Сорос-Қазақстан Қорының 20 жылдық қызметі АшыҚ ҚоғАмғА ҚАрАй


оҚо-дағы ауыл бюджетін талқылау, 2014 ж.  Фото: Шолпан Айтенова Ашық қоғАмғА қАрАй



жүктеу 3,54 Mb.
Pdf просмотр
бет5/9
Дата14.11.2018
өлшемі3,54 Mb.
#19804
1   2   3   4   5   6   7   8   9

14

оҚо-дағы ауыл бюджетін талқылау, 2014 ж. 

Фото: Шолпан Айтенова

Ашық қоғАмғА қАрАй:



СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

15

«осы жылдар ішінде СҚҚ еліміздің демокра-

тия жолында дамуына өзінің елеулі үлесін 

қосып келді», - дейді Кирилл осин, энерге-

тикалық ресурстарға бай Қазақстанның ба-

тысында орналасқан «Эко Маңғыстау» Үеұ-

ның директоры. «Қор қолдауымен үкімет, 

бизнес және қоғамдық ұйымдар арасында 

диалог орнату механизмі қалыптасты. Бұл - 

белсенді қоғам және ашық, жауапты үкімет 

қалыптастыруға мүмкіндік берері сөзсіз».

Өндіруші салалардың 

ашықтық бастамасы  

СҚҚ Қазақстанда алғашқылардың бірі 

болып мұнай және газ салаларының 

ашықтығы мен есептілігінің маңыздылығы 

туралы айта бастады. 2004 жылы Қор 

«Kazakhstan Revenue Watch» бағдарламасын 

іске қосты. Бағдарлама «Мұнай кірістері 

қоғамның бақылауында болсын!», «Аза-

маттық Құрылтай» және «Айқындық» атты 

коалицияларды қолдау арқылы табыстар-

дың ашықтығын насихаттайтын қоғамдық 

бастамаларды құруға көмектесті. 2005 

жылы Қазақстан Қор және оның серіктес- 

терінің көмегімен есептіліктің халықаралық 

стандарты болып табылатын Өндіруші 

салалардың ашықтық бастамасына (ӨСАБ) 

қосылды.

ӨСАБ аясында өндіруші компаниялар 

өздерінің бюджетке төлеген салықтық 

және салықтан тыс төлемдерін ашық түрде 

жариялайды, ал үкімет өз тарапынан осы 

салалардан түскен түсімдер бойынша есеп 

береді. нәтижесінде үшінші жақ өндіріс са-

лалары мен үкіметтің мәліметтерін салысты-

ру мүмкіндігін алады.  2013 жылы Қазақстан 

тағы да бір маңызды асуды бағындырып, 

ӨСАБ-ның ізбасар-елі мәртебесін алды.

«Қордың Қазақстанда ӨСАБ жүзеге 

асырылуын қолдауы - осы бастаманың 

кең таралуына мүмкіндік туғызды», - дейді 

Павел Лобачев, «Эхо» Үеұ-ның директо-

ры. СҚҚ елімізде ӨСАБ-ның жүзеге асуын 

бақылайтын ұлттық кеңесінің жұмысына 

азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуын 

қаржыландырды. «Мемлекеттік деңгейде 

құрылған көптарапты органның құрамын-

да азаматтық қоғам өкілдері толыққанды 

дауысы бар шынайы және тең құқылы 

мүшесіне айналды. Бұл саладағы ақпарат 

әлдеқайда ашық болып келе жатыр», - 

дейді ол. 

осы саладағы процестер қоғамның 

назарын өндіруші компаниялардың, әсіресе, 

энергетикалық ресурстарға бай Батыс 

Қазақстанда орналасқан компаниялардың 

жұмысына аударып, жергілікті қауымдас- 

тықтармен әрекет жасауға бағыт алған 

бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жақ-

сартты.   

Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесіне 

қатысу арқылы азаматтық қоғам өкілдері 

энергетикалық компаниялардың қаржы-

ландырған әлеуметтік инфрақұрылым 

объектілеріне жасалатын мониторингке 

қатысу мүмкіндігін алды. Сондай-ақ жаңа 

жобаларға қатысты шешім қабылдау про-

цестеріне қатыса алды.  

Аталмыш Кеңестің компаниялардың 

кірістері туралы есептерді жүйелі түрде 

жариялауы өндіруші салалардан түсетін 

табысты меңгеруде едәуір ашықтыққа қол 

жеткізуді мүмкін етті. Ашықтықтың инвес- 



БАСқАрУ

Сорос-Қазақстан қоры ұзақ жылдар бойы бюджеттің 

ашықтығы  мен есептілігі және қоғамды бюджеттік 

процеске тарту бастамаларын қолдап келеді. Біздің 

есептілікті және осы саладағы үздік тәжірибелерді 

енгізу жолындағы жұмыстарымыз елімізге жағымды әрі 

ұзақмерзімді әсерін тигізді, болашақта да өз жемісін береді 

деп сенеміз.



ӨСАБ Қазақстандағы 

жағдайды айтарлықтай 

өзгертіп, өндіруші 

салалардан түсетін 

табыстарды басқару 

саласынды есептіліктің 

дамуына көмектесті.


16

торлар үшін маңызы зор болғандықтан, 

осындай бастамалар елімізде ұзақмерзімді 

және тұрақты инвестициялық ахуалдың 

орнауына мүмкіндік береді. Қазақстан үшін 

ӨСАБ жағдайдың өзгеруіне әсер еткен 

шара болды, және де ол энергетика сала-

сынан келіп түскен табысқа байланысты 

мемлекеттік есептілікті орнатуға белсенді ат 

салысты.


Азаматтық бюджет

Мемлекеттік қаржыға қоғамдық бақылауды 

жақсарту саласындағы СҚҚ жұмысының 

тағы бір маңызды мұрасы ретінде Азамат-

тық бюджет бастамаларының жүзеге асы-

рылуын айтуға болады. Бұл жоба респуб- 

ликалық және жергілікті бюджетті маман 

емес адамдардың түсіне алатын форма-

тында жасауды көздеді. Бастама ақпарат 

ашықтығын арттырумен қатар, қоғамның 

бюджеттік процестерге қатысуын қамтама-

сыз етеді. Азаматтық бюджетті енгізу үшін 

СҚҚ Қаржы министрлігімен, Халықаралық 

бюджеттік серіктестікпен, Қазақстанның 

ұлттық бюджет желісінің (ҚұБЖ) мүше-

лерімен және де Үеұ коалициясымен бірігіп 

жұмыс жасап келеді.

2011 жылы үкімет азаматтық бюджет-

терді іске асыруды мүмкін ететін заң қабыл-

дады. Бүгінде мемлекеттік органдардың 

барлығы дерлік - министрліктер мен жер-

гілікті атқарушы органдардан құқық қорғау 

органдарына дейін, өз веб-сайттарында 

қолданушыға түсінікті түрде Азаматтық 

бюджеттерін жариялайтын болды. осының 

арқасында мемлекеттік шығындарды аза-

маттық бақылауға алу мүмкін болып отыр.

Сонымен қатар бюджеттік процестің 

барлық дерлік кезеңдерінде үкімет қолда 

бар құжаттардың – бюджеттік  есептер-

ден дайын аудиторлық есептерге дейін 

ұсынылуын қамтамасыз етеді. Бұл жоба 

(СҚҚ «Мемлекеттік қаржының ашықтығы» 

бағдарламасы аясында жүзеге асырылып 

келді) азаматтардың мемлекеттік шығыс-

тарға мониторинг жасауына, сонымен 

қатар, бюджетті қоғам қажеттіліктерімен 

талқылау процесіне үлкен әсер етті.

 

жергілікті бюджеттердің 

ашықтық индексі

Жергілікті бюджеттердің ашықтық 

индексі (ЖБАИ) СҚҚ және Қазақстанның 

ұлттық бюджеттік желісімен әзірленіп, 

жалпы бюджеттік есептіліктің жақсаруын, 

сондай-ақ аймақтық және республикалық 

деңгейдегі бюджеттік процестерге қоғам-

ның қатысуын ынталандыруды мақсат 

тұтады. осы мақсатқа жету үшін елдің 14 

облысы мен екі бас қаласы - Астана мен 

Алматыда бюджетке байланысты зерттеу-

лер жүргізіліп, соңында олардың ашықтық 

тұрғысынан саралау жасалады. ЖБАИ-дің 

алғашқы рейтингі 2011 жылы жарияланды 

және қазіргі уақытта өзін аймақтарда жер-

гілікті бюджеттің шығыс бөлігін салыстыр-

малы бағалау және әр аймақтың ашықтық 

және есептілік деңгейін анықтау инстру-

менті ретінде бекітті. 

Индекс арқылы бүкіл ел бойынша 

бюджеттік процестердің ерекшеліктері 

анықталып, қай өңірлер өз азаматтарына 

оған қатысудың көбірек мүмкіндіктерін 

беретінін айқындауға көмектеседі. Айналып 

келгенде, индекс жергілікті құрылымдар-

дың ақпаратқа қолжетімділікті жақсартуға 

негізделген. «Бюджетті әзірлеу мен оларды 

орындау барлық адамдарға, әсіресе, 

осал топтардың өкілдеріне әсерін тигізеді. 

Экономикалық тұрғыдан алғанда бюджетті 

орындауға қоғамдық мониторинг  жүргізу 

қаражаттың мақсатты пайдалануына және 

мемлекеттік дамыту бағдарламаларының 

БАСҚАрУ

Бұл жоба мемлекет 

шығыстарына мониторинг 

жасау, сонымен қатар, 

бюджетті талқылау 

процесіне азаматтарды 

тартуға үлкен үлес қосты.

Каспий теңізіндегі Қашаған кен орны.  

Фото: Джоанна Лиллис



жүктеу 3,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау