125
К.Ушинскийден басталады. Бұл теорияның алғаш негіздеп дәйектеген
Л.С.Выготский болса, кейіннен Л.В.Занков, В.В.Эльконин, В.В.Давыдов,
И.А.Менчинский т.б. тәжірбиелік-эксперименттерінде әрі қарай жалғасын
тапты. Дамыта оқыту тұлғаның барлық қасиетін тұтас бірлікте дамытуға
негізделген. Дамыта оқытудың барысында оқушылардың ойлау, байқампаздық
қабілеті дамиды, ашық пікір қорғауға талпынады, мәтіндегі басты ойда
түсінуге, талдауға ұмтылады, өзін-өзі бағалай білуде пікір алмастыра алады.
Тұлғаның өзіндік үні «менің ойымша», «егер мен болсам», т.б. қалыптасады.
Мұның өзі оқушыны ойландырады, тақырыпты терең түсініп, мән-мағынасын
ашуға қызығады, өз бетінше жұмыс істеуге ұмтылады, өзіне деген сенімі
артады. Шығармашылық қабілеті дамиды.
Қ.Жұбанов ХХ ғ. «технология» мәселесіне айтарлықтай мән бере отырып,
тақырыпты баяндамас бұрын, сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушыны ойлануға,
пайымдауға шақыруды, оларды іздендіре отырып санасына түрткі жасауды
дамыта оқыту идеясынан туғанын көрсетеді. Зерттеушінің әдістемелік
еңбектерінде блоктық-модульдік, оқыту, дамыта оқыту, қашықтан оқыту
идеяларының көрініс табуы, оның өміршеңдігін, құндылығын дәлелдей
түседі.Демек, дамыта оқыту оқушының ойлау дүниесін (сөйлеу, интеллект,
қиял, ес, сезім т.б.) дамытуға әсері ерекше екенін, мәтінді ұғыну, тіл-ойлау-
сөйлеудің өзара әрекеттестігі негізінде құрылатынын байқатады. Мұның өзі
оқушының ойлау мен сөйлеуін дамытуға ықпал етеді.
Бүгінде дамыта отырып оқыту үрдісін қамтамасыз ету үшін
оқушылардың ойлау қабілетін, қиялын жетілдіріп, шыңдауда М.Жұмабаевтың
баланың ойын дамытуға байланысты айтқан қағидаларының мәні ерекше. Ол:
«Әсерлену, суреттеу, еске түсіру, қиял жүргізу арқылы біз бір затты түгелімен
білеміз», - деп бала сезіміне жол табу керектігіне баса назар аударады. Кезінде,
Ж.Аймауытов: «... өзі ойлап таппаған білім жан қуаттарын жетілдіре алмайды»,
десе, М.Жұмабаев: «Тегінде берік ұғу керек, адамның берік нәрсесі де, жұмбақ
нәрсесі де сол жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол жан», - деген сөзінің, яғни жеке
тұлғаның танымын дамыта оқытудағы ойды тәрбиелеуде іске асыру керектігін
көрсетеді. Ойлау қабілетінің дамытуда бала қиялы жүйрік, терең болуға тиіс,
ол іс-әрекет үстінде дамып, жетіліп отырады. Сабақ барысында оқушылардың
теориялық ойлау, пікір алмасуы, ой қорытуы, өзіндік тұжырым жасауы
олардың танымдық қабілеттерін арттырады.
Дамыта оқыту барысында оқушыларға берілетін әдеби жаттығулар мен
тапсырмалардың қай-қайсысы болмасын олардың шығармашылықпен жұмыс
істеуіне бағыт-бағдар береді, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыланады.
Шығармашылық ізденістер, жеке, дара т.б. тапсырмалар оқушылардың
қызығушылығын арттырады, алдарына нақты мақсат қояды, оны шешуге
өздіктерінен әрекет жасайды. Демек, дамыта оқыту барысында танымдық-
зерттеушілік әдіс жандана түседі. Мәтінді оқып, жете түсіну, ойлау
шығармашылық ізденіске жетелейді. Мұның өзі білімді өз
бетінше ізденуге жол
ашады. Түсіну–ойлау әрекетінің өзіндік жемісі. Бұл технологияларды қолдану
көркем
шығармалардың
мәтіні
арқылысөздің
мағыналық-қисындық
126
құрылымына назар аударуды қажет етеді. Әдеби мәтіндердің көркемдік –
тілдік ерекшеліктерін ажыратуға негіз болады. Көркем туындының мазмұнын
түсініп, оны талдау барысында өрбіген сұрақтарға жауап беруді қамтамасыз
етеді. Тапсырманы мұғаліммен бірігіп орындауға, бір-бірімен пікір алмасуға,
бірлесіп қорытындылап, бағалай білуге дағдыландыруды мақсат етеді, олардың
өз бетімен ізденуіне жол көрсетеді. Бұл технология «оқушы мұғалімнің оқыту
әрекетінің объектісі емес, оқудың өзін-өзі өзгерте алатын субъектісі болады»
деген қағиданы негізге алады. Субъектісі болу дегеніміз − ол өзін-өзі өзгертуге
қажеттілік болу және оған оқу арқылы қол жеткізу.
Яғни, оқығысы келу, оқуды ұнату және оқи алу. Бұл жерде білімді игеру,
іскерліктері мен дағдыларының қажеттіліктері жоққа шығарылмайды, алайда
тек мақсат ретінде емес, оқушыны дамытудың өзіндік құралы ретінде ғана
қарастырады. Мұғалім оқушының өз бетімен ізденуіне жол көрсетуі қажет.
Дамыта оқыту технологиясы жеке тұлғанының өзін-өзі дамытуына және
оның өзіндік шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен
дағдыларын қалыптастыруға баулиды, өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып,
білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл технологияда баланың
ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады. Ол
үшін оқушы осы уақытқа дейін өзінің алған білімінің жеткіліксіз екендігін
сезінетіндей болуы қажет. Содан барып оның білім алуға деген ынтасы мен
қызығушылығы артады. Сабақ оқу мақсатының қойылуы, оны шешудің
жолдарын бірлестіре қарастыру, шешімнің дұрыстығын дәлелдеу тәрізді
бөліктерден тұрады. Оқушы теориялық материалды жалаң, жаттанды түрде
емес, қарапайым бақылаулар жасау, зерттеулер жүргізу арқылы меңгеруі керек.
Дамыта оқытуда қойылатын сұрақтар ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей
проблемалы сұрақтар болуы қажет.
Дамыта оқытуда сабақта жаңа материалды талдауға көп көңіл бөлінеді.
Талдау ізденістен тұрады. Талдау жасау барысында мұғалім баланың ой-пікірін
бақылауға мүмкіндік алады. Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім оқушыларды
«жақсы оқитындар», «жаман оқитындар» деп бөлмей, барлық балалардың
дамуы үшін жағдай туғызуды мақсат етіп қояды. Мұғалім мен оқушы
арасындағы қатынас
ынтымақтастыққа, өзара сыйластыққа негізделеді.
Деңгейлеп оқыту технологиясын әдебиет пәнінде қолдану оқушылардың
міндетті және мүмкіндік деңгейлердің өзара сабақтастығына құрылады. Мұнда
Бенжимин Блум жүйесі негізге алынады. Деңгейлеп оқыту технологиясы
арқылы оқушылар әдебиеттен берілетін алгоритмдік тапсырмаларды
мұғалімнің бағыт-бағдар беруімен орындайды. Көркем туындыда көтеріліп
отырған проблемаларды түсініп, шығарма тақырыбы мен идеясын ашуда бұл
технологиялардың мүмкіндігі мол. Деңгейлеп оқытудың жоғарғы сатысы -
шығармашылық тапсырмаларды орындауда оқушылардың өзіндік-даралық
ерекшеліктері ашыла түседі. Бұл ретте әр оқушының тұлғалық дамуы оның
алған әдеби білімі мен шығармашылық қабілетіне қарай бағаланады.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы – әр оқушыны оның қабілеті
мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, тәрбиелеу бағытында жүзеге асатын