Сыныптан тыс жұмыс



жүктеу 184 Kb.
Дата12.01.2020
өлшемі184 Kb.
#26407

Сыныптан тыс жұмыс 3-сынып
Жұмыстың тақырыбы: «Ең ақылды оқушы» интеллектуалды ойыны.
Жұмыстың мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой- өрісін, танымдық белсенділігін дамытып, оқушыларды әр түрлі пәнге қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Жұмыстың түрі: Интеллектуалды ойын.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, әр түрлі сұрақтар, тесттер.
Ойыншылар: Бастауыш сынып оқушыларының аты - жөні:
1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

Жұмыстың жоспары: І кезең «Тестпен жұмыс»

ІІ кезең «Кім жылдам?»

ІІІ кезең «Тапқыр болсаң тауып көр»

ІV кезең «Қорытындылау»


Жүргізуші: Тыңдаңыздар жас бауыр,

Тапсырмамыз тым ауыр.

Ең алғашқы зор міндет,

Басылсын тез шу, дабыр.

Көңілді тапқыштар мен білгіштер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім біледі? Көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күннің жеңімпазы болады.

Білімімен сайысады ойыншылар,

Алға озар ең мықтысы осы жолы,

Көпшілік өнерлерін қызықтайық,

Сұрайық шығуларын жұрт алдына.
Сонымен қарсы алыңыздар, ең ақылды оқушылар!
І оқушы

  1. Ойыншымыз .............................

  2. ......................- есейгенде заң қызметкері болғысы келеді. Өйткені, ............................ағасы Тараз қаласының ішкі істер бөлімінің бірінде заң қызметкері болып жұмыс істейді екен.

- ............................ өткен оқу жылында қандай жетістіктерге жеттің?

- Мен өткен оқу жылын үздік бағамен бітірдім және мектепте өткен республикалық «Ақбота» конкурсына қатысып ІІІ орынды иелендім.

- Өте жақсы.

ІІ оқушы

  1. Ойыншымыз ................................

  2. -.............................., менің байқауымша сенің келешектегі арманың дизайнер болғың келетін сияқты.

- Неге?

- Мен бос уақытымда тігін үйірмесіне барамын. Өйткені мен сәнді киінгенді ұнатамын.

- Тамаша.

ІІІ оқушы

  1. Ойыншымыз ...................................

  2. ............................... болашақта мұғалім болуды армандайды екенсің?

  • Неліктен?

  • Мен болашақта мұғалім болуды армандаймын. Өйткені, мұғалім болу ұлы іс. Мұғалім - мектептің жүрегі.

ІҮ оқушы

  1. Ойыншымыз ............................

  2. .......................... есейгенде кім боласың?

  • Дәрігер.

  • ............................ дәрігер болудан қорықпайсың ба?

  • Жоқ.

  • Ал мен қорқамын.

  • Неден?

  • Уколдан.

  • Мен укол салуды жақсы көремін.

  • Керемет!

Ү оқушы

  1. Ойыншымыз ..................................

  2. Біздің ............................есейгенде кім болар екен ә?

  • Ол ғалым болатын шығар.Ол өте жақсы оқиды ғой. Республикалық «Ақбота » конкурсының ІІІ орын иегері.

  • Енді кім болатынын өзінен сұрайық?

  • ............................... есейгенде кім боласың?

  • Ғалым болуды армандаймын.

  • Өте дұрыс. Дәл таптым.


ҮІ оқушы

  1. Ойыншымыз ....................................

  2. .................................шыныңды айтшы. Өскенде кім боласың?

  • Мен өскенде жазушы болғым келеді.

  • Неге?

  • Мен өлең жазып, балалардың журналына жіберіп едім, сол өлең жарияланыпты. Содан бері өлең, әңгіме жазып жүрмін.

  • Жазған өлеңінен үзінді оқып берші бізге.

  • Тамаша.

ҮІІ оқушы

  1. Ойыншымыз ....................................

  2. - ...................................өскенде әскери қызметкер болатынын айтқан еді. Енді өзінен сұрайық.

- ..........................өскенде кім боласың?

- Өскенде, әскери қызметкер боламын. Елімнің, жерімнің тыныштығын қорғаймын.

- Ох, міне батыр деп осыны айт.
8. Ойыншымыз біздің ............................ екен.

  • Сәлем, .................................., көңіл-күйің қалай?

  • Менің көңіл-күйім өте жақсы.

  • Ойынға қатысуға дайынсың ба?

  • Ия, дайынмын

  • ................................бос уақытында күреспен айналысады екенсің. Себебі не?

  • Өйткені мен қазақтың атын шығаратын Қажымұқан атам сияқты палуан болғым келеді.

  • Жарайсың ............................




    • Олай болса өздерің қандай дайындықпен келдіңдер?

Оқушылар хормен:

Бір мектепте оқимыз бәрімізде

Достық сөзі әрқашан жанымызда

Жарысуға өзіміз келіп тұрмыз

Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге

Жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.

Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп

Ойламаңдар қорқып бізден қашар деп

Дайынбысың жарысуға достарым

Көрсетіңдер өздеріңде қандай күш барын – деп біз ойынымызды бастаймыз.
Балалар, сендер барлықтарың Тина Канделакимен болатын «Самый умный» ойынын тамашалаған боларсыңдар. Біздің бүгінгі ойынымыз сол ойынның негізінде жасалған.

  • Жалпы ойынның тәртібімен таныстырып өтейін:

    1. Ойынға барлығы топ қатысады.

    2. Ойын ІV кезеңнен тұрады:


І кезеңде топтарға тест түрінде ортақ 20 сұрақ қойылады.

А) Әр сұрақтың 2 жауап нұсқасы бар.
Б) Ойыншы сұрақтың дұрыс жауабын табу керек.
С) Ең көп ұпай жинаған, уақытын үнемдей білген ойыншылар келесі кезеңге өтеді.

  • Сонымен барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.

  • Біз ойынымызды бастаймыз.



І кезең «Сұрақтарға жауап беру»
Ойын барысы: Ойынға барлығы оқушы қатысады. І кезеңде ойыншыларға 20 сұрақ қойылады.Әрбір сұрақтың жауабы бар.Әр ойыншы дұрыс жауабын табу керек. ЕҢ көп ұпай жинаған ойыншылар келесі кезеңге өтеді.

1. Мүшел сандарды тап? (13, 25, 37)

2. Қазақстан халықтарының тілдер күні қашан? (22 қыркүйек)

3. Ең үлкен төрт таңбалы санды жаз? (9999)

4. Республика күні қай күн? (25 қазан)

5. Қиылыспайтын екі түзу? (параллель)

6. Ертеде пайдаланған цифрлардың ішінде қандай цифрлар осы күнге дейін қолданылады? (Рим цифры)

7. Уақыттың өлшем бірлігі? (минут, сағат, секунд,)

8. Өсімдіктер қай мүшесі арқылы тыныс алады? (жапырақ)

9. Өсімдік қандай топырақта жақсы өседі? (құнарлы)

10. Қарлығаш әулие атанған әулие кім? (Төле би)

11. Шерхан Мұртаза қай жерде дүниеге келген? (Жамбыл облысы)

12. Шексіз сызық қалай аталады? (түзу)

13. Өздігінен тіршілік ететін жануарларды қалай айтамыз? (жабайы аңдар)

14. Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады? (пияз)

15. Екі шеті тұйықталған сызық? (кесінді)

16. Өсімдік неше топқа бөлінеді? (3-ке)

17. Бердібек Сокпақбаев биыл неше жаста? (88)

18. Қандай кенді сары алтын дейміз? (Алтынды )

19. Құстар қалай көбейеді? (жұмыртқа салу арқылы)

20. «Құлын мінген бала» кім туралы айтылған? (Б.Момышұлы)
ІІ кезең «Кім жылдам?»

Ойынды ең ұпайы көп ойыншы бастайды. Экраннан 6 тақырып көрсетіледі.

  1. «Әлемнің жеті кереметі»

  2. «Ақылды ойлап, түйгенін айтар»

  3. «Қызықты математика»

  4. «Сұраққа жауап қат, жауабын жылдам тап»

  5. «Кім тапқыр?»

  6. «Мақал сөздің мәйегі»

Әр ойыншы өзінің қалаған тақырыбы бойынша берілген 2 минут ішінде қойылған сұрақтарға жауап қайтару керек.

Бұл турда да ұпайды көп жинаған 6 ойыншы келесі кезеңге өтеді.
«Әлемнің жеті кереметі»

  1. Семирамида бағы

  2. Галикарнас кесенесі

  3. Артемида Эфес шіркеуі

  4. Колосс Родосский

  5. Александр шырағы

  6. Египет пирамидасы

  7. Олимп Зевс мүсіні



«Ақылды ойлап, түйгенін айтар»

  1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)

  2. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (3)

  3. Адамның денесінің негізгі тірегі? (Қаңқа)

  4. Ақ күрішті аймақты ата? (Қызылорда облысы)

  5. Аяқталған ойды білдіреді? (сөйлем)

  6. ҚР мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)

  7. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал? (Компас)

  8. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

  9. Кітапханада кім жұмыс істейді? (Кітапханашы)

  10. Міне нағыз жігіт! Қандай сөйлем? (лепті сөйлем)


«Қызықты математика»

  1. Математикада неше амал бар?

  2. Математика оқулығының авторы кім?

  3. Жердің формасы қандай?

  4. Тонна қай бірлікке жатады?

5. Фигураның ауданын табу үшін не істеу керек?

6. Қосудың қасиеттерін ата?

7. Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік, қарлығаш, шыбын, қарға, ара. Осылардың қаншасы құс?

8. Тәуліктің 2-ден 1 бөлігі неше сағат?

9. 1 тонна мақта, әлде 10ц темір ауыр ма?

10. Жарты түзуді не деп атайды ?
« Сұраққа жауап қат, жауабын жылдам тап»

  1. Әлемдегі ең кішкентай құсты ата? (калибри)

  2. Орман санитары атанған құс? (тоқылдақ)

  3. Адам өміріне не қажет? (су, жылу, тамақ, жарық, ауа)

  4. Көшет қай кезде отырғызылады? (көктемде)

  5. Көкжиек тұстарын ата? (оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс)

  6. Қай құс жұмыртқа баспайды? (көкек)

  7. Құлағы үлкен жануар? (піл)

  8. Өсімдіктер суды қайдан алады? (топырақтан, жауын-шашыннан алады)

  9. Өсімдіктермен де, бунақденелермен де қоректенетін құс? (торғай)

  10. Жердің өсімдік өсетін борпылдақ қабаты? (топырақ)


«Кім тапқыр»

  1. Тұла бойы – ине, тұмсығында - түйме (Кірпі)

  2. Су бетінде үйрек жүр, қалт-құлт етіп билеп жүр (кеме)

  3. Өртесең де күймес, теңізге батуды білмес. (мұз)

  4. Қыста жалаңаш, жазда жаңа нәш (ағаш)

  5. Күндіз көрінбейді, түнде күлімдейді. (жұлдыз)

  6. Күнді жабады, жаңбыр болып жауады. (бұлт)

  7. Сыртта қапырық болып тұр, үйде ол селкілдеп тоңып тұр. (Тоңазытқыш)

  8. Құйттай ғана бойы бар, кілем тоқыр ойы бар (өрмекші)

  9. Отан туралы қандай мақал айт? (2-3 мақал айт)

  10. Биыл қазақша қандай жыл? (жылан)


«Мақал – сөз атасы»
Осы сөздерге байланысты мақал-мәтел айт.


  1. Отан 1. Ауыл

  2. Туған ел 2. Адам

  3. Батыр 3. Әке, ана

  4. Еңбек 4. Ар-ұят

  5. Өнер, білім 5. Дос

  6. Өнер. 6. Жақсы, жаман




  1. Су

  2. Ит

  3. Ас

  4. Гүл


Финал

ІІІ кезең

«Тапқыр болсаң тауып көр»

Финалда 3 ойыншыға қызыл, сары, көк түсті таңдатып, 20 секунд ішінде өз сұрақтарының қай ұяшықта орналасқаны көрсетіледі.

Егер ойыншы қарсыласының ұяшығын ашып, дұрыс жауап берсе онда 2 ұпай алады, егер жалпы сұрақтарды ашса, онда 1 ұпай алады.

Ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады.
«Салт-дәстүр»

  1. Ауыз бекіткен ораза ұстаған адамға құрмет көрсету не деп аталады?(ауызашар)

  2. Қыз үйден ұзатылған кезде жасалатын той? (қыз ұзату)

  3. Наурыз көжеге неше тағам қосып дайындайды? (7)

  4. Ерулікке кімдерді шақырады? (жаңадан көшіп келген көршіні)

  5. Баланың алғаш мектепке бару құрметіне тойланатын той? (тілашар)


«Көп оқыған көп білер»

  1. ҚР мемлекеттік нышандарын ата? (Гимн, Ту, Елтаңба)

  2. Биыл Абай Құнанбаев неше жаста? (168)

  3. Б.Момышұлының туған жерін ата? (Жамбыл обл., Жуалы ауданы)

  4. Тараздағы саябақтар кімдерің атында? (Қайрат Рысқұлбеков,

Тұрар Рысқұлов)

  1. Әліппенің атасы кім? (А.Байтұрсынов)


«Шынықсаң шымыр боларсың»

  1. Қазақтың тұңғыш палуаны кім? (Қажымұқан)

  2. Ермахан Ибраимов қай спорттың шебері? (бокс)

  3. Қысқы Азиада ойындары қай қалаларда өтті? (Астана, Алматы)

  4. Жазғы Лондон олимпиадасында біздің толағайлар неше медаль иеленді? (13)

  5. Афина олипияданысында бокстан баркер кубогын иеленген кім? (Бахтияр Артаев)


«Жалпы сұрақтар»

  1. Алматы жеріне апорт алмасын алғаш әкелген адам? (Редько)

  2. Қой жүнінен жасалатын төсеніш. (текемет)

  3. Қырық өтірік айтқан бала кім? (Тазша бала)

  4. Төрт түліктің жайылымы не? (өріс)

  5. Қорқыт бабаның мазарының ерекшелігін білесің бе? (Жел тұрғанда қобыздың үні естіледі.)


ІV кезең

Қорытынды:
Ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады.

Марапаттау.

ІІ «Кім жылдам?»




Аты жөні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Ұпай саны

1





































2





































3





































4





































5





































6





































7





































8





































9







































ІІІ кезең «Тапқыр болсаң тауып көр»




Аты жөні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Ұпай саны

1





































2





































3





































4





































5





































6





































7





































8





































9






































Өзінің ұяшығын ашып дұрыс жауап берсе – 4 ұпай

Қарсыласының ұяшығын ашып жауап берсе – 3 ұпай

Жалпы сұрақтарды ашып жауап берсе – 1 ұпай

Математикадан ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Есеп шығаруда оқушылардың көбейту

мен бөлудің қасиеттерін тиімді пайдалану дағдысын

жетілдіру.

2. Дамытушылық: Талдау, салыстыру және қорытынды

жасай білуге, өз ойларын дәлелдей білуге

дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Жылдамдыққа,

батырлыққа,ұжымшылдыққа, еңбекке баулу.



Сабақтың типі: қайталау сабағы.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, ойлау, пікірін айту, талдау.

Сабақтың

көрнекілігі: Интерактивті тақта құралы, қима қағаздар, кестелер.

Күтілетін нәтиже: Есеп шығаруда көбейту мен бөлудің қасиеттерін

тиімді пайдалана алатын, өз бетінше ізденетін жеке

тұлғаны қалыптастыру.

Қолданылатын

стратегиялар: І. Қызығушылықты ояту

ІІ. Бағдар беру сатысы

ІІІ. Мәселе қою сатысы

ІҮ. Үлгіні көрсету, түсіндіру

Ү. Шығармашылық ізденіс

ҮІ. Соңғы нәтиже сатысы


Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

а). Қонақтармен сәлемдесу

ә). Сабақтың өтілу барысымен таныстыру

2. Психологиялық жаттығу

3. Үй тапсырмасын сұрау

4. Жаңа сабақ

5. Сабақты қорыту

6. Бағалау

а). Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау

7. Үйге тапсырма



1. Ұйымдастыру кезеңі. - Балалар, қазір қандай ай? – Ақпан айы.

- Келесі ай ше? – Наурыз айы. Наурыз қай жыл мезгілінің айы? – Көктем жыл мезгілінің айы. – Наурыз айында қандай мерекелер бар?

- 8 наурыз- Халықаралық Әйелдер мерекесі. -22 Наурыз- жыл басы.

Ежелгі заманнан бері Шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Мерекеге халық алдын- ала дайындалады. Мереке сәлемдесуден

басталады. Біз де сабаққа келген қонақтармен сәлемдесейік.

а).Оқушылардың қонақтармен сәлемдесуі:
Құрметіне ұстаздардың тік тұрайық,

Құшақ жайып жан- жаққа зер салайық.

Аяулы ұстаздары қаламыздың,

Сіздерді қуанышпен қарсы алайық.



ә). Сабақтың өтілу барысымен таныстыру.

Мұғалімнің сөзі: Жақсы, балалар, отыра қойыңдар! Балалар, біздің бүгінгі

сабағымыз күнделікті сабаққа қарағанда сәл ерекшелеу. Өйткені сыныпта қала мектептерінен келген ұстаздар қонақта отыр. Олар біздің біліміміз және тәртібімізді сынамақшы. Сыныпта тәртіп сақтап, барлығымыз ынта жігермен сабаққа қатысамыз. Сабақ сайыс түрінде өтеді. Әр топ басшысы өзінің тобындағы оқушының сабаққа қатысу барысын қадағалайды. Сабақ жарыс түрінде өтетін болғандықтан әрбір дұрыс жауапты жұлдызшамен және шаршымен бағалаймын. 1 жұлдызша- 5 ұпай, ал 1 шаршы- 4 ұпай болып есептелінеді. Қай топтың жинаған ұпай саны көп, сол топ жеңіске жетеді.



І. Қызығушылықты ояту сатысы.

Орнымыздан тұрайық, жаттығуды жасайық.

2. Психологиялық жаттығу.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстап қаламын.

Тыныштық пен жылу жарық мейірімді,

Сенің ғана алақаныңа саламын.

Балалар, барлығымыз бір- бірімізге жүректің жылуы мен мейірімділіктің шуағын сыйладық. Қазір- математика сабағы. Математика- ғылымдар патшасы. Олай болса, осы патшалықтың берілген тапсырмаларын тиянақты орындауымыз керек.Үйге қандай тапсырма берілді? (82 беттегі № 7 өрнектің мәнін табу.)

Шарты: есептеп, дұрыстығын тексер. 3.Үй тапсырмасын сұрау.

17·2= 34 550: 5= 110 75: 5= 15 84: 6= 14

65·2= 130 800: 40= 20 60·8= 480 960:6= 160

Өрнектерді оқытамын, дұрыстығын тексеремін.

Бөлудің дұрыс орындалғанын қандай амалмен тексереміз? – Бөлуді көбейтумен және бөлумен тексереміз. Көбейтудің дұрыс орындалғанын қалай тексереміз?

- Көбейтуді бөлумен тексереміз.



ІІ. Бағдар беру сатысы
Балалар, өткен сабақты пысықтау мақсатында топ мүшелері келесі топқа амалдар компоненттеріне байланысты сұрақтар қояды.( Жауабын дұрыс айтқан топ мүшелері жұлдызшамен бағаланып отырады.) І. Әр топ мүшесі бір- біріне сұрақ қояды. 1. Көбейтудің компоненттерін ата. 2. Бөлудің компоненттерін ата. 3. Азайтудың компоненттерін ата. ІІ тапсырма . Ережені аяқтау.

1. Белгісіз бөлгішті табу үшін...( бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлеміз)



2 . Белгісіз көбейткішті табу үшін...( көбейтіндінің мәнін белгілі көбейткішке бөлеміз) 3. Бөлінгішті табу үшін...( бөліндінің мәніне бөлгішті көбейтеміз)

ІІІ тапсырма. Логикалық есеп.

1.Екі адам 2 сағат шахмат ойнады. Бір адам неше сағат шахмат ? ( 2с.)

2. 2 кг мақта ауыр ма, 2 кг темір ауыр ма? ( екеуі тең)

3. Екі аяғымен тұрған тауықтың салмағы- 3 кг, егер тауық бір аяғымен тұрса, оның салмағы қанша тартады? ( 3кг)



ІІІ. Мәселе қою сатысы

4. Жаңа сабақ

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн ретін, сынып жұмысын, көркем жазуға байланысты берілген үш таңбалы 379 санын жазамыз. 379 санының разрядтың көрсеткіші. 379 санын разрядтың қосылғыштарға жікте. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Өткенді пысықтау.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне дайындалу барысында халық ауыл- ауыл болып бөлінеді. І топ- Абай ауылы, ІІ топ- Ыбырай ауылы,

ІІІ топ- Шоқан ауылы. Одан соң әр ауыл киіз үйлерін тіге бастайды. Келесі тапсырманы жылдам, әрі дұрыс орындаған ауыл киіз үйлерін берік, әрі жылдам тігеді. Қай ауыл киіз үйлерін жылдам тігер екен?

№ 3. Есептерді шығар:

Ең алдымен есептің шартын оқытамын. Оқушылар қысқаша шартын құрады.

Шартын тақтаға жазады. Есептің мәнді белгілері қандай? (Есептің шарты, сұрағы, шешуі, жауабы болады.)
І топтың тапсырмасы. № 3(а)

Салынды- 85қарындаш- 12-ден

Болды- ? қорап

Қалды- ? қарындаш

Шешуі: 85: 12= 7 ( қалдық 1)

Жауабы: 7 қорап болды, 1 қарындаш қалды.


ІІ топтың тапсырмасы.№ 3(ә)

Салынды- 92 кг алма- 15 кг- нан

Болды- ? жәшік

Қалды- ? кг алма

Шешуі: 92: 15= 6 ( қалдық 2)

Ж: 6 жәшік болды, 2 кг алма қалды.


ІІІ топтың тапсырмасы.

50 оқушы дәптері- 12 бума

25 қалың дәптер- 7 бума

Барлығы- ? дәптер сатылды.

Ш: 50·12+ 25·7= 600+ 175= 775

Ж: дүкенде бір күнде барлығы 775 дәптер сатылды.



Биылғы наурызда қандай жаңалық бар екен? Жаңа жылымыз қандай жыл болып келеді екен? – Жылан жылы. Жылан бізге тапсырма дайындап қойыпты. Бұл тапсырманы ауызша орындаймыз.

(Интерактивті тақтамен жұмыс. 1 слайд)

№ 1. Өзара байланысты сандармен теңдіктер құрастыр.

9·100= 900 900: 100= 9 8·100= 800

4·60= 240 240: 60= 4 800: 100= 8

9·60= 540 540: 60= 9 9·70= 630

7·70= 490 490: 70= 7 630: 70= 9

9·40= 360 360: 40= 9

4·40= 160 160: 40= 4

Осы теңдіктерге байланысты әр топтың бір- біріне қойылатын сұрақтары:

1. Сан мен 0- дің көбейтіндісі нешеге тең? ( 0- ге тең)

2. Сан мен 1- дің көбейтіндісі нешеге тең? ( сол санның өзіне тең)

3. Санды сол санның өзіне бөлгенде қанша шығады? ( 1 шығады.)

( Интерактивті тақтамен жұмыс. 2 слайд)

Наурыз тойында міндетті түрде көже пісіріледі. Қай ауыл көжесін тез, әрі дәмді етіп пісірер екен? Ол үшін мына тапсырманы жазбаша орындауымыз керек.

ІҮ.Үлгіні көрсету, түсіндіру.(Интерактивті тақтамен жұмыс)

№ 2 . Қалдықпен бөлуді орында және тексер:

58: 5= 11( қ. 3) 65: 6= 10 (қ. 5) 47: 7= 6( қ. 5)

Тексеруі: 5·11+3= 58 6·10+ 5= 65 6·7+5= 47

29: 3= 9(қ. 2) 49: 6= 8( қ. 1) 47: 5= 9( қ. 2)

Тексеруі: 3·9+ 2= 29 8·6+ 1= 49 9·5+2= 47

88: 9= 9( қ. 7) 18: 7= 2( қ. 4) 47: 6= 7(қ. 5)

Тексеруі: 9·9+7= 88 2·7+ 4= 18 7·6+5= 47


Қалдықпен бөлудің дұрыс орындалғанын тексеру үшін, бөліндінің мәніне бөлгішті көбейтіп, қалдықты қосуымыз керек.

Орнымыздан тұрамыз, бой сергітіп аламыз.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды тік ұстап,

Билеп- билеп аламыз.

Жалығуды білмейміз,

Жабығуды білмейміз,

Жауқазындай көз тартып,

Жайраң қағып билейміз.

(Интерактивті тақтамен жұмыс. 3 слайд)



Балалар, көктемгі күн тоғысы 21- нен 22- не ауысқан түні болады. Яғни күн мен түн теңеледі. Олай болса мына кестеде берілген мәтіндік есепті біз теңдеу құру арқылы шешуіміз қажет. Қай ауыл бұл тапсырманы дұрыс және тез орындайды?

Сыныпқа берілетін тапсырма: № 5

Есептің шартын оқып, қысқаша шарт құрастырып жазу. Есептің шешуін теңдеу құру арқылы табу.

Қиып алды- 159 см сым

Қалды- 841 см сым

Болды- ? см сым темір
Х- 159= 841

Х= 841+ 159

Х= 1000

1000- 159= 841

Жауабы: бастапқыда сым темірдің ұзындығы 1000 см болған.

(Интерактивті тақтамен жұмыс. 4 слайд)



Балалар, киіз үйдің ішіндегі жабдықтарды атайықшы. – Киіз үйде сандық, кебеже, киіз, бесік, ыдыстар, домбыра, дастарқан, көрпе- төсек

тағы басқа заттар бар. Осы заттар қандай геометриялық фигураларға ұқсас болып келеді? Тік төртбұрыш, шаршы. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? Шаршының периметрін қалай табамыз? Шаршының ауданын қалай табамыз?

№ 6


Фигураның боялған бөлігінің ауданын есепте.

Берілгені: шаршы

а= 8 см

S= ? cм²


Ш:S= а²= 8²=8·8= 64 ( см²) ( бұл шаршының ауданы)
а= 3см

S= ? cм²


S= а²= 3²= 3·3= 9 (cм²) ( бұл шаршының боялмаған бөлігінің ауданы)
Фигураның боялған бөлігінің ауданын есептеу үшін шаршының ауданынан аты аталған фигураның боялмаған бөлігінің ауданын азайтамыз.
S= 64- 9= 55( cм²)

Жауабы: S= 55 cм².

(Интерактивті тақтамен жұмыс. 5 слайд)

Наурыз мерекесінде ауыл адамдары көкжиекті көру үшін, жазық далаға шығып күнге тағзым етеді. Одан соң барлығы бұлақтарды тазартады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген екен дана халқымыз. Бұлақтардың басына ағаш отырғызады. «Бір тал кессең, он тал ек!»деген сөз осыдан шыққан екен. Біз де ағаш егіп жарысайық. Мына тапсырманы қай топ дұрыс және жылдам орындаса, сол топ ағаштарын бұрын отырғызады?

Әр топқа берілетін топтық жұмыс

І. № 7(а)

Жарты ғасыр- жыл ( 50 жыл, өйткені, 100: 2= 50)

Ширек ғасыр- жыл ( 25 жыл ,өйткені, 100: 4= 25)


Минуттың үштен бір бөлігі- с. ( 20 секунд, өйткені, 60: 3= 20)


Бір жарым минут- с. ( 90 секунд, өйткені, 60+60: 2= 90)


Бір минуттың алтыдан бір бөлігі- с. ( 10 секунд, өйткені, 60: 6= 10)

(Интерактивті тақтамен жұмыс. 6 слайд)

ІІ. Күннен Жерге жарық 8 минут және бір минуттың үштен бір бөлігінде жетеді. Бұл қанша секунд ? ( бұл- 500 секунд)


( 8 минут= 8·60= 480 (секунд ), 60: 3= 20( секунд), 480+20= 500( секунд))

(Интерактивті тақтамен жұмыс. 7 слайд)

ІІІ. Қайыңның биіктігі эвкалипт ағашы биіктігінің төрттен бір бөлігіндей болады. Егер эвкалипт ағашының биіктігі 100 метр болса, онда қайың одан неше метр аласа? ( 100: 4= 25, 100- 25= 75, 75 метр аласа)

Ата- бабамыз ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Көп нәрседен тыйып отырған. Біз де ауыл- ауыл болып тыйым сөздер айтып жарысайық.

( Балалар тыйым сөздер айтып жарысады.)

Ауылға қазақтың қарапайым, аңқау ақылдылары- Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала келіпті. Олар да Наурыз тойын көрмекші...

Олар бізге тапсырма әкеліпті. Қай ауыл тұрғындары олардың әкелген тапсырмаларын дұрыс және жылдам орындайды?

Теңдік тура болатындай етіп амалдар таңбаларын және жақшалар қою керек.

( Плакатты тақтаға ілемін.)

38*3*7= 34 38*3*7= 42 12*6*2= 9

38*3*7= 28 38*3*7= 48 12*6*2= 0

( Балалар плакатқа теңдік тура болатындай етіп амалдар таңбаларын қояды.)

38+ 3- 7= 34 38- 3+ 7= 42 (12+ 6) :2= 9

38- 3- 7= 28 38+ 3+ 7= 48 12: 6- 2= 0
Наурыз тойында салт- дәстүрлер еске түсіріледі, ойын- сауық, спорт жарыстары және айтыс болады. Ауылдар айтысы. Көбейту және бөлу кестесін айтып жарысайық.

Ү. Шығармашылық ізденіс
Әр топ қарсылас топ мүшелеріне логикалық есеп дайындап келеді. Егер қарсылас топ мүшелері ол есепті шешсе, 2 жұлдызшамен бағаланады.

ҮІ. Соңғы нәтиже сатысы.

5. Сабақты қорыту

Сонымен, бүгінгі сабақта бәріміз бір- бірімізбен ой бөлістік, өрнектердің мәнін таптық, қалдықпен бөлуді орындап, дұрыстығын тексердік, мәтіндік есеп шығардық, сызба бойынша есеп құрастырдық, есепті теңдеу құру арқылы шығардық, геометрия пәнінің негізінде берілген есептерді шығардық, логикалық есептерді шештік, пікір алмастық. Шығармашылық қабілетіміз дамыды. Бір- бірімізді тыңдадық. Ойлау қабілетіміз артты.



6. Бағалау. Әр топ басшысы, яғни спикер өздерінің жинаған жұлдызшаларын санайды да, 5- ке көбейтеді, шаршыларын санап, 4- ке көбейтеді. Қай топтың ұпай саны көп сол топ өте жақсы бағаланады.

а). Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау.

Жекеленген оқушыларға келсек, деп сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.


7. Үйге тапсырма: 83 беттегі № 6 есептің (ә), 84 беттегі № 8 есеп және үйден логикалық есептер дайындап келу.

1 сыныпқа арналған тест тапсырмалары:

Тест тапсырмалары Дұрыс.................................

Орындаған................................................... Дұрыс емес.........................

1. «Міне, көптен күткен көктем де келіп қалды.» сөйлемінде неше сөз бар?

а). 5 ә). 7 б). 8

2. Дауыссыз дыбыстарды тауып, белгіле.

а). а,е,о,у,с ә). ә,в,и,ы,ч,м б). н,ш,л,д,б,г

3. Сөйлем неден құралады?

а). буыннан ә). дыбыстан б). сөзден

4. Сөз неден құралады?

а). сөзден ә). дыбыстан б).әріптен

5. Жуан дауысты дыбыстарды тап:

а). ә,е,и,ө ә). а,о,ұ,ы, б). а,я,и,о

6. Ботақан сөзінде неше буын бар?

а). 3 ә).2 б).4

7. Қате жазылған сөзді тап:

а). дәптер ә). бзұуа б). алма

8. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

а). 3 ә). 2 б). 4

9. Жылқы атасын ата?

а). Қамбарата ә). Ойсылқара б). Шопаната


Тест тапсырмалары Дұрыс.................................

Орындаған................................................... Дұрыс емес.........................

1. «Міне, көптен күткен көктем де келіп қалды.» сөйлемінде неше сөз бар?

а). 5 ә). 7 б). 8

2. Дауыссыз дыбыстарды тауып, белгіле.

а). а,е,о,у,с ә). ә,в,и,ы,ч,м б). н,ш,л,д,б,г

3. Сөйлем неден құралады?

а). буыннан ә). дыбыстан б). сөзден

4. Сөз неден құралады?

а). сөзден ә). дыбыстан б).әріптен

5. Жуан дауысты дыбыстарды тап:

а). ә,е,и,ө ә). а,о,ұ,ы, б). а,я,и,о

6. Ботақан сөзінде неше буын бар?

а). 3 ә).2 б).4

7. Қате жазылған сөзді тап:

а). дәптер ә). бзұуа б). алма

8. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

а). 3 ә). 2 б). 4

9. Жылқы атасын ата?

а). Қамбарата ә). Ойсылқара б). Шопаната

Тест тапсырмалары Дұрыс.................................

Орындаған................................................... Дұрыс емес.........................

1. «Адамға таза ауа өте қажет.» сөйлемінде неше сөз бар?

а). 6 ә). 5 б). 8

2. Дауыссыз дыбыстарды тауып, белгіле:

а). м,е,о,д,с ә). а,о,е,ы,и,э б). н,ш,л,д,б,г

3. Сөйлем неден құралады?

а). сөзден ә). дыбыстан б). буыннан

4. Сөз неден құралады?

а). сөзден ә). дыбыстан б).әріптен

5. Жуан дауысты дыбыстарды тап:

а). ә,е,ө,ү,і ә). а,о,ұ,ы, б). а,я,и,о

6. Қазақстан сөзінде неше буын бар?

а). 3 ә).2 б).4

7. Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды тап:

а). а-о,ұ-ы, е-ё,э-е ә).и-й,о-ұ,а-ы,і-ө б). а-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү

8. Дауыссыз дыбыстар түрлерін белгіле?

а). жуан жіңішке ә). қатаң,ұяң,үнді б). дауысты,дауыссыз

9. Түйе атасын ата?

а). Қамбарата ә). Ойсылқара б). Шопаната

Тест тапсырмалары Дұрыс.................................

Орындаған................................................... Дұрыс емес.........................

1. «Адамға таза ауа өте қажет.» сөйлемінде неше сөз бар?

а). 6 ә). 5 б). 8

2. Дауыссыз дыбыстарды тауып, белгіле:

а). м,е,о,д,с ә). а,о,е,ы,и,э б). н,ш,л,д,б,г

3. Сөйлем неден құралады?

а). сөзден ә). дыбыстан б). буыннан

4. Сөз неден құралады?

а). сөзден ә). дыбыстан б).әріптен

5. Жуан дауысты дыбыстарды тап:

а). ә,е,ө,ү,і ә). а,о,ұ,ы, б). а,я,и,о

6. Қазақстан сөзінде неше буын бар?

а). 3 ә).2 б).4

7. Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды тап:

а). а-о,ұ-ы, е-ё,э-е ә).и-й,о-ұ,а-ы,і-ө б). а-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү

8. Дауыссыз дыбыстар түрлерін белгіле?

а). жуан жіңішке ә). қатаң,ұяң,үнді б). дауысты,дауыссыз

9. Түйе атасын ата?

а). Қамбарата ә). Ойсылқара б). Шопаната

Тест тапсырмалары Дұрыс.................................

Орындаған................................................... Дұрыс емес.........................

1. «Айман бүгін сабаққа ерте келді.» сөйлемінде неше сөз бар?

а). 6 ә). 7 б). 5

2. Жуан дауыстыларды тап:

а). ә,ө,і,о ә).а,о,ұ,ы б). а,и,ю,ә

3. Сөйлем неден құралады?

а). сөзден ә). дыбыстан б). буыннан

4. Сөз неден құралады?

а). сөзден ә). дыбыстан б).әріптен

5. Жіңішке дауысты дыбыстарды тап:

а). ә,е,ө,ү,і ә). а,о,ұ,ы, б). а,я,и,о

6. Инженерлер сөзін буынға бөл:


7. Буынның түрлерін белгіле:

а). ашық,қатаң,үнді ә).ашық,тұйық,бітеу б). ашық, жабық,ұяң

8. Дауыссыз дыбыстар түрлерін белгіле?

а). дауысты,дауыссыз ә). қатаң,ұяң,үнді б). жуан жіңішке

9. Ешкі атасын ата?

а). Қамбарата ә). Сексеката б). Шопаната

10. Түйе атасын ата?

а). Қамбарата ә). Ойсылқара б). Шопаната

11. Сиыр атасын ата?

а). Зеңгібаба ә). Ойсылқара б). Шопаната

12. Зат есімге мысал келтір:


13. Етістікке мысал келтір:


14. Сын есімге мысал келтір:


15. Дыбыстар түрлерін белгіле?

а). жуан жіңішке ә). қатаң,ұяң,үнді б). дауысты,дауыссыз

16. Сан есімге мысал келтір:


17.Күз мезгілінің айларын жаз:

18. Дауыссыз дыбыстар түрлерін белгіле?

а). дауысты,дауыссыз ә). қатаң,ұяң,үнді б). жуан жіңішке

19. Жыл мезгілдерін жаз:

20.Көктем мезгілінің айларын жаз:

21.Жаз мезгілінің айларын жаз:

22.Қыс мезгілінің айларын жаз:




Тапсырма.

1. а= 1,2,3,4,5,6

а+3 өрнегінің мәнін тап

Теңдеулерді шеш:

х+4=7 2+а=8 х-4=5 7-в=3
Есептің шартын құрып, шығар:

Дулат 6 дәптер, ал Самат одан 3 дәптер артық сатып алды. Самат неше дәптер сатып алды?




Тапсырма.

1. а= 10,9,8,7,6,5

а-3 өрнегінің мәнін тап

Теңдеулерді шеш:

х+1=8 4+а=8 х-1=8 9-в=3
Есептің шартын құрып, шығар:

Ағасы 8 килограмм, ал інісі 2 килограмм қарақат жинады. Інісі ағасынан неше килограмм кем қарақат жинады?






Тапсырма.

1. а= 1,2,3,4,5,6

а+3 өрнегінің мәнін тап

Теңдеулерді шеш:

х+4=7 2+а=8 х-4=5 7-в=3
Есептің шартын құрып, шығар:

Дулат 6 дәптер, ал Самат одан 3 дәптер артық сатып алды. Самат неше дәптер сатып алды?




Тапсырма.

1. а= 10,9,8,7,6,5

а-3 өрнегінің мәнін тап

Теңдеулерді шеш:

х+1=8 4+а=8 х-1=8 9-в=3
Есептің шартын құрып, шығар:

Ағасы 8 килограмм, ал інісі 2 килограмм қарақат жинады. Інісі ағасынан неше килограмм кем қарақат жинады?




Тест тапсырмалары Дұрыс.................................

Орындаған................................................... Дұрыс емес.........................

1. «Жылы жаққа кеткен құстар қайта келді.» сөйлемінде неше сөз бар?

а). 5 ә).6 б). 8

2. Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді белгіле:

а). кітап,бұзау, ағаш ә). парта, мысық, қаламсап б). оқушы, жұмысшы, тігінші

3. Не? сұрағына жауап беретін сөздерді белгіле:

а). дәптер, бала, қуаныш ә). доп, құлын, аю б). құс, адам, ағаш

4. Сөз неден құралады?

а). сөзден ә). дыбыстан б).әріптен

5. Қатаң дауыссыз дыбыстарды тап:

а). б,в,г,ғ,д,ж,з ә). а,о,ұ,ы, н,р,л б). к,қ,п,ф,т,ц,ч,ш

6. Туысқан сөзінде қандай буын бар?

а). ашық,бітеу,тұйық ә).ашық, тұйық, бітеу б).бітеу, ашық, тұйық

7. Тасымалдауға болмайтын сөздерді жаз:

8. Дыбыстар түрлерін белгіле?

а). жуан жіңішке ә). қатаң,ұяң,үнді б). дауысты,дауыссыз

9. Жыл мезгілдерін жаз:

10.Көктем мезгілінің айларын жаз:

Тест тапсырмалары Дұрыс.................................

Орындаған................................................... Дұрыс емес.........................

1. «Жылы жаққа кеткен құстар қайта келді.» сөйлемінде неше сөз бар?

а). 5 ә).6 б). 8

2. Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді белгіле:

а). кітап,бұзау, ағаш ә). парта, мысық, қаламсап б). оқушы, жұмысшы, тігінші

3. Не? сұрағына жауап беретін сөздерді белгіле:

а). дәптер, бала, қуаныш ә). доп, құлын, аю б). құс, адам, ағаш

4. Сөз неден құралады?

а). сөзден ә). дыбыстан б).әріптен

5. Қатаң дауыссыз дыбыстарды тап:

а). б,в,г,ғ,д,ж,з ә). а,о,ұ,ы, н,р,л б). к,қ,п,ф,т,ц,ч,ш

6. Туысқан сөзінде қандай буын бар?

а). ашық,бітеу,тұйық ә).ашық, тұйық, бітеу б).бітеу, ашық, тұйық

7. Тасымалдауға болмайтын сөздерді жаз:

8. Дыбыстар түрлерін белгіле?

а). жуан жіңішке ә). қатаң,ұяң,үнді б). дауысты,дауыссыз

9. Жыл мезгілдерін жаз:

10.Көктем мезгілінің айларын жаз:





жүктеу 184 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау