Сабақ жоспары: І кезең – ұйымдастыру (3мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)
ІV кезең – бағалау кезеңі (3 мин)
V кезең – үй тапсырмасын беру (2 мин)
VІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, сабақта кім бар-жоғын тексереді. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Бүгінгі сабақта кім жоқ екенін тексереді.
|
ІІ
|
Мұғалім Жер шары қабықтарын сұрай отырып жаңа тақырыпты түсіндіруді бастайды. Жер планетасындағы биосфера географиялық қабықтың тірі ағзалар мекен ететін, қоныстанған және өзгерткен бөлігі. Биосфера атмосфера қабығының төменгі бөлігін, гидросфераны толықтай, литосфера қабығының беткі бөлігін қамтиды.
Тірі ағзалардың жер бетінде таралу заңдылығын талқылай отырып, биогеография ұғымымен таныстырады.
Кейін тірі ағзалардың географиялық қабықтарға әсерін қарастырады. Осыдан топырақтың түзілуіне тоқталады. Топырақ құнарлығы туралы айтып кетеді.
|
Оқушылар Жер қабықтарын еске түсіріп, биосфера Жердің тіршілік қабығы екенін айтады. Оқушылар «тіршілік қабығы», «тірі ағзалар» ұғымдарын ашып, өз ойларын айтады. Табиғат – қоғам – адам арасындағы байланысты түсіндіреді.
Тіршілік бірлестігі, биоценоз ұғымдарымен танысып, анықтамаларын дәптерлеріне жазып алады.
Кейін мұғаліммен бірлесе өсімдіктер мен жануарлар карталарын талқылай отырып, биогеография ұғымына анықтама береді.
Оқушылар тірі ағзалардың атмосфераға, гидросфераға, литосфераға әсерін мысалдар келтіре отырып сипаттайды. Осыдан шығып, топырақтың түзілу процесін сипаттайды. Мұғалімнің айтуымен топырақ түрлерінің ішіндегі ең құнарлысы – қара топырақ екенін анықтайды. Топырақтың қарашіріндісі қалай түзілетінін сипаттайды. Оның маңызын ашып түсіндіреді.
|
ІІІ
|
Тақырыпты бекіту үшін «биосфера» түсінігін ашатын сызбанұсқа салу тапсырмасын береді. Кейін жаңа ұғымдардың анықтамаларын сұрайды. Сабақтың соңында тест тапсырмаларын береді.
|
Оқушылар «биосфера» тақырыбына байланысты сызбанұсқа салады. әрбір сурет салған оқушы өз сызбасын түсіндіреді. Олар өз сызбаларының негізінде Атмосфера – гидросфера – жануарлар дүниесі – биосфера - өсімдіктер дүниесі – литосфера – сызбасы шығу керек.
Кейін жаңа тақырып бойынша танысқан ұғымдардың анықтамаларын айтып, мазмұнын ашады. Ең соңында тест тапсырмаларын орындайды.
|
ІV
|
Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. Тақырыптық карталармен жұмыс істеу икемділіктерін және шығармашылық деңгейлерін ескереді.
|
Оқушылар алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.
|
V
|
Үй тапсырмасына «Биосфера» тақырыбын қайталауға арналған тапсырмаларды береді.
|
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, анықтап алады.
|
VІ
|
Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін оқушылармен бірге анықтай отырып, сабақты қорытындылайды.
|
Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтай отырып, сабақты қорытындылайды.
|
Сабақ №
Күні:
Сынып: 6
Тақырыбы: Географиялық белдеулер мен зоналар.
Экваторлық және субэкваторлық белдеулер.
Мақсаты:
Білімділік мақсаты – Географиялық белдеулер мен зоналар туралы түсінік беру, таралу заңдылықтарын түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты – Картамен, кескін карталармен, атласпен жұмыс істеу арқылы икемділітктері мен дағдыларын дамыту. Климат белдеулері картасына қарап, географиялық белдеулер мен зоналарды айыруға үйрену.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушыларды ынтымақтастыққа, дербестікке, шығармашылық ойлауға тәрбиелеу. Өз ойлары мен пікірлерін еркін жеткізе алуға, тапқырлыққа, ізденушілікке үйрету. Экологиялық тәрбие.
Оқу құралдары: Климаттық белдеулер картасы, кесте, суреттер.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс
Сабақ жоспары: І кезең – ұйымдастыру (3мин) ІV кезең – бағалау кезеңі (3 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин) V кезең – үй тапсырмасын беру (2 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин) VІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
І
|
Оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын тексереді. Сабаққа дайындығын тексереді.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Сабаққа дайындалады.
|
ІІ
|
Біріншіден, карта бойынша географиялық белдеулердің жер бетінде таралуын, қай материкте оның шекаралары қалай өтетіндігін картамен жұмыс істеу барысында түсіндіреді. Климаттық белдеулердің зоналарға бөліну себептерін аша отырып әр табиғат зонасына сипаттама береді.
|
Оқушылар географиялық белдеулердің климат белдеулерімен сәйкес келетінін байқап, анықтайды. Негізгі географиялық белдеу және өтпелі «суб» белдеулерді кесте ретімен дәптерге жаза отырып картадан көрсету жұмыстары ұйымдастырылады.
|
ІІІ
|
Тақырыпты бекіту үшін жоғарыда айтылған гегографиялық белдеулер кестесімен жұмыс істеуді тапсырады. Кестемен жұмыс істеу барысында табиғат белдеулері мен табиғат зоналарын оқып үйрену тәсілдері қарастырылады.
Кестенің мазмұны:
Географиялық белдеулер: полярлық белдеу (арктикалық), қоңыржай, тропиктік, субэкваторлық, экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық (антарктикалық) белдеу.
Табиғат зоналары, климаты, өсімдігі, жануарлар дүниесі, табиғатты қорғау.
Кезең соңында қорытынды сұрақтар экваторлық, субэкваторлық белдеулер бойынша қойылады: 1. Неліктен жер бетінде жеті географиялық белдеу таралған? Себебін ашып түсіндіру. 2. Неліктен құрлық пен мұхит бетіндегі географиялық белдеу шекарасы параллель бағытына сәйкес келмейді? 3. Солтүстік және Оңтүстік жарты шардың географиялық белдеулерінің ұқсастығы неде, неліктен?
|
Оқушылар оқулық мәтінімен, картамен жұмыс істейді. Инетрактивті тақтаның көмегімен өсімдік, жануарлар туралы суреттер көрсетіледі. Кестемен жұмыс істеу барысында экваторлық, субэкваторлық белдеулер туралы мәліметтер толығымен қамтылады. Ол мәліметтерге климаты, топырағы, өсімдігі, жануарлар дүниесі, т.б. жатады. Картамен жұмыс істеу нәтижесінде оқушылар бұл белдеулердің таралу аймақтарын қай материктерикте, қай жерлерді алып жатқандығын біліп, анықтайды.
Оқушылар мұғалімнің қорытынды сұрақтарына жауап береді:
1. Табиғат кешендерінің ендік бойынша өзгеруінен географиялық қабық белдеулер мен зоналарға бөлінеді. Олар климат белдеулеріне сәйкес келеді.
|
ІV
|
Үйге тапсырма беру. «Географиялық белдеулер мен зоналар.
Экваторлық және субэкваторлық белдеулер» оқуға
|
Оқушылар тапсырманы жазып алады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |