17
Әдебиеттің мұндай қызметтері Қазақстан Республикасы жалпы орта білім
берудің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
стандартында
айтылған:
«Оқушылардың
рухани
дүниесін
байыта
отырып,
эстетикалық,
интеллектуалдық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру,
оқырмандық талғамды қалыптастыру, әдеби мұраны және онда белгіленген
құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім және білікпен
қаруландыру», – деген тұжырымдармен беки түседі [47]. Ендеше, әдебиет
сабақтарында оқырмандық қабілет пен көркемдік талғамды қалыптастыру
оқушылардың әдеби материалды шынайы эстетикалық мән-мазмұнда
қабылдауға қажетті білім және білікпен, іскерлік дағдыны игеруімен
байланысты деп айта аламыз.
Эпикалық шығармаларды оқытуда оқырмандық қабілетті дамыту
оқушылардың жас ерекшеліктеріне, көркем шығарманың ішкі табиғатына,
оқырмандық және өмірлік жинақтаған тәжірибесіне сай үздіксіз оқып-үйрену,
оған машықтану арқылы ғана жүзеге асатын күрделі үдеріс. Оқушы көркем
шығармамен неғұрлым жасырақ кезінде танысып үйренсе, оның оқырмандық
қабілеті де, шығарманы қабылдауы да соғұрлым ерте қалыптасатындығын, әрі
терең, әрі тиянақты дамитындығын зерттеуші-ғалымдар дәлелдеген. Бұл кезең
негізінен мектеп жасындағы мерзімге тиесілі. Сол себепті әдебиетті оқытуда
бастауыш сыныптан бастап оқушының кітап оқуға деген ынтасын арттырып,
оқырмандық қабілетін ашуға жағдайлар жасалуы тиіс [48].
Бастауыш мектепте берілетін әдеби білім оқушының айнала қоршаған
дүние, әлем туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып оқушысы әдебиет арқылы сыртқы дүниені, әлемді тани
отырып, олардан алған білімдерін өз бойына жинақтайды. Бастауыш сынып
оқушыларының көркем шығарманы қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі
болатындықтан балалардың жас және жекедаралық ерекшеліктеріне қарай оқу
материалдарын жеткізудің сан алуан тәсілдері қолданылады. Балаларда көркем
бейнелі ойлауға қарағанда нақты ойлау жүйесі жақсы дамиды, сол себепті
шығарманы түсіну үшін олар түсініп оқуға көбірек дағдыланады, бастауыш
сынып оқушысының шығарманы қабылдау психологиясындағы ерекшелік те
осында.
Көркем шығарманы шынайы қабылдау үшін бастауыш сынып
оқушыларының бойында кітап оқуға деген қажеттілікті дамыту керек. Бұл өз
кезегінде мотивация арқылы жүзеге асады. Бастауыш сынып оқушыларының
кітап оқуға деген мотивациясын арттыру, қазіргі таңда мектептің ең шиеленісті
және күрделі мәселесі, қоғамдық маңызы бар іс деп атауға болады. Оқуға деген
мотивацияны арттыру мәселесі «оқыту мен тәрбиелеудің» тоғысында жатыр,
қазіргі таңдағы оқытудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Бұл
дегеніміз – оқытушының назарында тек оқушының оқу ісі ғана емес, оның жеке
тұлға ретінде дамуы болады деген сөз. Оқуға деген мотивацияны арттыру – ол
оқуға деген қажеттілікпен бірге мектеп оқушыларының идеалдарын, біздің
қоғамымызда қалыптасып қабылданған өмірге деген көзқарас құндылықтарын
тәрбиелеу. Яғни, бұл - оқушының белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.
18
Қазіргі мектепте кітап оқуға деген мотивацияны ең басты мәселе десек артық
айтпаймыз, өйткені мотив іс-әрекеттің қозғаушы күші, ояту мен ынталандыру
функцияларын атқарады. Бастауыш мектеп жасы оқуға деген ынтаның негізін
қалыптастыруға қолайлы жас.
Оқырманның өз бетінше авторды түсінуге бағыттануы (яғни авторлық
бағалауларды іздеуі) және оқылған мәтінге оң эмоциялық-бағалаулық
көзқарасы оқуға деген оң мотивацияны, демек, дамыған оқырмандық іс-
әрекетті де сипаттайтын маңызды сәттер болып табылады. С.Л.Рубинштейннің
еңбектерінде көрініс тапқан жалпы ереже бар. Ол былай деп жазған болатын:
кез келген мәтін ойлау әрекеттің шарты ғана: мәтінде объективті бар нәрсе,
оқырман басында субъективті формаға ие бола алады және бұл субъективті
форма оқырманның жеке ойшылдық әрекетінің нәтижесі [49].
Ғалым А.П.Кашкаров қазіргі балаларда кітап оқуға деген мотивацияның
қалыптасу мәселесін зерттей келе «жеке тұлғаға бағытталған оқу» деген
түсінікті ұсынып, сипаттады. А.П.Кашкаров жеке тұлғаға бағытталған оқуда
төмендегі принциптерді ерекше атап көрсетеді:
1. Әрбір оқырманның бірегейлігін тану. Бұл орайда барлық
оқырмандардың, жасына, өмірлік тәжрибесіне және де басқа факторларға
(білімділік пен жеке-мінездемелік-гендік ерекшеліктерін қосқанда) байланысты
оқуға деген бейімділігі әртүрлі екендігін ескеру керек. Бірегейлік кітапқа жеке
көзқарас формасы және осы әрекеттің кейінгі нәтижесі арқылы іске асырылады.
2. Әрбір оқырман басқа адамның, кітап авторын қосқанда, бірегей
екендігін түсінеді. Басқа адамның, оның ішінде кітапханашының, жеке
құндылықтары бар екендігін мойындайды. Адамның бірегейлік құндылығын
сезіну – тек кітап оқудың ғана емес, жеке тұлғаға-бағытталған оқудың да кепілі.
3. Кітап арқылы, кітап беттеріндегі қаһармандардың іс-әрекеттерін
сараптау арқылы оқырман басқа көзқарасты немесе басқа адамның мотивтерін
түсінуге, тіпті өзіне шақтап көруге ұмтылады, осылай ол әлеуметтік рөлін
жүзеге асырады. Кітап оқу барысындағы оқырман мен автордың өзара қарым-
қатынасы оның біріншісінің баптапқы ұстанымы болуын, сақталуын және
өзгеруін көздейді.
4. Оқырманның жалпы адамзаттық жетістіктермен танысуы және қатынас
орнатуы ол зерделенетін көріністің, үдерістің және заттың мәнін түсініп,
сезінгеннен кейін жүзеге асады. Оқырманның мәдени-тарихи құндылықтармен
қатынасы, басқа адамдармен қатынасы сияқты жүзе асырылады. Жеке тұлғаға
бағытталған кітап оқудың нәтижесі оқырманның мәдениетке, толеранттылыққа,
мінез-құлықтың сыртқы стандарттарына оңтайлануына алып келуге тиіс.
5. Кітап оқудың жеке тұлғаға бағытталған мәні кез келген жаста бастау
алуы мүмкін. Мәселен, бала кездегі, дамытатын, шығармашылық немесе
танымдық оқудың негізінде жеке тұлғалық бағдарлама жатыр. Онсыз баланың
жеке тұлғасын толыққанды қалыптастыру мүмкін емес; әдебиет бойынша
мектеп бағдарламасы аясында ерікті-мәжбүрлі үй тапсырмаларын күштеп
орындау нәтиже бермейді, өйткені олар кітап оқуға деген жеке мотивациямен
үйлеспейді [49, 40 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |