Сөж тақырыбы: Антика философиясындағы дамуын салыстырмалы түрде талдау Орындаған: Есенова Ж. М тексерген: Сулейменов П. М



жүктеу 83,09 Kb.
бет3/4
Дата12.10.2023
өлшемі83,09 Kb.
#43797
1   2   3   4
ЖАЙНА ФИЛ (копия)

Эллинизм дәуірі (б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырдағы) басталды. Эллинизм ойшылдары стоялықтар – Аристотель ілімін, эпикуршілдер Демокритті, скептиктер Элей мектебі мен софистерді, Платонды әрі қарай ілгері жалғастырушылар болды.
Ендеше, заманның мәнін, ішкі рухани дүниесін түсіну үшін эллинизм дәуірі, ондағы стоялықтар, эпикуршілдер және скептиктер маңызды рөл атқарды.
Стоялық бағыттың негізін салған – Зенон. Әсіресе, стоялық ойшылдар өзінің логикасында, физика мен этикасында табиғатты, яғни сезімдік материалды, ғарышты субъекті ретінде қарап, сол арқылы адамның негізін түсінуге ұмтылды.
Эпикуршілдік бағыттың өкілі Эпикурдің есімімен аталатын философиялық ағым сонау Демокриттің атомдық философиясын дамыта отырып, осы эллинизм дәуірінде адам туралы көптеген мәселелер көтерді. Эпикуршілдікті жаратылыстану саласын және этика мен эстетика мәселелерін көтерген ғылыми бағыт деп қарауға болады. Бұл ағымның негізгі бір ерекшелігі ұсақ бөлшекті атомдарды қарастыра отырып, солар арқылы адамдардың қоғамдық өміріне талдау жасайды.
Скептиктер (грек тілінде «қараймын», «зерттеймін», «күдіктенемін») бағыты адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен көптеген ойларды қамтыды. Бұл ағымның негізін қалаушылар Пиррон, Секст Эмпирик, тағы басқалары болды. Бұл философияның негзі адамның ойы арқылы айналадағы дүниеге кеңінен көз салу, оны жақсылап көріп алу, өткен жолымызға қайта қарау және танымның жетістігіне сын көзбен шолу арқылы оны қайта бағыттау.

Салыстарулар
Ежелгі Грекия дүниетанымның жаңа формасы - философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық философиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері болды. Философияның қалыптасуына алғы шарт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, әдеттік сана және тіршілік даналығы жатады.
Грек философиясы «физис» философтары немесе натурфилософтар болған милет мектебі өкілдерінен (Фалес, Анаксимандр және Анаксимен), Гераклиттен және Пифагордан басталады. Олар дүниедегі барлық заттардың түпнегізін іздеумен айналысты, нәтижесінде дүниетанымда төңкеріс басталып, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.
Түпнегіз (архэ) - бұл барлық нәрселердің шығу тегін, олардың мәнділік ретінде өмір сүруін және неге айналатынын білдіретін бастапқы негіз. Фалес барлық нәрсенің түпнегізін су деп пайымдаса, Анаксимандр өзі апейрон деп атаған шексіздік пен белгісіздікті атайды. Архэ ретінде Анаксимен ауаны, Гераклит отты атаса, ал Пифагор — сандық қатынастарға аса мән береді. Бұлардың арасында Анаксимандр түпнегізді неғүұлым философиялық және абстракциялық тұрғыда түсіндіруге тырысады. Алайда, су, ауа және отты физикалық-химиялық элементтердің немесе үрдістердің бір бөлігі ғана деген ой туындамауы тиіс, себебі олар ең алдымен құдіретті бастаумен байланыстырылады. Бұл шексіз бастаудың құдіреттілік қасиеті бар, өйткені ол мәңгі өмір сүреді және бұзылмайды. Сократ философиясынан бастау ала отырып, екі түрлі бағытты ұстануға болатьн еді: бір жағынан білместік принципі («мен ештеңе білмейтінімді ғана білемін») ғылымды теріске шығаруға әкелгендей, екінші жағынан нағыз жоғары білімге жол сілтейді; оның афиналықтарға бағыштаған арнауы (Платонның «Сократ апологиясы») бір жағынан қарапайым моральдық уағыз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан платондық , метафизикаға кіріспе ретінде бағаланады; оның диалектикасы бір жағынан софистика мен эристиканы еске түсірсе, екінші жағынан ғылым ретіндегі логиканың негізі болып табылады; оның ілімі бір жағынан афиналық полис қамалымен шектелсе, еқінші жағынан тұтас әлемнің космополиттік кеңістігі ашылады). Платон мен сократшылдар деп аталатындар осындай әр-түрлі жолдармен жүрді.Сондықтан Гомер және антик дәстүрімен салыстырғанда бұл ұғым пантеистік типтегі түсінік болып табылады. Мысалы, Фалес «бәрі құдайға толы» деп айтқанда барлық нәрсенің өн бойын түпнегіз қамтиды дегенге меңзейді. Ал өмір бастапқы болғандықтан, бар тірі нәрсенің де жаны болады (гилозоизм).

Алғашқы грек ойшылдары әлемдегі бір-біріне үстемдік етуге ұмтылған қарама-қарсылықтарды аңғара білді (суық пен ыстық, құрғақтық пен ылғалдық және т.б.). Анаксимен барлық өзгерістер мен трансформацияларды түсіндірудің негізі ретінде өзінің үнемі өзгермелі табиғатына орай универсалдық стихия түрінде ауаны түпнегіз етіп алғаны белгілі. Ол сонымен қатар, «тығыздалу» мен «сиректелу» үдерістеріне динамикалық себеп принципін енгізгендіктен, себептіліктің түпкі бастаумен жетілген үйлесімділігін түсіндіріп бергендіктен милеттік ақыл-ойдың қатаң және логикалық көрінісін айшықты түрде көрсетеді. Кейінірек, бұл парадигмаға, иониялық ақыл-ойдың үлгісіне айналып, әсіресе Гераклитте барлығын басқаратын логос түріндегі түпнегіз - от ретінде өзінің заңды жалғасын табады.. Гераклиттің дәл осы тұжырымдарын Гегель жоғары бағалап, өз еңбектерінде пайдаланды.



жүктеу 83,09 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау