспін». 

 

Қарағанды қаласындағы хоспис.  



Фото: VoxPopuli 

Паллиативтік көмек 

көрсетудің қағидасы – 

емделушілер мүмкіндігінше 

ұзақ әрі жақсы өмір сүруі 

тиіс дегенді білдіреді. Бұл 

– емделушілердің және 

олардың отбасыларының 

өмір сүру сапасына 

жағымды әсер етеді. 


30

ЖАҢА 


СтрАтеГИЯ

Біздің әлеуетті қызметіміз – ашық қоғам құндылықтарын алға 

жылжыту. Біз қор жұмысының БҰҰ-ның адам құқықтарының 

жалпыға бірдей Декларациясында бекітілген, Қазақстан 

Республикасының Үкіметі мақұлдаған әмбебап қағидаларын 

жылжытуға ат салысатынын мақтан тұтамыз. Жұмысымызды одан 

әрі жүргізе келе, біз, осы құндылықтарды Қазақстанды әлеуметтік, 

экономикалық және саяси дамыту механизмі ретінде нығайтуды  

жалғастыра береміз. 

•     алдына адамның негізгі 

құқықтарын қорғау және 

либералды реформаларды 

ілгерілету мақсатын қоятын 

азаматтық қоғам белсенділерін 

және олардың ұйымдары 

мен бастамаларын қолдауды 

жалғастырамыз; 

•      ашықтықты есептілікке 

айналдыру мақсатында 

табыстар мен бюджеттердің 

ашықтығы саласындағы 

жетістіктерімізді одан әрі 

пайдалануды жалғастырамыз;  

•      жастардың белсенді және 

жауапты азаматтар болуы 

үшін олардың құқықтары 

мен мүмкіндіктерін кеңейтіп, 

қауымдастықтарының 

өмірін жақсартуға керекті 

машықтарды береміз; 

•      инновациялар және 

кәсіпқойлықты қолдау 

арқылы бұқаралық ақпарат 

құралдарының әлеуетін 

күшейту, сонымен қатар, сөз 

еркіндігі кеңістігін сақтауға үлес 

қосамыз; 

•    менталдық бұзушылықтары бар 

адамдарды, оларды қоғамның 

ең осал тобы ретінде мойындап, 

қоғамға енуіне көмектесеміз; 

•    қоғамдық саясат саласындағы 

әлеуетті арттырып, ашық 

қоғам идеяларын бөлісетін 

мамандардың жаңа буынына 

қолдау көрсетеміз;

•    бұрынғы байланысты нығайта 

отырып, нақты мақсаты мен 

болашаққа деген көзқарасы бар 

жаңа серіктестермен байланыс 

орнатуға тырысамыз.

АЛДАғы жыЛДАры БіЗ:



СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

31

Адам құқықтары

Адам құқықтары қор жұмысының басты әлеуеттерінің бірі болып 

қала береді. Біз серіктестеріміздің осы бағыттағы жанкешті жұ-

мысын қолдап, сол арқылы іргелі адам құқықтарын тиімді қорғау- 

ларына көмектесеміз. Серіктестірімізге қосымша қаржылық қол-

дауды тарту мақсатында адам құқықтары саласыдағы донор-

лардың жұмыстарын үйлестіруге көмектесеміз. 

Үеұ-дардан өзге адам құқықтары мен мүдделерін қорғаудың 

жаңа формасын көре отырып, қоғамдық қозғалыстарды қолдау- 

ға мүдделіміз. Себебі қоғамдық қозғалыстар - негізгі мәселеге 

назар аударып, тың әдістерді қолдана отырып, қалың көпшілік-

тің қолдауына ие бола алады. Біз оларға кәсіби ұйымдармен 

байланыс және серіктестік орнатуға септігімізді тигізе отыра, 

әлеуеттерінің өсуіне көмектесуге дайынбыз. 



Ашықтық және есептілік

СҚҚ Қазақстанда өндіруші өнеркәсіп қызметтерінің ашықтығы 

бастамасы үшін қозғалысының қалыптасуына көмектесті. нәти-

жесінде еліміз аталмыш бастамаға қосылды. Қазіргі кезеңде 

ашықтықтың бастамалары арқасында қолжетімді болған ақпа-

раттың қалың көпшілікке түсінікті әрі маңызды болып табылуына 

қол жеткізу керек. ол үшін мемлекеттік қаржы және бюджетті 

басқару мәселелері бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу 

керек. 

Ашықтықты арттыру бойынша өз тәжірибиемізге  негізделе 



отыра, біз электр энергетикасының ашықтығы бастамаларына 

қолдау көрсеттік. Дәлірек айтсақ, осы салада ашықтық пен 

есептілікке шақыратын азаматтық қоғам ұйымдарының жаһан-

дық жүйесінен тұратын Электр энергетикасын басқару бастама-

сын қолдадық.

«жергілікті бюджет» бастамасы

Үеұ-дың қор қолдауымен жүргізілген бюджетке мониторинг 

жасау бағдарламалары бойынша тиімді жұмысы бюджеттік жүй-

енің ашықтығы мен есептілігінің ұлттық деңгейде айтарлықтай 

деңгейде өсуіне алып келді. енді осы сәтті қызметті жергілікті 

деңгейге көшіруді көздеп отырмыз. 

Жергілікті деңгейде азаматтар әлі күнге дейін бюджеттік 

ақпаратқа қолжеткізуде айтарлықтай қиындықтарға тап болып, 

бюджеттік шешімдерді қабылдауға әсер ете алмайды. Бұл өз 

кезегінде азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне әсер етеді. 

оның үстіне жергілікті деңгейде барлық мемлекеттік шығынның 

60%-нан астамы жүзеге асырылады.  

Біз жинақталған тәжірибиемізді жергілікті бюджеттің 

ашықтық және есептілік стандарттарын дайындау және жер-

гілікті деңгейде жұртшылықтың бюджеттік процеске қатысуына 

пайдаланамыз.  Бюджеттік ақпаратқа қолжетімділікті қамтама-

сыз ету және шешім қабылдау процесіне адамдарды белсенді 

түрде тарту үшін Жергілікті бюджеттердің ашықтығы индексін 

дайындауға қолдау көрсеттік. Біз оның жергілікті билік өкілдерін 

осы салада жағымды өзгерістер енгізуге ынталандырады деп 

сенеміз. 

жастар бағдарламасы

СҚҚ жастардың белсенді, жауапты азамат, әрі өз қауымдас- 

тықтарының және қоғамдық пікір көшбасшылары болуларына 

көмектеседі, бастамаларын қолдайды. Біз жастарды саяси ен-

жарлық, діни және өзге экстремизм сынды жағымсыз идеологи-

ядан аулақ болуға ынталандырып, қоғамда жағымды өзгерістер 

енгізу үшін либералдық құндылықтарды қабылдауға шақырамыз. 

Біз рөлімізді жастарды бағыттауда емес, олардың өз 

қауымдастықтарын өзгерту бойынша бастамаларын жүзеге 

асыру үшін қажет машықтар мен құралдармен қамтамасыз 

етуде көреміз. Біз жастарды өз әлеуметтік мәселелерін шешу 

барысында мемлекетке немесе өзге субъектілерге иек артудан 

гөрі, өздеріне сенуге шақырамыз. Біздің көмегіміз жастардың өзі 

мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын іздеуде жауапты 

деген түсінікке негізделген. 

Жаңа стратегияда бағдарламаның қамту ауқымын кеңей-

туге тырысып, ірі қалалардан тыс жерге шығуға талпындық. 

назарымызды қазақтілді ортаға аударып, бағдарламаларымыз-

ды ауыл жастарының қажеттіліктеріне бейімдеудеміз.     

Сурет авторлары: әсел әбдрахманова, Юрий Беккер, Ден Кокс, Джоанна 

Лиллис, Айдана Мұхаметғалиева және қор мұрағатынан. 



32

аймақтық даму, діни қарым қатынас, экономиканың диверси-

фикациясы тақырыптарын алса болады. Сонымен қатар, біз 

сарапшылар өз либералдық көзқарастарын шешім қабылдай-

тын тұлғаларға және қалың көпшілікке жеткізе алатын жүйелер 

мен пікірталас алаңдарын қолдаймыз.  оған Vласть Интернет 

журналының базасындағы Ekvilibro бағдарламасы және «Кипр» 

аналитикалық тобының пікірталас алаңы мысал бола алады.



«Баршаға ашық қоғам» бастамасы

Қор кемсітушілікке тап болып, Қазақстанда әлеуметтік ең осал 

топтардың бірі болып табылатын менталдық бұзушылықтары 

бар адамдардың қоғамға ену бойынша талпынысын қолдайды. 

Менталдық бұзушылықтары бар ересектердің басым бөлігі 

жабық мекемелерде ем қабылдаса, ал балалар болса, әдетте, 

жалпы білім беру жүйесінен шектетілген болып келеді. 

Біз психикалық денсаулық саласында баламалы қызмет 

көрсететін орталықтарды қолдаймыз. Сол арқылы сәтті мысал 

қалыптастырып, болашақта деинституционализациялану бойын-

ша қызметтің іргетасын қалауды мақсат етіп отырмыз. Сәйкесін-

ше саясаттарды дайындау және менталдық бұзушылықтары бар 

адамдарға деген қоғам көзқарасын өзгерті үшін серіктерімізді 

жұмылдырып, сол арқылы ол адамдар үшін қоғамнан шек-

тетілмей өмір сүруге, білім алуға және жұмыс істеуге мүмкіндік 

жасағымыз келеді. 



БАҚ бағдарламасы

СҚҚ өз күшін жауапты және кәсіби журналистика қағидаларын 

ұстанатын БАҚ-тың біліктілігін және әлеуетін арттыруға бағыт-

тайды. Қор жаңалықтық журналистиканы сандық платфор-

маларға ауыстыру бойынша семинарларға қолдау көрсетіп, 

журналистік зерттеу және мәліметтер журналистикасы сынды 

салаларда оқуға мүмкіндік береді. 

Біз ашықтық, есептілік, әлеуметтік әділеттік сынды тақы-

рыптарды жарықтандыру барысында жергілікті жаңалықтардың 

сапасын жақсарту мақсатында аймақтық БАҚ-тың әлеуетін 

дамытуға баса назар бөлеміз. Сонымен қатар, қазақ тілінде 

сапалы өнім жасағысы келетін БАҚ-ты қолдаймыз. 

Шетелде оқу және халықаралық серіктестікті бекіту тал-

пыныстарын қолдай отыра,  БАҚ өкілдерінің журналистік және 

қаржылық тұрақтылығын арттыруға ат салысуға тырысамыз. 

Қор тренингтерге жаңашылдық және креативтілік енгізе отыра, 

Қазақстан медиа қауымдастығы үшін сапаның кәсіби стандарт-

тарын арттыруға талпынады.



«Қоғамдық саясат» бастамасы

Қор ашық және демократиялық қоғам құндылықтарын бөлісетін 

жас сарапшылардың қауымдастығын қалыптастыру мақсатында 

Қазақстанда қоғамдық саясат саласын дамытуға атсалысады. 

Бұл мақсатқа қатысушыларға саяси басқарушылық сараптама, 

мәліметтердің визуализациясы және коммуникация сынды қа-

жет машықтарды беретін арнайы оқыту бағдарламасы арқылы 

жетуді көздеп отырмыз. тақырыптар, оларды шешудің оңтайлы 

жолын табу үшін Қазақстан алдында тұрған міндеттерге негізде-

ле отырып алынады. Мысал ретінде миграция, білім беру, қыл-

мыстық құқық, әлеуметтік саясат, ұлттық мемлекеттік құрылым, 

жАҢА СТрАТеГия



Дизайн

Designlounge, Inc., New York



Автор

Джоанна Лиллис




(c) Сорос-Қазақстан Қоры

050000, Қазақстан, Алматы

Желтоқсан көш.111 А, 9-кеңсе

www.soros.kz

Facebook/Twitter: SFKazakhstan

Тел.: +7 (727) 250 38 11  

  

  250 98 50 



 

  258 89 83



Факс: +7 (727) 250 38 14

Сорос-Қазақстан Қоры, 2015 г

жүктеу 3,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау