Маман: Теледидардағы эм-тік толқынның адам организміне әсері оның тербеліс жиілігіне байланысты.Жиілік жоғары болғанда, яғни толқын ұзындығы қысқарақболса, зиянды әсері күшейе түседі.ЭМ-тік толқындар алысқа тарала алады, сондықтан олардың адамға әсерінің қауіптілігі сақталады.ЭМ-тік толқындар судың мөлшері көбірек болатын адам денесінің көз, ми, бүйрек, асқазан және т.б. мүшелеріне күштірек әсер етеді.Көз жанарының көмескіленуін тудырады, бұл әсер бірнеше жетіден кейін байқалуы мүмкін.Тұрақты магнит және электростатикалық өрістердің қуаты шекті деңгейден асқанда, тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің, жүрек – тамыр жүйесінің зақымдануын тудырады.Жоғары жиіліктегі ультрадыбыстар, лазерлік сәулелер және эм-тік толқындар адам миына өте күшті әсер етеді.
Жүргізуші:
Жоғары жиілікті эм-тік толқындардың адам организміне зиянды әсерін ескере отырып, одан қорғану жолдары жүзеге асырылып жатқанын білеміз. Осы қорғану жолдары туралы не айтар едіңіз?
Маман: Дұрыс айтасыз,қазіргі кезде мұндай психотропты қаруды қолданбау мәселелері қарастырылып жатыр.ЭМ-тік толқындардың адам организміне зиянынан қорғану үшін қысқа толқынды қуатты радиостансылар елді мекеннен алысырақ салынуы тиіс, телеорталық, радиолокаторлық стансылардың айналасында арнайы санитарлық қорғаныс аймақтары құрылған. Кернеу 750 кВ – тан жоғары болатын электр жеткізу тораптары тұрғын үйлерден кем дегенде 300 м қашықтықта орналасуы тиіс, жоғары жиілікті желілер орналасқан жердің бәріне де қорғаныс шаралары ескерілуә керек. Ал компьютер мен теледидардың кинескоптарында арнайы қорғаныс қабаттары ескерілгенмен, эм-тік сәуле шығару тұрғысынан олар әлі де қауіп көзі болып табылады. Теледидар хабарларын кем дегенде 2,5 – 3,4 м қашықтықтан көрген дұрыс. Сонымен қатар түрлі түсті теледидарды 1,5 сағаттан артық қарамау және міндетті түрде арасына 30 – 40 минут үзіліс жасау қажет. Халқымыздың « Дені саудың – жаны сау» деген дана сөзін жадымыздан шығармайық..
Жүргізші:
Құрметті теле көрермендер!
Олай болса біз бүгінгі қонағымыз арқылы көптеген жағдайларды анықтаған сияқтымыз. Қонағымызға алғысымызды айта отырып, бағдарламамызды аяқтайық.
|
«Қарлы кесек» әдісі бойынша топ мүшелері бір-біріне жаңа сабақ бойынша сұрақтар қояды.
(Әрбір дұрыс жауап 1 балл)
|
1.ЭМ-тік толқындар шкаласы қандай аралықтарды қамтиды?
2.Инфрақызыл толқындарды басқалай қалай атайды?
3.Көрінетін жарық дегеніміз не?
4.ЭМ-тік сәулелердің ішіндегі толқын ұзындығы ең қысқасы қайсысы?
5.Рентген сәулесі қай кезде пайда болады?
6. ЭМ-тік толқын арқылы неліктен су астында жүзіп жүрген екі сүңгуір қайықпен радиобайланыс жасалынбайды?
7. Қай сәуле электромагниттік толқындар шкаласында ультракүлгін сәуле мен -сәуле арасындағы бөлікті алып жатады?
8. Мұхит белгілі бір тереңдікте жүзіп жүрген екі сүңгуір қайық арасында радиобайланыс жасау мүмкін бе?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |