3. Жеке тұлғаның оздігінен жетілуіндегі ішкі қажеттіліктерді қалыптастыру. Өздігінен жетілу — жеке тұлғаның бойында адамгершілік қасиеттердің терендей түсу процесі, адамның өзін жете түсінуі мен өзімен өзі тұрақты түрде жұмыс жүргізіп отыру қажеттілігі, өз мінез-құлқының ерекшеліктерін білуге жол ашатын жеке тұлғаның психологиясындағы күрделі процесс. Ол үшін мектепте оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алатын психологиялық консультациялар жүйесінің болуы қажет. Сонымен қатар, оқушылардың ерік-сезімі аясының, олардың даму деңгейлерінің, кәсіби бағдарының диагностикасын (социометрия) анықтау өте маңызды. Сол сияқты оқушыға өз бетінше еңбек ету барысында да өз орнын таба білуге көмектескен жөн. Бұл жерде мектептің ғылыми қоғамы мен жоғары сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор.
Гимназия сияқты бағдарлы мектептердегі тәрбие жүмыстарын кураторлар үйымдастырады. Кураторлар сынып жетекшілерінен атымен ғана емес, сонымен бірге ең алдымен оның атқаратын қызметінің терең мазмұнды өзгерістерімен де ерекшелінеді. Кураторлардың міндеттері өзірге түбегейлі анықталған жоқ, дегенмен бүгінгі танда белгілі болған функционалдық міндеттерді атап көрсетуге болады. Олардың қатарына 4 психологиялық және 4 педагогикалық міндеттер жатады:
1. Әкімшіл куратор, бүл сынып жетекшісінің әкімшілік міндеттерін жүзеге асырушы педагог: ұйымдастырушылық (тәртіп мәселесі, сабаққа қатыстыру және т.б.), ақпараттық (әрбір оқушының сабақ үлгірімі туралы ақпарат жинау және ата-аналармен байланыс), мәдени-көпшілік (эпизодтық мәдени-көпшілік шаралар және т.б.)-
2. Тәрбиеші куратор — бұл өзінің тәрбиешілік міндеттерін оқушылардың жас ерекшелігі теориясына сүйене отырып жүзеге асырушы ғана емес, сонымен бірге өзінің педагогикалық қызметін оқушынын жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырушы педагог. Баланың жеке психологиялық ерекшеліктеріне төмендегілерді жатқызамыз:
а) баланың мектептен тыс уақыттағы жағдайларын білу: оның ортасы, қызығушылығы, немен шұғылданатыны.
ә) баланың отбасы туралы мәлімет: оның құрамы, білімі, баланың ата-аналарына деген қарым-қатынасы, ата-аналарының мектепке деген қатынасы, отбасының психологаясы (мүмкіндігінше).
б) мектепте бала туралы не белгілі? (мәліметгер):
— мінез-құлық ерекшелігі;
— ерік-сезім сапасы;
— таным мүмкіндіктері мен қабілеті;
— баланың ұстанған бағыты;
— сабаққа, еңбекке қатынасы;
— қызығушылығы, бейімі;
— өзіне қатынасы;
— ұжымға қатынасы.
Тәрбиеші куратор сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің көмегіне сүйенбей, өз бетінше дербес тәрбие жұмысьшен айналысады. Кейде мұндай кураторларды міндетіне қарай “өз бетінше ойлаушы куратор” деп те атайды. Бұл басқа пән мұғалімдерімен байланыста жұмыс істеуді қаламағандықтан емес, мұндай кураторлардың арнайы ұйымдастырылған дағдыларының жоқтығынан.
3. Байланыстырушы куратор, бұл өз сыныбында пән мұғалімдерімен тығыз байланыста жұмыс істейтін, яғни оқушы-куратор-мұғалім арасын байланыстыратын тәрбие жұмысымен айналысушы педагог тәрбиеші,
Куратор әрбір баланың психологиялық ерекшеліктері мен отбасындағы жағдайларын біле отырып, әрбір пән мұғаліміне жеке оқушылар мен қалай жұмыс істеу қажеттігіне көмектеседі, . сондай-ақ пән мүғалімдері кураторларға ақыл-кеңес беріп отырады. Оған ата-аналарға белгілі бір ақпараттарды жеткізіп отыруды тапсырады.
4. Ұйымдастырушы куратор, бұл пән мұғалімдерін олардың сабақтарынан тыс уақытта сыныптағы белсенді шығармашылық жұмыстарға қатыстыра отырып ұйымдастыратын тәрбиеші. Шығармашылық істерді бір сынып оқушыларымен ғана емес, бірнеше параллель сынып оқушьшарымен өткізетін іс-шараларды ұйымдастырушы куратордың деңгейі әлдеқайда жоғары болады. ұйымдастырушы куратордың қызметі бірнеше кезеңдерден тұрады, нақтырақ айтсақ, бұл кезең немесе сатылар төмендегідей:
1 саты — куратор балалардың ұйымдастыру ісіндегі қолдауына сүйенбей, сыныппен жан — жақты жұмыс істейді, жұмысты өзі жоспарлайды, өзі ұйымдастырады, балалар өздері үшін жасалып жатқан жұмысқа ықыласты болады.
2 саты — куратор сыныптың кіші белсенді тобы болып табылатын референттік топпен жұмыс істейді, бірақ микро —псевдо-активтер болуы мүмкін.
3 саты — куратор өзінің жеке — референттік топтарымен жұмыс істейді, яғни олардың әрқайсысы шығармашылық істің белгілі бір бөлігі үшін жауап береді.
4 саты — куратор референттік топтардан тұратын сынып ұжымымен жұмыс істейді, мұндай жағдайда олар бірлескен қызметтерінде өзара тығыз байланыста болады.
Әрине, мүндай сызба өте тиімді, бірақ алғашқы үш сатыда ол шын мәнінде жүзеге асады да, ал сыныптағы психологиялық ахуал өте жоғары деңгейде болса, онда ұжымды ұйымдастырудың 4 сатысы тиімді болмақ.
Тәрбие үрдісін ұйымдастыру нысандары (формалары). Тәрбие нысандарының жалпы сипаты мен классификациясы.
Педагогикалық әдебиеттер мен мектеп практикасына талдау жасау барысында мектеп мұғалімдерінің тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда көптеген қиындықтар да тап болатыны байқалады. Бұл тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен жеткілікті білімнің болмауынан және тәрбие жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру іскерліктерінің жетіспеушілігіне байланысты тұындайды. Мұндай кемшіліктерді жеңу педагогикалық теорияны әлдеқайда сапалы меңгерумен ғана байланысты емес, сонымен бірге төрбие қызметін ұйымдастырудың кешенді, жүйелі әрі мақсатқа ұмтылған әрекеттерін меңгеруге де байланысты. Мұндай қиыншьшықтарды практикалық іс-әрекеттен тыс жеңу мүмкін емес.
Тәрбиенің күрделі және әрқырлы міндеттерін педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың әртүрлі нысандарын кешенді пайдалану жолымен шешуге болатынын белгілі ғалым П.И.Пидкасистый атап көрсетеді.
Тәрбие нысандары (тәрбие жұмыстарының формасы) — бұл нақты тәрбие үрдісін ұйымдастыру нұсқалары; тәрбие шараларының композициялық құрылысы (построение). Олар әрқашан да тәрбие мазмұнымен байланысты болып отырады.
Нысан (форма) дегеніміз — үрдістің, құбылыстың, заттың тіршілік ету бейімінің мәні мен мазмұндық көрінісі. (Философиялық сөздік, М.,1989, с. 595) В.И.Дальдың “Толковый словарь живого великорусского языка” (М., 1991, с. 537) атты сөздігінде “форма”, яғни нысан — образ сияқты белгіленген тәртіп деген анықтама берілген.
Мектеп тәжірибесінде кейде тәрбиенің ұйымдастыру нысандары деп те айтады. Яғни, бұл сонымен бірге тәрбие үрдісін ұйымдастыру тәсілдері, оқушылардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыру тәсілдері деген түсіндіреді де қамтиды.
Тәрбиенің бір ғана ұйымдастыру нысанын үнемі пайдаланып отырудың өзі тәрбиенің тиімділігін әлсіретіп жібереді. Тәрбие үрдісін ұйымдастыру нысандары мазмүны жағынан неғұрлым бай әрі әрқырлы болып келсе, солғұрлым ол тиімдірек болмақ.
Мұғалім оқушылармен өткізетін төрбие нысандарын қаншама көп қырлы етіп тандағанмен, ақылды, әсерлі, ойлы да өткір тілмен жүргізген оның әнгімесіне ешнәрсе жетпейді.
Белгілі педагог В.А.Караковский соңғы жылдары ізденімпаз энтузиаст мұғалімдердің оқушылардың бос уақыттарын өткізуге арналған тәрбие шаралары нысандарынан төрт мыңға жуық түрлерін ойлап тапқандарын атап көрсетеді. (Қараңыз: Караковский В.А. Любимые мои ученики. М.,1987, с.27).
Сондай-ақ тәжірибеде тәрбие шаралары деген анықтама да кеңінен қолданьшып жүр. Шаралар — белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған ұжымның ұйымдастырылған әрекеті.
Тәрбиенің күрделі үрдісін мүғалімнің бір ғана нысанға бағыттай жүргізуіне болмайды. Кезінде А.С.Макаренко тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру нысаны өздігінен не жақсы, не жаман бола алмайтынын айта келіп “Никакое средство педагогическое, даже общепринятое…, не может быть признано всегда абсолютно полезным… Никакое средство нельзя рассматривать с точки зрения полезности или вредности, взятое уединенно от всей системы средств… никакая система средств не может быть рекомендована как система постоянная” (Макаренко А.С. Проблемы школьного советского воспитания. Соч. т. V. с. 117) дейді.
Тәрбие жұмысы нысандарының көпқырлылығы, олардың жүйесі жеке тұлғаның ішкі жан дүниесінің көпқырлылығына, оның жан-жақты дамуына сәйкес келеді.
Педагогикалық әдебиеттерде тәрбие жұмысының нысандарын классификациялауда бірыңғай бағыт жоқ. Оқушылардың қалай ұйымдасқанына байланысты тәрбиенің ұйымдастыру нысандарының неғұрлым кеңірек таралған классификациясына мыналар жатады: бұқаралық сипатты нысандар, (бүкілсыныптық немесе бірнеше сыныптық), үйірмелік сипатты нысандар (топтық), жекеше сипатты нысандар (жеке балалармен өткізілетін). Сол сияқты тәрбие әдістеріне байланысты оларды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады: сөз арқылы өткізілетін нысандар (лекциялар, оқырмандар конференциялары, диспуттар, кездесулер, ауызша журналдар, т.б.); практикалық нысандар (саяхат, экскурсиялар, спартакиадалар, конкурстар, үйірмелер, еңбекке қатысты жұмыстар және т.б.); көрнекі нысандар (мектеп музейлері, тақырыптық стенділер, көрмелер және т.б.).
Соңғы уақытга көптеген жаңа ұйымдастыру нысандары пайда болды. Солардың ішіндегі сынып жетекшісінің (тәрбиешінің) тәрбие жұмыстарының бағыттарымен сәйкес келетін тәрбие үрдісін ұйымдастыру нысандарын анықтауға әрекет жасауы көңіл аударарлықтай. Мысалы, оқушылардың танымдық — дамытушылық қызметін ұйымдастыруға мынадай нысандар лайықты: викторина, білім аукционы, “Бәрін де білгім келеді” деген клубтың отырысы, жобалар конкурсы, эрудиттер конкурсы, интеллектуалдық конкурс, іскерлік ойындары, білім байқауы, оқушылардың ғылыми конференциялары, тапқырлар мен фантазерлар конкурсы, шешендік өнер сайыстары, кітаппен жұмыс істеудің әртүрлі нысандары (оқырмандар конференциялары және т.б.), ауызша журнал, практикалық сабақтар, оқушылардың ғылыми ұйымдары, т.б.
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде және өзін-өзі тәрбиелеуінде мынадай тәрбие нысандары кеңінен қолданылады: дөңгелек стол, баспасөз конференциясы (пресс-конференция), ауызша журнал, диспуттар, сұрақ-жауап кештері, әдеп, өзін-өзі төрбиелеу тақырыбындағы әнгімелер, әдеби — музыкалық композициялар, “Қарым-қатынас мәдениеті”, “Құқық пен міндеттер бірлігі” типіндегі практикалық сабақтар, телекөпір, сырттай саяхаттар, мейірімділік акциялары, ізденіс әрекеттері және т.б.
Педагогикалық тәжірибе оқушыларға кәсіптік бағдар беруде төмеңдегідей тәрбие нысандарының лайықты екенін танытып отыр: “Мамандықтар әлемінде”, “Мамандықты қалай таңдау керек?” деген тақырыптарда әртүрлі мамандық иелерімен кездесулер ұйымдастыру, өндіріс орыңдарына саяхаттар жасау, “Кімнің мамандығы ең жақсы мамандық?” деген тақырыпта конкурс — ойын өткізу және т.б.
Эстетикалық тәрбие беруде әдеби-музыкалық кештер, Поэзия сағаты , өнер адамдарымен кездесулер өткізу, музей, театр, көрмелерге экскурсиялар жасау, табиғатқа саяхат, музыка мен сурет әлемі туралы әңгімелер, “Туған табиғаттың сұлулығын танып, бағалай білейік” атты сыныптык дискокеш ұйымдастыру, көркемөнер тақырыбындағы мерекелер өткізу, журналдарға шолу жасау, қолжазба журналдар шығару, т.б. тәрбие нысандарын кеңінен қолдануға болады.
Сол сияқты дене тәрбиесіне байланысты жан-жақты қолдануға болатын ойын типтерін де атауға болады: “Көңілді старттар”, кіші олимпиадалық ойындар, туристік саяхаттар мен эстафеталар, әртурлі спорт өкілдермен кездесулер, спорт тақырыбындағы кештер, гигиена, денсаулық және дене мәдениеті туралы әнгімелер мен сұхбаттасулар және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |