|
Сыныбы: 6г сынып жетекші: Абылаева Алия Орынбасаровна Мерзімі: 17. 07. 2017ж
|
Дата | 04.02.2020 | өлшемі | 0,78 Mb. | | #28152 |
| - №58 жалпы орта мектеп
- Ашық тәрбие сағаты
- Тақырыбы: Табиғат жұмбақтары
- Сыныбы: 6Г
- Сынып жетекші:Абылаева Алия Орынбасаровна
- Мерзімі: 17.07.2017ж
Мақсаты - табиғат жұмбақтарын танымдық сипатта талдау - Мақсаты - табиғат жұмбақтарын танымдық сипатта талдау
- Міндеті:
- Оқушылардың ғылыми сапасын саралау;
- Ғылыми ойлау ой-өрісін дамыту;
- Ғылыми-шығармашылық ізденіске баулу;
- Тылсым сырларды зерттеуге, ғылыми жұмыспен айналысуға негіздеу
Жоспары: - Табиғат жұмбақтары дегеніміз не?
- Зерттелген мысалдар мен жұмбақтар
- Қазақтың көрегендігі
- Зерттеуді қажет ететін тылсым жұмбақтар
- Оқушылармен жұмыс
- Қорытынды
- Табиғат жұмбақтары деген не?
- “Білетінің бір тоғыз, білмейтін тоқсан тоғыз”
- Кемпірқосақ дегеніміз не?
- Аспанда пайда болған кемпірқосақты ертеде қазақтар “кемпірдің түрлі малдары қосақтап қойылған” деген болжаммен енгізген.
- Ал ғылыми-физикалық ережесі былай:
- Бұл аспанда пайда болған оптикалық құбылыс, күннің жарығының әсерінен ақ түстің жеті түсті спектрге жіктелуі.
- Осы түстер өздерінің толқын ұғымдарына байланысты дифракцияланады және де интерференцияланады.
- Найзағай - атмосфераның тропосфера қабатындағы электрондар ұшқындары. Ол бұлт пен бұлттың немесе бұлт пен жердің арасында пайда болатын шағын электр зарядына байланысты болып тұратын физикалық құбылыс
- Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс, тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген. Солардың бірі ауа-райын болжау тәсілдері еді. Жазы-қысы далалық өмірде тіршілік еткен халқымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен құпиясын терең білгендігі сондай, айсыз түнде жұлдызға қарап жол тауып, көз аштырмас боранда жердің шөбіне қарап ел тауып, құс, жан-жануар, құрт құмырсқа тіршілігіне зер салып ауа-райын күні бұрын болжап,ерте қам жасап отырған.
-
- Енді қазақтардың ауа-райын болжаудағы қалып-тасқан қағидалары мен тәсілдеріне тоқталайық!
- Мысық керіліп ұйқыға берілсе - онда ұзақ уаөыт ауа-райы қолайлы болады;
- Тауық биікте қонақтаса - жаңбыр болады;
- Далада көкектің “ку-ку” деген даусы естілсе - күн ашық болады;
- Егер құмырсқа илеуінің аузын бекітіп алса - ұзақ жаңбыр болады;
- Құстар ертемен жем іздесе - күн жауын-шашынды болып келеді;
- Сиыр танауын тартып, мүйізін шайқаса - дауылды боран болады;
- Балықтар су бетіне шығып, ойнай бастаса - жауын сіркірейді;
- Жылан мезгілінде ұйықтамаса - күз ұзақ әрі жылы болады;
- Бал аралар шырын жинауға топтанып келсе - күн ашық болады;
- Қара қоңыз тығылатын жер іздей бастаса - көп ұзамай жауын жауады;
- Құмырсқалар әбігерленсе - қатты дауыл болады;
- Қой тісін қайраса - боран болады;
- Жаз найзағайлы болса - қыс жайлы болады;
- Тиін ашық күні тысқа шықпаса - ауа райы бұзылады
- Бермуд аумағы 1840 жылдан бастап-ақ тылсым үшбұрыш атағына ие болды. 1950 жылы Бермуд үшбұрышында "Сандра" жүк кемесі жоғалды. Бұл аталмыш жерде болған таңқаларлық оқиғаларды бірі еді. Өйткені осы жылы Багам аралдары маңынан бірде-бір адамы жоқ "Розали" кемесі табылды. Оның барлық желкендері көтерулі еді. Дегенмен кейін кеменің шын аты "Россини" екендігі анықталды. Жүзу барысында кеме Багам аралдары маңында қайраңға отырғандықтан командасы командасы қайықтармен жағалауға шығып үлгерген екен. Кейін кеме толқынмен ашық теңізге шығып кетеді. Бірақ бұл дәйекке ешкімде сене қоймады.
- Дәйексіз жұмбақтар
- Бермуд үштағандығы
- Болжамдар бойынша галактикалар ең ауыр элементарлық бөлшектер - гиперондардан тұрады, кейін жұлдыздар заттардың фрагменттелуі нәтижесінде түзілген. Бұл заттар галактикалардың ядросында әлі де кездеседі деген жорамалдар да бар. Кеңейетін Ғаламның теориясы астрономияның прогресіне себеп болған, бірнеше қиындықтармен кездесті. Үлкен жарылыстан кейін шексіз тығыздығы бар нүктеден ұшып шыққан зат, өзара тартылыс әсерінен бір – бірін тежеп, олардың жылдамдығы төмендеу керек. Бірақ тоқтау үшін бүкіл Ғаламның массасы да жетпейді. Осыған байланысты ғылымда 1939 жылы Ғаламдағы “қара ойықтар” туралы гипотеза пайда болды. Бұл ойықтар көзге көрінбейді, бірақ олар Ғаламның массасының 9/10 бөлігін құрайды.
-
- Зерттеуді қажет ететін жорамал
- Егер кез келген заттың белгілі бір массасы сол массаға шекті болып табылатын аз деңгейге жетсе, онда бұл зат өзінің тартылыс күші әсерінен тығыздала бастайды. Тығыздалу әсерінен затың массасы көбейіп, сәйкесінше заттың тартылыс күші де жоғарылай бастайды. Бұл тартылыс күшін жеңу үшін заттың жылдамдығы жарықтың жылдамдығынан да жоғары болуы тиіс. Сондықтан да “қара ойық” сыртқа ештеңі де шығармай, ешқандай жарықты шағылыстармайды, яғни көзге де көрінбейді. Сондай ақ “қара ойықтың” ішінде кеңістік өз бағытынан ауытқып, уақыт баяулайды. Осы “қара ойықтар” галактикалардың ядросын құрап, өте қуатты энергия көзі болған және олар жұлдыздарға дейінгі зат, яғни олардан жұлдыздар пайда болған деп жорамалданады.
- Жапония селекционерлері алманың жаңа сортын шығарған. Оның салмағы 940 грамға дейін жетеді. Ең кішкене дегеннің өздері 800 грамдай болады екен.
- Венгрия тұрғыны әуесқой бағбан Ласло Сабо Вьетнамнан 170 сантиметрлік қиярлар өсіріп шығарған
- Ең жеңіл ағаш-бальс - Оңтүстік Американың тропикалық ормандарында өседі. Ұзындығы 5-6 метрлік бьальс бөренесін бір кісі көтеріп кете береді
- Американың Денверс қалашығында 1630 жылғы отырғызылған алмұрт ағашы осы кезге дейін жеміс береді
- Күзде түскен жапырақтардың сағағының сабақтан үзілген жері неге жуан?
- 2. Күн жүйесіндегі планеталар саны және олардың орналасу реті:
- 3. И. Ньютонның анықтаған табиғат жұмбағы:
- 4. Архимедтің “Эврикасы” қандай жұмбақты ашты?
- 5. Жапырақтарды “тірі ағзаларды асыраушы” деп неліктен атаған?
- Қорытынды:
- Бүгінгі көзді ашып жұмғандай өте тез болған конференцияда небір-небір дүниедегі жаратылысы сан зерттелген және де зерттеліп дәлелденбеген құбылыстардың баянына көзайым болдық. Конференцияны психологиялық тұрғыдан қарағанда оқушылардың ғылыми ізденушілікке деген ынтасын дамытқан сыңайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|