KZТ ЕСТS
А
Саясаттану жəне
əлеуметтану
Мақсаты: студенттердің бойында саяси сана мен саяси мəдениет,
студенттердің белсенді өмірлік ұстанымын, қоғам алдында əлеуметтік
жауапкершілігін, жан дүниесін, қабілетін қалыптастыра отырып Қазақстан
Республикасының алдында тұрған міндеттерді шешуде белсенді қатысуға
үйрету.
Міндеттері: əлеуметтік ғылым саласында білім мен дағдыны қалыптастыру.
Əлеуметтік əлем бойынша болашақ мамандардың ғылыми танымын
қалыптастыруда меңгерту əдістемесін пайдалану. Əлеуметтік өзара
əрекеттестік туралы түсінікті қалыптастыру, олардың даму ерекшеліктері
жəне əлеуметтік институттар, əлеуметтік құрылым жəне əлеуметтік
қатынастар, өзара байланыстар адамның əлеуметтік нақтылығы жəне олардың
əлемдік қоғамдастық даму тенденциялары туралы түсінік қалыптастыру.
Əлеуметтану жəне саясаттану əлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар
құрылымында. Əлеуметтану жəне саясаттану ғылымының негізгі бағыттары.
Қоғам, əлеуметтік жəне саяси жүйе ретінде. Саяси ой тарихи өлшемде.
Табиғат билік. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік. Құқықтық
мемлекет жəне азаматтық қоғам. Қазақстандағы саяси жүйені
демократияландыру жəне саяси процесстер. Саясаттану ғылым ретінде. Саяси
ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері. Саяси əлеуметтану.
Отбасы əлеуметтануы. Əлеуметтану құрылымында əлеуметтік-гуманитарлық
ғылымдар жүйесі. Əлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Қоғам
əлеуметтік жүйе ретінде. Əлеуметтік институттар жəне əлеуметтік үдерістер.
Əлеуметтік құрылым жəне əлеуметтік стратификация. Білім əлеуметтануы
экономикалық əлеуметтану. Əдістері мен техникасы, нақты-əлеуметтік
зерттеулер. Саяси партиялар жəне қоғамдық қозғалыстар. Əлемдік саясат
жəне халықаралық қатынастар. Саясат жүйесіндегі қоғамдық өмір. Билік
саяси феномен.
Азаматтық ұстанымды танытуға жəне қоғамдық-саяси белсенділікті
арттыруды меңгеру, əр түрлі нысандағы саяси процесстерге қарсы тұруға,
əлеуметтік-мəдени, идеялық-саяси жəне діни айырмашылықтарды ескере
отырып жаңа қалыптасқан қоғамға бейімделу. Қоғамдағы болып жатқан саяси
процесстерге талдау жасауды игеру.
Қазақстан тарихының мектеп
курсы
Б
Мəдениеттану
Мақсаты: өзінің де, өзгенің де мəдениетін білу, түсіну.
Міндеттері: Мəдениеттану пəнінің міндеті тарихи-мəдени процессті ғана
зерттеп қоймай оны болжау, сондай-ақ даму ерекшеліктерін жəне басқаруды
түсіне білу. Мəдениеттанудың негізі бұл адам бойында қандайда бір қоғамда
қалыптасу үшін мəдени-шығармашылық қабылеттердің құрылымының
заңдылықтарын ашу болып табылады. Мəдениеттану пəнінің міндеттері
мəдениеттану ғылымын неғұрлым терең толық зерттеп, оның мəні, мазмұны,
белгілері мен функцияларын анықтау; жалпы мəдениеттін генезисін анықтау
(құрылымы мен дамуын), сонымен қатар мəдениеттанудағы жеке
құбылыстар мен процесстердің адам өміріндегі рөлін анықтау;
мəдениеттануды зерттеудегі əдістердың негізі мен категорияларын анықтау;
басқа ғылым салаларымен байланысын анықтау; мəдениеттану туралы
зерттеулер; философия, дінтану, өнер жəне т.б. саладан келген мəдени
процесстер мен құбылыстардың негізін, жеке аймақтардағы халықтардың
мəдениетін, мəдени танымын зерттеу болып табылады.
Мəдениеттану пəні. Мəдениеттану əлеуметтік гуманитарлық жаратылыстану
ғылымдар жүйесіндегі білім. Негізгі мəдениеттану концепциясы. Мəдени-
тарихи процесстер жəне оның негізгі заңдылықтары. Мəдениеттің тарихи
типтері. Процесстерге өркениеттік жəне формациялық əдістер арқылы тарихи
мəдени дамудың ерекшеліктері. Алғашқы қауымдық мəдениет жəне оның
ерекшеліктері. Ежелгі Шығыс мəдениеті. Антикалық дəуірдегі ежелгі Грекия
жəне Рим. Ортағасырлық мəдениеттің ерекшеліктері. Қайта өркениет жəне
жаңа қоғамдағы мəдениет. 21 ғасырдағы мəдениеттің тарихы. Қазіргі
мəдениет жəне оның негізгі мəселелері. Қазақ халқы мəдениетінің негізгі
ұлттық мəселелері. Қазақ мəдениетінің дара ерекшелігі. Ежелгі заманнан
қазіргі күнге дейінгі қазақ халқы мəдениетінің тарихы. Көшпелілік
мəдениеттің бір түрі ретінде. Қазақ мəдениетінің тарихи кезеңдеінің даму
этаптары. Көпұлтты қазіргі қазақ халқы мəдениетінің мəселелері.
Мəдени-тарихи үдерісті жəне оның негізгі заңдылықтарын, мəдени
тұжырымдама, мəдениеттің тарихи түрлерін, формациялық жəне өркениеттік
тəсілдер процесіндегі мəдени-тарихи дамуды білу. зерттеу процестерін құру
жəне əлемдегі абсолюттік құндылықтарды білу; мəдени нысандар мен
феномендердің мазмұнын білу, олардың кеңістікті-уақыттық өзара
байланыстағы өзара байланыстарды зерттеу. Мəдениетті қоғамның өзін өзі
ұйымдастыру технологияларының бір түрі ретінде зерттеуді меңгеру, мəдени
контекст түрлі тарихи құбылыстар, теориялар, əлеуметтік жүйелерді білу.
Өзін-өзі танудың мектеп курсы
В
Мəңгілік ел
Жаңа буынды, жоғары деңгейлі əлеуметтік белсенді қоғам мүшелері
ұлттық сана-сезімі жоғары, ұлттық рухы, патриоттық сезімі ояу,
əлеуметтік сана мен тарихи танымы жоғары, бəсекеге қабілетті жəне
патриоттық рухы мықты, мемлекеттің тəуелсізідігін жəне мемлекеттік
қауіпсіздікті сақтай алатын, басқа ұлттың өкілдерімен қарым қатынас
жасай алатын мамандарды тəрбиелеу.
Пəннің мəні ұғымдар "тəрбие", "этникалық тəрбие", "ұлттық тəрбие".
Болашақ мамандарға ұлттық тəрбие контекстінде ұлттық тəрбие беру.
Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, болашақ мамандарды үш құрамдас
бөлігі-ұлттық "Мəңгілік Ел"идеясы моделі туралы білімді
қалыптастыру. "Мəңгілік Ел" ұлттық идеясының негізі бұл ұлттық
тəрбиенің методологиясы. "Мəңгілік Ел"ұлттық идеясының негізі
ұлттық саясат аясындағы Қазақстан Республикасының Президентінің
стратегиялық құжаттары болып табылады. "Ұлттық идея", "Ұлттық
рух", "Ұлттық идеал". "Ұлттық лидер", "Ұлттық элита" ұғымдарының
мəні.Этномəдени жəне азаматтық түсінігін ұлттық идеялар.
Азаматтықжəне этномəдени түсінігіндегі ұлттық идеялар мен ұлттық
идеалдың дүниетанымы. Олардың бірлігі мен байланысы.
Қазақстанның ұлттық идеясы: келісімнің этникалық сəйкестену мен
топтастырылуы. Мəңгілік ел ұлттық идеясы тұрғысынан жаңа
қазақстандық азаматтарды патриоттық сезімге баулу жəне тəрбиелеу.
Қазақстандағы «Мəнгіліқ Ел» ұлттық идеясы философиялық-
əдіснамалық негізде. «Мəнгіліқ Ел» ұлттық идеясы болашақ
мамандарды ұлттық тəрбиеде тəрбиелеу.
Болашақ мамандардың бойында ұлттық сана сезім мен қазіргі заманғы
əлеуметтік-мəдени жағдайларды түсіндіре отырып интеллектуалды
дамыған, бəсекеге қабілетті, креативті, дені сау, өзін өзі дамыта алатын
дамыған, жаңа қоғамда өз орнын таба алатын, Отанды құрметтейтін
қорғайтын жан-жақты тұлғаны тəрбиелеу, оларды өз өзін дамытуға
уйрету.
Қазақстан тарихының мектеп
курсы
3
ЖБП
Мақсаты: адам мен тіршілік ортасының өзара қарым-қатынасы жəне қауіпті
жəне өте қауіпті жағдайлардағы негативті факторлардан қорғаудың негіздері
саласында білім мен дағдылды қалыптастыру. Студенттерді адамның
мекендеу ортасымымен (өндірістік, тұрмыстық, қалалық) қауіпсіз өзара əрекет
негіздерімен, қауіпті жəне төтенше қауіпті жағдайларда жағымсыз
фаторлардан қорғау негіздерімен таныстыру болып табылады, экологиялық
танымды қалыптастыру, қоғам мен табиғаттың тұрақты даму негіздері туралы
терең білім алу, қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстарды тиімді
пайдаланудың заманауи тəсілдері бойынша теориялық жəне практикалық
білімді қалыптастыру.
Міндеттері – экология, қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты дамудың
күрделі, əрі өткір мəселелерін талдауда кешенді нысанды жəне
шығармашылақ ойлау қабілетін қалыптастыру, зерделеу жəне тəжірибелік
дағдыларды иемдену жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі орнын анықтау.
Мемлекеттің тіршілік əрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ролін білу.
Адамдардың қорғау қызметінің эволюциялық дамуы: қауіпсіздік техникасы,
еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғаныс, төтенше
жағдайларда қорғау, тіршілік əрекетінің қауіпсіздігін, зерделеу жəне
тəжірибелік дағдыларды иемдену.
«Тіршілік қауіпсіздік негіздері, экология жəне тұрақты даму» пəнінің мақсаты
жəне міндеті. Тіршілік əрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды жəне
құқықтық актілер. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныстың
(АҚ) міндеттері, құру жəне жұмыс істеу принциптері. Жеке қорғану
құралдары. Радиациялық жəне химиялық қауіптілік. Жаппай жою қаруынан
қорғау. Техносфероның жəне техносфералық қауіптіліктің қазіргі күйі. Қауіпті
жəне зиянды факторларды жіктеу. Адамды жəне мекендеу ортасын табиғи
жəне техногенді текті зиянды жəне қауіпті факторлардан қорғау. Əртүрлі
сипатты төтенше жағдайларды жіктеу. Төтенше жағдайларда экономика
объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығы. Төтенше жағдайларда халықты
қорғаудың негізгі принциптерімен тəсілдері. Жер сілкінісі кезіндегі
қауіпсіздікті ұйымдастырудың практикалық шаралары. Су тасқыны. Су
тасқыны жиі болатын аймақтар. Стихиялық апаттарды өрттерде өндірістік
объектілердегі апаттарда жəне жарылыстарда халықты қорғау. Апаттан
құтқару жұмыстарын ұйымдастыру жəне жүргізу негіздері. Озон қабатының
бұзылуы. Қышқылдық жаңбыр. Парниктік эффекті. Экология жəне қазіргі
өркениет мəселелері. Экология жəне техникалық прогресc. Ғаламдық
экологиялық мəселелер. Ағзалар жəне тіршілік ету ортасы. Экологиялық
факторлар. Экожүйенің функционалдық құрылымы, экологиялық бағыттары.
Биосфера жəне оның тұрақтылығы. Биосфера эволюциясы. Биосфераның
құрылымы. Биосферадағы биохимиялық үрдістері. Тірі зат концепциясы.
Заманауи биосфера. Ғаламдық биогеохимиялық айналымдар. Заманауи
өркениеттің экологиялық дағдарыстары жəне мəселелері. Тұрақты даму
Хабарлы болуы: адамның жұмыска қабілеттілігін, денсаулығын сақтауға
кепілділік беретін, оны экстремальды жағдайларда əрекет етуге дайындайтын
тиімді кəсіптік қызметтің техника қауіпсіздігіне жəне адамның
қорғалғандығына қойылатын талаптармен үздіксіз бірлігі туралы, табиғат пен
қоғам арасындағы негізгі заңдылықтар;
ептілігі болуы: жағымсыз əсерлер параметрлерін бақлау жəне олардың
деңгейлерін бағалау, тіршілік əрекетінің қауіпсіздігін арттыру бойнша
шараларды жоспарлау жəне жүзеге асыру, қоршаған ортаға өндірістің
техногенді əсерін бағалай білу;
дағдыланған болуы: құтқару жұмыстарын жоспарлау жəне қатысу; жеке
қорғаныш құралдарын қолдану зардапшегушілерге дəрігерге дейін көмек
көрсету, табиғатты қорғау міндеттерін шешуге байланысты тақырыптарда
логикалық пікірталас ұйымдастыру.
5
Жалпы модульдердің пəндері
Пəн
Пəн
циклі.
Кредит.
Қысқаша мазмұны
Күтілетін нəтижелері
Пререквизиттері
Постреквизиттері
Пəнді оқытудың мақсаты мен мəселелері
Мектептегі биология, АƏД
курсы
ТҚН, экология жəне
тұрақты даму
А