Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негіздері



жүктеу 1,52 Mb.
Pdf просмотр
бет71/73
Дата14.11.2018
өлшемі1,52 Mb.
#19740
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73

154
Бірнеше  себептермен  бұл  іс-шаралар  нәтижесіз  болды.  Екі  жыл 
өткеннен кейін ғана Елбасы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі 
жаңа  Қазақстан»  Жолдауында:  «Үкімет    мемлекеттік  қызмет  көрсетудің 
сапалы    стандарттарының  әзірленуі  мен  енгізілуін  қамтамасыз  етуге 
міндетті. ... барлық мемлекеттік қызмет түрлерінің тізбесін  бекітуі керек» 
деген болатын.
16
 
Сонымен бірге стандарттар мен регламенттердің өзін қалыптастыру 
анағұрлым  қиын  мәселе  екендігі  анық.  Қазақстандағы  мемлекеттік 
қызмет  көрсетулердің  стандарттары  мен  регламенттерін  қалыптастыру 
үш кезеңмен сипатталады.
Әрбір  кезең  стандарттар  мен  регламенттерді  қалыптастыру  ретінің 
өзіндік үлгілерімен айқындалып отырды. Стандарттарды бекіту бастапқы 
кезеңде  мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша  уәкілеттік  берілген 
мемлекеттік  органдар  мен  жергілікті  атқарушы  органдар  тарапынан 
дербес  негізде  жүзеге  асырылды.  Мұндай  дербестік  қажеттіліктен 
туындады, себебі мемлекеттік қызмет көрсетулерді ұсыну мен қабылдау 
жолдары  жөнінде  толық  ақпаратқа  мемлекеттік  қызмет  көрсету 
субьектілері ғана ие еді.  Осылай бола тұрса да, аталған органдар өздері 
орындаушы  болғандықтан,  олардың  анағұрлым  жеңіл  стандарттардың 
бекітілуіне  мүдделі  емес  екендіктері  назардан  тыс  қалды.  Сондықтан 
мемлекеттік  қызмет  көрсетулер  стандарттарын  қалыптастырудың 
құрылымы сынға ұшырай бастағаны да таң қаларлық емес еді.
17
Атап  айтқанда,  біздің  пікірімізше  және  кең  таралған  аргументтер 
бойынша  да  «мемлекеттік  басқару  органдарының  мүдделері 
(бюджеттің  қаржылық  мүмкіндіктері,  нақты  мемлекеттік  органдардың 
ұйымдастырушылық  мүмкіндіктері  және  және  т.б.)  халықтың 
қажеттіліктерінен  жоғары  тұрғанда,  «стандарттар  үшін  стандарттар 
құру», яғни сапасын арттыруды мақсатқа алмай тек қана ресми талаптар 
тіркеу» орын алады.
18
Осыған  байланысты  «Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  туралы» 
2013  жылы  қабылданған  Қазақстан  Республикасының  Заңы  аясында 
мемлекеттік  көрсететін  қызметтерді  стандарттау  мен  регламенттеудің 
жаңа тәртібі ұсынылды.
19
 
Бұл  кезеңде  стандарттарды  әзірлеу  барысында  көрсетілетін 
қызметтерді  тұтынушылардың  пікірін  ескеру  тетігінің  негізі  қаланды. 
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын ашық 
түрде қоғамда талқылау талабы енгізілді. 
Мұндай  қадамдар  2015–2025  жылдарға  арналған  Сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  стратегияның  қоғамдық  институт  құру  жөніндегі 
міндетімен толық сәйкес келеді.
в Республике Казахстан: научная монография. - Астана: Акад. гос. упр. при Президенте РК, 2015. - 211 с.
16  Жаңа  әлемдегі  Жаңа  Қазақстан:  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауы, 
 2007 жылңы 28 ақпан // Казахстанская правда. - 2007. – 1 наурыз
17  Мамытбеков  Е.  Услуга  государственного  стандарта  //  Портал  «Zakon.  kz».  http://www.zakon.kz/93345- 
usluga-gosudarstvennogo-standarta.html (21 апреля 2015 г.)
18 Курманбаева А. М. Совершенствование стандартов государственных услуг в Республике Казахстан: дисс. на 
соискание академической степени магистра. - Астана, 2010. - 108 с. 
19 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы: Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V 
Заңы // Казахстанская правда. - 2013. - 20 сәуір. - № 139-140. 


155
Тірек сөздер: 
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас 
жемқорлық  құқық  бұзушылық  жасау  қаупі,  мемлекеттік 
көрсетілетін қызметтерді стандартау және автоматтандыру, 
«электрондық үкімет».. 
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1.  Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлықты 
барынша  азайту  бойынша  Қазақстан  Республикасында  бірінші 
кезектегі іс-шараларды атаңыз.
2.  Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлықты 
жоюға  ықпал  ететін  жағдайды  құруда  стандарттау,  автоматтандыру 
және регламенттеудің ерекшеліктерін атаңыз.
3.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  құралы  ретіндегі 
«электрондық үкімет» ұғымының мәнін қалай түсінесіз?
4.  Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық 
құқық  бұзушылықтар  жасау  жағдайлары  мен  себептерін  барынша 
азайту процесі нені білдіреді?
Рефераттардың үлгілік тақырыптары 
1.  Реинжиниринг  және  оңтайландыру  мемлекеттік  қызметтер  көрсету 
саласындағы сыбайлас жемқорлықты барынша азайтудың маңызды шарты 
ретінде
2.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтерді  стандарттау:  шет  елдердің  және 
Қазақстан Республикасының тәжірибесі.
3.  «Электрондық үкіметті» қолдану арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл мен оның алдын алудың негізгі алғышарттары.
Әдебиет
1.  Қазақстан Республикасында «электрондық үкiмет» қалыптастырудың 2005–
2007  жылдарға  арналған  мемлекеттiк  бағдарламасы  туралы  //  Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 561-құжат.
1.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  туралы:  Қазақстан  Республикасының 
2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы // Егемен Қазақстан. - 2013. - 20 сәуір. 
- № 139-140.
1.  Изотов  М.  О.  Коррупция  в  современной  России:  дисс.  на  соискание  уч. 
степени к. ф. н. - Орел, 2012. - 192 с.
1.  Курманбаева А. М. Совершенствование стандартов государственных услуг в 
Республике Казахстан: дисс. на соискание академической степени магистра. 
- Астана, 2010. - 108 с.
1.  Мамытбеков  Е.  Услуга  государственного  стандарта  //  Портал  «Zakon. 
kz». 
http://www.zakon.kz/93345-usluga-gosudarstvennogo-standarta.html  
(21 апреля 2015 г.).
1.  Қазақстан  Республикасындағы  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 
жөніндегі 2011–2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама // Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 24, 211-құжат.
1.  Бәсекеге  қабілетті  Қазақстан  үшін,  бәсекеге  қабілетті  экономика  үшін, 
бәсекеге  қабілетті  халық  үшін!:  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
Қазақстан халқына Жолдауы, 2004 жылғы 19 наурыз // Егемен Қазақстан. 
-2004. - 20 наурыз.  
1.  Жаңа  әлемдегі  Жаңа  Қазақстан:  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
Қазақстан халқына Жолдауы, 2007 жылғы 28 ақпан // Егемен Қазақстан. - 
2007. - 1 наурыз.
1.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  тізілімін  жүргізу  қағидаларын  бекіту: 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 тамыздағы № 779 қаулысы 
// Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 6, 8-құжат.


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау