128
меңгертуге құқылы, ал төртінші деңгейдің тапсырмаларын шығармашылықпен
жұмыс істей алатын оқушылар ғана орындайды. Әрине, барлық оқушы 4-
деңгейді түгел орындап шыға алмауы мүмкін. Бірақ 1-2 деңгейді оқушылардың
барлығы дерлік орындай алады, ал білімді, алғыр оқушылар 3-4 деңгей
тапсырмаларын орындап алға озып кетуі ықтимал.
Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін жетілдіруде
модульдік оқыту
технологиясының мәні зор. Модульдік оқыту 1960 жылдардың аяғына қарай
АҚШ, Германия, Англия сияқты елдердің оқу үдерісіне еніп, қолданыла
бастады. Білім алушының мүмкіндігіне қарай модульдік оқытуда мәтіннің
мазмұны бөліктерге бөліп беріледі. Демек, модуль – іріленген мазмұнды
дидактикалық бірлік деп саналады. Энциклопедиялық сөздіктерде модуль (лат.)
«өлшем», «шама», «мөлшер» деген ұғымды білдіреді деп көрсетілген.
Ғалымдар
мен
зерттеушілердің
(Г.Қ.Нұрғалиева,
А.А.Гучинский,
Г.С.Кудебаева, Ю.У.Байсалов, Ю.К.Балашов, Н.Д.Никандров, т.б.) пікірлерін,
анықтамаларын сараптай келе, модульдің өзіндік ерекшелігін төмендегідей
түйіндеуімізге болады. Модуль арқылы білім алушылардың өздік ізденісіне
жол ашылады, олар әр бөліктер бойынша ойланады, қосымша материалды
пайдаланады, тұжырым, қорытынды жасайды. Бөлінген мәтіндермен жұмыс
жасай отырып, оларды толықтырады, қысқартады, мазмұнға сай өзгертулер
жасайды. Сөйтіп, олар оқу материалының дербес бөлік екеніне көз жеткізіп,
дәстүрлі оқыту мен модуль арқылы оқытудың ерекшеліктерін танып біледі.
Мысалы:
Кесте 5 – Дәстүрлі оқыту мен модуль арқылы оқытудың ерекшеліктері
Дәстүрлі оқыту
Модульдік оқыту
Оқытудың мақсаты айқын емес
Мақсат нақты, айқын
Оқыту нәтижесі ең соңында белгілі болады Нәтиже белгілі болғандықтан,
оқушылар
соған жетуге тырысады
Оқу мәтіндерін жалпылама барлығы толық
беріледі
Мәтіндер бөлікке,
модульге бөлініп
көрсетіледі
Мұғалім негізгі тұлға, өз пікірін жоғары
қояды
Мұғалім – бағыт
беруші оқушының пікірін
үнемі ескереді
Оқушының қызығушылығы төмен, көп
белсенділік танытпайды
Оқушы
өз пікірін білдіруге қорғауға,
дәлелдеуге белсенді
Мәтінді түсіндіру бір сарында өтеді.
Оқушы кейде жалығып, тындамайды,
өзіндік ізденіске түспейді
Әр оқушы материалды өз мүмкіндігіне сай
меңгереді, қызығушылық танытып,
тұжырымдар,
қорытынды пікір айтуға дайын
болады
Олардың білімі сабақта ғана тексеріледі
Оқушы білімі әр
модульден кейін тексеріліп
отырады
Модульдік оқыту берілетін білімнің оқушылардың жеке бастарының
ерекшеліктеріне, іскерліктеріне, жұмыс істеу қабілетіне, белсенділігі мен пәнге
қызығушылығына бағыттауға, оқыту жүйесін оқушының жеке басының игеру
қабілетімен үндестіру мәселесін іске асыруға мүмкінік туғызады. Ең бастысы