Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет11/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77

23 
 
көбелектерінің өзгерулері  сияқты,  құндыздың  өзіне  үй  салып  алатыны  сияқты 
әңгімелер  тәуірірек  болады.  Өлең  жағын  мен,  мүмкін  болғанынша,  қазақ 
өлеңдерінің  арасынан  іріктеп  аламын.  Екінші  кітабымды  мен  балаларға 
қызықты  етіп,  табиғат  құбылыстары,  табиғат  күштері  туралы,  тарихи  және 
теориялық ғылыми әңгімелер келтірмекпін»,- дейді ол сол хатында [58]. 
Мектеп  жасындағы  жас  жеткіншектердің  оқу-білімге  деген  талабы 
олардың  қызығушылығын  оятып,  оқырмандық  қабілетін  тиісті  дәрежеде 
тәрбиелеген  жағдайда  ғана  белгілі  бір  нәтиже  беретіндігіне  халқымыздың 
ағартушылары  кезіндебаса  көңіл бөліп,  ағартушылық бағыт-бағдар  берген  еді. 
Кітап  оқуға  құмарлық,  оқырмандық  қабілет  пен  оған  қызығушылықтың  оқу-
білімді  меңгеруде  маңызды  рөл  атқаратындығы  әсіресе,  А.Байтұрсынов, 
Ж.Аймауытов,  М.Жұмабаев еңбектерінде арнайы қарастырылады.    
Эпикалық  шығармаларды  оқыту  арқылы  жоғары  сынып  оқушыларының 
оқырмандық  қабілетін  дамытудың  әдістемесі  қарастырылатындықтан  мұғалім 
мен  оқушының  өзара  субъектілік  іс-әрекеттері  басшылыққа  алынады. 
Оқырмандық  қабілетті  шыңдай  түсу  және  шәкірттердің  кітап  оқуға  деген 
қызығушылығын 
арттыру 
мақсатында 
қазіргі 
қазақ 
әдебиеті 
бағдарламаларындағы  туған  әдебиетіміздің  дәуір  тынысын  бейнелеген  ең 
таңдаулы  шығармаларды  оқу  бағдарламасында  сұрыптап  енгізген  дұрыс  деп 
есептеймін.    Ол  сұрыптауда  оқып-үйренуге  қажетті  шығармалардың  екі  түрі 
ұсынылуы  тиіс.  Біріншісі  –  хрестоматиялық  /эталондық/  мәнге  ие  болған 
шығармалар.  Екінші  түрі  –  сыныптан  тыс  оқу  тізімі  ретінде  берілетін 
шығармалар.  
Бірақ, оқушыларды онымен ғана шектеп қоймай, тәрбиелік, білімдік мәні 
зор жаңа туындыларды сұрыптап ұсынуына оқытушының еркі бар. Демек, пән 
мұғалімі  –  мектеп  оқушыларының  көркемдік  талғамы  мен  оқырмандық 
қабілетін  дамыту  үшін  күнделікті  сабақ  барысында  да  сыныптан  тыс  оқуға 
бағыт  беруі,  үздіксіз  басшылық  жасауы,  оны  жүзеге  асырудың  әдіс-тәсілдерін 
қарастыруы,  оған  кең  өрісті  жоспар  жасауы  тиіс.  Мұнда  оқушылардың  кітап 
оқуын  бірте-бірте  ұлғайта  беру,  жүйелі  дамыта  оқу,  қарапайымнан  күрделіге 
қарай  сатылап  көшу  ұстанымдарын  басшылыққа  ала  отырып,  оқушылардың 
бағдарлама  бойынша  алатын  әдеби-мәдени  білімдерін  бір  жүйеге  түсіріп,  әрі 
қарай  тереңдетуді,  оқырмандық  қабілетті  қалыптастыру  негізге  алынады. 
Сондықтан    ғылыми  мақаламызда  әдебиет  пәнінің  мұғалімінің  әдістемелік, 
зерттеушілік,  кәсіптік  адамгершілік  сапаларына, диагностикалық  болжау  және 
қарым-қатынас  мәдениетінің  педагогикалық  деңгейіне  де  назар  аударуға 
тырыстық  және  қазақ  әдебиеті  сабақтарында  эпикалық  шығармаларды  оқыту 
барысында  шәкірттердің  оқырмандық  қабілетін  қалыптастыру  мәселесін 
зерделеуге тырыстық. 
Жоғарғы  сынып  оқушыларының  оқырмандық  қабілетін  тәрбиелей 
отырып, әдеби білім беру ісі, тұтастай алғанда, олардың адамгершілік сапалары 
мен  эстетикалық  таным-талғамын,  қоршаған  ортаға,  өмірге  шығармашылық 
көзқарасын,  азаматтық  ұстанымын  қалыптастыруға  ерекше  әсер  ететін  аса 
қажетті де маңызды жұмыс болып табылады [59]. 


24 
 
Кез  келген  әдеби  шығарма  сол  қоғамда  өмір  сүріп  жатқан  адамдардың 
талап-тілектерін,  мақсат-мүдделерін,  рухани  деңгейін,  мәдени  қажеттіліктерін 
ескере  отырып  жазылады.  Кеңестік  дәуірдің  басында  осы  аталған  жайттарды 
ескере  отырып,  А.М.Горькийдің,  А.В.Луначарскийдің  ұйымдастыруымен  1920 
жылдары  мектеп  оқушыларының  оқырмандық  қабілеттілігін  ғылыми  тұрғыда 
зерттеу  ісіне  назар  аударылды.  Мұнда  1920-30  жылдары  педагогика 
ғылымында,оқыту  әдістемесінде  жас  шәкірттердің  оқырмандық  қабілетін 
қалыптастыру  мәселесін  зерделеуде  нақтылы  әлеуметтік  зерттеулер,  тың 
ізденістер  кеңінен  жүргізілді.  Әлеуметтік  зертеулер  –  жас  оқырмандарды 
неғұрлым  көбірек  қамту  арқылы  олардың  оқу-тәрбиелік  үдерістердің  бағыт-
бағдарын  анықтауға,  рухани  қажеттіліктерінің  шамасын  белгілеуге  жағдай 
жасайтыны белгілі еді. Сондықтан мұндай көлемдегі жұмысқа кеңестік кезеңде 
Мәскеу, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) сынды басқа да үлкен қалаларда 
орналасқанзерттеу  орталықтары,  ғылыми-педагогикалық  институттар  іске 
қосылды.  Мұндай  кең  көлемдегі  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  нәтижесінде 
1920  жылы  Тифлис  қаласында  З.Архангельскийдің  «Балалардың  арман-
мұраты»,  1923  жылы  Смоленск  қаласында  А.Серебрянниковтың  «Қазіргі 
балалардың  мақсат-мүдделері»,  1924  жылы  Чита  қаласында  И.Киселевтің 
«Революция  және  мектеп  оқушыларының  арман-мұраттары»,  1924  жылы 
Саратовта Н.Познанскийдің «Балалардың мақсат-мүддесі жөніндегі анкеталар», 
1928 
жылы 
Ленинградта 
Е.Ельмановтың 
«Ленинградтық 
мектеп 
оқушыларының  қызығушылықтары  мен  мамандық  таңдауы»,  1930  жылы 
Ижевск қаласында Я.Сафроновтың «Оқушылардың қызығушылығын анықтау» 
деген секілді тағы да басқа еңбектер жарияланды.  
Сол  жылдары  жарыққа  шыққанбұл  еңбектердің  әрқайсысында  жас 
ұрпақты коммунистік арман-мұраттар жолында тәрбиелеу ниетіндегі қоғамдық 
талаптардың  әсері,  тоталитарлық  жүйенің  ықпалы  мол  болды.  Бұл  еңбектерде 
сондай-ақ, 
«оқырмандық 
қабілет» 
және 
«арман-мұраттар» 
(идеал) 
ұғымдарының  адам  психологиясынан  алатын  орнын,  арақатынасын, 
психикалық құбылыс ретіндегі мән-маңызын, оны дамытудың қандай жолдары 
бар екендігін айқындау маңызды болатын. Аталған педагогикалық мәселелерді 
қоғамның  мүддесіне  сай,  жаңа  тұрпаттағы  кеңес  азаматын  тәрбиелеу 
сұранысын 
қанағаттандыру 
бағытына 
жарайтын 
зерттеу 
нысан 
ретіндеұсталғандығы сол заман еңбектеріне тән ортақ құбылыс болды.  
Орыс  педагогы  А.А.Никольский  осы  кезеңде  дүниеге  келген  еңбектерге 
тән ерекшеліктердің бірі ретінде: «20-30 жылдары мектеп оқушыларының өнер 
түрлеріне деген қызығушылығы олардың өзге қызығушылықтарынан тыс, жеке 
адамның  жалпы  дамуы  бағытында  қарастырылды.  Әрине,  мәселеге  бұлайша 
келу  жеке  адамның  өмірінде  өнердің  қандай  рөлі  атқаратынын  түсінуге 
мүмкіндік бермеді», – деп атап көрсетті [60]. 
30-жылдары  кеңестік  педагогиканың  ықпалы  мол  болғанымен    қазақ 
әдебиетін,  төл  әдебиетті  қазақ  мектептерінде  оқытудың  өзіндік    ізденістері 
жасалды.  Мәселен,  бұл  жылдары  жарық  көрген  М.Жолдыбаев,  М.Әуезов, 
Ә.Қоңыратбаевтардың  «ХІХ  ғасыр  мен  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеті» 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау