3
|
Ең алдымен кіріспе сұрақтардан бастайды: 1) Көл деп нені атайды? 2. Көлдің теңізден айырмашылығы неде? 3. Көлдің қандай түрлерін білесіңдер? 4. Ағынды және тұйық көлдерге мысал келтіріңдер, олардың айырмашылығы неде? 5. Көл суының тұзды болуы неліктен?
Жаңа тақырыпта меңгеру үшін мына жоспарды құрады:
1. Қазақстан көлдеріне жалпы шолу
2. Олардың ерекшеліктері.
3. Су деңгейі
4. Көлдердің қазаншұңқырларына қарай түрлері.
5. Бөгендер
6. Каспий теңізі
7. Арал теңізі
8. Балқаш көлі
Физикалық карталарды пайдаланып мұғалім Қазақстандағы көлдердің ерекшеліктерін баяндайды. Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көл бар екенін айтады. Олардың ішінде: Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көлемі бір шаршы км-ден кем шағын көлдер кездесетінін түсіндіреді. Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі таралмаған. Климаттың жағдайларына көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай кемитінін, жазықтағы көлдердің көпшілігі теңіз деңгейінен 100-350 метр биіктіктегі неоген және антропоген шқгінді жыныстарының үстінде орналасқанын баяндайды.
Каспий теңізі: ауданы – 390 мың км2, орташа тереңдігі -28 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге, енді жері – 435 км, енсіз жері – 193 км. Жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км, жағалау сызығының Қазақстан үлесіне 29%-ы (2340 км), Ресейге – 16%-ы, Әзербайжанға – 20%-ы, Түркіменстанға – 21%-ы, Иран Ислам Республикасына – 14%-ы тиеді. Үлкендігіне қарап оны теңіз деп атайды, атауы ХVІ ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегі бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне келеді. Қыс айларында теңіздің тек солтүстік таяз бөлігі ғана қатады – мұздың қалыңдығы 2 м-ге дейін жетеді. Судың тұздылығы Солтүстік Каспийде құбылмалы, Еділ мен Жайық сағасына жақын жерде 0,2-2‰ болса, орталық бөлігінде 10-12‰-ге дейін көтеріледі, орталық және оңтүстік бөлігінде әдетте 13-14‰. теңіз деңгейі 1830-1929 жж – 25,5-26,6 м, 1929-1977 жж күрт төмендеді, 1978 жылдан бастап көтерілді, 1995 ж басында 26,5 м. Еділ сағасында 4-5 км, Жайық сағасында 6-12 км, Қаратон, Теңіз, Прорвада кен орындарының тұсында 35-45 км, Бозащы түбегінде 4-10 км жер су астында қалды. Каспий суының көтерілуі 45%-ы құятын өзендерге, 16%-ы жауын-шашынға, 25%-ы булану мөлшеріне, 14%-ы Қарабұғазкөл шығанағына құйылатын суды шектеуге байланысты. Каспий теңізі балыққа бай, итбалықтың болуы кезінде теңіздің Солтүстік Мұзды мұхитпен байланысын көрсетеді, д.ж-де жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың Қазақстан үлесіне 40%-ы тиеді. Бағалы балық – қортпа (белуга) ұзындығы 6-7 м-ге, ал салмағы 1800 кг-ға жетеді, 100 жылға дейін тіршілік етеді. Бекіренің (осетр) ұзындығы 2,3 м, салмағы 100 кг-ға жетеді. Шоқырдың (севрюга) ұзындығы 2,2 м-ге, салмағы 40-80 кг-ға жетеді. Теңізде одан басқа сазан, көксерке, сыла, майшабақ ауланады. Тек Каспийдің шығыс жағалауында жыл сайын кәсіптік маңызы бар 2 млн. құс қонақтайды. Кей жылдары суда жүзетін 3 млн құс қыст.
1961 жылға дейін Арал теңізі мұхит деңгейінен 53 м биіктікте жатқан, ауданы 61,1 мың ш.ш, суының көлемі 1064 текше км. 1998 жылдан бастап теңіз деңгейі 18 м төмендеген.
Соңғы 40 жылда сол өңірдегі суармалы жер көлемінің ұлғаюы, суды қажет ететін кәсіпорындардың көбеюі, Арнасай,, Шрадара, Саырқамыс сияқты көптеген жасанды суқоймалардың пайда болуы – Арал айдынының аумағын, көлемін, тереңдігін азайтқанын түсіндіреді. Ауаның ылғалдылығы азаййып, жазы құрғақ та ыстық (шілде 45°С дейін), қысы суық (47°С) болатын жылдар мен күндер көбейген. Өзен жағалауындағы уармалы егістіктерден (негізінен, мақта мен күріш) және өнеркәсіп орындарында пайдаланылған сулар Арал теңізіне құйылып теңіз түбіне 1 млрд тоннадан астам улы шөгінділерді әкелген. Су тұздылығының артуы (1 л-ге 35‰) су түбінде шөккен тұз шөгінділері пайда болған, ауданы 40 мың км-ге жуық жалаңаштанған теңіз түбінен көтерілген (жыл сайын 70 млн тонна) улы шөгінділер тұзды шаңға айналып, жайылымдар мен егімтіктерді улап, үлкен апат әкелген.
|
Оқушылардың жауаптары:
1. Құрлық бетіндегі суға толған табиғи ойыс. 2. Ол мұхитпен тікелей байланыспайды. 3. Көлдердің тектоникалық, қалдық, ескі арна, жанартаулық, бөген көлдер түрлері болады. 4. Зайсан – ағынды көл, Балқаш – ағынсыз көл.
5. Өзендер үнемі ағып тұратындықтан олар тұщы болады, ал көлдерге өзен құяды, егер ағып шықпаса ол тұзды болады, егер өзен ағып шақса ол тұщы болады.
1. Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көл бар. Олардың ішінде: Каспий, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа көлемі бір шаршы км-ден астам көлдер бар. Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі тарамаған. Климаттың жағдайларына байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді, жазықтағы көлдердің көпшілігі деңгейінен 100-350 м биіктіктегі неоген және антропоген шөгінді жыныстарының үстінде орналасқан.
2. Көлдердің орналасуындағы ерекшеліктер:
1) Олардың топ-топ болып шоғырлануы
2) Көлдердің тағы бір ерекшелігі – жасының әр түрлі болуы. Олар әр кезде пайда болған. Биік таулы аймақтардағы көлдер шығу тегі жөнінен жас көлдерге жатады.
3. Көлдердің су деңгейі судың кірісі мен шығысының арақатынасына байланысты. ХХ ғасырда Қазақстанда ең аз сулы кезең 1936-1940 жылдары болды.
4. Көлдер қазаншұқырларының пайда болуына қарай келесі типтерге бөлінеді: а) тектоникалық көлдер, ә) реликті көлдер, б) мұздық көлдер типі, в) кар көлдері, г) Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі нәтижесінде пайда болған көлдер, д) ескі арна көлдері.
5. Қазақстанда барлығы 4 мыңдай бөгендер мен тоғандар салынған. Олардың ауданы 10 мың км2. Олар ауданына қарай төр топқа бөлінеді: 1) кіші – 50 ш.ш, орта – 50-250 ш.ш, ірі – 250-1000 ш.ш, аса ірілері – 1000 ш.ш-нан асады.
5. каспий теңізі – қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан
6. Мыналарды анықтап, жазып алады: Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Ауданы – 390 мың км2, орташа тереңдігі -28 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге, енді жері – 435 км, енсіз жері – 193 км. Жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км, жағалау сызығының Қазақстан үлесіне 29%-ы (2340 км), Ресейге – 16%-ы, Әзербайжанға – 20%-ы, Түркіменстанға – 21%-ы, Иран Ислам Республикасына – 14%-ы тиеді.
Каспий теңізі қазаншұңқырының бедеріне қарай бөліктері: солтүстік бөлігі жалпы теңіз ауданының 24%-ын алады, көп жерінде тереңдігі 5 м, ең терең жері 26 м; Орталық Каспийдің орташа тереңдігі 345 м, ең терең жері 1025 м, теңіз ауданының 40%-ын, ал теңіз суының 66%-ын алады; Оңтүстік бөлігі таяз, аралдарының жалпы ауданы 2045 км2,, Қазақстан жерінде олардың 88%-ы орналасқан (ең ірілері – Төленді аралдар тобындағы Құлалы (73 км2) және Морской (65 км2) аралдары. Шілдеде орташа температура +24+26°С, қаңтар айының орташа температурасы -7-11°С. Ең төмен температурасы -38°С. Теңіз екі климаттық белдеуде орналасқан: солтүстігі қоңыржай континентті климатта.
Теңізде кездесетін ең бағалы балықтар – бекіре (бекіре, шоқыр, қортпа) тұқымдастары; өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді, балықтың 55 түрі кездеседі. Қазіргі кезде құстардың 260 түрі кездеседі. Теңіз жағалауында – Атрыау, Форт-Шевченко, Ақтау және т.б. қалалар бар.
Арал теңізі – жас тұран платформасының үстінде орналасқан көл екенін анықтайды. Неоген дәуірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған. Антропогенніңі аяғында алғаш рет суға толған. Үстірт келіп тірелетін батыс жағы биік, тік жарлы болып келетінін, қалған бөлігігнің жағасы ойпатты жазық, шығанақ қойнауларымен тілімденгенін карта бойынша анықтап қарайд, ауданы 61,1 мың ш.ш, суының көлемі 1064 текше км.
Оқушылар Балқаш көлі ьуралы мұғалімнің әңгімесін тыңдап отырып, оның ауданы 18200 км2 екенін жазып алады. Оқушылар мұғалімнің нұсқауыменкартаға қарап Балқаш көлінің солтүстігінде Сарыарқамен, батысында Бетпақдаламен, оңтүстігінде және шығысында Балқаш маңы жазығымен шектесткенін анықтайды. Яғни оның солтүстік жағалауы биік жарқабақ болып келеді, ал оңтүстік жағалауы ойпатты болып келген деп сипаттайды. Оқушылар Балқаш көліне құятын өзендерді атап шығады: Іле, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Аягөз, Бақанас.
Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап беруге тырысады: шаруашылықта қолданылады, Іле өзенінің бойында Қапшағай СЭС-ы салынған, сондықтан ол өзенмен бірге келген лас заттардан ластанады.
|