28
ғылыми-әдістемелік тұрғыда жан-жақты қарастырғандықтан, әдеби білім
берудің тиімділігін арттыру үшін педагогикалық психологияның жетістіктерін
молынан пайдалану қажеттілігіне, оның маңызына да кеңінен мән береді.
«Мектеп оқушысын әдебиетке қарым-қатынасы жағынан алып зерттеу, – дейді
профессор В.В.Голубков, – оның оқырмандық қызығушылығын, көп
оқығандығын анықтау тіл-әдебиет пәні мұғалімінің ісі болуы керек...
Психология ғылымы мұғалімге тек қана оқушылардың жүйелі оқуын
ұйымдастыру үшін ғана керек емес. Ол оған әдеби шығарманы талдауда,
кейіпкерлердің мінез-құлқымен жұмыс үстінде мұғалімнің өзін психолог
ретінде сезінуі, психологиялық терминдерді пайдалану, психологиялық
тұрғыдағы қорытындылар жасау үшін де қажет» [66,464б].
Профессор В.В.Голубков мектеп оқушыларының оқырмандық қабілетін
дамыту мәселесін бөліп алып, жеке-дара қарастырмаса да оның оқыту
барысындағы орнына, оқыту үдерісіндегі мүмкіндіктеріне қысқаша баға бере
келіп, шәкірттің оқырмандық қабілетін:
1. Тікелей оқырмандық
әсерді ұйымдастыру;
2. Мұғалімнің оқырмандық әсердің мәнін түсінуі, сол арқылы оқушының
дұрыс
моральдық
түсінігін
қалыптастыруы
сияқты
екі
кезеңнен
құралатындығына тоқталады.
Әдіскер ғалым сабақтарында әдеби туындыны оқыту оқушының
қызығушылығын тәрбиелеп, оқырмандық қабілетті қалыптастырған жағдайда
жақсы нәтиже беретіндігін көрсетеді.
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының алғашқы жартысында
педагогикалық психологияның жетістіктерін әдеби білім беру саласында
кеңінен пайдалану ісі қанат жайып дами түсті. Әдеби шығарманы
оқушылардың жас ерекшелігіне сай жеке бейімділік қабілеттерін,
қызығушылығын ескере отырып, оқытудың өзекті мәселелеріне байланысты
О.И.Никифорова [67], А.Н.Леонтьев [68], Ю.В.Шаров [69] секілді тағы басқа
әдіскер ғалымдар зерттеулер жүргізді.
Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының көркемдік
қызығушылығына байланысты жетпісінші жылдарға дейін жүргізілген
әлеуметтік зерттеулер елуінші, алпысыншы жылдардағы педагогикалық-
психологиялық бағыттағы шәкірттердің әдеби туындыларға деген қабілеттілігін
зерттеуге арналған тың көзқарастарға сәйкес жаңаша, жетілдірілген тұрғыда
қарастырылды.
1970 жылдары әлеуметтік зерттеулердің ұстанымдарын анықтау, оның
қолданылу шегін белгілеу жұмыстары жүзеге асты. Сонымен бірге, мектеп
оқушыларының оқырмандық қабілеттерін зерттеуді ғалымдар үш түрлі
бағытта: 1.Кәсіби қызығушылығы; 2.Оқуға қызығушылығы; 3.Бос уақыттағы
қызығушылығы ынғайында кешенді түрде қарастыруды қолға алды.
Ю.В.Шаровтың басшылығымен жүзеге асырылған новосибирлік ғалымдардың
нақты әлеуметтік зерттеулері бұл бағыттағы неғұрлым кең де ауқымды және
нәтижелі әрекеттердің бірі ретінде ғылыми жұртшылық көңілін аударатындай
жаңалық болды. Ғалым мектеп оқушыларының рухани қажеттіліктері мен