Соглашение



жүктеу 0,7 Mb.
бет2/2
Дата11.01.2020
өлшемі0,7 Mb.
#26322
1   2

4.13.4.1. Ақауды бақылау:


тораптық инфрақұрылымның ағымдық жағдайына мониторинг жасау;

оқиғалар журналының негізінде есептеу құралдарының жағдайына мониторинг жасау;

техникалық және бағдарламалық құралдардан SNMP-ны бөлуді бақылау;

ТМД БЕАЖ-ды басқарудың Бірегей орталығының қызметкерлеріне ТМД БЕАЖ құрамдастарында шалыс туралы хабарламаны жеткізу;

алдын-ала анықталған қимылдарды жіберу көмегімен хабарламаға автоматты түрде әрекет ету;

алдын-ала икемделген үрдістер көмегімен ақауларды жою және интерактивті іздестіру;

бір оқиғаға жататын хабарламаларды бөліп алу мен өзара байланыстыру;

хабарламалар қасиеттері негізінде хабарламаларды топтастыру;

хабарламаның зиянды трафигінен құтылуға рұқсат беретін басқарылатын объектілерінің «жоспарлы өшірудің графигі» режимін қолдап тұру.

4.13.4.2. ТМД БЕАЖ-дың серверлік, клиенттік пен тораптық құрал-жабдықтардың өнімділігіне мониторинг жасау ақпаратты жинау мен тіркеу бөлімінде анықтайды:


бағдарламалық-аппараттық құралдар мен белсенді тораптық жабдықтардың өнімділігіне мониторинг жүргізу;

жалпы жүйелік бағдарламалық жасақтама өнімділігіне мониторинг жүргізу;

БАК-Орталық пен белсенді тораптық жабдықтардың бағдарламалық-аппараттық құралдарының өнімділігі туралы алынған деректерді жинау мен сақтау;

өнімділікке қатысты келелі мәселелер туралы келіп түсетін ақпараттарға шұғыл түрде анализ жасау.


4.13.4.3. Түгендеу:


ТМД БЕАЖ инфрақұрылым жабдықтары мен құралдардың үйлесімі туралы деректерді жинау мен жіктеу;

ТМД БЕАЖ техникалық және бағдарламалық жабдықтардың үйлесімді шамаларын сақтау;

есеп беруге дайындық;

ТМД БЕАЖ инфрақұрылым жабдықтары мен құралдардың үйлесімінің өзгеруіне байланысты оқиғалар туралы ТМД БЕАЖ Бірегей басқару орталығының қызметкерлеріне хабарлама жолдау.

4.13.5. ТМД БЕАЖ-ды басқару мен мониторинг жасау ішкі жүйесінің үйлесімдерін басқару құралдары келесі функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі керек:

үйлесімді деректер қоры үшін ТМД БЕАЖ элементтерінің үйлесімділігі туралы ақпаратты алу;

ЖБЖ мен АБЖ тарату;

ЖБЖ мен АБЖ мүлтіксіз орнатуды сынақтау;

ТМД БЕАЖ қолданушыларының мәлімдемесіне сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесіне (СҚКІЖ) БЖ-ның орнатылуының сәтті аяқталғандығы туралы деректерді беру;

орнатылған бағдарламалық жасақтама нұсқасын бақылау;

БЖ орнатылатын құрал-жабдық туралы мәліметтерді жинау.

4.13.6. ТМД БЕАЖ-ға мониторинг жүргізу мен басқару ішкі жүйесін жобалау кезінде мониторинг жүргізу мен басқару үшін арналған Тапсырыс берушінің әмірінде бар бағдарламалық және аппараттық жасақтама барынша көп қолданылуы керек..



4.14. Ақпараттық қауіпсіздік ішкі жүйесіне талаптар

Ақпараттық қауіпсіздік ішкі жүйесіне талаптар ТМД БЕАЖ ақпараттық қауіпсіздік ішкі жүйесіне арналған жеке техникалық тапсырмада көрсетілуі керек.

ТМД БЕАЖ ақпараттық қауіпсіздік ішкі жүйесіне жеке техникалық тапсырма ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҰӨҰ ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік ішкі жүйелеріне (жүйелерге) жеке техникалық тапсырма (ЖТТ) негізінде жасалуы керек. ТМД БЕАЖ-ды жасау техникалық жобасында ТМД БЕАЖ ақпараттық қауіпсіздік ішкі жүйесіне ЖТТ-ны келісу үрдістері анықтап алынуы керек.

ТМД БЕАЖ ПИБ-ке ЖТТ-да төменде аталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талаптар жасалуы керек:

тораптық қорлардың;

деректермен алмасу ішкі жүйесінің;

ақпаратты сақтау ішкі жүйесінің;

электрондық поштаның;

қол жетімділікті қамтамасыз ету ішкі жүйесінің.

Ақпараттық қауіпсіздік ішкі жүйесіне талаптар мына типтік қауіп-қатерлерден қорғау тұрғысында қарастырылуы керек:

ақпаратқа санкцияланбаған қол жетімділік,

қол жетімділікке тосқауыл қою,

жалған мекенжай мен мәліметтер тықпалау,

вирустық шабуылдар және т.б.



4.15. ТМД БЕАЖ бағдарламалық-аппараттық кешендерге талаптар

4.15.1. . БАК жүйелік-техникалық шешімдері қамтамасыз ету керек:

ауқымдылық (өнімділігін, өңделетін деректер көлемін, есепке алу тапсырмаларының құрамын);

тұрақтанған көлемде қызметтікті қоса ақпараттарды сақтау және өңдеу, серверлік кешен мен ЖЕТ белсенді тораптық құрал-жабдықтың аса көп жүктемеге тұрақтылығы. Техникалық жобалау сатысында сәйкес сипаттамалардың есептері жасалуын;

қатардан кездейсоқ шығып қалған жағдайда немесе жеке құрамдастарының жаңылуы кезінде кешеннің жұмысқа қабілеттілігін сақтау қабілетін;

табиғи сипаттағы, сондай-ақ адам қолымен жасалған әртүрлі катаклизм нәтижесінде құрамдастары жойылғаннан кейін, кешеннің аса маңызды деректерді сақтап қалу қабілетін.

4.15.2. БАК құрылымына келесі құрамдастар енуі керек:

деректерді өңдеудің автоматтандырылған құралдары;

деректерді сақтаудың автоматтандырылған құралдары;

деректерді резервтік көшірме жасау мен қайта қалпына келтірудің автоматтандырылған құралдары;

жергілікті есептеу торабы;

құрылымдық кабельдік жүйе.

4.15.3. БАК ЖЕТ белсенді құрал-жабдығы БАК шеңберінде қолданушылар мен серверлердің өзара жемісті және сенімді іс-қимылын қамтамасыз етуі керек.

4.15.4. БАК ЖЕТ ішкі жүйесінің құрамына ТМД БЕАЖ орталық сегмент қолданушыларының қорғалған автоматтандырылған жұмыс орындары (ҚАЖО) енуі тиіс.

4.15.5. ҚАЖО ТМД БЕАЖ-дың әртүрлі ішкі жүйелерінің үзінділерімен толымдалуы (үйлесімделуі) мүмкін және оның функционалды тапсырмаларын орындау үшін қолданушыға бірыңғай жұмыс жағдайын беруі керек.

4.15.6. Бір ҚАЖО шеңберінде қолданушылардың бір уақытта ТМД БЕАЖ-дың бірнеше ішкі жүйелерімен өзара әсерлесуі қамтамасыз етілуі мүмкін.

4.15.7. Қолданушылар жұмыс орындарының ішкі жүйесі БАК қорларына қол жетімділік кезінде қолданушылардың түпнұсқаландыруын қарастыруы керек.

4.15.8. БАК ЖЕТ құрамына санкцияланбаған қол жетімділіктен ақпаратты қорғау құралдары қосылуы керек.

4.15.9. БАК құрылымдық кабельдік жүйе (ҚКЖ) туралы шешімдер БАК-тың барлық құрамдастарының сенімді және тиімді өзара іс-қимылы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.

4.15.10. БАК ҚКЖ одан әрі БАК ЖЕТ-тің дамуын қамтамасыз ету есебімен жобалануы керек.

4.15.11. Тапсырыс беруші ТМД БЕАЖ телекоммуникациялық құрал-жабдықтың сандық байланыс арналарына қосылу тәртіптері мен ережелерін анықтайды және оларды ТМД БЕАЖ-ды қимылға енгізгенге дейін Орындаушы мен ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттертер келіседі.

5. ТМД БЕАЖ-ДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҮРЛЕРІНЕ ТАЛАПТАР

5.1. Ақпараттық қамтамасыз етуге талаптар

5.1.1. Техникалық жобалау сатысында жасалған бекітілген деректерді есепке алудың Бірегей тізбесі мен өңдеу алгоритмдеріне сәйкес, деректерді жинау, сақтау және өңдеу ТМД БЕАЖ-дың бөлінген деректер қорында жүргізілуі керек.

5.1.2. Деректердің құрамы мен олардың құрылымы (ұйымдастыру тәсілі) келесі негізгі ұстанымдардан шыға отырып таңдалуы керек:

үшінші мемлекеттер азаматтары мен АЖА-ның, еңбек ететін мигранттардың келу-кету және сыртқы көші-қон саласында статистикалық мағлұматтар туралы мәліметтері бар деректердің ұлттық сақтау қоймасын жасау;

деректер қорларын жүйелендіру принциптерін қолдану;

деректер қорларының санын оңтайландыру, олардың тиімді алып жүруін қамтамасыз ету;

«клиент – сервер» немесе «клиент – қосымшалар сервері – ДҚ сервері» құрылымын қолдану;

беру деңгейін, қосымшалар серверлерінің деңгейін, қорлар серверлерінің деңгейін қосатын көпдеңгейлі құрылымды қолдану;

деректерді сақтау сыйымдылықтарын жоғары дәрежелі ауқымдылау.

5.1.3. ТМД БЕАЖ құрамдастары арасындаға өзара ақпараттық іс-әрекет техникалық жобалау үрдісінде бекітілген, алмасудың әмбебап форматы негізінде орындалатын, деректермен алмасу көмегімен іске асуы керек және қолданушылардың болуы мүмкін қателіктерін айқындайтын бақылау есептерінің қолдануына жағдай туғызуы керек және олардың іс-қимылдарының аудитін жүзеге асыруы тиіс.

5.1.4. Жүйенің нормативті қорында енгізілетін ақпараттың дұрыстығын бақылауға жәрдем көрсететін және заттық саланың ұғымын дұрыстау мен жүйелендіру үшін арналған анықтамалық пен анықтауыштар мағыналарының сөздіктері,сондай-ақ құжаттар үлгілері мен оларды қорғайтын таңбалардың (тұлғаны сәйкестендіретін паспорт пен басқа құжаттар) кескіні болуы керек.

5.1.5. ТМД БЕАЖ деректер банкі біріккен идеология негізі мен біртұтас ақпараттық ортада қызмет ететін, олардың үйлесімділігі мен жиынтығын қамтамасыз ететін барлық деңгейдегі деректер қорының жиынтығын құрайды.

5.1.6. ТМД БЕАЖ-да деректер қорын басқарудың типтік жүйесі (ДҚБЖ) үшін негізгі талаптар болып табылады:

ауқымдылық;

деректердің тұтастығын сақтайтын дамыған құралдардың болуы;

аппараттық-бағдарламалық платформаларды таңдауға өзгермеушілік;

деректерге қол жеткізу құқығын шек қою механизмінің болуы;

құрал-жабдықтардың тоқтап қалуы кезінде деректердің сақталуын қамтамасыз ету.

5.1.7. ТМД БЕАЖ құрамы мен құрылымы есепке алудың келесі түрлерінің енгізілуін қамтамасыз етулері керек:

ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттер территориясында үшінші мемлекеттер азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар және көші-қон заңнамасын бұзу бойынша, сондай-ақ еңбек ететін мигранттар бойынша келіп-кетуге қатысты есепке алуды;

көші-қон жағдайлары туралы аналитикалық есепті жасау мақсатында ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттер территориялары бойынша азаматтығы жоқ адамдар мен үшінші мемлекеттер азаматтарының көші-қонның (шекараны кесіп өту – келу және кету, мекендеуі, уақытша мен тұрақты тұру, еңбек ісімен шұғылдану және т.б.) негізгі деректердің статистикалық ақпараттарын есепке алуды.

5.1.8. Жүйенің нормативті қорында енгізілетін ақпараттың дұрыстығы мен бір мағыналалығын қамтамасыз ететін және заттық саланың ұғымын дұрыстау мен жүйелендіру үшін арналған анықтамалық пен анықтауыштар мағыналарының сөздіктері болуы керек.

5.1.9. ТМД БЕАЖ құрамдастары арасындаға өзара ақпараттық іс-әрекет техникалық жобалау үрдісінде бекітілген, алмасудың әмбебап форматы негізінде орындалатын, деректермен алмасу көмегімен іске асуы керек, сондай-ақ қолданушылардың болуы мүмкін қателіктерін айқындайтын бақылау есептерінің қалыптасуына жағдай туғызуы керек және олардың іс-қимылдарының аудитін жүзеге асыруы керек.

5.1.10. ТМД БЕАЖ құрамдастары арасында ақпараттық өзара іс-қимыл келесі негізгі бағыттарда жүзеге асуы керек:

ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерінің деректер қорлары негізінде, көші-қонның негізгі фактілері туралы жүргізілетін есепке алу деректер қорының толығуын қамтамасыз етуді;

ТМД БЕАЖ-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекарасын кесіп өту деректеріне қатысты деректер қорларын есепке алудың толығуы мен өзектілігін қамтамасыз етуді;

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекараларын кесіп өту фактілеріне қатысты есепке алудың деректер қорын толықтыру мен өзектілігін қамтамасыз етуді.

5.1.11. Жүйенің нормативті қорларын – анықтамалықтар, сөздіктер мен жіктеуіштерді жанамалау мен өзектілігін қамтамасыз ету.



5.2. Лингвистикалық қамтамасыз етуге талаптар

5.2.1. Бағдарламалық кешендерді жасау кезінде қолданылатын жоғары деңгейлі тілдер жүйенің тапсырмалары мен функцияларды іске асыру бойынша тапсырмаларды шешуді қамтамасыз етуі тиіс. Пәндік саладағы тапсырмалардың іске асу талаптарына жауап беретін жоғары деңгейлі, стандартқа сәйкес тілдерді қолдануға рұқсат етіледі.

5.2.2. Жүйені жасау кезінде деректер қорлары мен құрамдастарын жобалаудың тікелей және қарсы үрдістерінің автоматтандырылуын, сондай-ақ алынған нәтижелерді құжаттандыруды қамтамасыз ететін автоматтандырудың ішкі объектілері мен пәндік саланы сипаттайтын құралдар қолдануы керек.

5.2.3. Қолданушының жүйемен өзара әсерлесу тілі көптеген түрлердің табиғи тілінің көмегімен ұйымдастырылуы керек. Қолданушымен диалогты ұйымдастыру тәсілі төмендегілерді қамтамасыз етуі керек:

оператор қимылының кездейсоқ қателерін кемітуді;

деректерді енгізудің қисынды бақылауын;

қолданушының БК-ны дара икемдеу мүмкіндігі, қалпына келтірудің сақталуын.

5.3. Бағдарламалық қамтамасыз етуге талаптар

5.3.1.  Қолданушылардың АЖО-да орнатылған жалпы жүйелік БЖ-ға талаптар:

5.3.1.1.  Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету кешендері келесі талаптарға сай оңтайландырылуы және жасалуы керек:

есепке алу объектілері туралы біріккен әртүрлі мәліметтердің көзбен шолуға мүмкіндік беруді қамтамасыз ететін қолданушылар интерфейстерін үйлестіруге;

бар жүйелерден үмітті ықпалдасу жолымен болашақты жүйелердің жасалу шамасы бойынша қолданыстағы жүйелердің бір-бірімен байланысты біртіндеп өтуін қамтамасыз ететін эволюциялық сабақтастықты;

есепке алудың әртүрлі түрлері бойынша деректерді өңдеу алгоритмдерін іске асыратын бағдарламалық жасақтаманың үйлесімділігіне;

реквизиттердің еркін жиынтығы бойынша ДҚ-да қолданушылардың сұраныстарын өңдеуге;

типтік сұраныстарды жасау және өңдеуге;

тізімдерді қалыптастыру мен басып шығаруға;

статистикалық мәліметтерді қалыптастыру мен басып шығаруға;

сөздіктерді енгізу, бақылау және түзеуге;

қолданушылар әрекетінің аудитын;

әрбір қолданушы үшін белгілі бір ақпараттарға рұқсаттама құқығын орнату арқылы қол жетімділіктен ақпаратты парольды қорғау.

5.3.1.2. Жалпы, жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету кешендері келесі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек:

ақпаратты қорғау кешендік жүйеге талап етілетін, талаптардың іске асуын қамтамасыз ететін, сертификатталған бағдарламалық тәсілдерді қолдануға;

қолданылатын бағдарламалық тәсілдердің ең аз номенклатурасына;

ауқымдылығы мен жоғары өнімділікке;

үйлесімділікке;

сенімділік пен тоқтап қалуға тұрақтылық;

қатынас құралдарын тіреу механизмдерінің бар болу.

5.3.1.3. Тораптық операциялық жүйелер жергілікті бір немесе бірнеше тораптар, сондай-ақ бөлінген территориалдық торап шеңберінде жұмыс станцияларында қолданушылардың жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік беруі қажет, жүйе қорларына қол жетімділікті бақылау талаптарына жауап беруі тиіс.

5.3.1.4. ТМД БЕАЖ қолданушыларының АЖО-да операциялық жүйе ретінде сертификатталған ОЖ-ны қолдануы керек.

5.3.2. Серверлерге орнатылатын жалпы жүйелік БЖ-ға талаптар:

жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету деректерді өңдеу мен сақтау көлемдерін көбейту, шешілетін тапсырмалар шеңберін ұлғайтуға жүйе мүмкіншілігін қолдау үшін қолданылатын шешімдердің ауқымдылығы мен модульдігін қамтамасыз етуі керек;

жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету АБЖ қызмет етуі үшін интегралданған бағдарламалық ортасын құру мен қолдану үшін арналған.

ЖБЖ енгізуі қажет:

операциялық жүйелерді;

деректер қорын басқару жүйелерін;

қосымша серверлерінің бағдарламалық жасақтамасын;

техникалық құралдардың диагностика мен функционалды бақылау жүйелерін;

қызмет көрсету мен мониторинг жүйелері;

ақпараттық қауіпсізідкті қамтамасыз ететін бағдарламалық тәсілдерді;

ТМД БЕАЖ ішкі жүйелердің қызметін іске асыруға қажетті өзге құралдар.

ЖБЖ келесі талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

деректерді басқару;

деректерді енгізу-шығаруды ұйымдастыру;

аппаратураның жеке элементтерінің жаңылу мен тоқтап қалу жағдайларында деректерді өңдеу үрдістерінің сенімділігін қамтамасыз ету;

үш түйінді клиент-серверлік технология құрылымын қолдану;

деректер қорын қайта қалпына келтіру мен толық және жарым-жарты архивтеу;

техникалық құралдарды сынақтау, соның ішінде үздіксіз жабдықтау қайнар көзі мен техникалық және бағдарламалық құралдардың қызмет көрсету диагностикасы мен автоматтандырылған бақылауды;

техникалық және бағдарламалық құралдардың жаңылуы мен тоқтап қалуынан кейін деректер қорлары мен БЖ-ның жұмысқа қабілеттілігінің қалпына келтіру.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі тапсырмалар шешілуі керек:

жүйе жұмысына қауіпсіз аутентификация механизмдерін қолданып бөтен тұлғалар, сондай-ақ қолданушылар мен жүйе қызметкерлері арасынан авторландырылмаған тұлғалар жағынан заңсыз, кездейсоқ немесе қасақана араласу мен оның ақпараттық, бағдарламалық және аппараттық қорларына рұқсат етілмеген (берілген өкілеттікті асыру) қол жетімділіктен қорғау мақсатында жүйе қорларына қолданушылардың қол жетімділігін басқаруды;

жүйеде болып жатқан барлық оқиғалар мен оның қауіпсіздігіне қатысы бар мәліметтерді тіркеу, жинақтау, сақтау, өңдеу мен беруді;

жүйе қорларына рұқсат етілмеген қол жетімділікке мүмкіншілігі туралы қауіпсіздік әкімгеріне жылдам хабарлау мен әкімшілік жағынан жүйе қолданушыларының жұмысын бақылауды;

қолданбалы бағдарламаларды орындау ортасы мен қорғау жүйесінің күрделі қорларының тұтастығын сақтау мен бақылауды;

жүйеге потенциалды қауіпті бағдарламалардың (қауіпті қателер мен зиян келтіретін белгілер болуы мүмкін) авторландырылмаған енуі мен қорғау жүйелерін жеңу тәсілдерінен, сондай-ақ компьютерлік вирустардың енуі және таралуынан қорғау мақсатында тексерілген бағдарламалық жасақтаманың тұйық ортасын қамтамасыз ету.

ТМД БЕАЖ-да қолданылатын ақпаратты қорғайтын бағдарламалық құралдарға сәйкес сертификаттар болуы керек.

Резервтік көшірме жасау мен мониторинг жүргізу құралдары орнатылған әкімшілік еті мен мониторинг жүргізу құралдарына баламалы болуы керек.

Деректерді қайта қалпына келтіру мен резервтік көшірме жасау ішкі жүйелерін үйлесімдеу, мониторинг жасау, басқару бағдарламалық жасақтамасы қамтамасыз етуі керек:

таспалық алып жүруші мен кітапханаларды автоматтандырылған басқару;

бір мезгілде бірнеше сессияның орындалуын қолдаумен деректерден резервтік көшірме жасау;

бірнеше бір уақытта орындалатын сессияларды қолдай отырып, деректерден резервтік көшірме жасау;

резервтік көшірме жасаудың әртүрлі амалдарын қолдау (толық, инкременталды, дифференциалды);

ORACLE деректер қорынан олардың жұмысын тоқтатпай көшірме жасау;

деректердің қисынды көшірмесін жасау бойынша дискілік массивтің мүмкіндіктерімен ықпалдасу.

5.4. Техникалық қамтамасыз етуге талаптар

5.4.1. ТМД БЕАЖ деректерді өңдеудің автоматтандыру құралдарына техникалық талаптар:

ТМД БЕАЖ бағдарламалық-аппараттық құралдардың кешендері төменде аталғандар үшін жеткілікті есептеп шығару қуатын иемдену керек:

Талап етілетін ақпараттың көлемдерін сақтау мен өңдеу (көлемдік-уақыттық сипаттағы ақпараттар оның бірігу деңгейіне тәуелді техникалық жобалау кезеңінде нақтыланады);

интерактивті қолданушыларға келісуге боларлық әрекет уақытытында қызмет көрсету;

жүктеменің шарықтау шыңы жағдайында жұмыс тұрақтылығы;

едәуір есептеп шығару қуатын талап ететін қолдаңбалы бағдарламалық жасақтама жұмысын қамтамасыз ету.

Типтік жобалық шешімдер ұстанымы жүйенің техникалық құралдар кешені құрылымының негізіне қойылуы керек.

5.4.2. ТМД БЕАЖ деректерін сақтауды автоматтандыру құралдарына техникалық талаптар:

Дискілік массивте бірегей тоқтап қалу нүктесі болмауы керек, яғни массивтің барлық құрамдастары (бақылаушылар, дискілерге қол жетімділік жолдары, массивке серверлердің қол жетімділік жолдары, қоректендіру блоктары, желдеткіштер) қайталануы керек. Массив бақылаушыларында есте сақтау кэші бақылаушылар арасында айқындалуы керек. Массивтің жалпы пассивті шинасын (backplane) тоқтап қалу нүктесі деп санамауға болады.

Дискілік массив міндетті:

Басқару мен икемдеу үшіне бағдарламалық жасақтама кешенімен жеткізілуі;

RAID 0, 1, 5 және 10 деңгейлі артық дискілік массивтерді ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

резервтік дискілік массивке деректердің синхронды емес жойылған көрсетуін ұйымдастыру мүмкіндігін ұстау;

сегіз арнадан кем емес, 2 Гб/с немесе одан жоғарыф жылдамдықта Fibre Channel протоколы бойынша сақтаудың сыртқы торабына қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

72 сағат аралығында электр тоғымен қоректендіру тоқтап қалған жағдайда, есте сақтау кэшінің ішіндегісін қауіпсіз сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ету;

Операциялық жүйелер мен аппараттық құралдар арасында үйлесімділікті қамтамасыз ету.

Массивтің барлық белсенді құрамдастары «тез арада ауыстыру» құрамдастары болуы керек.

Fibre Channel дискілерінде немесе SATA дискілерінде деректерді сақтау сыйымдылығына, өнімділік (секундына енгізу-шығару оперециялары) пен жауап беру уақытына, есте сақтау кэшінің көлеміне техникалық талаптар ТМД БЕАЖ-ды техникалық жобалау сатысында анықталуы керек.

5.4.3. ТМД БЕАЖ деректерін қайта қалпына келтіру мен резервтік көшірме жасауды автоматтандыру құралдарына техникалық талаптар:

5.4.3.1. Деректерді қайта қалпына келтіру мен резервтік көшірме жасауды автоматтандыру құралы ретінде роботталған ленталық кітапхана қолданылуы керек.

5.4.3.2. Ленталық кітапхана (ленталық құрылғы) келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

үйлесімдеу (Remote Management) мен жойылған басқару үшін интерфейстің болуын;

Fibre Channel интерфейсі көмегімен қосылуға мүмкіндіктің болуы;

қуат көзі авариялық тоқтап қалу жағдайында (Graceful Dynamic Braking) картридж лентасының зақымдануына жол бермеу үшін лентаның автоматтандырылған динамикалық тежеуін ұстап тұруы керек.

Әрбір жетектің максималды өткізу қабілеттілігімен бір уақытта картриджде орнатылған ленталық кітапхананың жиынтық сыйымдылығына талаптар ТМД БЕАЖ-ды техникалық жобалау сатысында анықталуы керек.

5.4.3.3. Ленталық кітапхананың (ленталық құрылғы) құрамында болуы керек:

Басқару, мониторинг жүргізу мен үйлесімдеу бағдарламалық жасақтамасын;

қосымша төрттен кем емес жетекті орнату мүмкіндігімен Fibre Channel интерфейсі мен екіден кем емес LTO-3 ленталық жетегі;

әрбір желіге лента тарту механиздерін тазарту үшін бірге тіркесетін бір картридж;

картридждер үшін штрих-коды бар жапсырмалар;

картридждердің штрих-кодын оқу үшін құрылғы;

қайталанған артық қоректендіру блоктары.

Картридждер саны мен олардың сыйымдылығына талаптар ТМД БЕАЖ-ды техникалық жобалау сатысында анықталуы керек.



6. ТМД БЕАЖ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН МАЗМҰНЫ

ТМД БЕАЖ-ды жасау кезеңінің құрамы мен мазмұны ТМД БЕАЖ-ды жобалау кезінде бірегей жүйелік тәсілмен, сондай-ақ жүзеге асатын жобалық шешімдердің функционалды-технологиялық аяқталуымен анықталуы тиіс. ТМД БЕАЖ қызметтері (тапсырмалары) осы ТТ талаптарына сай жұмыстардың кейінгі кезеңдерін орындау нәтижесінде оларды өсіру ұстанымы бойынша іске асулары керек.

ТМД БЕАЖ-ды жасау жобасына талаптарды ескере отырып бірінші кезеңде ақпараттық-технологиялық пен бағдарламалық-аппараттық кешендердің сопряжение қамтамасыз ету үшін ТМД БЕАЖ ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымның жасау қарастырылуы керек.

ТМД БЕАЖ бірінші кезеңін жетілдіру мен енгізу жұмыстардың келесі құрамын кірістіреді:

тексеріс нәтижесі бойынша ТМД БЕАЖ-ды жасауға ТТ қайта жетілдіру және автоматтандыру объектілерін тексеру;

ТМД БЕАЖ техникалық және жұмыстық жобалау құжаттарын дайындау;

БЖ мен құралды жеткізу, ТМД БЕАЖ-ды автоматтандыру объектілерінде монтаждық және іске қосу-реттеу жұмыстарын;

ТМД БЕАЖ объектілерінің провайдері деректерді беру торабына қосылу бойынша шараларды орындау. Осы ТТ техникалық шарттарына сай Тапсырыс беруші ТМД БЕАЖ объектілері мен ТМД БЕАЖ объектілеріне олардың байланысы арасында байланыс арналарын жалға беруді ұйымдастыруға қатысты барлық қажетті жұмыстарды жүргізеді. Тапсырыс беруші ТМД БЕАЖ телекоммуникациялық жабдықтың сандық байланыс арналарына қосылу тәртібі мен ережелерін анықтайды және ТМД БЕАЖ-ды тұрақты іске қосылуға енгізу кезеңіне дейін оларды Орындаушымен келіседі;

Жалпы техникалық талаптарға сай ТМД БЕАЖ және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҰӨҰ ақпараттық жүйелерінің қолданыстағы АБЖ-сымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

ТМД БЕАЖ объектілерінде ақпараттық қауіпсіздік бойынша кешенді шаралар өткізу;

ТМД БЕАЖ объектілерін шоғырландыру бойынша кешенді шаралар өткізу;

қазіргі заманғы ақпараттық технологияларға қызметкерлерді оқыту кешендік бағдарламаны орындау;

ТМД БЕАЖ –ды қабылдау-тапсыру сынағын өткізу;

келісімнің қолданбалы және технологиялық ішкі жүйелерге талаптар мен құрал-жабдықты өндірушілердің стандартты кепілдемелік міндеттеріне сәйкес ТМД БЕАЖ ішкі жүйелерін алып жүру.

7. ЖҮЙЕНІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ

Қойылған құрал-жабдық пен БЖ-ны қабылдау, жеткізілім комплектілігін тексеру Келісімге сай жүзеге асады.

Құрал-жабдықты іске қосуды енгізу және монтаждау бойынша жұмыстарды жүргізу, қабылдау-тапсыру мен кешендік сынауларды жүргізу тәртібі Келісімге сай жүзеге асады.

ТМД БЕАЖ-ды жасау бойынша жұмыстарды қабылдауды құрамында төменде аталған мамандары бар комиссия жүргізеді:

Тапсырыс берушінің өкілі;

Орындаушының өкілі;

ТМД БЕАЖ-ды қолданушы;

ТМД БЕАЖ-ды жасау бойынша жұмыс тобы;

Орындаушының қосалқы мердігерлерінің өкілдері (қажет болғанда).

ТМД БЕАЖ объектілерінде қабылдау-тапсыру нәтижелері бойынша келесі құжаттар рәсімделеді:

іске қосу құжаттамасын қабылдау хаттамасы;

қызметтерді орындау хаттамасы;

жалпы бағдарламалық жасақтаманы қабылдау хаттамасы;

арнайы бағдарламалық жасақтаманы қабылдау хаттамасы.



8. ҚҰЖАТТАУҒА ТАЛАПТАР

8.1. Жалпы ережелер

Өңделуге тиіс кешендер мен құжаттар түрлерінің тізімі төмендегі кестелерде келтірілген.

Техникалық пен жұмыстық жобалау құжаттарының тізімі ГОСТ 34.201-89 келтірілген номенклатураға және РД-50-34-698-90 бойынша құжаттар көлеміне сәйкес болуы керек.

Жеке ЖТТ бойынша жасалатын ішкі жүйелер үшін құжаттар тізімі осы ішкі жүйелерді құру үшін ЖТТ-да келтіріледі.

Жүйені жасаудың барлық сатысында құжаттарды рәсімдеу тәртібі ГОСТ 2.105-95 талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Орындаушы орындалған жұмыс нәтижелері бойынша жүйені тұрақты қызмет көрсетуге берілген кездегі оның ағымдық күйін бейнелейтін және іске қосу үшін қажетті құжаттаманың толық жиынтығын беруі керек.

Техникалық жобалау құжаттарының жиынтығы Тапсырыс берушіге басылып шыққан түрде екі данада, сондай-ақ электрондық түрде (компакт дискілерде) беріледі. Берілетін құжаттардың электрондық түрі Adobe Portable Document Format (PDF) 7.0 нұсқасымен үйлесімді болуы керек.

Adobe Portable Document Format (PDF) 7.0 нұсқа форматында құжаттарды оқу үшін еркін таралатын бағдарлама шарттарында болатын Adobe Reader 7.0 БЖ қолдануы керек. Құжаттар мен есептер беру үшін AutoCAD 2000 сай өнімдер қолдануы керек. Бөлінген деректер кеңістігін құрайтын құжаттар мен есептерді беру үшін AutoCAD 2000-ға үйлесімді өнімдер қолданылуы керек.



8.2. Техникалық және жұмыстық жобалау сатысында берілетін есепке алу мәліметтеріне талаптар

Техникалық және жұмыстық жобалау үрдісі шеңберінде Орындаушымен барлық жүйеге келесі құжаттама жиынтығы жасалуы керек.



3-кесте. ТМД БЕАЖ3 техникалық жобалау сатысында жасалатын құжаттар тізімі




Құжат атауы

Ескерту










1.

ТМД БЕАЖ ақпараттық қауіпсіздік ішкі жүйесіне жеке техникалық тапсырма




2.

ТМД БЕАЖ сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесіне жеке техникалық тапсырма




3.

ТМД БЕАЖ-ды жасау техникалық жобасына түсініктеме хат. Жалпы ережелер

Жасау мақсаты, АЖ міндеттері мен қолдану саласы, автоматтандыру объектісінің баяндамасы, жүйені жасау тәртіптілігі, АЖ туралы жалпы мәліметтер

4.

ТМД БЕАЖ-ды жасау техникалық жобасына түсініктеме хат. Қызмет үрдістері баяндамасы

АЖ арқылы жасалатын қызмет үрдістерінің баяндамасы

5.

ТМД БЕАЖ-ды жасау техникалық жобасына түсініктеме хат. Ақпараттық жасақтама баяндамасы

АЖ-ны ақпараттық қамтамасыз ету туралы шешім баяндамасы

6.

ТМД БЕАЖ-ды жасау техникалық жобасына түсініктеме хат. Автоматтандырылатын қызметтер баяндамасы

АЖ-ның арнайы (қолданбалы) бағдарламалық жасақтаманың автоматтандырылатын қызметінің баяндамасы

7.

ТМД БЕАЖ-ды жасау техникалық жобасына түсініктеме хат. Техникалық шешімдер баяндамасы

АЖ ішкі жүйелері үшін негізгі техникалық шешімдерді, сондай-ақ автоматтандыру объектісін жүйе қыметіне енгізуге дайындау бойынша шараларды, АЖ үшін шешімдердің жалпы архитектурасын сипаттау

8.

ТМД БЕАЖ-ды жасау техникалық жобасына түсініктеме хат. Сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесі

АЖ қолданушыларының өтінімдеріне сервистік қызмет көрсету ішкі жүйесінің баяндамасы, соның ішінде:

ақпараттық қамтамасыз ету,

автоматтандырылатын қызметтер,

есептер түрлері



9.

Техникалық жоба. Техникалық құралдар кешенінің баяндамасы

АЖ кешендері мен ішкі жүйелерінің құрамына кіретін құрал-жабдықтардың барлық түрлері мен техникалық құрал кешені құрылымының баяндамасы

10.

Техникалық жоба. Бағдарламалық қамтамасыз ету баяндамасы. Жалпы жүйелік бағдарламалық жасақтама

АЖ (ОЖ, ДҚБЖ, e-mail және т.б.) ішкі жүйесінің құрамына кіретін жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету құралдары мен бағдарламалық қамтамасыз ету құрылымының баяндамасы

11.

Техникалық жоба. Бағдарламалық қамтамасыз ету баяндамасы. Арнайы бағдарламалық жасақтама

Арнайы (қолданбалы) бағдарламалық қамтамасыз ету баяндамасы құрамында:

жалпы ережелер,

негізгі техникалық шешімдер,

бағдарламалық жасақтаманы жасау әдістері мен құралдары,

автоматтандыру объектісінің ТМД БЕАЖ-ды іске қосу дайындығы бойынша шаралар,

ақпараттарды жіктеу



12.

Техникалық жоба. Бағдарламалық қамтамасыз ету баяндамасы. Арнайы бағдарламалық жасақтама. Деректердің тұжырымдамалық үлгісі

Қарастырылған есептерді жүргізуді қамтамасыз ететін АЖ ДҚ деректерінің тұжырымдамалық үлгілерінің баяндамасы

13.

Техникалық жоба. Бағдарламалық қамтамасыз ету баяндамасы. Арнайы бағдарламалық жасақтама. Деректердің физикалық үлгісі

Қарастырылған есептерді жүргізуді қамтамасыз ететін АЖ ДҚ деректерінің физикалық үлгісінің баяндамасы

14.

Техникалық жоба. Бағдарламалық қамтамасыз ету баяндамасы. Арнайы бағдарламалық жасақтама. Сөздіктер, анықтамалықтар мен жіктеуіштер

АЖ пәндік саласын және онымен қамтамасыз етілетін есептерді баяндайтын сөздіктерді, анықтамалықтарды, жіктеуіштерді сипаттау

15.

Техникалық жоба. Бағдарламалық қамтамасыз ету баяндамасы. Арнайы бағдарламалық жасақтама. Стандартты статистикалық есеп берушілік түрлері

АБЖ-мен қалыптастырылатын стандартты статистикалық есеп берушілік түрлерінің баяндамасы

16.

Техникалық жоба. Бағдарламалық қамтамасыз ету баяндамасы. Арнайы бағдарламалық жасақтама. Іздестіру сұраныстарының түрлері

АБЖ көмегімен қалыптастырылатын және өңделетін іздестіру сұраныстары түрлерінің баяндамасы

17.

Техникалық жобаның ведомосы

АЖ техникалық жобаның мәліметтер (құжаттар) тізімі

4-кесте. ТМД БЕАЖ4 жобалауды жүргізу сатысында жасалатын құжаттар тізімі






Құжат атауы

Ескерту












Спецификация ведомості

Барлық ТМД БЕАЖ үшін



Жүзеге асыру құжаттарының тізімі

Әрбір объект үшін



Паспорт

Сол



Жүйені жобалауға техникалық тапсырма






Жүйенің жалпы сипаттамасы

Сол



Құрылымдық схемасы

Сол



Жалпы жүйелік БЖ мен құрал-жабдықтың спецификациясы

Сол



Қолданушының (әкімгердің) нұсқауы

Сол



Пайдалану бойынша нұсқаулық

Сол

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесі туралы келісіммен

БЕКІТІЛДІ

2011 жылдың 18-қазанынан




ДЕРЕКТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ БІРЕГЕЙ ТІЗІМІ
1. Тегі, аты, әкесінің аты.

2. Туған күні – күні, айы, жылы.

3. Туған жері.

4. Жынысы – еркек, әйел.

5. Шекараны кесіп өту кезінде пайдаланылған құжаттың түрі, сериясы мен нөмірі.

6. Азаматтығы (азаматтық) немесе оның болмауы.

7. Мемлекеттік шекара (келіп-кету) арқылы өткізу пункттері мен мемлекет атауы.

8. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекарасын (келіп-кету) кесіп өту уақыттары.

9. Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі.

10. Келу мақсаты – жеке, іскерлік, туристік, оқу үшін, жұмыс үшін, қоғамдық, баспана алу, уақытша тұру, тұрақты тұру, транзит, өзге мақсат.

11. Қабылдаушы жақ туралы мәліметтер (тегі, жеке тұлға аты-жөнінің бастапқы әріптері немесе заңды тұлға атауы, мекен-жайы).

12. Мәлімделген (рұқсат етілген) болу мерзімі – басталуы, аяқталуы.

13. Қандай мемлекеттен келеді (келді), қандай мемлекетке кетеді (кетті).

14. Еңбек етуші мигранттар туралы мәліметтер (жұмысқа рұқсат беру нөмірі, беру уақыты, қызмет мерзімі мен рұқсат етілген енбек ісінің түрлері).

15. ТМД-ға қатысушы мемлекеттің территориясында тұратын (мекендеу) орны бойынша есепке алу (тіркеу) туралы мәліметтер, олардың болуы немесе болмауы.

16. Іздестіру туралы ақпарат.

17. Жасалған құқық бұзушылық туралы мәліметтер.
Армения Республикасының
ТҮСІНДІРМЕСІ

ТМД-ға қатысушы мемлекеттерінің аумағына кіретін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды бірегей есепке алу жүйесі туралы Келісім ережелері Армения Республикасының мемлекет ішіндегі үрдістері аяқталған соң және 7 баппен анықталған тәртіпке сәйкес Келісім күшіне енгеннен кейін Армения Республикасымен орындалатын болады.

Армения Республикасы берілген Келісімнің іске асуына осы мақсатқа мемлекеттік бюджетпен қарастырылған қаржы аралығында қатысады.




Армения Республикасының

Премьер-министрі


Т.Саркисян




1Нормативті-анықтамалық ақпарат — бұл ағымдағы ақпараттан өзге, ұйым қызметінің үрдісінде тура қалыптастырылатын, барлық бірлескен (мекемелік) ақпараттың шартты-тұрақты бөлігі. НАА құрамына мәліметтері ағымдағы құжаттарды қалыптастыру кезінде қолданылатын (мысалы, терминдер, өлшеу бірліктері, кодтар, материалдар, контрагенттер атауы және т.б..) сөздіктер, анықтамалықтар мен жіктеуіштер кіреді.

2Мысалы, ГОСТ 12.2.003 и ГОСТа 12.2.007 стандарт талаптарына сәйкес.

3Мысалы, «Құрылғыны электрлік орнату ережелері» (ҚЭОЕ).

4Сәйкес талаптар ГОСТ 12.2.032-78, ГОСТ 12.2.033-78, ГОСТ 22614-77, ГОСТ 21786-76, сондай-ақ ГОСТ 24750-81 анықталған.

5Мысалы СанПиН 2.2.2-2.4.1340-03 тәрізді.

6Осы құжаттағы техникалық және қызметтік жобалау құжаттарының тізімі РД-50-34-698-90 бойынша құжаттар көлемі мен ГОСТ 34.201-89 келтірілген номенклатураға сәйкес.

7Мысалы, ГОСТ 2.105-95 талаптарына.

8Құжаттарды РД-50-34-698-90 немесе ұлттық заңнамаға сәйкес орындау ұсынылады.

9Құжаттарды РД-50-34-698-90 немесе ұлттық заңнамаға сәйкес орындау ұсынылады.

10 ГОСТ 24.202-80 «Құжат мазмұнына талаптар“АБЖ жасаудың техника-экономикалық дәйектемесі” сәйкес жасалған.

11   ГОСТ 34.xxx «Ақпараттық технологиялар. Автоматтандырылған жүйелерге стандарттар кешені», ГОСТ 19.ххх «Бағдарламалық құжаттаманың бірегей жүйесі (БҚБЖ)» және басқалар .

1   «Дербес деректердің ақпараттық жүйелерін жіктеуді жүргізу Тәртібін бекіту туралы» 2008 ж. 13 ақпаннан № 55/86/20 Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі (Ресей ФҚҚ), Ресей Федерациясының ақпараттық технологиялар мен байланыс министрлігі (Ресей Ақпараттық байланыс министрлігі), техникалық және экспорттық бақылау бойынша Федералдық қызметтің (Ресей ТЭБФҚ) бұйрығы. РФ Әділет Министрлігінде 2008 ж. 3 сәуірінде тіркелген. Тіркеу № 11462.

2 Жазбаларды физикалық жою жүргізілмейді; жазбаларды қисынды жою жүргізіледі, яғни жазбалар жойылған ретінде белгіленеді.

3 Құжаттарды РД-50-34-698-90 немесе ұлттық заңнамаға сәйкес орындау ұсынылады.

4 Құжаттарды РД-50-34-698-90 немесе ұлттық заңнамаға сәйкес орындау ұсынылады.


жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау