|
Сөж статистиканың қоғамдық ғылым саласы және даму тарихы Орындаған: уа21-01 Кадырова Тахмина «Статистика» термині латынның статус (status – күй-жай) деген сөзінен шыққан
|
бет | 1/2 | Дата | 06.12.2022 | өлшемі | 4,47 Mb. | | #40491 |
| срс
СӨЖ
Статистиканың қоғамдық ғылым саласы және даму тарихы
Орындаған: УА21-01 Кадырова Тахмина
«Статистика» термині латынның статус (status – күй-жай) деген сөзінен шыққан. Бұл сөзді алғаш рет неміс ғалымы Готфрид Ахенваль 1749 жылы жарияланған «Мемлекеттану» туралы ғылыми жұмысында қолданды. Алғашқы кезде бұл сөз мемлекеттің саяси жағдайы дегенді білдірген. Ал ғылым ретінде 18 ғасырдан бастап пайда болды.
Статистиканың шығу тарихы.
1746 жылы неміс ғалымы Готфрид Ахенваль өзі сабақ беретін
Германия университетінде “Мемлекет ісін жүргізу” курсының орнына “Статистиканы” қолдануды ұсынды. Осыған қарамастан статистиалық санаулар бұданда ерте жүргізілген болатын: Көне Қытайдахалық санағы, Көне Римде елдердің әскери күшін салыстыру, азаматтардың мүліктерін бағалау. Статистика 19 ғасырдың басында А.Кетленің және оның мектебі өкілдерінің еңбектерінде қоғамдық құбылыстардың заңдылықтарын зерделейтін ғылым мен құралға айналды. Статистика қоғамдық ғылым ретінде қоғамдық құбылыстарды олардың сапалық мазмұнымен тығыз байланыста қарастырылатын сандық қатынастарының қалыптасу және өзгеру заңдылықтарын зерделейді.
Статистиканың Қазақстанда ұйымдастырылуы.
Қазақстан статистикасының тамыры өткен ұзақ уақыттарға кетеді. Бірінші Қазақ мемлекеті - Қазақ Хандығы туралы оны растайтын статистикалық тарихи мәліметтер бар: оның алғашқы пайда болу кезінде (1459 жыл) Шу және Талас өзендерінің бойында (бүгінгі Жамбыл облысы аумағында) халықтың саны 200 мың адам, ал XV ғасырдың соңында олар 1 млн. болды. Бірақ, бүгінгі Қазақстан аумағында азды-көпті болса да жүйелі және орталықтандырылған статистикалық қызметтің өмірге келуі XVІІІ-ғасырдың екінші жартысына, былайша айтқанда Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші жалпы халық санағы, Орыс патшалығының барлық жеріндегідей, 1897 жылдың 9- ақпанындағы (28-қаңтардағы) жағдай бойынша өткізілді
Қазақ КСР-ның Мемлекеттік статистикасы, 1990 жылы Қазақ КСР-ның статистикасы мен есеп жүргізуі бойынша бірінші заңның жобасын жасауға кірісті. 1992 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VІІ сессиясы "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының бірінші Заңын қабылдады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|